АЙНА ПАЙДА БОЛҒАНҒА ДЕЙІН


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

М. Шпагин .

АЙНА ПАЙДА БОЛҒАНҒА ДЕЙІН .

Адам баласы әуелде өз кескінін тұп-тұнық су бетіненкөрген. Бірақ тұп-тұнық өзен көлдерді, тіпті шалшық судың өзін үйіне көшіріп апара алмайды ғой. Сондықтан кішігірім айна ойлап табуға мәжбүр болған. Сөйтіп, оны қола мен күмістен жасап жасап алған. Орыс жерінде болаттан, яғни құрыштан жасалған айналар да болған. Металдың беті тотықпас үшіноны әйнекпен қаптаған. Келе-келе әйнектің бетіне қалайыдан, күмістен, алюменнен жасалған жұп-жұқа металл пленкаларды жапсыруды ойлап тапқан. Әйнектен айна жасаудың тәсілі ұзақ уақыттар бойы құпия сақталып келген. Бұл құпияны француздарға ашып қойған венециялық бірнеше шебер басынан айрылған.

БЕНЗИН ТАБЫЛҒАНҒА ДЕЙІН .

Жанармайлар да, басқа майлар да ең алдыймен жарық үшін пайдаланылған. Өсімдік майыймен, мұнаймен, керосинмен шам жаққан. Өткен ғасырдың алғашқы жартысында Англияда мұнайдан бензин алынды. Бірақ ол тез буланып, жарылыс қауіпін тудырғандықтан, шам жағуға жарамады. Тек киім тазартуға ғана пайдаланылды. Ал автомобиль шыққаннан кейін, оның іс ауқымы бірден кеңейді. Сөйтіп, жыл өткен сайын жетпеуге айналды. Қазіргі машинаның моторлары мұнайдан алынатын түрлі жанармайлармен бірге тас-көмір, өсімдіктерден өндірілетін алуан түрлі сұйықтармен де жұмыс істейді.

ТІГІН МАШИНАСЫ ШЫҚҚАНҒА ДЕЙІН .

Инеге әуелде оймақ көмекке келген. Инесі мен оймағы бар ісмер тігіншінің қолы-қолына жұқпаған. Әйтсе де іс баяу жүрген. Істі жылдамдатуға тек машина ғана көмектесе алатын алғаш Леонардо да Винчи ұққан. Сөйтсе де тігін машинасы одан кейін үш жүз жылға жуық уақыт өткен соң ғана, 18 ғасырдың соңында Англияда жасады. Ол мата емес былғары тігуге пайдаланылды. Оның өзінде ине шаншитын жер бізбен тесіліп отырды. Казіргі кейбір машиналарда ине атымен жоқ- олар матаны желімдеп жапсырып отырады.

ӘЙНЕК ПАЙДА БОЛҒАНҒА ДЕЙІН.

Қыш ыдыстардың бетін глазурьлеу үшін ертедегі ишеберлер отқа күйдірердің алдында оған құм мен табиғи сода қоспасын сепкен. Шеберлердің бірі ыдысты тек глазурьден жаауға бел буыпты. Қоспаны құмыраға салып отқа қойса, қоймалжың зат пайда болыпты. Шебер одан таяқтың ұшымен іліп алған екен, қоймалжың зат тасқа тамыпты да, бірден қатып қалыпты. Бұл кәдуілгі шыны еді. Бір ғажабы, ол мөлдіреп тұрмапты. Жұрт одан моншақтар құйып, вазалар, табақтар жасапты. Ал жарық өткізгіш шыны жасауды кейін ойлап тауыпты. Содан кейін оны терезе ретінде пайдаланған. Қазір әйнектен стакан, мозайка, машина детальдарын, түрлі әшекей заттар жасайды, үйлердің қабырғаларын безендіреді.

ТЕЛЕФОН ШЫҚҚАНҒА ДЕЙІН.

Телефон шыққанға дейін тілдескіш құбырлар пайда болған. Олар, мәселен, корабльдерде күні бүгінге дейін сақталып қалған. Тілдескіш құбыр әуелде 16- ғасырда Италияда жасалып, ұзақ уақыт бойы ұмыт қалған. Жүздеген жылдар өткенде француздың бір оқымыстысы екі кісінің бір-бірінен шалғайда тұрып-ақ жерге төселген, әлі су жүргізіле қоймаған құбыр арқылы қызына әңгімелесіп тұрғанын көреді. Ара қашықтары қаншама алыс болғанымен, екеуі бірге тұрғандай-ақ, сөздері бір-біріне анық естіледі. Осы оқиғадан соң тілдескіш құбырлар, кейіннен телефон шықты.

ШАРИКТІ АВТОҚАЛАМ ШЫҚҚАНҒА ДЕЙІН.

1938 жылы Венгрияда сиямен жазылатын шарик ұшы бар, поршенді қалам жасалды. Ал австриялықтар оның сиясын пастамен алмастырды. Бірақ олар сияны ұзақ қойылтты . . . Салыстырмалы түрде қарағанда шариктің өзінің шыққанына да көп болған жоқ қой. Есесіне оның туыстарының жасы едәуір. Археологтар Тутанхамон табытынан мыстан жасалған қалам тапқан. Оның ішінде қорғасын түтігі болған. Ұшына үшкірленген қамыс бекітілген. Бояғыш сұйық түтік арқылы қаламұшқа келіп тұрған. Тек ондаған ғасыр өткеннен кейін ғана ұшына құс қауырсыны бекітілген металл түтікшеге сия құйып пайдалануға әрекет жасалған.

ҮРЛЕМЕЛІ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР ШЫҚҚАНҒА ДЕЙІН.

Балшықтан, ағаштан, қамыс пен қурайдан оп-оңай жасап алатын ысқырықтар жұртшылыққа ерте кезден-ақ белгілі болған. Ысқырық- үрлемелі музыкалық аспаптардың түп атасы. Олардың ең көнесі- мүйіз бен сыбызғы тас ғасырында пайда болған. Мүйіздің қайдан шыққаны өзінің атынан-ақ көрініп тұр. Ал сыбызғы қурайдан жасалған. Бүгінде музыканттардың қолында алуан түрлі үрлемелі аспаптар бар. Ағаштан, мыстан, жасалған- керней саксафон, кларнет, валторна дейсің бе- толып жатыр. Дөңгелек тәрізді иіліп жасалған валторна- мүйіздің тікелей ұрпағы. Ертеде аң аулау кезінде мүйіздің әуезді үнімен әр түрлі белгілер берілетін болған.

ЕСІК ҚОҢЫРАУЫ ПАЙДА БОЛҒАНҒА ДЕЙІН.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бернулли кездейсоқ шамаларының мысалдары
Базар жырау
Қара металлургияда пайдаланатын темір рудалары және флюс
Биіктікті өлшеу
Қызмет көрсету деңгейі бойынша жұлдыздардың санын анықтау
Есімдер сыры
Қазақ мәдениеті туралы
Орта ғасырдағы Еуропа тарихы
Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия
Киіз бұйымдарының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz