Қазақстанның қазіргі заман тарихынан материалдар
1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің негізгі мақсаты - отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;
проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;
:: бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.
2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
3.Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.
4.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар.
5.ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.
6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі негізі деректер, құжаттар мен материалдар:
- Республиканың басым бағыттары мен даму нәтижесін, мақсат-міндеттерін айқындайтын мемлекет басшысының жарғылары, жолдаулары, баяндамалары, сөйлеген сөздері;
- Парламент тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар;
- Еліміздің ішкі және сыртқы дамуын, Қазақстан дамуының саяси-өңірлік, әлеуметтік экономикалық қырларын нақтылайтын үкіметтік қаулылар мен құжаттар;
- Атқарушы биліктің орталық және өңірлік органдарының құжаттары, түрлі деңгейдегі мәжілістер материалдары;
- Азаматтық қоғам институттарын, саяси партиялардың, шетел сарапшыларының ұстанымдарын бейнелейтін материалдар;
- Тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысқан тұлғалардың естеліктері; - Әлеуметтанулық сауалнамалар материалдары мен статистика мәліметтері;
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша қазақстандық және шетел ғалымдарының тұжырымдамалық және іргелі еңбектері;
- Мерзімді басылым материалдары;
- Өзекті мәселе бойынша интернет-қорлары.
2.Ұлттық тарихтың басымдықтары. ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы (1995 ж.).
1995 жылы Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы қабылданып, онда тарихи білімнің іргелі принциптері айқындалып, негізгі басымдықтары анықталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жыл Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жариялануы еліміздің тарихқа ден қойғанын көрсетеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың табын сезінгендігімде деп білемін [2, 6-б.] деп жаза отырып, Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн [2, 267-б.] негіздейді.
Мемлекеттің ұлттық тарихты жаңғырту мен зерделеу мақсатында қабылдаған Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы ауқымы орасан зор жұмыстар тындырды. Мәдени мұра бағдарламасының мақсаты жазба деректерді жинау және жариялау болып табылады. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы екі кезеңді, бірінші кезеңі 2004-2006 жылдарды қамтыса, екінші кезеңі 2009-2011 жылдарды қамтиды.
3.Ұлттық тарихтың жаңғыртылуы ( 5 маусым 2013 ж.). Тарихты оқыту мен зерттеудің озық әдістерін іске асыру тетіктерін қарастыру.
Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің Тарих толқынында кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында Мәдени мұра атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, Халық тарих толқынында атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психологая, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту пронесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғырытып пайдаланады.
4.Джадидтік - ресей мұсылмандарының ағартушылық идеологиясының кезеңі.
Жәдит термині ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Жәдидшілдік қозғалыстың түркі халықтары арасында тарауы мен дамуы ХХ ғасырдың 20-жылдарының өзінде ғылыми зерттеулерге арқау болды. 1920-1930 жылдар аралығында жарық көрген ғылыми зерттеулерде татар ағартушыларының, зиялыларының ғасыр басындағы азаттық қозғалысқа және 1917 жылғы қос революцияға қатысу барысы айқындалып, олардың қоғамдық-саяси қызметтеріне баға берілді.
Жәдитшiлдiк бағыт негiзiн салушы Шаһабуддин Маржани болғанымен, қазақ оқығандары И.Гаспринский еңбектерi мен оқулықтарын пайдалану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды. И.Гаспринскийдiң осынау оқулықтары, танымдық кiтаптары, ағартушылық аудармалары ағартушының алдына қойған арман-мүддесiнiң үдесiнен шыққанын көрсетедi.
5. Жәдидтіктің ағартушылық ойларының
Қазақ Даласына ықпалы.
Алаш зиялыларының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту (жәдитшілдік) жолы еді.
Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан Оқу құралы атты кітабынан көре аламыз.
ХХ ғасырдың бастарында Еділ - Орал аймақтарындағы жәдитші медреселерде білім алған Қазақ жастары жәдитшілдікті қолдап жұмыстар атқара бастайды. Ғалия медресесінде білім алған қазақ жастары 1916 жылы Қазақстанда усул-жәдидті дамыту мақсатында "Садақ"атты қолжазба әдеби журнал шығарады. Журналдың мақсаты - жастарды әдебиетке тарту, өмірдің және елшілдіктің маңызын түсіндіру, жауапкершілікті арттыру еді. Жәдит медреселерінде білім алған Қазақ жастарының жұмыстары Ресей тыңшыларының назарынан тыс қалмады. Осы жастар жайында былай деп "Жәдитші жастар Қазақ-Орыс мектептерінің Қазақстанда керек емес екендігін, Орыс тілін Татар медреселерінде де үйренуге болатындығын, Қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып "Оян Қазақ", "Тұр Қазақ","Маса" атты кітаптарды Уфадан шығарып халыққа таратып жатқандығын" баяндаған. Жәдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп ағарту саласында қызмет атқара бастады.
6. Қазақтардың РесейдіңІ - ІІМемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
Ресей Мемлекеттік Думасының құрылуы қазақ зиялыларының да саяси өсуіне ерекше ықпал етті. 1905 жылдың тамызында ІІ Николай патша заң шығарушы өкілетті орган ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифестке қол қойғанымен, манифест бойынша, қазақ халқының сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болатын. Ресей парламентінің шақырылатындығынан көзі қарақты қазақ өкілдері де құлағдар болып әрі депутаттыққа қазақтардың сайлануға құқы жоқ дегені олардың наразылығы мен ашу-ызасын тудырды.Осы сәтте Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене кіріседі. Орта Азия мен Қазақстан аймағын қамтып өткен қуатты толқу патша үкіметінің халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті.
Ұлттық мәселеге қатысты жайттарды өткір талап ете білудің нәтижесінде І Мемлекеттік Думаға қазақтардан өкілдер сайланған. І Мемлекеттік Думаға депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. Олар: 1. Сәлімгерей Сейтханұлы Жантөрин - Уфа губерниясынан сайланған; 2. Алпысбай Қалменұлы Қалменов - Хан ордасының қазақтарынан сайланған; 3. Дәуіт Санжынұлы Ноян - Тұндұтов - Астрахан мен Ставрополь көшпелі тайпаларының атынан сайланған; 4. Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов - Торғай облысын мекендеген қазақтардың өкілі;5. Шаймерден Қосшығұлов - Ақмола облысы қазақтарының өкілі.
1907 жылғы ІІ Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері болды. Олар: Шәймерден Қосшығұлұлы - Ақмола облысынан; Ахмет Бірімжанов - Торғай облысынан; Темірғали Нүрекенов - Семей облысынан; Тілеулі Алдабергенұлы - Сырдария облысынан; Мұхамеджан Тынышбаев - Жетісу облысынан; Бақытжан Қаратаев - Орал облысынан; Бақтыгерей Құлманов - Астрахан губерниясынан.
7. 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі біріншіорыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсері. Қарқаралы петициясы.
1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді.
Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты. Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді. 1905 жылдың жазында Семей, Торғай, Орал және Сырдария облыстарындағы шаруалар жергілікті әкімшілік билікке қарсы бой көтерді. 1905 -- 1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті.
8.ХХғасырдың басындағы ұлттық баспа сөз және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына әсері (Қазақ, Айқапжәнет.б.)
Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды,білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды.
Қазақ тіліндегі алғашқы бұқаралық басылымдарды отаршыл билік органдары шығарды. XIX ғасырдың 60-жылдарында Қазақстандағы әкімшілік реформаларын жүзеге асырғаннан кейін халыққа патша үкіметінің қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндіру үшін баспасөз қажет болды. Алғашқы газеттердің бірі -- Түркістан уәлаятының газеті 1870 жылы Ташкент қаласында қазақ және өзбек тілдерінде шыға бастады, Ол Түркістан генерал-губернаторлығының баспасөз органы еді. 1888 жылы Омбыда Дала генерал-губернаторлығы Дала уәлаятының газетін шығара бастады. Бұл газеттер Ресей империясының қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндірумен айналысты. Осы газет беттерінде қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, М. Көпейұлы және басқалардың алғашқы мақалалары жарияланды. 1911 жылы Орынбор губерниясының Троицк қаласында алғашқы қазақ журналы Айқап жарық көрді. Оның баспагері әрі редакторы белгілі ақын, прозашы және журналист Мұхамеджан Сералин болды. Журналда жарияланған материалдарда қазақ халқының отырықшы өмір салтына көшуінің, өлкедегі халықтың білім деңгейін көтерудің көкейкесті мәселелері қозғалды. Алайда журнал 1915 жылы жабылып қалды. Содан 1913 жылы ғана жалпыұлттық Қазақ газеті апталық басылым болып жарық көрді. Ол Орынбор қаласында шығып тұрды. Газеттің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов болды. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтар барша қазақ елінің мүддесін білдіретін ғасырдың ұлттық газетін құра білді. Қазақ газеті XX ғасырдың басындағы азаттық қозғалысының стратегиясын анықтап берді. Ә. Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары отаршылдықтың мәнін ашып көрсетті, газет мұсылман діні мәселесі бойынша, ғылыми негізделген бағыт ұстанды. Газет бетінде жарияланған мақалалардың едәуір бөлігі тіл мен әдебиет, мәдениет пен тәрбие, халық санасын жетілдіруге арналды.
XX ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында рухани-діни және зайырлы мазмұндағы кітаптар пайда бола бастады. 1909 жылы Санкт-Петербургте ұлы Абайдың өлеңдері мен А. Байтұрсыновтың Қырық мысал атты кітабы жарық көрді. Ал 1909 жылы Қазанда М. Дулатовтың атақты Оян, қазақ! өлеңдер жинағы басылып шықты. Бақытсыз Жамал романы, Азамат және Терме атты шығармалары жарық көрді. 1911 жылы Орынборда Ахмет Байтұрсыновтың Маса атты өлеңдер жинағы жеке кітап болып шықты. 1912 жылы Мағжан Жұмабаев Шолпан атты өлеңдер жинағын жариялады. 1914 жылы Бірлік атты ағарту үйірмесінің көмегімен Сәкен Сейфуллин өзінің Өткен күндер атты алғашқы кітабын жарыққа шығарды. Қазақ газеттерінің, журналдары мен кітаптарының жарық көруі қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуда, қазақ зиялыларының ұлт мүддесі үшін тығыз топтасуында елеулі рөл атқарды.
9.. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).Антанта (Англия, Франция, Россия).
Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.
Бұл соғыс Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді.
Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы - 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы - 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.
10.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: себебі, қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері
1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Қазақстанның әртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.
7 қыркүйекте Верный қаласында көтеріліс басшыларының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады.
Дәл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Әліби Жангелдин көтерілісшілердің "рухани көсемі" болды. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден Ә.Жанбосынов, А.Иманов және олардың ең жақын серіктері ондықтарға, жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген тәртіпті жасақ құрды.
22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс империализмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды.
Көтерілістің жеңіліс табуының басты себептері, оның бытыраңқылығынан, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігінен, арақатынастың тұрақты болмауынан еді. Ұлттық - демократиялық зиялылар қатарында да бірлік болмады. Көтеріліс қазақ халқының таптық сана - сезімінің өскендігін көрсетті. Халық қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару апаратын құрды. Шын мәнінде, 1916 жылға көтеріліс - ХХ ғасырдың соңындағы қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттілігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды.
11.1916 ғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы.
Қазақ зиялыларының радикалды батыл іс-қимылға бейім өкілдері (мысалы, Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангелин, С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты. Ал Қазақ газетінің төңірегіне топтасқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты либерал-демократиялық зиялылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшырауы мүмкін деп санады және осыған байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді. Осынау алмағайып кезеңде Алаш қайраткерлері халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде оны аман сақтауға тырысты. Сондықтан да олар қарулы көтеріліске қарсы болып, қазақтарды патша жарлығын орындауға шақырды. Біріншіден, олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қатысы бар деп санады. Бұдан сырт қалуға болмайды, - деп есептеді. Екіншіден, іс жүзінде қарусыз қазақтардың тұрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға талпынды.Қарусыз халық өкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. Үшіншіден, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, ұлттық автономия құрылатынына үміт артты. Империямен ақылға қонымды келісім тактикасын ұстанып, халқының аман болуын бірінші кезекке қойған Алаш көсемдері тыл жұмыстарына шақыруды кейінге қалдыра тұрып, тиісті әзірлік жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
12. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы (1917ж.).
Ресейдегі патша билігіне қарсы екінші көтеріліс ретіндегі 1917 жылы 24 ақпанда Петроградта болған буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктері тұтқынға алынды.
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы қуанышпен қарсы алды. "Қазақ" газеті 9 наурыздағы санында: "...Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Россия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: "Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді", - деп түсіндіреді.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша чиновниктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкіметтің органдары мен бірге халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды.
Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді.
13.Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс- әрекеттері және Алаш қозғалысының тарихи мәні.
1917 жылғы 21 - 26 шілдеде Орынборда болған І Жалпықазақ съезінде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кірді. Алаш партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар:
1. Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы;
2. Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
3. Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
4. Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
5. Елдегі билік және сот туралы;
6. Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
7. Халықтың табысына қарай салық салу;
8. Жұмысшылар туралы;
9. Ғылым және білім туралы;
10. Жер мәселесі.
Алаш Орда (1917-1920) - Ақпан және Қазан төңкерістерінен соң 1917 жылы желтоқсанның 13-і күні құрылған қазақ-қырғыз Алаш автономиясының үкіметі. 1917 ж. желтоқсанның 5-13-і күндері Орынборда II Жалпы қазақ-қырғыз құрылтайы өткізілді. Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.
Алаш астанасы - Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді. Үкімет төрағалығына үш қайраткер - Бөкейханов, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейханов төраға болып сайланды.
Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды.
Сөйтіп, қазақ автономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.
Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі - автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты.
14.1917 ж. шілдедегі I - жалпы қазақ съезі. Алаш партиясы және оның бағдарламасы.

Бағдарлама жобасының маңызы:
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
2. Буржуазиялық - демократиялық, ұлт - азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.
15.Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады. Бұған халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 қарашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетісу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады.
1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд "Түркістан автономиясын" "Түркистон мухтарияты" (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы ақпанда большевиктер қуып таратты.
Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы өлкедегі түрлі жағдайлардың себебінен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орнағ болды.
16. 1917 жылғы желтоқсанындағы II - ші жалпы қазақ съезі. Алашорда өкіметінің кұрылуы.

17.1917 жылы қарашадағы IV - ші мұсылмандардың төтенше съезі.Түркістан автономиясының құрылуы. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы - Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет.1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жарияланды. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.
М.Шоқай
Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі
Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думағаарнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте Бірлік туы газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.
Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы.
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты.
18.Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
Азамат соғысы- мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы.
Қызыл армия- большевиктер(Кеңес одағын құрушылар.)
Ақ гвардияшылдар- меньшевиктер(Уақытша және патша үкіметін қолдаушылар)
Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. 1918ж. 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта елдері дем берді де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды. 1918ж. жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан - Шығыс майданы болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды.
Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919ж. 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, қалпына келтірді.
Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы 1918ж. тамыз және 1919ж. қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. 1920ж. наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік майданы жабылады. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды.
19.Әскери коммунизм саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері.
Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық - түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады.
Әскери - коммунизм саясатының негізгі белгілері:
1)Азық - түлік салғырт енгізілді.
2)Жеке саудаға тыйым салынды.
3)Азық - түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.
4)Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.
5)Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.
6)Басқару ісі орталықтандырылды.
7) Коммуналдық жол - қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.
1919 жылы 11 қаңтарда азық - түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіті. Кеңес үкіметі азық - түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында Майдан апталығы өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім - кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.
1919 жылы желтоқсанда Александров - Ғай - Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал - Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл - Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.
20.Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің ұлттық мемлекет құру идеясын күйретуі.
Қазақ революциялық комитеті, Қазревком - Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің "Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы" қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Қазревком "Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды" өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мәнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін әзірлеп, өткізуіне тура келді. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті - қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни "соғыс коммунизмі" саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Қазревком 1919 жылы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Сол уақыт ішінде Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын жария етуге байланысты қыруар әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды. 1920 жылғы 17 тамызда РКФСР ХКК Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағалары М.И. Калинин мен Владимир Ильич Ленин қол қойған "Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы" Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды ( Қазақ АКСР-і). Жергілікті жерлерде Қазақ революциялық комитеті органдарын құруға Қызыл Армия бөлімдері мен қызыл партизандар жасақтарының саяси қызметкерлері, партия-кеңес органдары басшылық етті. Ревком төрағалары болып қолынан іс келетін қазақ кедейлерінен жарлықпен тағайындалды. Қазақ революциялық комитеті Қызыл Гвардия жасақтарын құру үшін әскери органдарға көмек көрсетті, азық-түлік жинау аппаратын жолға қойып, халық арасында саяси-үгіт, насихат жұмыстарын жүргізді. Қолайлы жағдайлар туғаннан кейін өкімет билігі бірте-бірте ревкомдардан жергілікті Кеңестердің аткомдарына берілді
21.Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Соңиалистік Автономиялық республикасы құрылуы. (26 тамыз 1920ж)
1920 жылы 26 тамызда Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет жарияланды . Орынбор қаласы - астана (1920 - 1924 жж.). Территориясы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы - 5 млн.-ға жуық адам.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР - інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус - Зенькович болды. Съезде Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясықабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР - нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
Қазақ АКСР - нің құрылуының тарихи маңызы: 1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. 2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. 3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
22. 1922-1922 ж.ж. ашаршылық және оның салдары.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 13 бөлігін қамтыды. 1921 жылғы қарашада 1 млн. 508 мың адам ашыққан болса, 1922 жылы наурызда олардың саны 2 млн. 303200 адамға жетті. Маусым айына қарай Семей және Ақмола губернияларының шаруаларынан азық - түлік салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Бұл жинап алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары - Москваға, Петроградқа, Самараға, Казаньға, Саратовқа жіберілді. Соның нәтижесінде аман - сау аудандардың халқы ашыға бастады.
Кеңес үкіметі Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу шараларын бірсыпыра кешігіп қолданды. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің декретімен республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық - түлік салығынан босатылды. 1922 жылғы егіс көлемінің 80 % жуығына Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1921 жылы 14 маусымда Нақты ет салығы туралы декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды.
1922 жылы 4 тамызда Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ АКСР - іне ауылшаруашылық машиналар мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом бөлінді. Нақ сол жылы Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпауынан зардап шеккен шаруалардың мал сатып алуы үшін 21131 мың сом бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мың баланы РКФСР - ге әкетті.
Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.
Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В. И. Лениннің үндеуіне (Сіздерде Арал теңізінде балықтың аулануы жаман емес... Өздеріңіз аулаған балықтың бір бөлігін аштықтан ісінген қарттар мен қарияларға бөліңіздер. Ленин В. И. Шығ. толық жинаған 53- 247 бет) байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді.
1921 - 1922 жылдардағы аштықтың салдары: 1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 13 - ке дейін азайды. 2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
23.Қазақстандағы жер-су реформасының мақсаты
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
1921 жылғы сәуір - патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Нәтижесінде:
· Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.
· Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
1921 жыл - Жетісуда жер реформасы жүргізілді.
· Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.
· 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
1921 - 1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Қай жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айрылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршы-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.
1921 жыл -- Қосшы одағы құрылды.
1930 жылдан -- Кедей одағы атанды.
Жетекшілері: А. Асылбеков, Ә. Жангелдин, Г. Коростылев, С. Меңдешев, С. Сейфуллин, Ж. Бөрібаев, А. Розыбакиев т. б. 1921 жылғы наурызда Жетісуда Қосшы одағының 17 мыңнан астам мүшесі болды.
Міндеттері:
· Еңбек артельдерін құру.
· Кедейлерге жер беру.
· Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921 - 1922 жылғы жүргізілген жер реформасының маңызы:
Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды.
Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті.
Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
24.Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).
Жаңа экономикалық саясат -- 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде "әскери коммунизм" саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz