Өсімдіктер. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктің даму кезеңдері


1 Дәріс. Өсімдіктер. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктің даму кезеңдері.
Жоспар
1 Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер.
2. Топтары
3. Қоршаған ортамен байланысы
4. Қоршаған ортаға бейімделушілігі
5. Өсімдіктің даму кезеңдері.
Өсімдіктер (лат. Plantae) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар) . Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар.
Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар.
Жоғары сатыдағыөсімдіктер-өсімдіктер әлемініңнегізгі екі тобының бірі. Екінші тобы -төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктердіұрықты өсімдіктер(Embryobіonta, Emlryophyta), өркенді, жапырақ сабақты өсімдіктер (Cormophyta, Cormobіonta), түтікті (теломды) өсімдіктер (Telomophyta, Telomobіonta) деп те атайды. Жер шарында Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 300 мыңдай түрі белгілі Жоғары сатыдағы өсімдіктерге:риниофиттер, мүктәрізділер, плаунтәрізділер, қырықбуын тәрізділер, қырықжапырақ тәрізділер, ашық және жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктержатады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы - құрылысы күрделі, көп клеткалы, қоршаған орта жағдайына бейімделген организмдер. Жынысты (гаметофит) да, жыныссыз (спорофит) да көбейе алады. Спорофиттерінде көп клеткалы спорангийлер дамиды, гаметофиттерінде көп клеткалы жыныс мүшелері дамиды, бірақ кейбір ашық тұқымдыларда (гнетум, вельвичиятуыстары) және барлық гүлді өсімдіктерде эволюциялық даму жолында гаметангийлері жойылып кеткен. Аналық гамета(жұмыртқа) біреу және ол қозғалмайды, зиготадан көп клеткалы ұрық дамиды. Оның алғашқы даму кезеңі гаметофит ішінде өтеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер дің спорофиті негізіненжапырақ, сабақ, тамырға бөлінеді. Кейбір түрлерінде арнайы ксилема (әр түрлі клеткалардан құралған өткізгіш ұлпа) және флоэма (органик. заттарды өткізетін түтікше-талшықты күрделі ұлпа) дамиды, бірақ бұлар өсімдіктердің кейбір тобында жойылып кеткен. Кутикулалы (сірқабық) эпидермисі (жабын ұлпасы), лептесіктері болады, көбінің стелалары (өткізгіш жүйесіндегі арқау цилиндр) бар. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі теңіз балдырлары деп есептелінеді. Олардың құрлыққа бейімделуінің нәтижесінде, өздерін сумен қамтамасыз ететін, гаметангийларын кебуден сақтайтын, жынысты жолмен көбейе алатын бейімді мүшелері пайда болған. Сондықтан құрлықта өсіп-өнетін тұқымды өсімдіктердің жынысты көбеюінің сумен байланысы болмайды. Ал Жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым тобықырықбуын, кезеңдері тек суда өтетін болғандықтан, , гаметофиттерісусыз қозғала алмайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертедегі қазба қалдықтары силур кезеңінен сақталған. Бұлардың көптеген түрлерінің медицинада, өндірісте маңызы зор.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер - дене құрылысыталломды(қаттамалы) өсімдіктер. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 20 ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді. Соңғы жүйеленім бойынша Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырларды жатқызады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбеген. Бұлардың арасында клеткасы оқшауланған клеткаларында . Дене құрылысы жағынан бір не көп клеткалы және ұзындығы 30 - 35 м-ге жететін түрлері де кездеседі. Қоректенуі жағынан автотрофтылар (балдырлар, қыналар, кейбірбактериялар) ; (миксотрофтар) болып бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің қазба қалдықтары өте ертеден белгілі. Бактериялар мен балдырлар кембрийге дейінгі криптозойлық шөгінділерден табылған. Төменгі сатыдағы өсімдіктер табиғатта зат алмасу процесінде (қ. Продуценттер. Консуметтер. Редуценттер) үлкен рөл атқарады. Кейбір түрлері атмосферлік азотты фиксациялауға қабілетті. Көпшілік түрі тағам ретінде (саңырауқұлақтар, балдырлар), тыңайтқыш ретінде (балдырлар), кондитерлік өндірісте (агар), антибиотиктер алуда (сәулелі саңырауқұлақтар), қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда (қына) пайдаланылады. Араларында зиян келтіретін түрлері де аз емес. Мысалы, ауру тарататын паразитті саңырауқұлақтар, судың “гүлдеуін” туындататын кейбір балдырлар. Төменгі сатыдағы өсімдіктер жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі . Топтары
20 ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, өсімдіктерне жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:
қызыл балдырлар
нағызбалдырлар
ұрықты нежоғары сатыдағы өсімдіктер.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады. Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады. Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.
Өсімдіктер жамылғысы
Құрлық бетінде өсімдіктер жамылғысы бірдей емес. Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалықты жауатыңдығына қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормандар, ылғалдығы құбылмалы болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді сирек ағашты ормандар мен бүталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын теңіздің жағалауларында -манграғаштарынан тұратын ормаңдар түзеді. Экватордансолтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен ормансыз кеңістіктер -шөл, шөлейт, приерии орналасады. Біршамабиік ендіктеқайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар тропиктердегі секілді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга) ормаңдар болып келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстың айналасында (цикумполярно), тундрамен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созылып жатады. Экватордан оңтүстікке қарай құрлық біршама аз болады. Полюстерге жақын жерлерде және биік таулардың басында мәңгі мұздар мен қарлар жатады. Мүңдай түрлі-түсті өсімдіктер жылдың әртүрлі кезеңдеріне қарай, әсіресеқыста, құрлықтың (континенттің) үлкен кеңістігін, шамамен 40° с. е. және одан жоғары қарай қар басқан кезде, көп өзгеріске ұшырайды.
Қоршаған ортамен байланысы
Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, байланыста болады. Жасыл газын, күннен-энергияны, ал топырақтан -суменминералдық тұздардыалады. Көмір қьшқыл газының ауадағы мөлшері 0, 03%-тен аспайды, ал өсімдікке қажетті тұздар мен судың мөлшері топырақтың құрамында өте аз және шашыраңқы түрде болады. Осылардың барлығы өсімдіктің сору мүмкіңдігінің үлкен (жоғары) болғанғындығын қажет етеді. Эволюцияныңбарысында өсімдік ортаменқарым-қатынаста болатындай аса үлкен көлемге дейін (жапырақтарын ауамен, тамырларын топырақпен), жоғары деңгейде жетілген жануарлардан бірнеше есе артық ұлғайтқан. Өсімдіктің тіршілік ортасының өзгеруіне тез және ерекше назіктікпен жауап беруінің өзі осыған байланысты болады. Сонымен бірге өсімдіктердің өзі тіршілік жағдайының барысыңда, өздерін қоршаған ортаны өзгертеді. Орманның жыл өткен сайын биікке көтеріліп, аса қалың жасыл шымылдьгқ (полог) түзетіні белгілі. Бұл бұталар мен шөптесін өсімдіктер жабыны үшін, орман ішінің жағдайын өзгертеді.
Қоршаған ортаға бейімделушілігі
Тау етегіндегі тегістіктен, тау басына көтеріле отырып, өсімдіктер қауымдастықтарының ғана емес (шөлейт, орман, жәнеальпібелдеулері, тундра), сонымен бірге жақын түрлердің, кейде тіптен бір түрдің өзінің тіршілік формасының структурасының басқаша өзгеретіндігін (трансформациясын) айқын аңғаруға болады. Таудың жоғарғы белдеулерінің ерекше климаты мен топырақ жағдайларының өсері (салқындықтың, физиологиялық құрғақшылықтың, жарықтың сапалығы және т. б. ) ағаштар мен бұталардың жатаған аласа формаларының қалыптасуына, биік шөптесін өсімдіктердің жартылай жертаған және жертағандар түзуіне өкеліп соқтырады. Өсімдіктердің структурасы өзгеруінПамирдіңтеңіз деңгейінен 3600 м. биіктігінде отырғызылған өсімдіктерде жан-жақты зерттелген. Өсімдіктердің құрылысының, оның ішінде анатомиялық құрылысының өзгеруімен бірге, олардың құрамындағы қант пен витаминдердің де консентрациясының жоғарылағандығы байқалған. Соған байланысты таудың жоғарғы белдеулерінің жем-шөптік өсімдіктерінің құнарлығы аса жоғары болады. Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделушілігін тек таудың жағдайынан ғана емес, сонымен бірге, әр уақытта, түрлер жаңа ортаға (қарама-қарсы жағдайға) тап келгенде байқауға болады. Бұл өсімдіктің табиғи өсетін ортасының өзгеруіне байланысты және оны мәдени жағдайға ендіргенде (при интродукции1) байқалатын құбылыс. Кейбірсор топырақтаөсетін өсімдіктер (теңіз қышасы-горчица морская; шөптесін бұзаубас сораң-солерос травянистый) құрамындатұзыжоқ топырақтарда, сор топырақта өсетін өсімдікке тән белгілерін, мысалы, жапырақтарының етженділігін (суккуленттігін) жоғалтады.
2 Дәріс. Жануарлар. Симбиоз. Адам.
Жоспар
1. Жануарлар.
2. Симбиоз.
3. Адам.
1. Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі -өсімдіктер) ; жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен . Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарларпрокариоттар(ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. қарағанда олардың жасы - 0, 8 млрд. жылдан аспайды (1998) . Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 - 1, 5 млрд. жыл талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозойэрасында тіршілік еткен жануарлар , , губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, , тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйкежүйесі, сезім жәнежыныс] органдары, тыныс алу, зәршығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1, 6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т. б. береді. Сондай-ақ, олар - ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
Жануарлардың бағдарлануы
Жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі; белгілі бір экологиялық жағдайға бейімділігі. Бағдарланудың бірнеше түрі бар: 1) оптикалық - көптеген жәндіктердің полярланған жарық бағдарлануы; 2) химиялық- кейбір жануарлардың қорегін, жұбын иіс арқылы дәл табуы (мысалы, жібеккөбелегінің аталығы 10 км жерден аналығын иіс арқылы сезеді) ; 3) акустикалық- жыртқыш жануарлардың өз қорегін есту арқылы ұстауы (мысалы, жапалақ кеміргіштерді 15 - 20 м-ден сыбдыры арқылы біледі) ; 4) терморецепция- жылу арқылы бағдарлану (мысалы, айдаhарлар мен қалқантұмсықты жыланның тұмсығында жылуды сезетін шұңқыры болады) . Көптеген төменгі сатыдағыомыртқасыздар(мысалы, планария), жәндіктер (шыбын, қоңыз, термиттер), сондай-ақ, құстар және кейбір суда тіршілік ететін сүтқоректілер Жердің магниттік өрісі, ал балықтар бүйір сызығы арқылы бағдарланады. Жануарлардың бағдарлану ерекшелігін, оны атқаратын органдардың құрылысын зерттеп танудың ғылым үшін маңызы зор.
Жануарлардың дауысы
Бір түрге, кейде әр түрге жататын жануарлардың өзара бірін-бірі ажырату және түрлі сезімін білдіру үшін шығаратын дыбыстары. Бұл көптеген жәндіктерге, балықтарға, (құрбақа, бақа), кейбір (жармасқылар, хамелеондар, қолтырауындар) және барлық құстар мен сүтқоректілерге тән. 20 Гц - 20 кГц аралығында және ол тек дыбыс аппараты арқылы ғана пайда болатын дыбыс (шаянтәрізділерде, жәндіктерде) емес, балықтың торсылдағымен, жүзу қанатымен, құстың құйрық қауырсынымен, қанатымен, тұмсығымен (қарабауыр бұлдырық, дегелек), аяғындағы не қанатындағы арнайы аппараттарымен (түзу қанатты жәндіктер) шығаратын дыбыстары да болады. Жануарлардың сайрау, қорқу, айбат шегу, ашыққан, сескенген, жұптасу кезінде шығаратын әртүрлі дыбыстары болады. Кейбір жануарлар дауысын ғалымдар шаруашылыққа зиян келтіретін құстарға, жәндіктерге, т. б. кейбір хайуанаттарға қарсы пайдаланып, бау-бақшаны, егістікті қорғайды. Мысалы, Қазақстан орнитологтары қараторғайдың шығаратын дыбыстарын жазып алып, акустикалық әдіспен жүзім бағының зиянкестеріне қарсы қолдануда.
Жануарлардың жүзуі
Жануарлардың жүзуі - жануарлардың суда тіршілік етуге бейімделуінің бір түрі. Бұл шартты және шартсыз рефлекстер салдарынан да қалыптасады. Жануарлар жүзуге әртүрлі жағдайда бейімделген. Кейбір түрі тіршілігінің көп уақытын (су жануарлары, қосмекенділер) суда жүзіп өткізсе, құрлық жануарлары жолындағы кедергіден, судан өткенде не суға кенет түсіп кеткенде жүзеді. Жануарлардың суда жүзіп тіршілік етуге бейімделуі активті және пассивті болып екі түрге бөлінеді. Активті түрінде түрлі жүзу органдарын (қарапайымдар, құрттар - кірпікшелерін, шаянтәрізділер - мұртшаларын, құстар, ескек аяқтылар, қамшат және құндыз - аяқтарын) қозғап жүзеді. Жүзудің пассивті түрінде жануарлар денесін әртүрлі иіп (балықтардың көптеген түрлері, құйрықты қосмекенділер, барлық , жылан, сүлікт. б. ), қозғап жүзеді. Жүзуге бейімділік сүтқоректілердің де арасында байқалады. Мысалы, камшаттың, құндыздың, жұпартышқанның, су күзенінің және ондатрдың бармақтарының арасында жарғағы болады, жүні жылтыр, су жұқпайды.
Жануарлардың қорғаныш бейімділігі
Жануарлардың қорғаныш бейімділігі - жеке организмнің тіршілік үшін күресте сақталуына, ұрпақ қалдыруына , физиологиялықжәне этиологиялық ерекшеліктері. Морфологиялық қорғаныш бейімділігі - бүркеніш реңнің барлық түрі, жануарлардың пішіні, жауынан қорғану органдары, т. б. Кейбір организмдердің лимфасы, қаны, терісі улы болуы, жағымсыз иіс (қандала, көптеген қоңыздар, құндыз, т. б. ), улы зат шығаруы, денесіне қоректік зат жинап, қысқы-жазғы ұйқыға кетуі - физиологиялық бейімділігін көрсетеді. Жануарлардың жауынан қашуы, жасырынуы, балаларын қорғауы, жауына ұсталып қалған кезде құйрығын, аяғын үзіп кетуі, сондай-ақ қорқытатын дауыс, ысылдау не пішінін өзгертіп айбат шегуі - этиологиялық бейімділігін көрсетеді.
Жануарлардың қыстап шығуы
Жануарлардың қыстап шығуы - ауа райы суық және қоңыржай аймақтарда жануарлардың қыстың қолайсыз жағдайынан сақтануы. Қыстап шығудағы негізгі қиыншылық - қорегін табудың қиындауы, қорек қорының азайып, сапасының нашарлауы. Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін балықтар, құстар, сүтқоректілер қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын ауыстырады. Кейбір жануарлар, әсіресе, жыртқыш аңдар (қасқыр, жолбарыс, барыс) қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге дейін кетіп қалады. Арқар, таутеке, елік, т. б. таулы аймақтарда мекендейтін жануарлар қыс түсісімен қары жұқа, шөбі мол жерлерге қоныс аударады. түрі (сарышұнақ, суыр, жайра, т. б. ) қыста қорек іздемейді, олар қысқы ұйқыға кетеді. Қыс алдында көптеген жануарлар түлеп, семіреді. Бұл да жануарлардың қыстап шығуға бейімділігінің бірі болып саналады. Жануарлар тіршілік мекеніне қарай 2 топқа бөлінеді: 1) эвритоптықжануарлар - әртүрлі жағдайларда тіршілік ететін түрі (мысалы, қасқыр, түлкі, қарға, т. б. ) . Бұлар көп тараған, нақты мекен талғамайды, түрлі географиялық аймақтарда кездеседі; 2) стенотоптықжануарлар - белгілі бір жерде ғана тіршілік ететіндері (мысалы, тек құмды жерде тек таза, тұнық суда болатынбахтах, т. б. ) . Мекенін үнемі ауыстырып, ететін жануарлар да бар. Мысалы, көкқұтан биік ағаштарға ұя салады да, өзен-көлге барып жемін аулайды. Жануарлардың әртүрлі биотопта мекендеуі олардың белгілі бір даму сатысына да байланысты. Мысалы, бақаның дернәсілі суда өсіп дамиды, ал ересек бақа су жағасындағы ылғалды жерлерді мекендейді.
Жануарлардың ұшуы
Жануарлардың ұшуы - организмдердің тіршілік ортасына бейімделуінің бір түрі. Ұшу (жәндіктерді есептемегенде) өте ертеде тіршілік еткен ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар) топтарынан бастап байқалады. Жоғары сатыдағы омыртқалылар арасында ұшуға жақсы бейімделгендері - қырлытөсті құстар. Сүтқоректілерден тек жарқанат қана ұшуға жақсы бейімделген. Сүтқоректілердің ішінде қалқып ұшатын түрлері де бар (мысалы, ұшар) . Жауынан қорғану үшін ұшатын балықтар да кездеседі (мысалы, ұшқыш балықтар) . Ұшу жануарлардың эволюциялық дамуында олардың әртүрлі тіршілік ортасына бейімделуінен пайда болған.
Жануарлардың қоныс аударуы
Жануарлардың қоныс аударуы(латыншаmіgratіo- қоныс аудару) - тіршілік еткен ортасының өзгеруіне немесе көбею кезеңіне байланысты жануарлардың мекен ауыстыруы. Бұл тұрақты (маусымдық не тәуліктік) және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Маусымдық мекен ауыстыру тіршілік мекеніндегі жағдайдың әлсін-әлсін өзгеруіне немесе жануарлардың көбею кезеңіне, ал тұрақсыз мекен ауыстыру тіршілік ортасының кенет нашарлауына байланысты болады. Жануарлардың қоныс аударуысүтқоректілер, құстар, жиі кездеседі. Жануарлардың қоныс аудару жолын, көбінесе, олардытаңбалауарқылы білуге болады.
2. Симбиоз дегеніміз - әр түрге жата даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал - шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде. пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола ал; Олардың ас ңорыту жолдарында талшықтылар кендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректен қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар ж ге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды. Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал - қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтар - селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі. Әріптестік бірігіп тіршілік ету. Екі популяция бірлестік түзеді. Бірақ бұл бірлестік міндетті емес. Әр бөлек тіршілік ете алады, бірақ бірігіп тіршілік ету екеуіне де пайдалы. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді. Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal - бірге тамақтану) . Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді. Комменсализм паразитизмге қарағанда симбиозға жақындау. Мысалы, жабысқақ - балық ірі балыққа бекініп алады да, онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді. Жер бетінде мекендейтін қоңыздарда (қиқоңыз, өлексе қоңызы және т. б. ) гамазды кенелердің қозғалғыш дернәсілдері кездеседі. Осындай әдіспен олар таралады. Амменсализм (латын тілінен аударғанда mensa тамақ, азық) . Бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Мысалы, зең саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы. Зең саңырауқұлақтары бөліп шығарған антибиотиктер бактерияларды жояды.
3. Мүшелер жүйесі (система органов) ; (systema organum, лат. systema - жүйе, грек, organon - мүше, ағза) - құрылысы ұқсас, шығу тегі мен дамуы біркелкі және белгілі бір қызметтерді атқаруға маманданған мүшелер тобы. үлкен үш топқа топталады: сомалық мүшелержүйелері(тері жабыны, ), ішкі мүшелер жүйелері (ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею - аталық және аналық), біріктіргіш (интеграциялық) мүшелер жүйелері (эндокринді бездер, тамырларжүйесі, жүйке жүйесі) . Мүшелер жүйелері қызметіне байланысты аппараттарға, мысалы, тірек-қимыл аппараты (сүйектер және бұлшықеттер жүйелері) бірігеді.
Адам ағзасындағы мүшелері, мүшелер жүйесі, олардың құрамына жататын мүшелер мен ұлпалар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz