Ғимараттың жер асты бөлігін топырақ ылғалы мен жер суынан қорғау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ғимараттың жер асты бөлігін топырақ ылғалы мен жер суынан қорғау

Орындаған:Жыңғылбаев Бекзат

Ақтөбе 2022 жыл
Тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылымдардың гигиенасы - адам денсаулығына тұрғын үй және құрылымдар жағдайларында қолайсыз факторлардың әсерін гигиеналық бағалау және бақылауды ғылыми негіздейтін коммуналдық гигиена бағыты.
Орта факторларын нормалаудың гигиеналық негіздері
Адам денсаулығына бөлме ауасының физикалық және химиялық көрсеткіші, жарыққа байланысты бөлмелердің бағытталуы, олардың көлемі және ауданы, табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейі және басқа да параметрлер әсер етеді. Адам апталық уақыттың 60 пайызын және жұмыстан тыс уақыттың 80-86 пайызын үйде өткізеді. Сондықтан тұрғын үй гигиенасы денсаулық сақтаудың едәуір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Гигиеналық нормалау принциптеріне негізделген тұрғын үйлерді жоспарлау және көркейту сұрақтарының маңызы ерекше.
Микроклиматты нормалаудың гигиеналық негіздері
Тұрғын үйдің ықшам климаты үш негізгі компоненттерден құралады: температура, ылғалдылық және ауа қозғалысы. Гигиеналық жағынан микроклиматтың едәуір маңызды элементіне ауа температурасы жатады. Адам организмі ішкі жылу көзінің термостатикалық жүйесі, ал киім организмнің қоршаған орта арасындағы тосқауыл болып табылады. Ішкі температураны сақтауда зат алмасу кезінде бөлінетін энергия қолданылады. Дененің тұрақты температурасын сақтау - адам өміріне ең қажетті жағдай, сондықтан оның жылу балансы жылудың келуі және шығуының арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету қажет. Жылудың келуі химиялық термореттелумен (зат алмасу), шығыуы физикалық термореттелумен қамтамасыз етіледі.
Адам организмі, бұл ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау үшін түзілген жылудың қоршаған ортаға берілетін жылуға сәйкестілігі есебінен болатын өзін-өзі реттеу жүйесі болып табылады. Термореттелу тетіктері тері терморецепторларының және термореттелудің ми орталықтарының тітіркенуі кезінде, қоршаған ортаның әсер етуі және қан температурасының өзгеруі есебінен түзіледі. Суықтың әсерінен тері тамырлары тарылады, жылу берілу 20-30 пайызға төмендейді, бұлшық ет белсенділігінің жоғарылауын тудырады, діріл пайда болады және жылу түзілу 4-5 есеге жоғарылайды.
Жылу реттеу жүйесі жылулық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, бірақ оның мүмкіндігі шектеулі. Бейтарап шегіне кірмейтін кез келген температура әсер еткенде жылуды реттелу тетіктеріне күш түседі және адамның әрекет жағдайын өзгертеді. Жылуды реттеуге сәл күш түсуі қолайлы жылу деп аталады. Бұл жағдай адамның жұмыс қабілетін және оның денсаулығын қамтамасыз етеді. Сондықтан тұрғын және қоғамдық ғимараттардың микроклиматын нормалау ғылыми негіздеуді талап етеді.
Жылу реттелу жүйесінің толық тыныштықта болуы ұйқыны шақыратын тежелудің дамуына алып келеді, бұл әсіресе ой жұмыстары кезінде байқалады. Жылу реттелу жүйесіне шамалы күш түсуі физиологтар мен гигиенистер оң көрініс ретінде бағалайды. Организмді сауықтыру жүйесі осыған негізделген. 2 жасқа дейінгі балалар әсіресе төменгі температураға сезімтал келеді, яғни оларда жылу реттелу жүйесінің қалыптасу үрдісі аяқталмаған. Ауа температурасының 2оС төмендеуі балаларда респираторлы аурулармен аурушаңдығын жоғарылатады. Едәуір жоғары жастағы балаларда мұндай температура жылу реттелу механизмдерінің іске қосылуы үшін тітіркендіруге жеткілікті болып табылады. Ересек адамдар үшін организмнің жылу жағдайының бірнеше жіктелуі бар, ол жылу реттелу жүйесіне күш түсу деңгейіне негізделген.
Организмнің жылу жағдайының 9 градациясы бөлетін жіктеуі
Ауа райы түрі (жылы,суық)
Термореттелу күші
Терінің орташа температурасы ([о]С)
Терлеу гс
Әсері

Өте жоғары
34
750
Өте ыстық

Жоғары
34
750-400
Ыстық

Орташа
34
400-250
Өте жылы

Әлсіз
33-34
250-150
Жылы
Қалыпты
Жоқ
31-33
100-0
Жайлы

Әлсіз
30,9-29
0
Салқын

Орташа
28,9-29
0
Суық

Жоғары
25,9-27
0
Өте суық

Өте жоғары
23
0
Шамадан тыс суық
Балалар үшін анологиялық жіктелу күш түсудің жеті деңгейіне құрастырылған. Жылу жағдайын бағалау критерий (тері температурасы, тамыр реакциялары, ылғалды жоғалту, жылу сезгіштік) тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы микроклимат нормативтерін негіздеуді қалыптастырады.
Жылыту жүйесі
Бөлменің микроклиматын қалыптастыруда инженерлік қондырғылардың маңызы өте зор. Орталықтандырған жылыту жүйесі техникалық параметрлері бойынша (жылу берілу тәсілі) конвекциялық және сәулелік деп бөлінеді, бірақ бұл шартты түрде ғана, себебі сәулелік немесе конвекциялық жылу берілу жолдары туралы ғана айтылуы мүмкін.
Сәулелік жүйеге қоршаушы құрылымдардың ішінде орналастырылған (ауа, су, электрлік панель) құбырлар арқылы жылу тасымалдаушы айналып тұратын барлық жылыту түрлері жатады.
Конвекциялық жүйеге радиаторлар мен конвекторлар жатады. Іс жүзінде кез келген жылыту жүйесі, сондай-ақ кез келген қыздыру беткейі жылуды сәулелену және конвекция жолымен береді. Бүгінгі күні тұрғын және қоғамдық ғимараттар үшін төменгі қысымдағы орталықтандырылған сумен жылыту ең қолайлы болып табылады.
Тұрғын ғимаратты орталықтан сумен жылыту схемасы: 1 - су тұратын ыдыс; 2 - таратушы бак; 3 - ыстық суды беретін құбыр; 4 - суыған суды алып кететін құбыр.
Егер жылытушы аспаптар жабық тұратын болса, онда жылу берілу сәулелену арқылы бірден төмендейді. Конвекция қарқындылығы жылыту аспабының орналасу биіктігіне байланысты. Оның төменгі бөлігі суық ауамен алмасады және секция аралығында қыздырылған ауа айналып жүретін жоғарғы бөлігіне қарағанда көбірек жылу береді. Сондықтан радиатор неғұрлым төмен болғанда, соғұрлым оның жылу өткізгіштігі жоғары болады. Төмен орналасқан қабырғалық құбырлар едәуір тиімді.
Бөлменің барлық беткейлерін 3 топқа бөлуге болады: мұздататын (сыртқы қоршаушы қабырға және терезе), қыздыратын (жылыту аспаптары) және бейтарап (ішкі қабырғалар және жабындылар). Гигиеналық тұрғыда жылыту аспаптарының критерийі - олардың беткейінің максималды рұқсат етілген температурасы болып табылады.
Желдету
Бөлмелердегі табиғи ауа алмасуы үш фактор есебінен жүреді: газдардың диффузиясы, температуралық қысым, жел қысымы.
Газдардың диффузиясының екі түрлі газдар жанасқанда маңызы бар. Тұрғын ғимараттар жағдайында сыртқы және ішкі газдардың құрамының айырмашылығының өте аздығына байланысты бұл фактордың маңызы аз, сондай-ақ газдардың жанасуы тек терезе ашық жағдайында ғана болады.
Температуралық қысым ауа температурасының айырмашылығына байланысты жүреді. Кез-келген газдың салмағы температура төмендеген сайын артады және артқан сайын төмендейді. Сондықтан сыртқы және ішкі ауаның температурасының айырмасы көп болған сайын, ауа алмасуы да қарқынды жүреді. Бөлме және қоршаған атмосфера ауасы желдеткіш, фрамуга және құрылыс конструкцияларындағы саңлаулар арқылы алмасады. Бұлармен салыстырғанда құрылыс материалдарының ауа өткізгіштігі өте төмен, сондықтан іс жүзінде маңызы жоқ.
Ауыр суық ауа қоршаушы конструкциялардың төменгі бөлігіне қысым көрсетеді. Бұл жағдайда бөлме ішінің төменгі бөлігінде сыртқа қарағанда қысым төмен болады. Суық ауа бөлменің төменгі бөлігіне еніп, төменгі жақтағы ыстық ауаны жоғары көтереді де, жоғарғы жақта қысымды көтеріп саңлаулар арқылы қысылып шығады. Осылай бөлменің төменгі бөлігіне сырттан қысым әсер етіп суық ауа енеді, ал жоғарғы бөлігіне іштегі қысым әсер етіп ішкі ауаны сыртқа шығару арқылы үнемі ауа алмасу жүріп отырады. Бөлме ішінде теріс қысымнан оң қысымға алмасу біртіндеп жүреді және қабырға биіктігінің ортасында бөлме сыртында және ішінде де қысым бірдей болады. Бұл бейтарап аймақ болып табылады және сыртқы қабырғада саңлау жасайтын болса ол ауа алмасуына тіпті де әсер етпейді. Егер саңлауды жоғарғы жақта жасайтын болса, онда ішкі ауа сыртқа қарқынды шыға отырып осы аймақта қысымды төмендетеді, ал төменгі жаққа суық ауа көптеп түседі де бейтарап аймақ жоғары көтеріледі. Егер саңлау төменгі жақта болатын болса, сыртқы суық ауа ағыны бөлменің жоғарғы жағында қысымды көтереді де, бейтарап аймақ төмендейді. Егер саңлауды диагонал бойынша төменгі және жоғарғы жақта да жасайтын болса ауа алмасуы шектен тыс қарқынды жүреді, ол континентальды климаттық аудандар үшін қолайсыз.
Азаматтық құрылыс жүйесінде ішкі қабырғаларда желдету каналдар бөлме температурасын сақтап тұру үшін орналастырылады. Бұл жағдайда канал саңлауы бөлме ауданынан неғұрлым жоғары болған сайын ауа алмасуы соғұрлым қарқынды жүреді. Бірақ көп қабатты ғимараттарда мұндай қарқынды желдетудің өз ерекшеліктері бар: каналы қысқа жоғарғы қабаттарда қысым деңгейі төмен болады да ауа алмасуы төмендейді. Сондықтан тексеру кезінде жоғарғы қабаттарға көп көңіл бөлу қажет. Бұл ауа қысымының таралуы мен бейтарап аймақтар тек бір қабатты ғимараттарға тән. Көп қабатты үйлерде бұл жағдай, егер қабаттар бір-бірімен байланыспайтын жағдайда ғана маңызы болады. Бұл жағдайда, көп қабатты ғимараттардағы қысымның таралуы тек баспалдақтық торға ғана тән: төменде - қысымның әлсіреуі, жоғарыда - күшеюі. Сондықтан төменгі пәтерлерге ауа есіктің саңылаулары арқылы түседі де, жоғарғы пәтерлерге керісінше баспалдақтық торға пәтерден келіп түседі. Бірінші жағдайда бейтарап аймақ жоғарыға көтеріледі де, ал екінші жағдайда төмен түседі. Тек баспалдақтық торда және орта қабаттарда ғана бейтарап аймақ орта деңгейде болады. Осыдан келе, төменгі қабаттарда ауаның сырттан келіп түсуі артық болады да бөлменің тез сууына алып келеді, жоғарғы қабаттарда ішкі ауаның жинақталуына байланысты ауа алмасуы нашарлайды. Мұндай кемшіліктер ғимараттарда алып келіп сорып шығаратын вентиляцияны орналастыру арқылы, яғни атмосфералық ауа еріксіз алынып, тазартылып және жылытылған соң бөлмеге берілуі арқылы жойылады.
Алып келіп сорып шығатын вентиляция схемасы: 1 - ауаны алу; 2 - ауа каналы; 3 - калорифер; 4 - ауаны бөлмелерге беру; 5 - сору каналдары; 6 - вентиляциялык шахта; 7 - дефлектор; 8 - сүзгі.
Табиғи ауа алмасуының күшті факторының бірі, жел жылдамдығына тәуелді жел қысымы болып табылады. Жел қысымы сыртқы ауаның ғимараттың жел жағынан саңлаулар, терезелер, терезе желдеткіштері және фрамугалар арқылы енуін күшейтеді. Ал ық жағында керісінше бөлмеден ішкі ауаның шығуына ықпал етеді. Ең тиімдісі бөлме ауасын 5-10 минут ішінде толық алмастыратын екі жақты желдету болып табылады. Жел қысымының негізінен жаз уақытында маңызы бар. Жылдың суық уақытында желдің қарқынды қысымы бөлменің сууына алып келуі мүмкін, сондықтан бұл жағдайды құрылысты жоспарлағанда ескеру қажет. Желі қатты солтүстік аудандарда тұрғын ғимараттарды жел басым соғатын жаққа бүйір қабырғасымен бағытталып орналастырады. Сондай-ақ топтық құрылыс жүйесі қолданылады.
Пәтерлердің тұрғын бөлмелеріндегі табиғи қоздырғышы бар алып шығатын желдету құрылымы ас үйдегі, дәретханадағы және кептіру шкафтарындағы алып шығатын крандар арқылы жүреді. Ағып келетін ауаның компенсациясы сыртқы ауа және пәтердің басқа бөлмелерінің келетін ауа есебінен жүреді. Бір пәтердің желдету каналын жалпы жинағыш желдету каналына біріктіруте рұқсат беріледі. Лас ауаны шығару үйдің әрбір секциясындағы вентиляциялық шахта арқылы іске асырылады, шахта биіктігі соңғы қабаттың жабындысынан 4,5 метрден кем болмау керек.
5 қабаттан жоғары үйлерде бір мақсаттағы бөлмелердің каналын бір жүйеге екі қабат сайын біріктіріп қосуға болады. Сондықтан желдету шахталарының copy күшін жоғарылату үшін, желдің кез-келген бағытында қолданылатын қалқан дефлектор қондырылады. Сондайақ көп қабатты ғимараттардың жоғарғы қабаттағы пәтерлерінде ауа сапасының ластануы төменгі қабаттардағы ауаның толық түспеуіне байланысты. Бұл табиғи желдетудің каналды жүйесінің мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін көрсетеді.
1 адамға шаққанда қалыпты жағдайдағы тұрғын аудан 9 м[2], ауаны алып кету мөлшері 27 м[3]сағ-тан кем болмауы керек. 1 сағаттағы бір адам үшін қажетті ауа көлемінің мөлшері ауа кубы деп аталады. Бірақ жалпы және коммуналды гигиена жұмыстары 1 адам үшін оптималды ауа алмасу сағатына 120 м[3] кем болмауы және қалыпты ауданы 17 м[2] болуы керек деп дәлелдеген. Осындай ауданда табиғи желдету есебінен ауа алмасу мүмкіндігі жоғары болады.
Тұрғын ғимараттардың қабаттары дегеніміз - жердің жоспарланған белгілеуінен төмен емес бөлме еденінің белгіленуі; астыңғы (цокольді) қабат дегеніміз - жердің жоспарланған белгілеуінен, еденнен төмен бөлмелердің биіктігінің жартысынан аспайтын белгіленуі; жертөле (подвалды) қабат дегеніміз - жердің жоспарланған белгілеуінен, еденнен төмен бөлмелер биіктігінің жартысынан көп белгіленуі. Астыңғы және жертөле қабаттарда тұрғын бөлмелерді орналастыруға рұқсат етілмейді.
Еденнен еденге дейінгі тұрғын қабаттардың биіктігі 2,8 м-ден биік болмауы, еденнен төбеге дейінгі бөлменің биіктігі 2,5 м-ден кем болмауы қажет. Солтүстік ендіктен онтүстікке қарай 49[о] деңгейінде орналасқан Қазақстан территориясында еденнен еденге дейінгі тұрғын ғимараттар қабаттарының биіктігі 3 м биіктікке дейін рұксат етіледі, еденнен төбеге дейінгі биіктігі 2,7 м-ден жоғары болмауы қажет. Жоғарғы қабатының еденіне дейінгі биіктігі 14 м және одан да жоғары болатын тұрғын ғимараттарда лифт орнатылуы тиіс, ал осындай белгілеу 11,2 м болған жағдайда қалдық өткізгіш құбырлар болуы қажет. Тұрғын бөлменің және ас бөлмесінің ауданы 8 шаршы м-ден кем болмауы тиіс (1А және 2А типті пәтерлерде ас бөлмесінің ауданы 5 шаршы м-ге дейін рұқсат етіледі). Бір бөлмелі пәтерлерде біріккен санитарлық түйіндер құрылымдарын орналастыруға рұқсат етіледі. Әжетхана және жуынатын бөлмелерді тұрғын бөлмелердің жоғары жағына орналастыруға рұқсат берілмейді. Тұрғын ғимараттардың бірінші, екінші және астыңғы қабаттарында сауда кәсіпорындарын, қоғамдық тамақтану орындарын (50 орыннан аспау қажет), тұрмыстық қызмет көрсету орындарын орналастыруға рұқсат етіледі. Сондықтан желдету дыбыс изоляциясымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тұрғын ғимараттар нысандарындағы желдету құрылымы автономды болуы керек. 5 күндікте 40[о]С-дан төмен едәуір суық температура болатын климаттық аудандарда үш қабатты және одан да жоғары ғимараттарда сыртқы ауаны жылытатын құрылымы бар алып келетін желдету қондырғысын орнату рұқсат етіледі. Адам организмі жылы ауаға қарағанда суыққа едәуір төзімді. Алғашқы жаурау белгілері (аяқтағы температураның төмендеуі) қолайлы жағдайдан небәрі 1,6[о]С температурада төмен болғанда байқалады. Сондықтан ерекше суық климаттық аудандарда (-31[о]С және одан төмен) тұрғын бөлмелер ауасының есептік температурасы ретінде 18[о]С-тың орнына 20[о]С алынады.
Климаттық аудандарға қойылатын талаптар тұрғын ғимараттың желдету жүйесіне қатысты. Сонымен 3-ші және 4-ші климаттық аудандардағы пәтерлерде шахта арқылы вертикалды желдету рұқсат етілгенімен де, өтпелі немесе бұрыштық желдету жүйесі қамтамасыз етіледі. 3-ші климаттық аудандарда сатылы тор арқылы біржақты қатар орналасқан 1 немесе 2 пәтерді желдету (мұндай пәтерлердің саны бір қабатта 2-ден артық болмауы қажет) рұқсат етіледі. Сатылы торлардың өзін желдету ашық шыныланған терезе (ашылу ауданы әр қабат үшін 1,2 м[2] кем болмауы керек) арқылы жүргізіледі. Пәтердің ауасын өтпелі желдету тек бөлменің ауасын жаңартып қана қоймай, сонымен бірге қабырғаны кептіреді, өзімен бірге шаң бөлшектерін алып шығады, қабырғаның көгеруін болдырмайды. Мұндай тиімділікке жасанды желдету арқылы да жетуге болады. Жазғы уақытта ашық терезе арқылы өтпелі желдету кезінде ауаны алғашқы 2-3 минут кезінде алмастырады, ал қысқы уақыт кезінде желдеткіш арқылы ауа 5-10 минут аралығында алмасады.
Ауаның ылғалдылығы және жылдамдығы
Ылғалды ауа жоғары жылу өткізгіштік қасиетке ие, бұл жағдай төменгі температурада жылу жоғалтуды ұлғайтады. Жоғары температура кезінде ылғалдылық керісінше ағзаның жылу бөлуіне кедергі келтіреді, осыған байланысты температураның жоғарылауы кезінде тиісінше ауа ылғалдылығын төмендету қажет. 20 пайыз деңгейіндегі ылғалдылық кезінде ринит және фарингит ауруларының саны көбейеді. Желдету жүйесі болмаған жағдайда пәтердің қозғалыссыз ауасы адам организмінің жалпы дұрыс қалпын және тамырлық реакциясының инерттілігін туғызады. Адам денесінің айналасында жұқа, қозғалмайтын ылғалға қаныққан ауа қабықшасы түзіледі, бұл дене температурасын қабылдап, жылу бөлуді жоғарылатады. Ауаның қозғалысы адамды ылғалды қабықшадан босатады және жылу реттеу үрдісін жақсартады. Ауаның жоғары жылдамдықтағы қозғалысы жылу бөлуді жоғарылатады және ауаның температурасы төмен болғанда организмнің сууына себеп болады.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттар үшін рұқсат етілетін нормалар:
Жылдың жылы мезгілінде:
ауа температурасы есептеу температурасынан 3[о]С-дан жоғары болмауы керек;
салыстырмалы ылғалдылығы 65 пайыздан жоғары болмауы керек;
ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5 мсек-тан жоғары болмауы керек.
Жылдың суық мезгілінде:
ауа температурасы 18-22[о]С;
салыстырмалы ылғалдылығы 65 пайыздан жоғары болмауы керек;
ауа қозғалысы жылдамдығы 0,2 мсек-тан жоғары болмауы керек.
Табиғи жарықтандыру және инсоляция
Адам барлық хабарлардың 70 пайызына жуығын көру мүшесі арқылы қабылдайды. Сондықтан гигиена саласында табиғи және жасанды жарықтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар жарық жер бетіндегі көптеген жануарлар мен өсімдіктер организмдері үшін өмірлік қажетті фактор болып табылады. Абсолютті 0-ден жоғары температурасы бар кез-келген дене қоршаған кеңестікке энергия бөледі. Сәулелену арқылы берілетін энергия сәулелік деп аталады. Едәуір қуаты күшті энергия көзі болып табылатын күннің жарығы сәулелік энергияның бір түріне жатады. Күн сәулесі әр минутта жердің бір шаршы метр бетіне 1,9 ккал жылу (тұрақты күн шығып тұрғанда) бөледі. Бірақ, бұл радиацияның едәуір бөлігі атмосферада ұсталып қалады. Су буы жарықтың инфрақызыл аймағын жұтады, озон - ультракүлгін сәулесін жұтады, ауа молекуласы және шаң бөлшектері күн сәулесін шашыратады, бұлт - оны шағылыстырады. Сондықтан жер беті күн сәулесінің атмосфералық қабаттан өткенге дейінгі радиацияның едәуір аз бөлігін қабылдайды. Сонымен атмосфера күн радиациясының жерге түсуіне дейінгі аралығындағы негізгі ұстаушы қабат болып табылады, яғни оның оң және теріс жақтары да бар.
Сонымен қатар, атмосфера қабатынан өтетін сәулелердің түсу жолы әр түрлі болуы мүмкін және сәулелердің түсу бұрышына байланысты. Күн неғұрлым көкжиекке жақын болса, атмосфера қабаты қалың болған сайын сәулелер радиациясы соғұрлым әлсірейді. Күн тас төбеде тұрғанда (көкжиектен 90[о]) сәулелердің жолы неғұрлым қысқа болады, ал түсу бұрышы 5[о] болған кезде 11 есеге ұлғаяды. Жолы неғүрлым үзын болған сайын көрінетін ультракүлгін сәулелері соғүрлым көп ұсталады және биологиялық белсенділігі төмендейді. Түсу бүрышы 0,5[о] болғанда ультракүлгін сәулелері тіпті болмайды, ал жарықтандыру 2 есеге дейін төмендейді.
Шашыраңқы радиацияның тік радиацияға қарағандағы айырмашылығы ол күннен тікелей түспейді, ол негізінен аспан әлемінен түсетін жарық. Реле заңдылығы бойынша, толқын ұзындығы неғүрлым қысқа болған сайын шашырату соғұрлым жоғары болады. Сондықтан шашыраңқы күн сәулесі жарығы аз деңгейде болғанымен тік түсетін сәулелер сияқты онда ультракүлгін сәулелері өте көп және биологаялық жағынан белсенді. Ультракүлгін сәулесінің қажетті мөлшерін тіпті бұлтты аспан кезінде де алуға болады. Табиғи жарықтандыруды және инсоляцияны гигиеналық бағалау үшін көрсетілген зандылықтардың әр түрлі ендікте маңызы орасан зор.
Көзбен жүмыс істеу мақсаты бойынша бөлмелер 4 топқа бөлінеді:
Бірінші топ - нысандарды көзбен нақтылай ажыратуға (жұмыс кабинеті, конструкторлық бюро, дәрігер кабинеті, операциялық бөлме, сыныптық бөлмелер, зертханалар, оқу залдары, және т.б.) арналған бөлмелер.
Екінші топ - нысандарды көзбен жалпылама ажыратуға (дүкендер, асханалар, көрме залдар және т.б) арналған бөлмелер.
Үшінші топ - кеңістікті шолып қарауға (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, кіре берістер, гардеробтар және т.б.) арналған бөлмелер.
Төртінші топ - кеңестікте жалпы бағыттау ғана жасалатын (өткелдер, дәліздер, санитарлық түйіндер және т.б) бөлмелер.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың табиғи жарықтану нормаларының негізгі жағдайлары:
Тұрғын ғимараттарда табиғи жарықтандырудың болуы қажет орындар: тұрғын бөлмелер, ас бөлмесі, канализацияланбаған әжетхана, шығу тамбуры, сатылық клеткалар, жалпы дәліздер.
Пәтерлердің тұрғын бөлмелері мен ас бөлмесінің терезелер ауданының минималды қатынасы кем дегенде 1:8 болуы қажет, ал максималды қатынасы 1:5,5 шамасынан аспауы қажет. Терезелер ауданының үлкен болуы жылудың көп мөлшерде шығуына әсер етеді.
Дәліздердегі екі жарық қалталары арасындағы қашықтық 24 м-ден аспауы, ал екі бүйіріндегі терезелер аралығы 48 м болуы қажет.
Табиғи жарықтандырусыз жобалауға рұқсат етілетін орындар: бір бөлмелі пәтерлер мен жатақханаларда ас үй қуысы (зат қоятын), мәжіліс және конференция залы, аудиториялар, дүкендердің сату залы, демонстрациялық және спорттық көру залы, моншалардағы массаж және бу қабылдау залы, машиналарды қоятын тұрақтар.
Тұрғын үйлердің балкондары мен лоджияларын шынылап жабуға болмайды.
Табиғи жарықтандыру 3 негізгі жағдайға байланысты: жарықтық климат, ғимаратты және терезелерді бағыттау. Сонымен қатар терезені бір қабатты шынылау күн сәулесінің 15 пайызын, ал екі қабатты шынылау 25 пайызын ұстайды.
Қыздырылатын және газразрядты шамдар
Қыздырылатын шамдардың жарықтық пайдалы әсер коэфициенті (ПӘК) төмен болады. Спиральдардың қыздырылуы бойынша жылулық энергия қысқа толқынды сәулелерге, содан соң спектрдің көрінетін бөлігіндегі сәулелерге дейін айналады. ПӘК 7%-дан 14%-ға дейін (ваккумды шамдар). Шамдардың жарықтығын төмендету үшін оларды күңгірттендіреді, сонда жарықтық ағынның 3%-ы жоғалады. Сүт түстес әйнектен жасалған шамдар жарықтың 15-20 %-ын ұстап қалады. Қыздырылатын шамдардың жағу жарамдылық мерзімі - 1000 сағат. Люминесцентті шамдардағы атомдардың қоздырылуы металл буларындағы электрлік разряд арқылы пайда болады. Ультракүлгін cәулелері пайда болады. ПӘК - 66 %.
Инсоляция дегеніміз - күн сәулесінің тікелей түсу әсері. Биологиялық тұрғыдан алғанда, едәуір белсенді күн сәулесі спектрінің бір бөлігіне ультракүлгін сәулелері жатады. Ультракүлгін сәулесінің жеткіліксіздігі адамның денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Балаларда "Д" дәруменінің жетіспеушілігі байқалады және рахит ауруы пайда болады, себебі кальций-фосфор алмасуы бұзылады. Организмнің инфекцияға қарсы қорғаныс жүйесінің белсенділігі төмендейді.
Ультракүлгін сәулелерінің 3 спектрлі саласы бар:
А саласы (толқындарының ұзындығы 320-400 нм) көбінесе күнге күйіп қараю әсерін көрсетеді (қорғаныс ролі бар тері пигменті мен меланиннің бөлінуі);
В саласы (толқындарының ұзындығы 280-320 нм) күнге күйіп қараю әсерін тигізеді және "Д" дәруменін синтездейді;
С саласы (толқындарының ұзындығы 200-280 нм) күші өте өтімді сәулелер, көру мүшесі мен тері қабатына қолайсыз әсерін тигізеді. Бірақ ультракүлгін спектрінің бұл бөлігі стратосфера қабатында озонмен ұсталып қалады да жер бетіне жетпейді. Іс жүзінде С саласы тек жасанды ультракүлгін сәулелері арқылы ғана адамға әсерін тигізуі мүмкін.
Инсоляция денсаулықты жақсартатын маңызды фактор болып саналады, әрі барлық тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, сонымен қатар тұрғын аудан аумақтарында да қарастырылуы қажет. Нормалау жылдың көктемгі-күзгі мезгілінде жүргізіледі және әр түрлі аудандардың жарықтық климаттық ерекшеліктері мен құрылыс салу сипаттамасының ерекшеліктері ескеріледі.
Пәтердің жоспары: 1 - баспалдақ; 2 - кіре беріс; 3 - ұйықтайтын бөлме; 4 - асхана, 5 - ас дайындайтын бөлме; 6 - әжетхана; 7 - жуынатын бөлме; 8 - қосымша бөлме; 9 - балкон.
Санитарлық заңдылықтардың негізгі ережелері:
1. Инсоляцияның нормасы 1,2,3 бөлмелі пәтерлердің ең кем дегенде бір тұрғын бөлмесінде қамтамасыз етілуі қажет, ал 4,5 бөлмелі пәтерлерде ең кем дегенде екі тұрғын бөлмелерде және жатақханалардың ұйықтайтын бөлмелерінің ең кем дегенде 60 пайызын қамтамасыз етулері керек.
2. Бөлмелер мен аумақтардың үздіксіз инсоляциялануының ұзақтығы:
солтүстік аймақтар үшін (орталық ендіктің 58[о]-нан солтүстікке қарай) - күніне 3 сағаттан кем болмауы керек;
орталық аймақ үшін (орталық ендіктің 58[о]-48[о]) - күніне 2,5 сағаттан кем болмауы керек;
оңтүстік аймақтар үшін (орталық ендіктің 48[о]-нан оңтүстікке қарай) - күніне 2 сағаттан кем болмауы керек;
көп қабатты құрылыс кезінде (9 және одан да көп қабаттар) инсоляцияның барлық қосынды ұзақтығы 0,5 сағатқа көбейтілген жағдайда, инсоляциялаудың үздікті болуын қамтамасыз етуге рұқсат етіледі (мектепке дейінгі балалар және емдеу-профилактикалық мекемелерін қоспағанда);
барлық бөлмелері инсоляцияланатын меридиан түрдегі тұрғын үйлердің инсоляциялану ұзақтығын әрбір аймаққа сәйкес 0,5 сағатқа қысқартуға рұқсат беріледі.
3. ІІІ-ші және ІV-ші климаттық аудандардағы тұрғын үйлер пәтерлерінің барлық терезелерін бір жаққа, яғни горизонттың 200[о]-тан 230[о]-қа дейінгі сектор аралығына бағыттауға рұқсат етілмейді. Мұндай бағытталу тек барлық терезелер күннен қорғау қондырғыларымен жабдықталған кезде ғана рұқсат етіледі.
4. IV-ші климаттық ауданның қоғамдық ғимараттарында мұндай қондырғылармен 200-290[о] секторға бағытталған терезелер мен балкондар жабдықталуы керек. Әйнектелу пайызы жоғары болған жағдайда, бұл талап барлық климаттық аудандарға тағайындалады.
5. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың типтік жобаларының құрамында рұқсат етілген бағыттардың сипаттамасы болуы тиіс.
6. Жоспарлар мен схемалардағы бөлмелер және аумақтардың инсоляциялану жағдайы инсоляциялық графикті қолдану арқылы анықталады. Бұл кезде бөлмелердің инсоляциялану ұзақтығы жарық ойындыларының орталық нүктелері арқылы ғимараттың төменгі қабаты бойынша есептелінеді. Олардың көлемі бөлмелерге түсетін табиғи жарықтың нормалар талабына сәйкес болулары қажет.
7. Орталық ендіктің 58[о]-нан оңтүстікке қарай орналасқан аудандар үшін, күн шыққаннан кейінгі ең бірінші сағат және күн батар алдындағы ең соңғы сағат ескерілмейді. Ал 58[о]-тан солтүстікке қарай орналасқан аудандар үшін күн жарығының ең бірінші және ең соңғы 1,5 сағаты ескерілмейді. Осы көрсетілген уақыттарда күн жарығының биологиялық белсенділігі өте төмен болады.
Тұрғын ғимараттардың жоспарлануы мен құрылысын санитарлық бақылау
Нысандардың құрылысы типтік жобалар бойынша жүргізіледі, жобалау барысында табиғи-климаттық ерекшеліктері, құрылыс ұйымының (мекемесінің) мүмкіндігі, жергілікті құрылыс материалдарының болуы жағдайлары ескеріледі. Типтік жобалардың өзі уақыт өткен сайын ескіреді және өзгертіледі, жойылады, бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ ауасы
Қазақстан су корына жалпы сипаттама
САРҒАЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ
Топырақтың органикалық бөлігі, су сіңіргіштік қасиеті
Қазақстанның климат ерекшеліктері
Топырақ тұздануының арпа сабақтарының өсуіне және құрамындағы абсциз қышқылына әсер етуін зерттеу
Топырақтың ылғал қоры
Топырақ ылғалы
Гидросфера
Үйлер мен ғимараттар конструкциясы
Пәндер