Халық педагогикасының өте маңызды құралы
Халқымыз сөздің қадірін біліп, қасиетті сөздерді қадірлеп, ауыздарынан тастамай үлгі-өнеге ретінде данышпандықтарын көптеген ойға қонымды өлең-өрнектерімен зерделеп келе жатқан халық десек қателеспейміз.Халыққа танымал адамдардың аузынан шыққан небір қасиетті сөздерді, мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып, жас ұрпаққа үлгі етіп,бала тәрбиесіне пайдалану дәстүрімізге айналған.
Халық педагогикасы құралдарының негізгі түріне мақал-мәтелдер жатады. Мақал-мәтелдер халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесиесінің маңызды факторларының бірі болып саналады. Халық мақал-мәтелдерді жоғары бағалайтыны сөзсіз, өйткені қуыс суда балық жоқ, мақалда өтірік жок.Мақал дегеніміз-нақыл сөз және өсиет түрінде айтылады. Мақалдар салмақты, өлеңдік өрнекпен ,қара сөзбен айтылады. Мақалдың өзінің екі бөлімі болады. Бірінші бөлімінде пайымдау айтылса, алекінші бөлімінде ой қорытындылау айтылады.Мақал сонымен қатар тура және де ауыспалы мағынада қолданылады. Тура мағынада Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей-деген мақалды жатқызамыз. Ал ауыспалы мағыналы мақалға Отан-оттан да ыстық деген сияқты көптеген мақалдарды жатқызамыз. Ауыспалы мағынада қолданылатын мақалдарды көбінесе халық шығарған.
Қазақтың мақал-мәтелдерінің шығуы Орхон-Енисей Жазба ескерткіштерінен басталады. ХІІ-ХІІІ ғасырлардан осы кезге жеткен жазбаларда ; Өлімнен қят күшті (Төныкөк жазбасында) , Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген (Күлтегін) көптеген мағыналы мақал-мәтелдерді көре аламыз.Халқымыздың мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде сөз қозғар болсақ, Ахмет Байтұрсынұлы Мақал тақпаққа жақын мағыналары сәйкес келетін пікірлер. Тақпаққа қарағанда мақал шындыққа жақын келеді. Ал мәтел мақалға жақын болады, бірақ та мақал ақиқат, шындық түрінде айтылады. Мәтел болса шындвқ жағын қарастырмай , әдетті сөз есебінде айтылады, - деп атап айткан болатын.Мақалдар халық аузында ашық түрде сақталған. Мақал-мәтелдерді қағаз бетіне түсіре бастау-ХVIII ғасырдың екінші жартысынан бастау ала бастаған. Қазақ халқымыздың алғашқы мақал-мәтелдерін баспасөз беттеріне түсірген ғалым- Шоқан Уалиханов сынды ағартушымыз. Шоқан Уалихановтың көптеген еңбектеріндегі мақал-мәтелдер осы кезге дейін өзінің құндылығын жойған емес.
Мақалда бір - біріне қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру арқылы ой-пікірлерді айқындай түсу тәсілдері көптеп кездеседі. Мысалы, Біреуі тойып секіреді, біреуі тоңып секіреді және т.б . Осы мысалдағы мақалдан біз дәлелдеу мен қорытынды пікір қатар жүріп отырғандығын байқаймыз. Дана халқымыз сөздің асылы-мақал - дейді, мақалдар ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан шежіре десек те болады. Әрбір мақалды алып қарасақ та халықтың әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан (Тілеуова)
Мәтел дегеніміз- қазақ халқы арасында кеңінен тараған. Мәтелдердің өзіндік қорытындысы болмайды, ой-тұжырымы толықтай тиянақталмаған, ықшамдалып келген қалық сөзі. Мәтелдер тиянақталған өлеңдерде сыңар тармақты, ал қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады. Мәтелдер де мақалдар сияқты тура және ауыспалы мағынада айтылады.
Мақал-мәтел- бір-бірімен егіз жанр десек дәл айтқанымыз. Бірақ та, құрылысына, мағынасына қарағанда өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Мақал тиянақты ойды білдіреді, өз алдына жеке тұрып ақ мағына бере алады. Мақал-мәтелдер ойдың дәлдігімен, өзіне тән ықшамдылығымен ерекшеленді.Мақалда өмірден алынған құбылыстарға баға беріп, нақты түйінін жасайды.Мақалды шығарушы да, айтушы да халық.
Мәтелдер құбылысты ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгеше. Әлін білмеген әлек, Көптен көрген ұлы той деген сияқты көптеген мәтелдерде ой тұспалдап қана айтылған, мағынасы ашық емес.Осы бейнелі сөз айшығы арқылыберілген ойды тыңдаушы өзі қорытынды шығарады, ой түйеді.
Мақал-мәтелдердің әр түрлі тақырыптары болады.Бұлар елдің әлеуметтік,рухани өмірін түгелдей дерлік қамтиды. Олардың ең өзекті тақырыптарына туған жер, отан, батырлыққа, оқу-білімге еңбекке байланысты болады. Халқын, елін сүюді осы мақал-мәтелдер арқылы өсиет еткен. (Тілеуова)
Отбасында баланың тәрбиесіне лайықтап әңгімелесу, пікірлесу кезінде үлгі өнегесін көрсетіп,өсиет айтып отыру тиіс.Кіші баланың өмірлік тәжірбиесі аз болғандықтан, балаға айтатын өсиет, ақыл-насихат әсерлі және де мағыналы болуы керек. Ата-ана балаға мағыналы мақал-мәтелдерді айтып отырса баланы дұрыс жағынан тәрбиелей алады, сана-сезімін арттырады. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей , ата-аналар балаға ана тілін құрметтеуді, ардақтауды үйрете отырып ,ой-түйсіктерін орынды пайдалана білу қабілетін дамыту үшін, үлкендердің сөздерінде мақалдап сөйлеуінің маңызы өте зор Мақалды қолданғанда да кейбір қолданыстан шыққанқазіргі кезге қолдануға келмейтін, теріс жаққа тәрбиелейтін мақалдардықолдануға сақ болу керек.Мысалға айтатын болсақ, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 29-шы қара сөзінде Атың шықпаса,жер өрте,Ата-анадан мал тәтті және т.б теріс мақал-мәтелдердің адамшылдыққа жарамайтындығын ұлы ақынымыз айтып өтеді.
Мектепте бірінші сыныптан бастап мақал-мәтелдер біртіндеп үйретіледі. Оқушылардың таным түсінігін, ойын және де тілін дамытудың ең негізгі құралы - мақал-мәтелдер жаттату болып саналады. Мысалы, сыныпта өткізілетін тәрбие сағаттары мен кештерде мақал-мәтелдерді қолдана білуге үйрету мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі болып саналады. Сонымен қатар сынып жетекшісі ұлы данышпандардың, ақындардың, жыраулардың шығарған мақалдарына байланысты пәндік сайыстарды, мерекелік кештерге арналған әдеби сайыстарды ұйымдастыруға болады. Осы аталған сайыс, кещтерді ой тапқыштар деген атпен жарыс ретінде өткізсе өте тиімді . Осы жарыста оза шапқан оқушыларды мақтап, мадақтай білуі керек.
Халқымыздың мақал-мәтелдері сонау ғасырлардан бері том-том болып жиналған, сонымен катар шет елдерден аударған мақал-мәтелдері де өте көп. Бірақ та бүкіл әлем елдерінің мақал-мәтелдері нақты бір-бірін қайталамаса да , көбінесе ұқсастықтары көбірек. Біз осыған қарап-ақ мақал - мәтелдерді ұлттық, ұлтаралық әдеби мұра деуге болады.
Мақалдар мен мәтелдер- халықтың асыл қазынасы, төл жемісі.Мақалдарды ежелгі түркі тілінде аталар сөзі деген атпен де танымал болған. Бұл дегеніміз мақал-мәтелдер атадан балаға мирас болып келе жатқан қазына.
Халық педагогикасының өте маңызды құралы ертегілер. Халық ертегісі белгілі бір моральдық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Ертегілер оқушыларды әдептілікке, мейірімді болуға тәрбиелейді. Жаман нәрселерден аулақ болуға, зұлымдықтан алшақ жүруге тәрбиелей отырып, бала бойына сіңіріледі. Қазақ ертегілерінің түрлері өте көп, мыңдаған десек те болады. Ертегілерді іріктеп бірнеше топқа бөлуімізге болады. Атап айтсақ, қиял-ғажайып ертегілер, батырлыққа байланысты ертегілер, тұрмыс-салт ертегілер, жануарлар туралы ертегілер, күлдіргі ертегілер .
Қиял-ғажайып ертегілері - баланың қиял әлемін шыңдайды, балалыұ шағының болашағын елестете алуына, болашаққа сеніммен қарауына жағдай жасай алатын ертегінің түрі. Қиял-ғажайып ертегілерін басқаша ғылыми-фантастикалық деп атауымызға да болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz