БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ПӘН МЕН ТІЛДІ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
МРНТИ 16.01.45

Жораева А.А.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, магистрант, Алматы қ. Қазақстан

Мамбетова М.К.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, к.ф.н., Алматы қ.Қазақстан

БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ПӘН МЕН ТІЛДІ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Аннотация.
Мақалада білім беру процесінде пән мен тілді интеграцияланған оқыту технологиясын пайдаланудың артықшылықтары мен тиімділік мәселелері қарастырылған. Пән мен тілді интеграцияланған оқыту тәжірибе жүзінде түрлі формада берілуі мүмкін, нақты тақырыпқа негізделген шағыннан басталып, бір пән шеңберінде көп апталық жобалық модульдер шеңберінде, семестрлік, немесе, пәнаралық бірліктердің жыл бойындағы тақырыптарда, және оқу жоспарларына енгізумен аяқтап, тиісінше, оқу процесіне ұзақ мерзімді перспективада үнемі кіріктіру. Сонсымен қатар, мемлекеттік тілмен қатар басқа тілдерді де үйрену арқылы ұрпағымыздың ұлттық және әлемдік мәдениет пен әдебиетті игеруіне, басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау, яғни полимәдениетті тұлға қалыптастыру болып отыр.
Кілттік сөздер: білім беру, пән мен тілді интеграцияланған оқыту, оқыту әдіснамасы, терминология.

Аннотация.
В статье рассмотрены проблемы эффективности и преимущества использования технологии интегрированного обучения предмету и языку в образовательном процессе. Интегрированное обучение предмету и языку может быть представлено на практике в различных формах, начиная с малого, основанного на конкретной теме, заканчивая в рамках одной дисциплины многонедельными проектными модулями, семестровыми или междисциплинарными единицами в круглогодичных темах, и включением в учебные планы, и, соответственно, постоянной интеграцией в учебный процесс в долгосрочной перспективе. Таким образом, путем изучения как государственного, так и других языков необходимо создать условия для овладения нашим поколением национальной и мировой культурой и литературой, изучения и восприятия традиций и культуры других народов, то есть сформировать поликультурную личность.
Ключевые слова: образование, интегрированное обучение предмету и языку, методология обучения, терминология.

Abstract.
The article considers the problems of efficiency and advantages of using the technology of integrated subject and language teaching in the educational process. Integrated subject and language learning can be presented in practice in various forms, starting from small, based on a specific topic, ending within a single discipline with multi-week project modules, semester or interdisciplinary units in year-round topics, and inclusion in the curriculum, and, accordingly, continuous integration into the educational process in the long term. Thus, by studying both the state and other languages, it is necessary to create conditions for our generation to master national and world culture and literature, to study and perceive the traditions and culture of other peoples, that is, to form a multicultural personality.
Keywords: education, integrated subject and language teaching, teaching methodology, terminology.

Қазіргі таңда бір немесе бірнеше шет тілдерін меңгерген мамандар күнделікті қарым-қатынас тұрғысынан да, кәсіби салада да жоғары бағаланады. Мұндай қажеттілік қоғамның жаһандануының жылдам процесіне байланысты. Соңғы онжылдықта Еуропа елдерінде шет тілдерін және кәсіптік пәндерді интеграцияланған оқыту немесе пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту белсенді дамыды. Пән мен тілді интеграцияланған оқыту пәнаралық байланыстарды орнатудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады және болашақ маманды шет тілдік кәсіби қарым-қатынасқа сәтті дайындайды.
Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдармасында кәсіби даярлау мазмұнының сапасын жақсарту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіби білім беру жүйесін әлемдік озық тенденциялар мен контексінде модернизациялау, болашақ педагогтердің практикалық даярлығын арттыру міндеттелген [1]. Еліміздің озық отыз елдің құрамына кіру стратегиясының жүзеге асырылуы, әлемнің білім беру кеңістігіне енуіне және нарықтық талаптарға байланысты кәсіби іс-әрекетте өзінің ана тілінде және шет тілінде қарым-қатынас жасай алатын көпқырлы интеллектуалды, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік-тұлғалық қасиеттері дамыған құзырлы педагогтер даярлау міндеттері алға қойылған.
Пән мен тілді интеграцияланған оқыту ұстанымын қолдану шет тілін оқуға бөлінген уақыт мөлшерінің аздығынан және оны меңгеру деңгейіне қойылған талаптардың жоғарлауынан пайда болып отыр. Бұл тәсіл бір мезетте екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге аударылуы мүмкін. Интеграциялап оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын кезеңнен өтуде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Оқытудағы интеграцияланған пәндік-тілдік тәсіл (ары қарай - CLIL) - кең түсінік, ол пәнді шет тілдері арқылы меңгерудің оқыту әдісін сипаттау үшін қолданылады, оның негізгі мақсаты - пәнді меңгеру және шет тілі бойынша тілдік дағдыларды жетілдіру. Сол себепті де білім берудің жаңа технологиялары пайда болуда, олардың бірі CLIL - пән мен тілді интеграцияланған оқыту технологиясы.
Ең көп таралған үш интеграцияланған пәндік-тілдік тәсіл бар:
* ESP (English for specific purposesАрнайы мақсаттар үшін ағылшын тілі);
* CLIL (Content and language integrated learning пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту);
* EMI (English as Medium of Instruction Ағылшын тілі оқыту құралы ретінде).
Кейбір зерттеушілер CLIL-ді шет тілін оқыту әдістемесінде кеңінен танымал ESP терминімен алмастырады. Сонымен қатар, терминологиялық көрініс университеттің білім беру әдістемесінде бар EMI тұжырымдамасын қиындатады. Барлық үш терминологиялық ұғымдар кәсіби бағытталған шет тілін оқытуда қолданылады, онда нақты лингвистикалық және таза арнайы мазмұнды аспектілерді әр түрлі дәрежеде біріктіруге болады. Осы үш әдістемелік санаттың жақындығына байланысты оларды ажырату қажеттілігі туындайды [2, 7-8 б.].
CLIL технологиялары шет тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарыс-қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағжай жасайды. Жоғарыда айтылғандар, оқу материалының мазмұнына сәйкес жаңа оқу ақпаратын құруды, жаңа технологиялармен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талап ететін оқытудағы интеграциялау мәселесінің өзектілігін айқындайды.
Пән мен тілді интеграцияланған оқытудың теориялық негіздерін еуропалық жоғары оқу орындарының бір топ ғалымдары әзірледі, олар: David Marsh, Do Coyle, Oliver Meyer, Teresa Ting, Victor Pavon, Philip Hook және т. б. "Content and Language Integrated Learning" ұғымын алғаш рет 1994 жылы Дэвид Маш енгізген. Автордың айтуынша, бұл әдіс екі пәнге бағытталған кез-келген білім беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда CLIL екі тілде оқыту технологиясын қолдану ауқымдылығы
CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
Кіріктірілген оқыту принциптері
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАНДА CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кіріктірілген сабақ түсінігі
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда шетел тілінің интегративті тәсілдерін пайдалану
КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәндер