ЖОО оқытушысының кәсіби іс-әрекеті


СӨЖ
Орындаған: Тоқтасынова Н. Т.
Тобы: ПиП
Нұр-Сұлтан
2021-2022 оқу жылы
Эссе
ЖОО оқытушысының кәсіби іс-әрекеті
Ұстаз - білгенін үйретуші ғана емес, тұлабойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Қоғамдағы ЖОО рөлінің өсуіне байланысты жоғары білім мәселелері философтар мен социологтардың, педагогтар мен психологтардың жұмыстарында зерттелуде.
Жалпы білім - бұл өзара байланысқан үш үрдістің бірлігі. Біріншісі - тәрбие, яғни қоғамда қалыптасқан құндылықтарды индивидтің игеруі. Екіншісі, оқу процесі, яғни студенттің өз таңдаған құндылықтарды игеруге көмектесетін білімді, қабілетті, дағдыларды игеруі. Үшіншісі - құндылықтарды игерумен байланысты құқықтар мен міндеттерді меңгерумен байланысты әлеуметтену процесі. Осылардың негізінде білімді қоғамның құндылықты, қабілетті, білімді бір адамнан немесе топтан басқасына беруі негіз болатын ресми үрдіс ретінде анықтауға болады. Осындай үрдісті жүзеге асыратын, индивидтердің қоғамдағы өз орнын табуына, яғни құндылықтарды игеріп, жоғары кәсіби білім алуына үлесін тигізетін бірден-бір тұлға ЖОО оқытушысы десе болады.
Профессорлық-оқытушылар құрамы «әртүрлі кәсіби, білікті, лауазымдық шағын топтардан тұратын, еңбек мәні мен мазмұнымен, өндірістікпрактикалық іс-әрекеттермен байланысты зерттеулер саласымен, рөлімен және рухани мәдениет дамуымен маңызды ерекшеленетін қиын, іштей дифференциалданған адамдардың әлеуметтік тобын» білдіреді. Көптеген социологтар оқытушыларды бірінші кезекте, қоғам өмірінде үлкен рөл атқаратын және оның рухани потенциалын қалыптастыратын, интеллигенцияның өкілдері ретінде және «интеллектуалды еңбекпен айналысатын және интеллигенттілікке ие адамдардың ерекше әлеуметтік тобы» ретінде қарастырады. Ең алдымен, оқытушылар интеллигенцияның құрамды мәнді бөлігі болғандықтан, жалпы интеллигенция тобының ерекшеліктерін, кәсіби қызметтерін, басқа топтармен байланысын қарастыратын қазіргі концепцияларды қарастыру маңыздыболыптабылады. Жалпыинтеллигенция қоғамның басқа әлеуметтік қабатынан ақыл-ой еңбегінің сапалы мазмұнымен және функциональды ерекшеліктерімен, әлеуметтік рөлімен ерекшеленетіні белгілі.
Педагогикалық іс-әрекеттің сәттілігі мұғалімнің оқушымен, олардың ата-аналарымен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алуымен анықталатыны психологияда аксиома болып кетті. Ол жоғары техникалық педагогикалық шеберліктің алғы шарты. Қарым-қатынасқа түсу шеберлігінің болуы - тәрбиелеу мен оқытудың сәтті болуының кепілдігі. Жақсы қарым-қатынас болу үшін бірсыпыра психологиялық білім мен психологиялық тренингтер керек. Педагогикалық іс-әрекеттің сәттілігі мұғалімнің оқушымен, олардың ата-аналарымен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алуымен анықталатыны психологияда аксиома болып кетті. Ол жоғары техникалық педагогикалық шеберліктің алғы шарты. Қарым-қатынасқа түсу шеберлігінің болуы - тәрбиелеу мен оқытудың сәтті болуының кепілдігі. Жақсы қарым-қатынас болу үшін бірсыпыра психологиялық білім мен психологиялық тренингтер керек. Мұғалім ретінде оқытушының негізгі міндетті тұрақталған жалпыға танымал білімді берсе, ғалым ретінде осы білімдерге қоса қазіргі өмірге сай білімдермен толықтырып отыруға міндетті. Оқытушының бұл екі қызметі негізгі болып табылады, бірақ бір-бірімен онша сәйкес келе бермейді. Оқытушылардың негізгі жұмыс күні сабақ берумен, оған дайындалумен, әдістеме жасаумен өтеді. Әрбір жыл сайын оқытушыларға әкімшілік тарапынан оқу жүктемесі міндеттелінеді. Оны орындамаса арнайы шаралар қолданылады. Сонымен, бір уақытта ғылыми жұмысты кез келген оқытушы өзіне жоспарлайды (немесе жоспарламайды) . Бұның орындалуын немесе орындалмағаны туралы ешкімде сұрамайды. Бұл оқытушылардың өзінің ғылыми ізденістері мен білімді жаңартуда алға жылжуға деген мақсаттарымен байланысты. Әрине, ЖООның оқытушысының үшінші қызметі бар - ол студенттерді тәрбилеу.
Жинақтай айтқанда, ғылыми бірлестіктің құрамды бөлігін құра және оның идеалын қабылдай отырып, ЖОО оқытушылары, профессорлары және ғылыми қызметкерлері интеллигенцияның звеносы болып табылады, яғни жаңа білімді өндіруге қатысумен оны өзінің тәрбиеленушілеріне беруді сәйкестендіреді және оларға еңбек әлемімен, салалық кәсіби бірлестіктермен тығыз байланыс тән. ЖОО- ның профессорлық-оқытушылық және ғылыми персоналы жоғары мектепті қалыптастырады және толықтырады деп танылатын нақты әлеуметтік-кәсіби топтар құрамына кіреді. Соған сәйкес жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы кадрлары, шындығында әмбебап мәдени-шығармашылықтық және руханиадамгершіліктік миссияны орындайды немесе жаңа ұрпақтың іс-әрекеттің жалпыға тән құндылықтары мен универсалды әдістерін жоғары салада игеруін қамтамасыз етеді. Осыдан ЖООның профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми кадрларына талаптардың объективті көпжақтылығы мен субъективті біртекті болмайтындығы мәселесі шығады. Әдетте бұл аралас әлеуметтік-кәсіби топтың бірқатар белгілері арқылы көрінеді: оларға шын ғалым және педагог, жоғары профессионал болу тән, интеллигентілік пен мәдениеттің эталоны бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz