БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Фатулаева Ұ.М.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті
Ғылыми жетекшісі, ғылым магистрі А.Ж. Байболова

Балалар әдебиеті - әдебиетіміздің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген балалар әдебиеті ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Балалар әдебиетінде оптимизм басым. Сары уайым, қайғы шер атымен кездеспейді. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы болғандықтан, олар егеменді ел құрылысына қажырлы күш жұмсайды. Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі оларды ер жүрек, өз отанының патриоты болуға жетелейтін, өнеге беретін батыр, адал адамдардың образын жасау.
ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы - тұнып тұрған балалар әдебиеті. Қазақ балалар әдебиетінің түп атасы - Ыбырай Алтынсарин. Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев шығармалары арқылы дамып, өрістеді. Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады.
М.Әуезовтің "Көксерек" философиялық әңгімесі, Ө.Тұрманжановтың "Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос, құдалар" мысал-поэмасы, Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесі қазақ балалар әдебиетінің табысына айналды. Қазақ ақын-жазушылары аталған шығармаларымен әлемдік балалар әдебиетінің образдық галлереясын жаңалады, жанрлық байлығын толықтырды дей аламыз [1].
С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, С.Омаров секілді аға буын шығармаларынан ХХ ғасыр басындағы, сол жылдардағы балалар тағдырын табамыз. Бертінде Б.Соқпақбаев, С.Бақбергенов, Н.Серәлиев, О.Сәрсенбаев, М.Мағауин, М.Қаназов Отан соғысы жылдарындағы балалар өмірін бейнеледі. Әдебиетке жаңа буын келді. Олар әдебиеттегі кейіпкерді жаңалады. Әрбір жаңа буын өз өмірбаянын әкеледі әдебиетке. Демек, біз қазақ әдебиетінің жас буын шығармашылығымен таныссақ - жаңа буын өмірбаянымен табысуға, сырласуға тиісті екенбіз. Егер ол шығармалар балалар әдебиеті туындысы болса, міндет екі есе ауырлайды деген сөз. Өйткені, авторлардың бала шақта түйсінген өмір сыры, талғамы басқа, көркемөнер жөнінде байламы бөлек, ғылыми-техникалық прогресс қойнауында тіршілік кешіп отырған бүгінгі бала оқырманды шығарма ретінде сүйсіндіруі, түйсіндіруі, шарапатымен қозғауы керек қой.
Өкінішке қарай, қазақ балалар әдебиетіне деген ынта-ықылас кейін келе түрлі себептермен бәсеңдеді де, көкейкесті көп проблемаларын ортаға салып шешу үрдісінен жаңылып қалды. Балалар әдебиетінің ендігі халі жекелеген таланттар еркінде қалған еді. Сондықтан, қазақ балалар әдебиеті әдебиетке жігерлі, білімді таланттар келген сәттерде ғана ілгерілеп, көп ретте іркілумен келді. Солай дей тұрсақ та, қазақ балалар әдебиетінің өзіндік қызықты тағдыры, сан алуан проблемалары бар. Қазіргі қазақ балалар әдебиеті - орыс тіліне, орыс тілі арқылы әлем халықтары тіліне жүйелі аударылып, жұрт назарын жете аударып жатпағанымен, өз тілінде едәуір ілгеріліп өскен әдебиет.
Қазақ балалар әдебиеті - қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Жас балалар өздерінің алғашқы кішкентай ойындарынан бастап-ақ үлкен кісілердің істеріне еліктейді. Жас баланың ой-арманы асқақ келеді. Олар да ұшқыш болып аспанда шарықтасам, суда жүзсем, түрлі машиналар ойлап шығаратын ірі конструктор болсам, мұғалім, ғалым болсам, космонавтар қатарына қосылып, солардай жер жүзін таң-тамаша етсем деп қиялданады. Қалай да тез өсіп үлкендер қатарына қосылуды, даңқты адамдардың қатарында болуды аңсайды.
Жасөспірімді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін атсалысар - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.
Жете үңіліп қарағанда, бүгінгі балалар әдебиеті уақыт талабына сай дамып келе жатыр. Балалар әдебиетінің ең басты себебі балалар әдебиетінің кәсіби талабынан, өзіндік ерекшелігінен туындайды. Соның көбісі қазіргі бала табиғатының күрделілігінен туындап отыр. Әрине, бала табиғатының күрделілігі - ұлы Л.Толстойдан бері сан рет қайталанып, айтылып, жазылып келеді. Әйтсе де, әр кезеңнің уақыт, қоғамға сай өзіндік күрделі сипаттары болған шығар-ау, ол бірақ, тап бүгінгі уақыт перзенттеріндей жұмбақ күйге айнала қоймаған. Зерттеуші Акимованың пікірімен айтсақ: "бүгінгі бала табиғатының күрделілігі сонша - ол ғылым үшін жаңа пәнге, өнер үшін бұрын-соңды болып көрмеген материалға айналып отыр" [2]. Бұл күрделілік уақыт күрделілігінен туындайды.
Ғалымдар зерттеуіне қарағанда, әр бір он жылдықта дүниеге келген сәби, бала психологиясы бір-бірінен көп алшақ жатады екен. Қазіргі таңда Халықаралық балалар әдебиетін зерттеу қоғамы құрылу сыры да осында жатса керек. Міне, осындай сәтте, адамзат болашағы үшін, ұрпақ тәрбиесі үшін еңбек ететін патриот болмаса, кімнің балалар жанын зерттеп, шығарма жазуға тәуекелі бара қойсын? Оның үстіне біздің балалар әдебиетіне назардың төмендігі, бар жұпарын балаларға арнайтын таланттардың еңбегі бағалана бермейтіні де әдебиеттің бұл саласының өркендеуіне кедергі болмай тұрмайды.
Балалар әдебиеті - әрбір ұлт мәдениетінің мықтап қаланған тас іргесі, халықтың рухани ахуалын балалар әдебиетінің дамуымен өлшеу керек, балалар әдебиеті жолға қойылмай тұрып, әдебиетіміз кемелдену үстінде деп мақтанушылық - үйдің ірге тасын қаламай тұрып, шатырын жабамын деген әурешілікпен бара-бар.
Қазақ балалар әдебиеті жайындағы зерттеулер - балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан басталды. 1927 жылы "Өтірік" деген жинаққа жазған алғысөзінде І.Жансүгіров "Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады"- деп өтірік өлеңге бірінші рет анықтама береді. 1931 жылы жазған "Мен қалай жаздым?" мақаласында "Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бір ойым осы әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді" - деген. М.Әуезов "Әр жылдар ойлары", "Ертегілер" деген еңбектерінде "Балалар әдебиетінің арғы төркіні халықтық шығармалардан туады" деп көрсетеді. С.Ерубаев "Балалар әдебиетін жасайық" деген мақаласында(1930) мектепте оқитын жүз мыңдаған оқушылардың балалар әдебиетіне шөліркеп отырғандығын айтады. Б.Бұлқышевтің Қазақстан Жазушыларының ІІ съезі қарсаңында жазылған "Балаларға жақсы кітаптар керек" мақаласында балалар әдебиетіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келе жатқандығы айтылады.
С.Ерубаев қазақ балалар әдебиеті жайында. Горькийдің 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында жарыққа шыққан "Тағы да сауаттылық туралы", "Балалар әдебиеті туралы", "Балаларға -әдебиет", "Тақырыптар туралы", "Балалар кітаптары мен ойындары туралы жазбалар" мақалаларында да болашақ балалар жазушыларын тәрбиелеу мәселесі басты орынға қойылды. Саттар мақаласының нысанасы да осыған саяды: "... нақтылы міндеттемелер алыңыздар, балалар көркем әдебиетін жасауда өздеріңізді жауапты деп санаңыздар. Болайын деп отырған жазушылар съезінде мәселе көтеріңіздер. Өздерінің тілегендерінен қызғылықты, түсінікті кітап, әңгіме, өлеңдер жазып беріңдер, балалар өміріне жақын келіңдер. Балалар өмірінің өзгешелігімен танысыңыздар, балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер". Ендеше, қандай тақырыпта жазылмасын, балалар шығармаларының басты кейіпкері баланың өзі болуға тиіс. Балалар әдебиетінің осынау басты ерекшелігін Саттар ақын-жазушыларға "...балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер" деу арқылы аңғартып өтеді. Сөйтіп, С.Ерубаевтың аталған мақаласынан балалар әдебиетін ересектер әдебиетінен дараландырып тұратын сипаттарға сол тұстағы қазақ қаламгерлерінің назарын аудармақ болған мақсатын байқағандаймыз.
Саттар хат иелері - кішкентай оқырмандар жөнінде былай дейді: "Бұл оқушылар - кітапқа, қызғылықты өмірге, күреске құмар оқушылар. Бұлардың бәрі де "қызғылықты кітап жоқ, ал болса аз" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың қай тап ақыны екендігі
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдалану жолдары
Қазақ фольклорының зерттелуі
Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары мен құралдарын анықтау
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТНІҢ МАҢЫЗЫ
Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ БАСПАЛДАҚТАРЫ
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану
Балалар әдебиетінің теориясы мен тарихы
Пәндер