Тауарды сараптау жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық Тараз инновациялық институты

«Жаратылыстану» факультеті

«Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасы

«Бекітемін»

«Стандарттау және ветеринариялық

санитария» кафедрасының меңгерушісі

Маликтаева П. М.

«»2022 ж.

« Азық-түлік емес тауарларының тауартануы мен сараптауы » пәні бойынша

сценарийі

тақырыбы: Тауарды сараптау жолдары

Білім беру бағдарламасы, шифр 6 В07501 - «Стандарттау және сертификаттау»

топ: СС-20-1

оқытушы: Абдикаримова Қ. Ж.

Тараз 2022

Тәжірибелік жұмыс №1 Тауарды сараптау жолдары

Жұмыстың мақсаты: Тауар сапасына сараптау жүргізу тәртібін үйрену

Оқытудың міндеттері:

1. Тауар сапасына сараптау жүргізу

2. Тауар сапасына сараптау жүргізу тәртібімен танысу

3. Халықаралық маркілеу және этикеттеу символдары тәртібін үйрену

Сабақтың жоспары:

  1. Тәжірибелік жұмысқа конспект (жазба) дайындау.
  2. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
  3. Үй тапсырмасы.

Сабақты жүргізу әдістемесі: Тәжірибелік сабақты талдау

Жалпы мәліметтер

Сараптау алға қойылған мәселелер бойынша сенімді, /нақтылы/ шешім қабылдау үшін білікті мамандар /сараптаушылар/ тарапынан жүргізілетін тауарды жеке дара зерттеу болып табылады. Дәлірек айтқанда келтірілген тауар топтамасының саны мен сапасы, буып-түйілуі мен таңбалануының келісім-шарттарына сәйкестігін тексеру; тауардың сапалық деңгейін тұтынылу қасиеті тұрғысынан және/немесе/ сол ақаудан болған сапаның төмендеу деңгейін /пайызын/ анықтау, тауарды ұқсастандыру т. с. с. болып табылады . Сараптау бұйымының, тіршілік айналымының барлық кезеңдерінде /жобалау, дайындау өткізу, пайдалану, тұтыну/ жүргізіледі.

Өнімді сараптаудың түрлерін бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады. Тәжірибелік сараптаудың негізінен кешенді және жедел түрлері қолданылады.

Кешенді сараптау жаппай тұтынуға арналып, тізбекпен шығарылатын бір типті тауар тобының сапасын жан-жақты зерттеу және бағалаумен жүргізіледі. Сондықтан мұндай сараптауды жүргізу сараптаушыларды бағалау нысанын жүйелі де кешенді талдау жасауға бағыттайды. Бағаланатын нысан тұтынушы адаммен және оны қоршаған ортаның күрделі өзара байланыс тұрғысынан қаралады. Сараптау барысында бағалау өлшемдері қалыптасып, базалық үлгілер мен сапа көрсеткіштері таңдалып алынады.

Сондықтан кешенді сараптау тек ғылыми, танымдық қана емес сараптаудың басқа да түрлерін жүргізу үшін қажетті нақтылы әдістемелік және нормативтік материал алуға мүмкіндік береді.

Жедел сараптау алдын-ала жүргізілген кешенді сараптау нәтижелеріне негізделгендіктен сараптау қорытындысының /сенімділік/ дәрежесін сақтай отырып, сараптау жұмысының уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Жедел сараптаудың ерекшелігі ең әуелі оны жаңа тауар әзірлеудің негізі сатыларында /техникалық сараптама, жобалау конструкторлық құжаттама, тжірибелік үлгі /және өнімді жаппай шығару, тұтыну барысында /бұйымды аттестаттауды қамти отырып/ жүргізу болып табылады.

Өнім сапасын жедел сараптау мыналарды қамтиды:

-белгілі тауар түрі, оларды тұтынушылар, тұтыну жағдайы, сынау нәтижесі т. б. туралы бұрынғы жиналған мәліметтерді мүмкіндігінше пайдалану;

-сараптау жүргізудің қысқартылған уақыты;

-тауар сапасының тұтынушылық деңгейі туралы сараптаушылардың ұжымдық қорытындысын жасау.

Алға қойылған мақсат-мәселелерге байланысты кешенді- және жедел сараптаумен қатар экологиялық, экономикалық, тауарлық, технологиялық, соттық-құқықтық сараптаулар және сертификаттау саласындағы сараптаулар бар.

Тауарды экологиялық сараптау жұмысына бұйымдарды сақтау, тасымалдау, тұтыну кезінде қоршаған ортаға бөлінш шығатын зиянды қоспалардың мөлшерін анықтайтын бағалайтын талдау әдістерінің жиынтығы жатады.

Экологиялық сараптауды жүргізгенде стандарт және басқа нормативтік құжаттарда көрсетілген нормаларды негіздеу қажет. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау әдістемесін әзірлеп, оны Тәжірибелік жүзінде қолдану, жүзеге асырумен айныласатын Еуропалық қоғамдастық, ИСО және басқа ұйымдардың ережелерін пайдаланады. Экологиялық сараптау дұрыс шешім қабылдауға, тауарлық тұтынушылық қажетін жақсартуға бағытталған тиісті өзгерістерді дер кезінде енгізуге көмектеседі.

Экономикалық сараптауды құқықтық қатынастар барысында пайда болатын сұрақтарды дұрыс шешу үшін және іс-әрекеттердің нақтылы жағдайын анықтау мақсатымен экономика саласының сараптаушылары жүргізеді.

Экономикалық сараптаудың көмегімен кәсшорын және оның бөлімшелеріндегі тауарлық өнімді өндіруге жұмсалған шығынның жалпы көлемін /сомасын/ анықтайды. Сонымен қатар тауардың бұрмалауы жайындағы істі қарау, тауарлық өнімді өндіру жоспарын, тауардың түрі, саны, сапасын сақтау мен тасымалдау жоспарының орындалуын тексеру, тауарды өткізу, өзіндік құнын анықтау кезінде пайдаланады.

Тауарлық сараптау азық-түлік және азық-түлік емес /отандық және импорттық тауарларды шикізат, жартылай фабрикат, құрал-сайман/ сараптау деп бөлінеді. Өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау, буып-түю өткізуге байланысты алғашқы құжаттар / техникалық тапсырма, ГОСТ, ШТ, келісім-шарт т. б. / ақпарат көздері болып саналады.

Технологиялық сараптау жүргізудің мақсаттары:

-шикізат, жартылай фабрикат, бұйымдарды өңдеу, өнімді дайындау технологиясын зерттеу үшін;

-өнімнің саны мен сапалық жағдайының технологиялық ереже, нормаларға сәйкестігін анықтау;

-қажетті құрал-сайман, жабдық, жобаларды таңдау, өндіріс қуатын орналыстырудың дұрыстығын анықтау.

Технологиялық сараптаудың тауарлық сараптаудан айырмашылығы өнімді дайындаудың /өндірудің/ өндірістік технология ережесіне сәйкестігін анықтау болып табылады.

Технологиялық сараптаудың қорытындылары өндірістік жарақат алу, мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлау, қызметік қылмыс, сапасыз өнім шығару сияқты мәселелерді тексеру кезінде тәжірибесінде пайдаланылады.

Соттық-құқықтық сараптау - бұл заңнамада көрсетілген тәртш бойынша нақтылы мәлімет, жағдайлары қылмыстық немесе азаттық іс материалдары арқылы анықтау үшін сарапшы тарапынан жүргізілетін зерттеулер.

Тауардың тұтынушылық қасиеті бойынша жүргізілетін соттық-құқықтық сараптау, қылмыстық істі алдын-ала тексеру барысында және сотта қарау кезінде қолданылады.

Сарапшымен сараптау нысанына қатысты қабылданған шешім анықталған анықталмағандық белгісіне байланысты үш топқа бөлінуі мүмкін - шешімді қабылдау: әрбір карекетке қарасты белгілі болғанда - ол нақтылы нәтижелерге алып келеді. Тәуекел кезінде әрбір әрекет көп жеке нәтижелердің белгілі пайда болу ықтималдығының біріне алып келеді.

Халықаралық маркілеу және этикеттеу символдарын зерттеу

Маркілеу - тауардың немесе буманың сыртындағы шартты белгі немесе сурет. Онда тауардың сандық және сапалық сипаттамалары көрсетіледі.

Этикеттеу - тауар мен бумаға таспа әріптерімен немесе басқа жолдармен көрсетіледі. Олар тігіліп немесе ілініп, тауардың өзіндік сипаттамасы болып келеді. Этикетканың айырмашылығы онда сипаттаманың көптілігі. Онда текстен бөлек кескіндер, символдар болады. Этикеткада толық сандық сипаттамалар көрсетіледі. Этикеткадағы таңбалау - бұл жазбаша түсініктер.

Алқалау (кольеретка) - бұл этикетканың түрі. Ол ерекше формамен шыны ыдыстардың мойнына ілінеді. Онда ерекше мәліметтер болмайды. Бұл шыны ыдыстарды эстетикакалық жолмен дайындау. Онда сусындардың аттары, дайындалған кәсіпорын, шығарылған жылы және тағы басқалар көрсетіледі.

Тауарлық сараптаудың нысандары 1- суретте берілген.

жартылай

фабрикаттар

жинақтаушы

бұйымдар

тұтынушы

тауарлар

Сапа сатылары

стандартты

стандартсыз

тауарлық сорттар,

маркілер, нөмірлер т. б. .

үрдістер

қызмет

көрсету

құжаттар

өндірістік

тасымалдау

сақтау

сатуға

дайындау

өлшемдік сатылар

буып -

түю

маркілеу

сатылған соң қыз-

мет көр-

сету

тауардың

құнын

анықтау

шартты

жарамды

қауіпті

Тұтынушылар

дың тауарды қолдану немесе пайдалану ережелері

өнімдер

шикізат

тар

материалдар

потенциальды

қауіпті

Тауарлық сараптау нысандары

1-сурет. Тауарлық сараптаманың нысандарын жіктеу

Қосымша қағаздар (вкладыши) - этикетканың түрі. Бұның ерекшелігі мәліметтердің бағыттырын көрсетеді, бұнда тауардың қысқаша мәліметтері, шығарылған жері( кәсіпорын аты, ауысымы) болады.

Биржа және жарлық - таңбаны таратушылар, олар тауарға жабыстырылады немесе ілінеді. Онда қысқаша мәліметтер, суреттер көрсетіледі.

Бақылау таспалары - бұл шағын таспаларға жазылған тауардың қысқаша мәліметтері, олар тауарды тексеру үшін немесе этикетка, бирка және жарлық жоғалған жағдайда қалпына келтіру үшін қажет.

Клеймалау және мөрлеу - тауардың, буманың, этикетканың шартты белгілерін тауардың түрлері. Қойылған орнына байланысты - өндірістік және саудалық, белгісіне қарай - ветеринарлық, тауарлық, тыйым салынған және басқа түрлеріне қарай - сопақша, төртбұрышты, шаршы, ромбыға ұқсас болып бөлінеді.

Тоқыма бұйымдарындағы этикеткасында және бумасында халықаралық символдары көрсетілген

Символдар
Символдардың жазылуы
Символдар:
Символдардың жазылуы:

Киімдерді ыстық сумен жуу

мақта және зығырдан жасалған киімдердің, ақ немесе әр түрлі түстердің қайнату тұрақтылығы

Символдар:
Символдардың жазылуы:

60 0 С жуылған ақ киімдер

әр түсті киімдерді қайнатуға келмейтіндер, мысалы мақта немесе полиэфирдік жұқа маталар киімдері

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Жылы суда арнайы құралымен киімдерді жуу және түрлі түсті киімдерді 40 0 С темпер. Жуу

қара түсті, жұқа синтетикалық киімдер жатады

Символдар:
Символдардың жазылуы: Жылы суда арнайы жуу құралымен жүнді маталарды, кір жуғыш машинасына салу
Символдар:
Символдардың жазылуы: Қолмен жуу тоқыма бұйымдарын, кір жуғыш машинасына салуға болмайды, оны тек қолмен жуады, жуу температурасы 30-40 0 С болуы керек
Символдар:
Символдардың жазылуы:

Жумау керек

жууға болмайтын киім бұйымдары, оны арнайы химиялық тазалату керек

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Ағарту

хлормен ағарту, оны 1-2 сағат суық хлор суына киімдерді жібітіп салу керек. Осындан кейін хлордан алынған киімдерді сабынмен таза суға жуып шығару

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Хлорлауға болмайтын және хлоры бар заттарыд пайдалануға болмайтын киімдер

арнайы жуу мамандарына беру керек

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Үтіктеу

жоғары температура кезінде үтіктеу (200 0 С),

мақта, зығыр тоқыма маталарын сулы кезінде үтіктеу

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Орташа температура кезінде үтіктеу (150 0 С)

мақта, жібек, полиэфир маталарын қатты баспай үтіктеу және оған арнайы бу шығару үтігін қолдану керек

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Жоғары температура кезінде үтіктеуге болмайтын маталар(110 0 С мак. )

полиакрилл, полиамид, ацетат

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Үтіктеуге болмайтын маталар

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Химиялық тазалау

тазалау әдістердің барлық түрлері

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Хлорэтилен негізінде тазалау

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Арнайы жасалынған қоспалар негізінде тазалау

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Химиялық тазалауға болмайды

Символдар:
Символдардың жазылуы:

Электрлік кептіргішке кептіруге болмайды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорларға сұранымның ерекшеліктері
Банк маркетингінің қызметі - банк өнімдерін айналымға түсіру бойынша банктің маркетингтік қызметінің түрлері
Ақтөбе нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлқын талдау
Жарнаманың мәні мен ерешеліктері
Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері
Қазақстан кәсіпорындарындағы бизнес-жоспарлаудың мәселелері
Тауарлардың тұтынушылық қасиеттері
Тауарлық сараптаманың әдістемелік негіздері. Өңделген жемістер мен тұқымдастардың тауарлық сараптамасы
Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
Тиянақты шешім стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz