Мәңгілік ел ұлттық идеясының мәні мен маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Тарих және дінтану кафедрасы

ЭССЕ

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша СӨЖ №10

Тақырыбы: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы

Орындаған:Айтбай Құндыз

Тобы:Гео-104

Тексерген:т. ғ. к. Аликулова Н. С

Ақтөбе 2021

Ғасырлар тоғысып, тарих толқынып, Қазақстан өз жолын бастады. Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің жетістігі зор күш-жігер мен ортақ еңбекті талап еткенін әр қазақстандық түсінеді. Тәуелсіздік халқымызға тегін келмеді. Қаншама азаматтарымыз жалынға шарпылды, елім деп еңіреді, қаншама ұрпақ зар жылады, жапа шекті. Еліміз «егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты» таңдады. Ендігі міндет - бейбіт өмірді сақтау, «ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», ортақ еңбектің нәтижесінде «берекелі қоғам құру», тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел ету». «Мәңгілік ел» болу жолындағы мазмұнды істерімізбен дараланатынымыз айдан анық. Елбасы Н. Ә. Назарбаев осы жайында «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» - деп баса айтады. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек.

Мемлекеттің осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, солардың бірі осы - «Мәңгілік ел» идеясы. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«, - деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық - тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл - Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні-мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті болып табылады. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік ел» идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап қайда барса көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде де осы мәңгілік ел болуға ұмтылған, мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты. Олардың аңсағаны елді орнықтыратын жайлы мекен тауып, елдің мәңгілігін жаңғырту еді. Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті. Халықтық идеяның жаңғыруы, жаңа қоғамдық және әлемдік іргелі өзгерістерге бейімделуі - өмірдің әр саласы мен ағымының бір-біріне үйлес үрдістеріне, үндес қауымдастықтың белсенділігіне, азаматтардыңқызығуына, жалпы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігіне қатысты екенін ел азаматтары алға тартуда. Құндылықтардың арасында, әсіресе, «зайырлы мемлекет», «Астана», «қазақ мәдениеті», «мәдени құндылықтар» ұғымдары жеке-жеке талданады. Сонымен бірге, «Мәңгілік Ел» идеясының контексінде де Қазақстанның экономикалық дамуы, құқықтық жүйе, мәдени саясат, дін және этнос, патриоттық тәрбие мәселелері қарастырылған. Өз кезегінде ақпараттық және жаңа зерттеулер тұрғысынан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Бабаларымыздың арманы
Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сынып пәндері бойынша Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтарының енгізілу жағдайы
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
1991 жылғы Тамыз төңкерісі. КОКП қызметін тоқтатуы
Мәңгілік Ел идеясының маңызы
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Тәуелсіз Қазақ Елі және ұлттық идея
Қалған ұлттар диаспора
Мәңгілік ел идеясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz