Сурет тарихы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. КіріспеӘр түрлі кезеңдер мен мәдениетке адам денесін бейнелеуді оқыту әдістері.

2. Ежелгі Грециядағы сурет мектебі

2. 1. Сурет салудың ортағасырлық мектебі (средневековье)

2. 2. Қайта өрлеу дәуірі және сурет салу (эпоха возраждения)

2. 3. Көркем сурет мектептерінде сурет салуға оқытып үйрету

3. XVIII-XIXғғ. сурет өнерінің дамуы

3. 1. Адам денесін кеңістікте бейнелеу принциптері

3. 2. Фигура құрудың бірізділігі

3. 3. Адамның рухани мәнділігінің қалыптасуына суреттің әсері

3. 4. Ежелгі түркі мәдениетіндегі жазу

3. 5. Тамғалы тас сыры

4. Кескіндеме

4. 1. Түстердің символикасы

4. 2. Түссіз және түрлі түсті түстер

4. 3. Түстік шеңбер

4. 4 Бояу тілі

4. 5. Қарапайым натюрморт

4. 6. Композиция

5. Қазақстан суретшілері

6. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері

7. Қазақ халқының дүниетанымы

7. 1. Ортағасырлық мәдениет орталығы

7. 2. Отырар қорының музейі

8. Ою-өрнек әлемі

8. 1. Ою түрлері

8. 2. Кесте үлгілері

Сурет - болмысты зерттеудің және бейнелеудің аса маңызды құралы, бүкіл реалистік бейнелеу өнерінің түп қазығы. Бейнелеу өнерінің түрлеріне сурет рисунок, кескіндеме живопись, мүсін скульптура, сәулет архитектура және графика жатады.

Сурет - бейнелеу өнерінің ең қарапайым, қолайлы да жедел техникасы болып табылады.

Адам тіршілігін жазықтық бетіне бейнелеу өнері қалай пайда болғандығы жайлы ой қозғағанда жартас бетіндегі бейнелер еске түседі. Адамды қоршаған ортамен байланыстыра отырып бейнелеу қажеттілігі, яғни «адам және кеңістік» мәселесі туындайды. Адамды бейнелеу барысында дене бөліктерінің тепе-тендігін сақтай отырып, оның формасын талдау арқылы жыныстық ерекшіліктерін көрсету қажеттілігі пайда болды. Осылайша, әлеуметтік, материалдық ортаның өзгеруіне байланысты және қоғамның рухани жетілуіне байланысты адамды бейнелеу ғасырдан ғасырға дами түсті.

Әр түрлі кезеңдер мен мәдениетке адам денесін бейнелеуді оқыту әдістері.

Каноникалық Египетте сурет салуға оқыту . Ежелгі Египеттіктердің өмірінің мәні “о дүниелік” болғандықтан, адамды бейнелеуде оның күнделікті тіршілігін шын бейнелеудің қажеттілігі болмады. Сурет салуға үйрету барысында техникалық әдістерге басар назар аударылды. Сурет салу техникасына үйрету 2 бағытта жүргізілді:

  1. Оқушы тақта мен папирус бетіне контурлық сызықтарды еркін және жеңіл жүргізуді білуі тиіс;
  2. Оқушы қабырғадағы фреска, тастағы барельеф ж/е басқа монументальді бейнелер үшін контур сызықтарын қатты басып салуға сенімді болуы қажет еді.

Адам денесін бейнелеуде әр түрлі көзқарастағы ерекше канон болды: бас, аяқтар және қолдарды профиль қырынан бейнелеуді, ал көз бен қас, иықтар бетінен бейнеленді. Суретте 3 өлшемді бейнелеу, яғни перспектива болмады, ал бейнелеудің өзі сызықтық сипатта болды.

Ежелгі Египетте құлиеленуші дәуірдегі адамның «тұтас денесі», «жүріп келе жатқаны», «отырғаны» және т. б. бейнелері бұлжымас қағидаға айналды (рисовали по единому принципу, правилу) . Адам денесі кесте бойынша және үлгі арқылы жеке формула мен кестелер арқасында салынған. Бұл қатып қалған бейне сипаты бір жағынан денені бейнелеуді жеңілдетсе, екінші жағынан суретшіге ой салатын бейненің сезімдік қасиеттен айырды, суретші қыспаққа алынып, өзінің көргеніндей етіп бейнелеу мүмкіндігінен айырды. Ежелгі Египетте алдыңғы қатарлы сәулетшілер мен мүсіншілерді дайындайтын Мемфис мектебі еді. Ол айналасына басқа мектептерді топтаған ерекше көркемсурет орталығы болған. Мектепте сурет салуды оқу механикалық дағдыларды талап етті.

Адам денесін бейнелеу үшін египеттіктер барлық денені, оның әрбір бөлігін өлшеу мен зерделеу жолдары арқылы арнайы канон жасады. Адам денесінің бөліктерін египеттіктер математикалық дәлдікпен шығарды. Адам денесі 21 1/4 бөлікке бөлінді. Өлшем бірлігі қолдың ортаңғы саусағының ұзындығымен есептелді. Өлшем Шығыстың философиялық өмір дамуы тұжырымдамасына сай төменнен жоғары қарай жүргізілді. Адам денесі мынандай өлшемдерге бөлінді: өкше биіктігі орта саусақтың ұзындығына тең, тізеден шатқа дейін 4 саусақ ұзындағына тең. Шат сүйегі барлық денені тең бөлікке бөледі. Кіндік 11-ші бөлікке орналасады, 12-де қабырғаның шығыңқы сүйегінің жоғары шеті, көкірек 14-15 бөліктер арасында, 16-да жұтқыншақ орналасқан. Бас 4 саусақтың ұзындығына тең. 17 бөлікке төменгі жақта мұрын ұшы, 18 бөлікке маңдай (лобные бугры) орналасқан. Дене бөліктерінің барлығы үшін дәл өлшем анықталған. Мұндай біліммен әр түрлі суретшілердің салған суреттері тепе-тең болған. Кейде бір суретті екі шебер суретші орындаған кездері де болған. Тек қана ер адам, әйел адам және бала денелерінің биіктігі әлеуметтік жағдайына байланысты анықталған. Фараон н-се әйгілі адам жай қарапайым құлдың денесінен бірнеше есе ірілеу етіп салынған.

Егер көпшілік адам, мыс. әскери топ белгіленсе, онда алғашқы адам денесі тәптіштей (подробно) салынып, оның жанындағыларды шектеу сызықтармен айқындаған.

Сонымен, Ежелгі Египетте сурет салуға үйрету натураны зерделеу емес, арнайы жасап шығарылған ереже мен заңдылықтар негізінде құрылды.

Ежелгі Грециядағы сурет мектебі

Гректер Ежелгі египеттік мектептің бейнелеу өнері негізінде сурет салуға үйрену мәселесіне жаңаша көзқараспен қарады. Олар, керісінше, жас суретшілерді өмірді мұқият зерделеуге шақырып, одан үйлесімділік табуға және өмірдегі ең әсем нәрсе ол әдемі формадағы әйел денесі мен бұлшық еттері дамыған ерлер деп есептеді.

Ендігі кезекте жер бетіндегі өмір о дүние жайлы ойларды ығыстырды. Классикалық Греция өнері реалистік өнерде әрбір бейне адам бейнесіндегі “Құдай” бейнесінің негізінде шындыққа айналды.

Грек мүсіншісі Поликлет адам денесінің тепе-тең бөліктерін жаңаша қарастырды және алғаш рет бейнелеу өнері тарихында “контропост” мәселесін шешті, яғни бір аяғына сүйеніп тұрған дененің ішкі қозғалысын жасап шығарды. Адам денесі салынған сурет өмірдегідей, сол қалпындағыдай, күйге енді. Поликлеттің қолжазбалары сақталмады, бірақ философ, ақын, және мүсіншілер жинақтарынан Поликлеттің өлшем бірлігі табан болып табылады ( кейбір жинақтарда -алақан бойы н-се бастың биіктігі деген тұжырым да бар) .

Афиныда біздің эрамызға дейін 4000 жылдарда Полигнот деген суретші болды. Ол адамның қозғалыстағы қалпын ғана емес, ең бірінші рет оның бет-әлпетіне де қозғалыс бере білген сурет салды. Ол денені сол өз қалпындағы өлшеммен салды. Оның суреттері боялған, фоны ашық түсті суреттер болатын. Полигнот сызық арқылы адам денесіне өмір мен қозғалыс беретін сызықты сурет мәдениетін дамытты.

Грек суретшісі Апполодор өз жұмыстарында реалды көлемнің жарық пен көленкесінің көмегі нәтижесінде көрсетті.

Сөйтіп, сурет салу өнері біртіндеп дамып, оқыту әдістерінің түбегейлі басқа түрінің қажеттігі пайда болды. Грек суретшілерінің реалды бейнелеуге ұмтылысын олардың бейнелеуінен, яғни натураға қарап сурет сала бастағанынан көруге болады.

Сурет салудың ортағасырлық мектебі (Средневековье)

Орта ғасыр дәуірінде Ежелгі Гректердің ұлы шеберлердің теориялық еңбектері түбегейлі жойылды. Император Константин мен Сильвестор папасының пұтқа табынушылығы үлкен қуғыншылыққа ұшырады, суреттер мен мүсіндер уағыздармен қоса жойылды. Енді оқу натураға қарап емес, механикалық көшіру бойынша, ғылыми негізсіз өткізілді. Ортағасырлық суретшілер шындық әлемнен мистикалық, шындыққа жанаспайтын шығармашылыққа ауысты. Әлемді ғылыми тұрғыдан тану күнә болып есептелді. Шындық өмірдің шындыққа ұқсас формаларын бейнелеу, көрермен жанына қуаныш ұялатты, ал бұл, діни ортағасырлық философиямен қатар жүрді. Осылайша, ортағасырлық дәуірде сурет өнері оқу пәні ретінде дамуын тоқтатты. Реалистік суреттің ғылыми­теориялық негізі және оны оқыту әдістері (антик суретшілер жасаған) шын мәнінде жойылып бітті.

Қайта өрлеу дәуірі және сурет салу. (Эпоха Возрождения)

Қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің дамуы тарихында ғана емес, сондай­ақ сурет салуға үйрету әдістері аймағында да жаңа кезеңді ашты. Мың жылдық үзілістен кейін қайтадан ғылыми білімге, оқытудың жаңа әдістерін жасауға реалистік көзқарастар жолына белсенді кірісі отырып, табиғат заңын ашуға ұмтылып, ғылым мен өнер арасындағы байланысты қайта оятты.

Қайта өрлеу дәуірінің шеберлерін ынталандырған археологиялық қазбалар еді. Сондай­ақ, Ежелгі Гректің ұлы өнері жайлы тарихшылар мағлұматы болатын. Ол кезде алдыңғы қатарлы азаматтар ұзақ сапар шегу, төрт­бес тіл білуді әдет еткен, тек ғылымда ғана емес, шығармашылық саласында да өздерін көрсете алатын еді.

Леонардо да Винчи ұлы кескіндемеші, математик, механик, инженер, физик және биолог еді. Альбрехт Дюрер кескіндемеші­гравер, мүсінші, сәулетші болды және фортификация жүйесін жасады. Олар ертедегі мәдениетті қайта жандандырып, ежелгі өнер ескерткішін жинастырды, зерттеді. Өздерінің еңбектерінде олар оптика, математика, анатомия жетістіктеріне сүйеніп, пропорция, перспектива және пластикалық анатомия жайлы ілім жасайды. Қайта өрлеу суретшілері ғылым күшіне сеніп, өнер дамуының ғылымға байланысты екендігіне сенеді. Олар өз білімдерін көпшілікке ұсынуды парыз деп білді. Перспектива жайлы лекциясын Филиппо Бруннелеки алаңда көпшілік жұртқа арнап оқыды.

Қайта өрлеу дәуіріндегі сурет салуға деген биік құрмет қайта қалыптасты. Сурет салуды өнермен байланысты перспектива, оптика және анатомияның ғылыми жаңалықтарын қарындашпен, натурамен салыстыра отырып, оқу қажет болды. Сурет салуға үйрету бук ағашынан жасалған тақтада орындалды.

Әрқашан, бір күнді де бос жібермей кескіндемеші, мүсінші немесе гравюра шеберінен әр түрлі техника мен технологияны үйрене отырып сурет салу керек болды.

Альберти сурет салуды механикалық жаттығу ретінде емес, ақыл­ой жаттығуы ретінде қарайды, ал Микеланджело бұл жайлы: «Қолмен емес, беспен сурет салу», ­ деген еді. Бұл дәуірдегі оқыту әдісінің ерекшелігі, шебердің өзі ірі көлемдегі суретті салып, оқушыларға көрсететін еді. Себебі кіші көлемді суреттердегі ұсақ кемшіліктер көзге түсе бермейді. Ал түскен жарықты сезіну үшін ол көзді қаттырақ жұмыңқырап қарауды ұсынды. Оның айтқан кеңестері қазіргі кезде де өз орнын табуда.

Альберти өнерді ғылыми тәжірибелермен байыту, ғылымды өнердің практикалық міндеттеріне жақындатуға алғаш ден қойды. Ол өз тәжірибесі мен ірі суретшілер тәжірибесінен жасырын сыр жасамады. Атақты суретші­педагог Леонардо да Винчи өзінің әдісін натуралық сурет салуға құрды. Себебі сурет салудың күрделі проблемасының шешімі оқушы зерігетіндей емес, қызықты да ойын түрінде болуы керек.

Адам денесін салуда Леонардо да Винчи ерекше көңіл бөлді. Бұл жерде бәрінен бұрын денені дұрыс орналастыруға, тепе­теңдік орталығын табуға, қозғалыс сипатын дұрыс беруге көңіл бөлінеді. Бұл әдіс бүгінгі күнде де өз құндылығын жойған жоқ.

Қайта өрлеу дәуірінің шебері Дюрер де өнер үшін көп құнды шығармалар жасады. Оның шығармалары гуманистік идеялармен ерекшеленеді. Ол оқудың пайдасы жайлы айта отырып: «Бір нәрсені білетін адам осыны қажет ететін басқа адамға үйретуі тиіс», ­ деген. Ол суретшіні жас кезінен үйрету керектігін, мақтау мен ескертуді дұрыс пайдалану қажет екендігін жазды. Оның пікірінше , өмірінің бірінші күнінен бастап суретшінің денесінің дұрыс дамуына, «дене түзілісі мен құрылысына баса назар аудырылуы тиіс». Ал оқудан демалуы үшін музыка аспабында ойнауы қажет. Жемісті жұмыс жасап, шығармашылықпен айналысу үшін «тамақ пен ұйқыда өлшем болуы керек», «ол жақсы үйде тұрып, оған ешкім кедергі жасамауы керек». Сонымен қатар, жас суретшінің ақылына күш беру үшін ол тек жақсы нәрсені көріп өсуі тиіс.

Екіншіден, Дюрердің «Адам денесінің пропорциясы жайлы білім» деген шығармасы оның ең бір жемісті еңбегі болып саналды. Дюрер бұл жайлы қорытындылап, оған ғылыми өңдеу жасады. Суретші адам денесін геометриялық дәлелдермен және математикалық есептеулермен табуға тырысты.

Әйел денесінің суреті біздің назарымызды ерекше айдартады. Бұл жерде Дюрер адам денесін тек бөліктерге ғана бөліп қоймай, мүшелеу сызығын да пайдаланады. Бүкіл дене, сызықпен үш бөлікке бөлінеді: иық­бел, жамбас­мықын сызығы және тізе бөлігі. Дюрер бұл сызықтың бағытын бір аяққа күш түсіру кезінде көрсетеді. Мұндай сызба сурет салуды үйретуде әдістемелік құрал бола алады (мысалы, торстың ұзындығы иық пен жамбас сызығына дейінгі аралық пен тізеден еденге дейінгі аралыққа тең)

Дюрердің шабу әдісі енді бастаған суретшілер үшін құнды болмақ. Бұл жас суретшіге суреттегі тональдық тапсырмаларды дұрыс шешуге көмектеседі. Адам денесін бөлшектерге бөлу заңдылықтарымен қайта өрлеу дәуірінің барлық суретшілері Монтенья, Боттичели, Рафаэль, Микеланджело және Жанн Кузен айналысты.

Дюрер натураны зерделеуге көп көңіл бөлген. Ол былай деп жазады: «Табиғат пен өмірге өзіннің қабылдауында қаншылықты жақындасаң, сенің жұмысың да соншалықты тартымды болатынын білуің қажет».

Қайта өрлеу дәуірінің суретшілерінің іс­әрекеттерін қорытындылай отырып, біз олардың сурет өнерінде ғылыми­теориялық негіздеме жағынан ерен еңбек еткенін көреміз.

Перспектива аймағында олардың жасаған еңбегі суретшілерге үш өлшемді форма құруға көмектеседі. Себебі оларға дейін перспективалық бейнелеу болмаған. Пластикалық анатомияны оқуға көп көңіл бөлінеді. Адам денесін салуда пропорциялық қатынасқа барлық суретшілер көңіл бөлген. Олардың шығармалары өзінің анатомиясын, перспективасын, оптика заңдылығын жақсы білетіндігімен қайран қалдырады. Бейнелеу өнерінің негізіне осындай ғылыми еңбек сіңірген қайта өрлеу дәуірінің суретшілері үлкен жетістіктерге жетті. Бұл өз кезегінде адам мәдениетіндегі ең қымбат құбылыс болып табылады. Бұл дәуірдің теориялық еңбектерінің мәні өнердегі қиын сұрақтарға жауап беруде құнды болып табылды. Олар сурет салуда суретші­педагогтарға дұрыс жол көрсететін оқу пәні ретінде қалыптасты.

Көркемсурет мектептерінде сурет салуға оқытып үйрету.

( Европа)

Ұзақ жылғы педагогика практикасындағы академиялық жүйенің негізгі жай­күйі Просперо Фонтананың, Кальварто және Флоренциядағы Академиялық сурет мектептерінде 1563ж., әулие Луки Римде 1577ж. Және ағайынды Каррачи академиясында 1585-1588жж. ашылды.

Болон Көркемсурет академиясында ағайынды Каррачилер елге ең танымалдылары еді. Олар тұңғыш рет сурет салуға өзіндік пән ретінде қарады. Сурет слу, кескіндеме, композицияны оқыту методикасын жан­жақты жасады, қажетті әдістемелік құралдармен академияны қамтамасыз етеді. Каррачидің академиялық мектебі жақсы нәтижелер берді. Оны бітіргендер сурет салудың кез келген материалын игерді, тондық мәнді түсіне білді, перспектива мен пластикалық анатомияны жақсы меңгерді. Бірақ олар реалдық шындықтың идеолизация жағына шығып кетті. Академияда көшірме жұмысы қолға алынды. Сонда да, кемшіліктерге қарамай, Каррачи мектебі көркемсурет ілімін жолға қою жұмысында көп еңбек етті. Жас суретшілерді тәрбиелеп оқытуда тиімді жүйе жасады. Оның негізінде 1648ж. Парижде мемлекеттік король академиясы, 1660ж. Римде көркемсурет академиясы, 1692ж. Венада, 1696ж. Берлинде, 1753ж. Мадридте, 1757ж. Петерборда, 1768ж. Лондонда ашылды. Бұл академиялар жастарды ертедегі және қайта өрлеу дәуірі кезіндегі биік өнер негізінде тәрбиеледі.

Бірақ мемлекеттік академиямен қатар, жеке мектептер де суретшілерді кәсіптік дайындықтардан өткізді. Олардың ең ірісі Фламенд суретшісі Рубенс шеберханасы болды.

Рубенс өз оқушыларына суретші ұстаз ретінде ғана емес, сондай ақ педагог ретінде де қызмет етті.

XVII ғ. жартысында Батыс Еуропада Франция көркем сурет орталығы болды. Ежелгі өнер үлгісі ретінле және биік қайта өрлеу дәстүріне сүйенген Еуропаның барлық академиясы бейнелеу өнерінің идеалды мектебін жасауға кіріседі. Бірақ академияның зор абырой­атағына қарамастан, көркемсурет білімінде кері кеткен кездер де болды, ол сурет салуды оқыту әдісінің дамуына кедергі жасады. Адамның өзіне қарап сурет салған оқушы ежелгі сурет өнерінің нышандарын іздеп, өзі жанынан қосып отырды. Солай болса да, суретшілерді оқыту әдісі ғасырлар бойы сақталып, өнер мектептеріне бағыт беріп, әсер етті.

XVIII­XIX ғғ. сурет өнерінің дамуы.

XVIII­XIX ғғ. сурет өнері.

Міне, ең ақыры сурет салуға ерекше мән беріліп, өзіндік оқу пәні ретінде орын берілді. Тәжірибелі падагог­әдіскерлер әр түрлі оқу құралдары мен оқулықтар жасап баспадан шығарды. Оқушыларға өзінің шығармашылық еңбектерінде суретші әсерлерін бақылайтын, жеке сезімдік қасиеттерді ақылға салып, белгілі бір тәртіпке келтіру жайы айтылды.

Оқытудың академиялық жүйесінің тиімділігі ­ өнерге оқытып үйретудің ғылыми ағрту және биік мақсаты тәрбиелеудің бір мезгілде өтуімен тұжырымдалады. Көптеген суретшілер өз өнерлеріне адамдардың мұраты мен сезімін биктететін маңызды және биік іс ретінде қарады. Суретші Рейнольде «Өз мұратын олардың ұлылығымен игілендіруге тырысу керек», ­ деген еді. Бірақ көптеген суретші­педагогтер ежелгі өнер қағидаларына бағынып, тым артық еліктейтін болды.

Мұндай әдіс бейнені нанымдылығы мен тереңдігінен ажырата отырып, шындықты көркем бейнелеудің тәрбиелік және танымдық мүмкіншіліктерін азайтты. Суретшілерге кемшіліктер акдемиялық білім мен тәрбие жүйесінің өзінде жатқан сияқты болып көрінді.

Көркем білімнің академиялық жүйесінің қарсыластарының қатарында француз энциклопедисі Дени Дидро болды. Ол қозғалыстың жалпы келісіміне өмірден емес, мектептен оқу қажеттілігін айтты. «Жас суретш ежелгі суретшілер еңбегін көшіру үшін Луврға емес, шіркеуге, деревняға мерекелік сайрандарға барып адамдард бақылап, үйренуі тиіс», ­ деген.

Данышпан ақылдылар арасында сурет салуға оқыту әдісі бойынша айтыс пен пікірталастырушылар шықты.

Мысалы, Рейнольс академиялық оқытуды ереже мен сызбаны схоластикалық түрде жаттаудан гөрі, натураға қарап салуға үйретуді дұрыс деп тапты. Себебі табиғат өзінің заңдылықтарына бағынатыны сияқты, өнердің де белгілі бір заңға бағынатыны белгілі.

Табиғат өзі үшін әрекет жасайды, суретші де адам ретінде адамзат үшін іс атқарады. Табиғаттың бергенін біз өзімізге өте аз мөлшерде алып пайдаланамыз. Суретші салған суреті арқылы адамға жақсы әсер етіп, оның сезімін қызықтырып, оятуы және адам жанына, рухына нәр беріп, оны биікке көтеруі қажет. Суретші табиғатқа риза болып, оған екінші табиғатты, яғни адамның қолымн жасалған, адам ойы мен сезімінен туған табиғатты қайтаруы тиіс.

Бұлай болуы үшін суретші табиғаттың берілген заңға, ережеге сай, оған қарсы келмейтіндей әрекет жасауы керек.

Гете «Қателіктің ең жаманы талапты жастардың басқалар арқылы белгілі болған нәрсенің өз нұсқасында көріп бағалай білмеуінде», ­ деп жазады.

Оның айтқаны қазір шындық. Жас суретшінің шығармашылық мүмкіндігін көркем білім шектейді, өмірді өз қалпында көрсетуге жол бермейді деу жалған пікір. Гете гипстен қарап сурет жаңа бастаған суретшіге өте пайдалы деп санайды.

Ол оқу ісін дұрыс ұйымдастыруға бірінші кезекте мән береді. Бейнені құрудағы бірізділік жұмысты аяқтау кезіндегі соңғы кезеңнің ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Сурет салуды жемісті аяқтау үшін оны дұрыс бастауы қажет. Жалпы айтқанда, сурет салуға көбірек әрекет етіп, бояуға аз күш жұмсау керек.

Бірақ XVIII ғасырдың аяғында көркем білім мен тәрбие жүйесі өзгере бастады. Оған 1789 ж. Өнер қайраткерлерін толғандырған ұлы буржуазиялық Француз революциясы әсер етті.

Француз көркем академиясы Луй Давидтiң басшылығымен өнерге және оның мақсат-мiндеттерiне жаңа көзқарас танытады. Барлық жасалған ережелер мен әдістердi қолдай отырып, адам денесiн бейнелеуде қойылымның дұрыстығы негiз болып табылды. Жаңадан бастаған суретшiге бұл оңай сияқты көрiнгенімен, оның заңдылықтарына сүйену қажет болады. Бұл жайлы Давиттің оқушысы Энгр жазып кеткен. Академиялық сурет салуға оқыту сурет салу әдiстерiнiң дамуына да ықпал етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән Интернет технологиялары
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Роботтың жасалу тарихы
Жамбыл облысындағы ортағасырлық қалалардың тарихы виртуалды картасын пайдалану саласы
Жаңа бетке сілтеме
Тас бейнелерінің көпшілігі көне суреттер
Талдықорған қаласындағы ескерткіштердің сипаттамасы
Батик техникасында жасалған аксессуарлар
Бейнелеу өнері туралы мәліметтер
Сия бояуларымен тәжірибелік жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz