Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және Ғылым Министрлігі
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

БӨЖ № 1

Студент: Жәмшит.А.Т Тобы: ТР-20К

Петропавл қ,2022 ж
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік деп аталғандығы барлығымызға аян. Елбасымыздың үшінші жаңғыруымен кеңірек таныспастан бұрын, бірінші және екінші жаңғыруларына кішігірім тоқталып, еске түсіре кеткеніміз жөн.
Қазақстанның Бірінші жаңғыруы - 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағандығымызбен тығыз байланысты. Сол кезде біздің аға буын өкілдеріміз еліміздің іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.
Ал, Екінші жаңғыру Қазақстан-2030 стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны күмәнсіз. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Еліміздің үшінші модернизациясы - бұл президент Н.Ә.Назарбаевтың ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының ортасында (2014 - 2016 жж., бүкіл әлемнің тарихи дамуының жаңа кезеңі басталған) Қазақстан Республикасына қатысты тарихи және жаһандық сын-қатерлерге жауабы болып табылады. Бұл аталған үшінші модернизация саясаты философияға да тікелей байланысты.
Табысты өткен екі жаңғырудың нәтижесінде қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан күннен-күнге алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыртуға да табан тіреді.
Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, Қазақстан-2050 стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - 100 нақты қадам базасында өткізіледі - деген еді Мемлекет басшысы осы Жолдауында. Осы жаңғырудың аясында бастысы - баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауға, əлемдік қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған бес нақты басымдықты белгілегендігі мәлім.
Қазіргі кезде философияның саясат үшін өте маңызды екенін атап өтуге болады. Бұл оның қоғам дамуының өте күрделі мәселелерін шешуге арналғандығымен де, қазіргі кезде бұл проблемалардың өте күрделі екендігімен де байланысты. Онтология (болмыс туралы ілім), антропология (адам туралы ілім), праксеология (практика, іс-әрекет туралы ілім), гносеология (кең мағынада, таным туралы ілім) терминдерінің мағынасын еске түсіре отырып, философияда саясаттың осы бөліктерінің әрқайсысы зерттейді деп айтуға болады. Саяси онтология биліктің, саяси уақыттың, саяси кеңістіктің болуын зерттейді; саяси антропология - адамның саясаттағы орны, адамның саяси өзін-өзі анықтауы; саяси праксеология - саяси әрекет; саяси гносеология - саясаттағы түсіндіру және түсіну және т.б.
2017 жылғы жолдау стратегиялық сипатқа ие және Қазақстан дамуының жаңа тарихи кезеңінде мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешуге жағдай жасайтын болатын. Онда сыртқы сын-қатерлерге сәйкес келетін мемлекеттік саясатты уақытылы әзірлеу бойынша ұзақ және қысқа мерзімді міндеттер қойылады. Үшінші модернизацияның басты мақсаты - мемлекетіміздің жаңа тарихи кезеңінде және мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде жаңа өсу моделін құру. Қажетті міндеттер:
- жаңа жағдайда өсуге мүмкіндік беретін экономиканың жаңа салаларын өсіру;
- экономиканың базалық салаларын жаңғырту;
- жаппай кәсіпкерлікті дамыту және қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамасын босату;
- тұрғындардың нәтижелі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
- ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторлары ретінде адами капиталды, ең алдымен білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту.

Үшінші (модернизация) жаңғыру - бұл қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік дағдарысты шешудің жоспары емес, бұл біз әлемнің дамыған 30 елінде қарқынды экономикалық өсу мен табысты ілгерілеуді қалпына келтіру үшін болашаққа бағыттап отырған сенімді көпір болып табылады.
Үшінші жаңғырту Бес институционалды реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы ұлт жоспарының, мемлекеттік бағдарламалар мен даму жоспарларын өсудің жаңа моделіне көшуге бағыттай отырып, алдағы онжылдыққа өзара байланысты болды.
2017 жылғы жолдаудың елдің және ұлттық экономиканың жаңа жаһандық шындыққа және жаңа әлемдік сын-қатерлерге бейімделуі үш қиын жылдан кейінгі негізгі қоғамдық сауалдарға жауап береді. Бұл түбегейлі маңызды, өйткені елдің бейімделуіне белгілі бір әлеуметтік шығындар болды және азаматтардың өмір деңгейінде көрінді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында бес басымдық туралы айтылған: экономиканы жедел технологиялық жаңғырту; бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; макроэкономикалық тұрақтылық; адам капиталының сапасын жақсарту; институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Дегенмен, осы аталған мәліметтердің философиямен қандай байланысы бар деген сұрақ туындайды. Жалпы, философия - бұл өмірдің даналығы туралы ғылым. Бұл философия білім беруден бастап экономикаға дейінгі барлық салаларда болуы керек дегенді білдіреді. Осы орайда, философия адамның өмір сүруі үшін ең жақсы жағдайларға қол жеткізудің маңызды факторларының бірі болып табылатын өмір тақырыбын білуге бағытталған. Бұл сөзсіз, еліміздегі үшінші модернизациясының мақсатына ұқсас. Біздің өміріміз - бұл ойлауға тұрарлық нәрсе. Бұл Рим императоры және философы Аврелийдің пікірі болатын.
Менің ойымша, бұл сөздерді Қазақстанның үшінші модернизациясымен байланыстыруға болады, өйткені біздің өміріміздегі көптеген нәрсе нақты біздің ойларымызға байланысты. Бұл бірнеше рет дәлелденген болатын. Осылайша, өз елін өзгерту және оны жақсы және гүлденген болашаққа бағыттау үшін өз халқының ойлауынан бастау керек. Бұл мәселеге ақылмен және мұқиятты қарау керек.
Қорытындылай келе, қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшінші модернизацияның маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Философиялық зерттеулер бойынша, сыбайлас жемқорлық ерте заманда пайда болған. Сыбайлас жемқорлық құбылысын әлеуметтік-философиялық тұрғыдан түсінуге алғашқы әрекеттерді антикалық дәуірде Платон мен Аристотель бастаған. Платон идеалды мемлекеттің тұжырымдамасын құра отырып, билеушілер мен сақшыларды кез-келген нәрсеге иелік ету мүмкіндігінен айырды. Тек осындай жағдайда ғана алтынға бай емес, бақытты адам ізгілікті және парасатты өмірмен бай болуы керек. Егер кедейлер мен қолында жоқтар сол жерден бір бөлікті тартып аламын деп, қоғамдық тауарларға қол жеткізуге ұмтылса, онда жақсылық болмайды, - деген ежелгі грек философы тұжырым жасаған болатын.

Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу
Ежелгі Грекия,оның ілімі қазіргі заманғы ілімнің негізі болып келеді.Олардың еңбектері мыңдаған жылдар бойы өзінің маңыздылығын әлі күнге жойған жоқ.
Платон-өз еңбектерінде қазіргі заманның тотаритарлық мемлекеттің теориялық негіздемесін тұжырымдаған алғаш филосов.Платон мен оның ұстазы Сократ-адамгершілік мәселелерін шешу үшін ақыл ойды қолдануды алғаш айтқан адамдар.Платонның Үңгір Аллегориясы өзінің атақты адамзат қоғамының зерттеулер және жоғары қуат теориялар сенімінің бірі болып табылады.
Өзінің идеялар әлемі түсінікті болуы үшін Платон Үңгір жөніндегі аңызды пайдаланады. Соңында бұл аңыз метафизика, гносеология және диалектиканың символына айналды. Көзімізге үңгірде, я болмаса зынданда, аяқ-қолы байланған адамдарды елестетейік. Үңгірдің аузы күншығысқа қараған, сондықтан оның сәулелері сондағы адамдар қарап отырған жаққа түсіп тұр. Жер бетінде керуен кетіп бара жатыр, адамдар әртүрлі заттарды көтеріп бір-бірімен сөйлесіп келеді. Үңгірде қамалған адамдарға солардың қозғалып бара жатқан көлеңкелері көрінеді, түсініксіз күңгірт дыбыстар естіледі. Олар жер бетінде шын өмір барын білмейді, сол көлеңкенің өзін шын өмір екен ғой деп есептейді. Бірақ сол қамалған адамдардың біреуі ойланып-толғанып, ақырында өзінің көлеңке әлемінде тұрып жатқанын түсінуі мүмкін. Ал екіншісі, аяқ-қолын қалайда шешіп, үңгірдің сыртына шығып, күн көзінің сәулесіне көздері үйренгеннен кейін шынайы өмірдегі адамдарды, заттарды, соңында жарқырап тұрған күннің өзін көреді. Үңгір аңызынан қандай философиялық тұжырымдар жасауға болады? Біріншіден, болмыстың әртүрлі деңгейлігі жөнінде - сезімдік болмыс пен құдіретті болмыстың бар екендігі; үңгірдің ішіндегі көлеңкелер - сезімдік әлем, ал жер бетіндегі адамдар мен заттар - нағыз болмысты құдіретті әлемді көрсетеді, ал күн - ол ізгілікті көрсететін идея. Екіншіден, танымның деңгейлерін байқауға болады - ол сезімдік таным, ақыл-оймен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлін сипаттау
Қазіргі заманғы Қазақстанның философияның рөлі
Қaзіргі зaмaнғы Қaзaқстaнның үшінші модернизaциясын жүзеге aсырудaғы философияның рөлі қaндaй
Қазақстанда саяси жүйені модернизациялау ерекшеліктері
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі. Қазіргі қазақ мәдениетіндегі гносеология. Абай философиясындағы адам мәселесі
Қазақтың маркстік философиясы
Қазіргі Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы философияның рөлі (эссе)
Модернизмнің философиялық, дүниетанымдық принциптерінің қалыптасуы
Пәндер