Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге бастамалары және қазіргі заманғы қауіпсіздік: БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

БОӨЖ 13

Тақырыбы: Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі

Амангелді Меруерт ТДМ-21-02

Тапсырма: тақырыпқа қатысты әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау.

Пайдаланылған дереккөздер:

  • egemen. kz Аян Әбдуәли «Қазақстан. Ядролық қарусыз әлем» мақаласы;
  • lenta. inform. kz Марлан Жиембай «Ядролық қарудан бас тарту - Қазақстанның ядролық қауіпсіздік жолындағы алғашқы қадамы» мақаласы;

Ядролық қарудан бас тарту мәселесі барлық қазіргі заманның ең күрделі

мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық полигондар XX ғасырдағы ең

ауыр қасірет болды. 1989 ж ақпанда КСРО жоғарғы кеңесіне сайлауға түскен

О. Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада- Семей» қозғалысы қалыптасты, ол Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. 1989 жылы «Невада- Семей» қозғалысы полигонында жарылыс жасауға жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-не жол бермеді. Бұл ядролық қарусыз әлем үшін жасалған ең алғашқы және нәтижелі қадамдар еді.

Қазақ елі - ядролық сынақ зардаптары

Әріге бармай-ақ қояйық, атом бомбасынан қазақтың да көрген азабын айтып тауысу қиын. Кеңес Одағы артынша Семейде 1949 жылдың 29 тамызында 22 тонналық ядролық бомбаның алғашқы сынағын өткізді. Жергілікті уақыт бойынша 07:00-де болған қуатты жарылыстан аймақ бір мезетте радиациялық күлге оранды . . .

Мәліметтер бойынша Семей жерінде 40 жыл бойы сынақтан өткен ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2, 5 мың есе асып түседі екен. Яғни, бір мезетте 350 млн адамның өмірін жалмауға қауқарлы.

Осы 40 жыл уақыт аралығында бас-аяғы 470 ядролық қару сынақтан өтті. Оның 118-і жер үстінде болса, қалған 352-сі жер астында өткізіліпті.

КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрі негізінен Семей полигонында өтті (500 ядролық сынақ жасалды) . Бұл әлемдегі барлық сынақтардың үштен бірін құрайды. Ол негізінен еліміздің солтүстік-шығыс және орталық аудандарына экологиялық зиянын тигізді. Семей полигонында өткізілген соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында болды. Осыдан кейін, яғни 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жабылды. Еліміз егемендігін алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды.

Одан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, зардабын бүгінгі ұрпақ әлі де тартып келеді. Мамандар оның зияны кемінде 5-6 ұрпаққа жалғасады деген болжамдар айтады. Жалпы бұл радиациядан зардап шеккендердің саны 2 млн. адамнан асады. - Бұл үзіндіде қазақ елінің көрген зардаптары жайлы ақпарат берілген. Қаншама сынақтардың кесірінен миллиондаған адам зардап шекті. Одан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, зардабын бүгінгі ұрпақ әлі де тартып келеді. Мамандар оның зияны кемінде 5-6 ұрпаққа жалғасады деген болжамдар айтады. Ортақ қуанышымызға орай, Елбасымыздың дана шешімі бойынша 1991 жылы ядролық қарудан бас тартылды.

Бұқаралық ақпараттар әлем бойынша ядролық қару қорының есебін мына кестедегідей баяндайды.

Бүгінде қуатты қаруға мына елдер иелік етеді: АҚШ, Ресей (КСРО ыдырағаннан кейін ядролық қаруды өз иелігіне алды), Франция, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея және Пәкістан. Сонымен қатар, бұл елдердің қатарында Израильді де қосуға болады. Бұл ресми мойындалмағанмен, әлемдік қауымдастықтар бұл мемлекеттің өзі құрастырып дайындаған қарулары бар дегенге меңзейді. Айта кетер тағы бір жайт, бұл тізімге Украина да кірген болатын. Алайда, украиндар 90-жылдары алапат қарудан бас тартып, ресми түрде бейбітшіл халық деген мәртебеге ие болған.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі

Өткен жылдың наурыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде жария етілген болатын.

Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі БҰҰ-ның басшылығын, тұтастай Нью-Йорктегі дипломатиялық қауымдастыққа жаңа құжат-парадигманы таныстырды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға, сондай-ақ әлемдік ұйым жанындағы барлық мүше мемлекеттердің Тұрақты Өкілдеріне тиісті хат жіберілді. ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуінен кейін «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге бағытталған бастамалары мен заманауи қауіпсіздік туралы әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды талдау
Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге бастамалары: әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың талдауы
Қазақстанның ядролық қарусыздық бастамалары мен ұлттық қауіпсіздігі: әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды талдау
Қазақстанның ядролық қарусыздану бастамалары және қазіргі заманғы қауіпсіздік: БАҚ, интернет пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың талдауы
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік жөніндегі бастамалары: әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілер жарияланымдарының талдауы
Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге бастамалары: Семей полигонының зардаптары және ұлттық саясаты
Қазақстанның ядролық қарусыздану тәжірибесі және жаһандық ядролық қауіпсіздік
Орталық Азияда ядролық қаруды таратпау мен ядролық қарусыз аймақ құру: Қазақстанның рөлі (1993-2005)
Қазақстанның ядролық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау саясаты: тарихи негізі, ұстанымдары және болашағы
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысуы мен 2010 жылғы төрағалығы: Астана Саммиті, қауіпсіздік пен қарусыздану бастамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz