Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы
Жоспар:
1.БҰҰ-ның құрылу тарихы, мақсаттары, міндеттері, қағидалары, оған мүшелікке өту мәселелері.
2.БҰҰ-ның құрылымы.
3.Қазақстан Республикасы - БҰҰ-ның мүшесі.
Негізгі ұғымдар:Біріккен Ұлттар Ұйымы, халықаралық ұйым, БҰҰ Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңес.
1. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)-құрамына 192 мемлекет кіретін әмбебап халықаралық ұйым. Құрылып қалыптасқалы бері БҰҰ ұдайы даму үстінде. Бүгінгі таңда оның мүшелерінің 2\3сі бір кезде отарлық тәуелдікте болған, қазіргі кезде даму жолындағы мемлекеттер. Дегенмен, Біріккен Ұлттар Ұйымы абсолютті мінсіз ұйым емес. Бұл ұйым 1945ж. 51 мемлекетті біріктіріп, бүгінгі күнге дейін өз құрылымын сақтап қалды, мүшелерінің үш еседей артуына қарамастан, өз жұмысында бәз баяғы рәсімін қолданып келеді. Бүкіләлемдік ұйымның барлық қызметі бір проблеманы шешуге бағытталған: ол-өзіне мүше әрбір мемлекеттің ұлттық мүдделері мен тұтастай алғандағы халықаралық бірлестік мүдделерінің арақатынасын шешу. Осы негізгі проблема шеңберіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін үш негізгі бағытқа бөлуге болады:
- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау;
- БҰҰ-ның әлемді қайта қалыптастырудагы күнделікті әрекеттері
- Адамзаттың болашағын халықтар арасындағы ғаламдық ынтымақтастықты реттеу арқылы жоспарлау немесе болжау.
1945 жылы 24 қазан БҰҰның құрылған күні болып есептеледі. БҰҰға алғашында 51 мемлекет мүше болды.БҰҰға мүшелікке өтудің талаптары мынадай:
- мемлекет тәуелсіз, бейбітшілікті сүйгіш болуы тиіс
- мемлекет жарғылық талаптарға орай өзіне міңдеттемелерды жүктеуі тиіс;
- мемлекет өзіне жүктелген міндеттемелерді орындай алады және орындағысы келеді.
БҰҰның мақсаттарына мыналар жатады:

- бейбітшілікке қауіп келтіру мен басқыншылық актілерінің алдын алу және жою үшін тиімді шараларды қабылдау;
- халықаралық дауларды немесе оқиғаларды бейбіт құралдары арқылы шешу.
-халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі басқару қағидасының негізінде халықтардың достық қарым-қатынасын дамыту;
-экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық дауларды шешу барысында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру
- осындай ортақ мақсаттарға жету жолында ұлттар әрекеттерін үйлестіру орталығы болу.
БҰҰ өз қызметін жүзеге асырғанда мынадай қағидаларды басшылыққа алады:
- Ұйымның барлық мүшелерінің дербес теңдік қағидасы;
- өздеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидасы;
- туындаған дауларды бейбіт құралдармен шешу қағидасы;
- күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы:
- БҰҰ-ның Жарғыға сәйкес атқаратын барлық әрекеттеріне барынша көмек көрсету қағидасы;
- БҰҰ-ның мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің БҰҰ қағидаларына сәйкес әрекет етуін қамтамасыз ету қағидасы, себебі ол бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қажет болуы керек;
- мемлекеттердің ішкі құзіреттеріне жататын істерге БҰҰ-ның қол сұқпаушылық қағидасы.
2. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы.Әмбебап халықаралық ұйымның құрылымы алты басты органнан және қажетті қосалқы органдардан тұрады. БҰҰ-ның басты органдары мыналар: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, ОПЕК жөніндегі кеңес, Халықаралық Сот және Хатшылық. БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы 1946 ж. 13 ақпанындағы Конвенцияға сөйкес, БҰҰ заңды тұлға болып табылады; жылжитын және жылжымайтын мүліктер алады; мүліктерге билік етеді; сотта іс қозғайды. БҰҰ-ның өкілдері басты және көмекші органдардағы конференцияларда өздерінің қызметтік міндеттемелерін атқарғанда және мәжіліске бару-келу кезінде артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады. БҰҰ-ның лауазымды адамдары сот жауапкершілігіне тартылмайды және қазыналық, кедендік артықшылықтарды пайдаланады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің қызмет ету кезеңінде бірінші орындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемаларына назарын жете аударып келеді. БҰҰ-ның бейбітшілік операциялары бейбітшілік туралы келісімдерді орындауға көмектеседі, қол жеткізілген татуластықты, әскери әрекеттердің тоқтатылуына көмектеседі. БҰҰ-ның өз армиясы жоқ. Бітімгершілік миссияларын жүргізу үшін оған мүше-мемлекеттер ерікті негізде әскер мен жасақ береді. Арнайы бітімгершілік бюджетінен оларға белгілі бір өтемақылар төленеді. Бітімгершілік миссияларын Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері құрайды және айқындайды. БҰҰ-ның барлық мүше-мемлекеттері бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау тәуекелін бөліседі. 1945 жылы 110 мемлекет өздерінің персоналдарын әкелді; ағымдағы бітімгершілік операцияларына ең көп әскерді Пәкстан, Бангладеш, Иордания, Польша, Ресей Федерациясы және Канада берді. Бітімгершілік операцияларына бұл ұйымға мүше емес мемлекеттер де қатыса алады. Мысалы, Швейцария бітімгершілік үшін ақша, тікұшақ, медициналық және өзге де жабдықтар беріп келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы ірі көлемді конференциялар жүргізеді. Соның арқасында ұлттық және халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар белсенді әрекет етеді; ұлттық саясатты айқындау үшін халықаралық стандарттар мен нормаларды бекітеді; жаңа ұсыныстарды талқылауға және консенсусты іздеуге мүмкіншілдік туады. БҰҰ қызметінің тиімділігін арттыру үшін Бас Ассамблея арнайы сессиялар өткізеді. Мәселен, ірі көлемді конференциялар қатарына БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 ж. Рио-де-Жанейро конференциясын; 1993 ж. маусым айындағы адам құқықтары жөніндегі Бүкіләлемдік Вена Конвенциясын; 1994 ж. Каирде өткен халық саны және даму жөніндегі халықаралық конференциясын; 1995 ж. Копенгагаенде өткен әлеуметтік даму жөніндегі Бүкіләлемдік басқасуды; 1995 ж. Пекинде өткен әйел құқықтары жөніндегі Төртінші Бүкіләлемдік конференцияны; 1996 ж. Стамбулда өткен елді мекендер жөніндегі БҰҰ-ның Екінші конференциясын жатқызуға болады. БҰҰ аясында жүйелеу мәселелерінде үлкен маңызы бар бірқатар кептарапты халықаралық келісімдер жасалды. БҰҰ-ның құрамында үкіметаралық келісімдер негізінде құрылған автономды халықаралық ұйымдар бар, олар түрлі салаларда кең көлемді құзыреттерге ие. Бұл ұйымдар Мамандандырылған мекемелер деп аталады, олар Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арқылы БҰҰ-мен тығыз байланысты. БҰҰ-ның орталық штаб-пәтері - Нью-Йоркте (АҚШ), еуропалық бөлімдердің штаб-пәтерлері Женевада (Швейцария) және Венада (Австрия) орналасқан. БҰҰ-ның жұмысын 5 жыл мерзімге сайланатын, бірақ сайлауға екі реттен артық түспейтін Бас хатшы басқарады. БҰҰ тарихынан бері жеті Бас хатшы сайланған. Бүгінгі күні БҰҰ-ның ең үлкен лауазымды тұлғасы - 2007 жылы сайланған Пан Ги Мун.
Бас Ассамблея - сессиялық орган. Сессиялардың 3 түрі бар: кезекті, арнаулы және төтенше. БҰҰ БА-ның кезекті сессиясы жыл сайын қыркүйек айының үшінші сейсенбісінде шақырылады. Арнаулы сессия, егер Қауіпсіздік Кеңесі, БҰҰ-ның көпшілік мүшелері немесе арнаулы сессияны шақырту туралы талапқа БҰҰ-ның бір мүшесінің қосылғандығы туралы ұйымның көпшілік мүшелері хабарлаған кезде кез келген мәселелер бойынша шақырылады. Мұндай сессиялар сессияны шақырту туралы талапты Бас Хатшы алғаннан кейін 15 күн ішінде шақырылады. Ал төтенше арнаулы сессиялар БҰҰ Бас Хатшысы Қауіпсіздік Кеңесінен келіп түскен және Кеңестің кез келген 9 мүшесінің дауысымен мақұлданған, БҰҰ-ның көпшілік мүшесі талап еткен немесе БҰҰ-ның көпшілік мүшелерінің БҰҰ бір мүшесінің осындай шақырту туралы хабарларын алғаннан кейін 24 сағат ішінде шақырылады. Төтенше сессиялар мынадай жағдайларда шақырылады: біріншіден, бейбітшілікке қауіп төнсе; екіншіден, бейбітшілік бұзылса немесе басқыншылық актісі жасалса және егер Қауіпсіздік Кеңесі оның мүшелері вето қағидасына сәйкес бір пікірге келе алмағандықтан, тиісті шараларды қабылдай алмаған жағдайда.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі - (БҰҰ ҚК) - Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы, оның құрамында 15 мүшесі бар, оның ішінде бесеуі тұрақты мүшелері - Ресей, АҚШ, ҚХР, Франция, Ұлыбритания; 10-ы - тұрақсыз мүшелер, олар екі жыл мерзімге мынадай квотаға сай сайланады: 3 орын - Африка мемлекеттері, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz