Автомобильдің қозғалтқышының құрылысы және жөндеу
Кіріспе
Іштен жану қозғалтқышы әртүрлі жол және климат жағдайларында жұмыс істейді, сондықтан оның механизмдері айтарлықтай температуралық, механикалық және химиялық әсерлерге ұрынады. Пайдалану барысында машинаның бастапқы қасиеттері және параметрлері өзгеріп, қозғалтқыштың негізгі бөлшектерінің, тетіктерінің тозуы орын алады.
Тозу -- бұл тетіктің ғана емес, оның жұмыс беті пішінінің және күйінің, тетіктің бастапқы өлшемінің біртіндеп өзгеру процесі. Тозу процесінің нәтижесі тозу дәрежесі болып табылады, ол әдетте микрометрмен (мкм) және миллиметрмен (мм) өлшенеді, бірақ кейбір жағдайларда тозу масса бірлігімен (мг, г және т.б.) беріледі. Тозу шамасының өзгеру процесін жұмысқа пайдалану кезінде үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең түйіндесулерді іске кірістірумен байланысты, ол қозғалтқыштың мардымсыз жүрісінде байқалады. Бұл кезең тозудың тез қарқындауымен сипатталады, себебі бөлшектердің жұмыс беті қабаттарындағы аздаған бұдырлар тегістеле бастайды. Іске кірістірудің соңы жаңа қозғалтқышты сынақтан өткізгеннен кейін аяқталады және бөлшектердің (олардың арасындағы саңылаулардың) тозуының тұрақтануымен сипатталады және бұл саңылау номиналды деп аталады.
Екінші кезең -- қозғалтқышты қалыпты пайдалану кезеңі, уақыты бойынша ұзаққа созылғанымен, бөлшектерінің тозуының жылдамдығы төмен болғандықтан, оны табиғи (өздігінен) тозу кезеңі деп атайды. Тозу қарқыны көптеген факторларға байланысты. Пайдалану жағдайлары нашарлаған сайын тозу қарқындай түседі, ал реттеу жұмыстарын жүргізу, пайдалану жағдайларын жақсарту (жаңа май құю, аз жүктеме) осы кезеңдегі тозу қарқынын төмендетеді. Алайда тозудың жалпы заңдылығы өзгермейді -- тозу дәрежелері арта түседі және рұқсат етілген шамаларға жетеді.
Қозғалтқыштағы түйіндесулердің бұдан кейінгі жұмысы кезінде саңылаулар үлкейіп, динамикалық жүктемелер артып, майлану сапасы нашарлап, солардың салдарынан бөлшектердің тозу жылдамдығы үдейді.
Қозғалтқыштағы түйіндесу жұмыстарының үшінші кезеңін апатты тозу кезеңі деп атайды. Түйіндесулер жұмысы бұл кезеңде істен шығуға алып келуі мүмкін және мұқият бақылауды талап етеді. Тозу бұл жағдайда шекті шамадан артық болмауы тиіс. Номиналды саңылаудың (тозу дәрежесінің) сандық мәндері қозғалтқыш конструкциясында көрсетіледі, ал рұқсат етілген
Қозғалтқыштың апатсыз жұмысы үшін техникалық диагностикалау әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, оның техникалық жағдайын жүйелі түрде тексеріп отыру қажет (7-тарауды қараңыз).
Жұмысқа жарамды қозғалтқыш келесі негізгі талаптарға сәйкес келуі тиіс: тарсылдамай, үзіліссіз жұмыс істу, пайдаланылған газдардың құрамындағы улы заттардың мөлшері аз болып, оңай қосылып, қоректендіру және салқындату жүйелері бітеу болуы тиіс және т.б. Осы және басқа да талаптар орындалмаған жағдайда, сондай-ақ жекелеген агрегаттар істен шыққан жағдайда қозғалтқыш жөндеуден өткізілуі тиіс. Пайдалану кезінде қозғалтқышты жөндеу ағымдық және күрделі болып бөлінеді.
Ағымдық жөндеу. Әдетте ағымдық жөндеу қозғалтқышты толық бөлшектеместен жүргізіледі және жекелеген істен шыққан бөлшектер мен механизмдерді ауыстыруды (мысалы, сұйықтық сорғысының жетек белдігін, стартерді, форсункаларды немесе оталдыру білтелерін ауыстыруды) қажет етеді.
Күрделі жөндеу. Күрделі жөндеу кезінде қозғалтқыш толық бөлшектеліп, бөлшектері ақауланып, тозған бөлшектері ауыстырылып, қайта жиналып, стендте тексеріледі.
Күрделі жөндеу кезінде келесі тетіктер ауыстырылуы тиіс: поршеньдер, компрессиялық және майалғыш поршень сақиналары, цилиндр гильзалары, негізгі және шатун мойынтіректерінің төсемелері, тығыздағыш манжеттер, дизельді жағармай аппаратурасының прецизиялық тетіктері, тығыздағыш төсемелер.
Күрделі жөндеуді қажетті жабдықпен, керек-жарақтармен және құралдармен жабдықталған арнайы бөлмежайда өткізеді. Соған қоса жөндеу жұмыстарын орындау арнайы нормалар мен ережелерді (санитарлық, қауіпсіздік техникасы, электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және т.б.) сақтауды талап етеді.
1 Негізгі бөлім
1.1 Автомобильдің жалпы құрылысы
Қазіргі автомобиль аса күрделі механизм, оның мыңдаған тетіктері бар. Алайда көптеген автомобильдердің құрылысының принциптері, агрегаттық негізі мен олардың жұмысы бірдей болып келеді. Автомобильдер мен олардың тетіктері қанша сан алуан болғанымен, әр автомобильді шартты түрде үш негізгі бөлікке бөлуге болады: қозғалтқыш, шасси және кабиналы шанақ. Автомобиль агрегаттарының типтік орналасуы 1-суретте көрсетілген. Автомобильдер мен автобустардың көпшілігінің артында немесе алдында орналасатын қозғалтқышы (1), біреуі жетекші болып саналатын екі белдемесі (осьтері) (7 және 15), іліністіргіші (14), беріліс қорабы (13), кардан берілісі (11), артқы (8) және алдыңғы (16) аспалары, доңғалақтары, басқаруға арналған рулі, тежеу жүйесі, электр жабдықтары жүйесі және кабинасы немесе шанағы болады.
1.1.1. Қозғалтқыш
Қозғалтқыш жағармайдың жануы нәтижесінде алынған жылу энергиясын иінді білікті айналдыру арқылы механикалық энергияға айналдырып, ол соңынан трансмиссия агрегаттары арқылы жетекші доңғалақтарға беріледі.
1-сурет. ГАЗ-3307 автомобилінің құрылысы: 1 - қозғалтқыш; 2 - алдыңғы доңғалақ; 3 - ауа тазартқыш; 4 - жанармай құю багы; 5 - рөл дөңгелегі; 6 - автомобиль рамасы; 7 - артқы жетекші белдеме; 8 - артқы рессорлық аспа; 9 - артқы доңғалақ; 10 - тежегіштің вакуумдық күшейткіші; 11 - кардан берілісі; 12 - орталық трансмиссиялық (аялдау) тежегіш; 13 - беріліс қорабы; 14 - іліністіргіш; 15 - алдыңғы ось; 16-алдыңғы рессорлық аспа
Автомобиль қозғалтқышының арналымы, жұмысы және құрылысы 2- тарауда сипатталған.
1.1.2. Шасси
Автомобильдегі шасси трансмиссиядан, жүріс бөлігінен және автомобильді басқару механизмдерінен (рөл механизмінен, тежегіштен және электр жабдықтарынан) тұрады.
Трансмиссия. Тарту күшін қозғалтқыштан жетекші доңғалақтарға беру үшін трансмиссия қолданылады, ол берілетін тарту күшінің шамасын өзгертуге мүмкіндік беретін механизмдерден тұрады.
Жетекші осьтердің санына қарай автомобильдер бір артқы осі немесе екі осі де жетекке алынатын екі осьті және екі артқы осі немесе үш осі де жетекке алынатын үш осьті болып бөлінеді.
Іліністіргіш қозғалтқышты трансмиссиядан қысқа мерзімге ажырату, сондай-ақ оларды біртіндеп қосу үшін қызмет етеді. Іліністіргіш іліністіру механизмінен және оның жетек механизмінен тұрады.
Қазіргі заманғы автомобильдерде іліністіргіштің екі типі болуы мүмкін: орталық диафрагмалы серіппелі және жетектегі дискіні қозғалтқыштың сермеріне беттестіріп қысатын серіппелері перифериялық түрде орналасқан.
Жетектегі дискілерінің санына қарай іліністіргіш бір-, екі- немесе үш дискілі болуы мүмкін. Жетек типіне қарай іліністіргіш механикалық немесе күшейтілген, ол өз кезегінде гидравликалық, пневматикалық немесе құрамдастырылған болуы мүмкін.
Қазіргі автомобильдердің көпшілігінде іліністіру педаліне түсетін күшті азайту үшін күшейткіші бар іліністіру жетегі қолданылады.
Сермерлі қозғалтқыштың иінді білігіне іліністіру механизмі берік бекітілген. Сермердің саңылауында мойынтірекке беріліс қорабының жетекші білігі сүйеніп тұрады.
Беріліс қорабы жетекші доңғалақтардағы тарту күшін және автокөліктің қозғалыс жылдамдығын, сондай-ақ автокөліктің алға және артқа жүру қозғалысының жылдамдығын өзгертуге арналған. Беріліс қорабы автомобильдің қозғалтқышы мен жетекші доңғалақтарын кез келген уақыт аралығына ажыратуға қабілетті.
Доңғалақтардағы автомобиль қозғалған кезде туындайтын кедергіні еңсеру үшін қажетті тарту күші автомобильді пайдалану жағдайларына қарай өзгеруі тиіс.
Автомобиль көлденең тегіс жолмен төмен жылдамдықпен қозғалып келе жатқанда кедергіні еңсеру үшін шағын тарту күші қажет болады. Бұл тарту күшін алу үшін қозғалтқыш үдете алатын ең үлкен қуаттылықтың бір ғана бөлігі қажет болады. Сонымен бірге автомобильдің артық қуаттылығы автомобильдің орнынан үдемелі жылдамдықпен қозғалуы және үлкен жылдамдықпен қозғалуы үшін қажет.
Егер автомобиль нашар жолмен жоғары қарай қозғалып бара жатса, онда кедергі ұлғая түседі. Бұл кедергіні еңсеру үшін қозғалтқыштың қуаттылығын толық пайдалана отырып, жетекші доңғалақтардағы тарту күшін тиісінше ұлғайту қажет.
Автомобиль орнынан қозғалған кезде оның доңғалақтарындағы тарту күші аса үлкен болуы тиіс, өйткені бұл кезде автомобиль инерциясын еңсеру қажет болады.
Қозғалтқыштың және автомобильдің жетекші доңғалақтарының иінді біліктерінің айналу жиілігінің, демек доңғалақтардағы тарту күшінің ара қатынасын өзгерту беріліс қорабындағы тісті доңғалақтардың (тегершік) көмегімен жүзеге асырылады.
Кіші жетекші тегершік айналған кезде онымен ілінісіп тұрған үлкен жетектегі тегершік (доңғалақ) оның тістерінің саны кіші тегершік тістерінен қанша есе көп болса, сонша есе баяу айналатын болады. Бұл жағдайда жетектегі тегершік осіндегі айналдырушы момент сонша есе ұлғаяды. Алайда берілетін қуаттылықтың кейбір мардымсыз бөлігі тегершіктегі, оның тіректеріндегі үйкеліс кедергісін еңсеру және майлағыш майды сілкілеу кезінде азаятын болады.
Жетектегі тегершік тістерінің санының жетекші тегершік тістерінің санына қатынасы немесе олардың айналу жиіліктеріне қатынасы беріліс саны деп аталады. Тегершік жұбының беріліс саны неғұрлым үлкен болса, айналу жиілігі мен жетектегі тегершік білігінде жетекші тегершікке қатысты алынатын айналдырушы момент айтарлықтай өзгереді.
Беріліс қорабының әрекеті осы тістерінің саны әртүрлі тегершіктерді іліністіру арқылы беріліс сандарын өзгертуге арналған.
Автомобильдің артқа жүруі беріліс қорабының көмегімен де жүзеге асырылады, бұл жағдайда жетекші және жетектегі тегершіктер арасына аралық тегершік енгізіледі. Аралық тегершік қосылмаған беріліс қорабындағы тарту күшін беру кезінде жетекші және жетектегі тегершіктер бір бағытта айналады. Іліністіргішке қосарлы аралық тегершікті енгізген кезде жетектегі білік кері бағытта айналып, автомобиль артқа жүре бастайды.
Автомобильдерде негізінен тегершікті үш негізгі білігі болатын тіке берілісті білікті беріліс қораптары қолданылады: жетекші (біріншілік), аралық және жетектегі (екіншілік).
Жеңіл автомобильдерде үш- және төртсатылы беріліс қораптары, жүк көтергіштігі орташа жүк автомобильдерінде -- төрт сатылы және жүк көтергіштігі аса жоғары жүк автомобильдерінде -- бес- немесе сегіз сатылы және одан астам беріліс қорабы.
Автомобильдердің беріліс қораптарында тегершіктің шуы мен тозуын азайту, бірқалыптылығын арттыру үшін жұмыс кезінде үнемі ілінісіп тұратын қиғаш тісті тегершіктер пайдаланылады.
Берілістерді ауыстыруды жеңілдету үшін жеңіл қосуға арналған муфталар мен синхронизаторлар қолданылады.
Синхронизатордың әрекетіне келер болсақ, ол жалғанатын тегершік пен біліктердің айналу жылдамдығын автоматты түрде теңестіре отырып, берілістердің шусыз және соққысыз ауыстырылуын қамтамасыз етеді.
Тарату қорабы айналдырушы моментті өтімділігі жоғары үш осьті автомобильдердің және жүк көтергіштігі жоғары автомобильдердің - жетекші белдемелеріне тарату (бөлу) үшін қажет және тікелей беріліс қорабынан кейін орналасады. Сонымен қатар тарату қорабында алдыңғы жетекші белдемені қосу және айыруға арналған құрылғы орналасқан.
Тарату қорабында әдетте екісатылы редуктор болады. Осыған байланысты трансмиссияның беріліс саны өзгеріп, автомобильдің жалпы беріліс санын ұлғайтады, бұл әртүрлі жол жағдайларында автомобильді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Кардан берілісі айналдырушы моментті беріліс қорабының (немесе тарату қорабының) жетекші білігінен жетекші белдемелердің басты берілісінің білігіне бұрышпен беруге арналған.
Мұның себебі сол, автомобильдердегі жетекші белдемелер әдетте беріліс қорабынан төмен орналасады. Біліктің көлбеу бұрышы өзгереді, өйткені жетекші белдеме автомобильдің рамасына немесе шанағына арнайы аспамен бекітіліп, солардың бойымен қозғалып отырады.
Кардан берілісі кардан топсаларынан, кардан біліктерінен (тұрбаларынан) және аралық тіреулерден тұрады. Отандық автомобильдерде қатты кардан топсалы қосарланған ашық кардан берілістері қолданылады.
Жетекші доңғалақтардың жетек механизмі басты берілістен, дифференциалдан және бір картерге орналастырылған және автомобильдің артқы белдемесін түзетін жарты осьтерден тұрады.
Басты беріліс жетекші доңғалақтардағы айналдырушы моментті ұлғайтуға, қозғалтқыштан доңғалақтарға берілетін айналу жиілігін азайтуға және айналымның кардан берілісінен тік бұрышпен жарты осьтерге берілуін қамтамасыз етуге арналған.
Дифференциал айналдырушы моментті жетекші доңғалақтарға таратуға және автомобиль бұрылыстарда және шоқалақты жолмен қозғалған кезде олардың әртүрлі жылдамдықтармен айналуын қамтамасыз етуге арналған.
Ең көп таралғаны -конус тәрізді тегершікті дифференциал. Мұндай дифференциалда жарты осьті тегершіктер, сателлиттер, крестовина және тостағандар болады.
Жарты осьтер айналдырушы моментті дифференциалдан жетекші доңғалақтарға беруге арналған.
ЗИЛ-131, Урал-375, ВАЗ-2121, УАЗ-3201 және басқа кейбір автомобильдердің алдыңғы жетекші белдемелері бар.
Алдыңғы жетекші белдеме конструкциясының ерекшелігіне бұрмалы цапфалары жатады, олардың ішіне бұрыш жылдамдықтары тең топсалар енгізілген.
Жүріс бөлігі. Автомобильдің жүріс бөлігі рамадан (немесе тұғырлық шанақ), осьтерден, аспалар мен доңғалақтардан тұрады.
Рамалары лонжерондық және орталық болып бөлінуі мүмкін. Лонжерондық рама екі бойлық арқалықтан (лонжерондардан) тұрады, олар өзара бірнеше көлденең арқалықтармен (траверстермен) дәнекерлеу немесе шегендеу арқылы жалғанған. Жүк автомобильдерінің лонжерондары мен көлденең арқалықтары табақшалы болаттан қалыптау арқылы жасалған, астау тәріздес немесе қорап тәріздес қимасы болады.
Сыйымдылығы орташа және шағын жеңіл автомобильдерде раманың орнында қатты (тұғырлы) шанақ болады және ол бойлық арқалықтармен, бүйірлік бағаналармен күшейтіледі.
Автомобильдің алдыңғы және артқы осьтері тігінен түсетін жүктемені қабылдап, ұстап тұрады. Барлық жүк автомобильдерінде тұтас алдыңғы ось, ал жеңіл автомобильдерде доңғалақтар аспасынан дербес -- бөлінген (құрамды) ось қолданылады.
Тұтас алдыңғы (жетекші емес) ось арқалықтан, цапфалары мен шүберіндері бар бұрмалы құлақтан тұрады.
Өтімділігі жоғары автомобильдерде алдыңғы ось алдыңғы жетекші белдеме арқалығы болып табылады, оның жарты ось тәрізді құбырына - шүберін арқылы бұрмалы цапфалары бар корпустар жалғанады. Цапфаларға мойынтірекпен жетекші және басқарушы болатын алдыңғы доңғалақтар орнатылады.
Екі осьті автомобильдердің артқы осі ретінде артқы жетекші белдеменің арқалығы қолданылады. Жүк автомобильдерінде артқы белдеме арқалығының жарты осьті құбырының шеттеріне конус тәрізді роликті мойынтірекпен жарты осьтердің фланецтерімен жалғанған доңғалақты күпшек орнатылған. Жеңіл автомобильдерде мойынтіректер жарты осьті құбырдың ішіне орнатылып, доңғалақтар жарты осьтерге бекітіледі.
Үш осьті автомобильдерде артқы бөлігінің рамасы рессоралар көмегімен арбаға таянады, арба жетекші доңғалақтарды орнату үшін арқалықтарды ось ретінде пайдаланатын екі жетекші белдемеден тұрады.
Аспаның серпімді элементтері бар, ол раманы осьтермен байланыстырады. Аспа шоқалақты жолдарда доңғалақтарға түсетін соққыларды жұмсарту және бәсеңдету үшін қажет, бұл автомобильдің біркелкі қозғалуын қамтамасыз етіп тұрады.
Аспа тәуелді және тәуелсіз болуы мүмкін. Тәуелді аспа конструкциясында табақшалы рессоралар немесе торсиондар (бұралуға арналған осьтер) пайдаланылады. Табақшалы рессора ұзындығы әртүрлі серпімді иілген табақшалардан құралады. Рессораның барлық табақшалары арнайы қамыттар мен басқыштар көмегімен бір пакетке жалғанған. Рессораның табақшалары арасына қыстырмалар салынып, - сықырлауын басуға және тозуын азайтуға арналған арнайы майлағыш енгізіледі.
Әр доңғалағы рамаға немесе шанаққа дербес ілінген, ал аспадағы доңғалақтары бір-біріне тәуелсіз түрде тербелетін аспа тәуелсіз деп аталады. Тәуелсіз аспаның конструкциясында болат бұрандалы серіппелер мен тербеліп тұратын иінтіректер қолданылады.
Автомобиль шанағының бүйір жағына қисаюын азайту үшін кейбір аспалардың конструкциясында көлденең орнықтылығының тұрақтандырғыштары қолданылады, олар автомобильдің бойлық осіне көлденең орнатылатын шеттері қайырылған ұзын серпімді болат стерженьдер түрінде жасалған. Стерженьнің ортаңғы бөлігі шанақ негізінің рамасының кронштейндеріндегі резеңке төлкелерге бекітілген. Стерженьдердің қайырылған шеттері резеңке жастықшаларда аспаның төменгі иінтіректерінің тірек тостағанымен жалғанған.
Аспада демпфирлеуші элемент ретінде рессораның немесе аспа серіппесінің деформацияға ұшырауы нәтижесінде туындайтын автомобиль шанағы мен рамасының тербелістерін тез басуға арналған гидравликалық немесе газды амортизаторлар қолданылады. Бұл автомобиль жүрісінің біркелкілігін арттыруға септігін тигізеді.
Доңғалақтар дискілі және дискісіз болып бөлінеді. Дискілі доңғалақтар дискіге шегенделген немесе дәнекерленген тоғыннан тұрады. Дискісіз доңғалақтар шабақтарымен бірге болаттан құйылған күпшектен тұрады, шабақтарға көлемді тұтас немесе бөлінген, үш сектордан тұратын тоғын бекітіледі.
Шиналар камералы және камерасыз болып бөлінеді. Арналымына қарай камералы және камерасыз шиналар екі негізгі топқа бөлінеді: жеңіл және жүк тасу автомобильдеріне арналған.
Пішіміне қарай шиналар жайпішімді, аласапішімді, кеңпішімді және аркалы болып бөлінеді. Шиналардың қысымы тұрақты немесе реттелмелі болуы мүмкін, соған қоса реттелмелі қысымды шиналар ауаның ішкі қысымы 0,05...0,07 МПа дейін төмендегенде қысқа мерзімді жұмыс істей алады, бұл жұмсақ жер бетімен және терең қар үстімен қозғалған кезде автомобильдің өтімділігін арттырады.
Каркас конструкциясына қарай шиналар диагоналды және радиалды болып бөлінеді. Диагоналды шиналардың каркасының іргелес қабаттарда шамамен 50° бұрышпен айқасатын корд жіптері болады. Радиалды шиналардың каркастағы синтетикалық корд жіптері радиалды түрде орналасып, тозуға қарсы төзімділігі жоғары болады. Радиалды конструкциялы шиналар Р немесе PC индекстерімен таңбаланады, мысалы, 260-508Р немесе 7.50-20РС. PC типті шиналар Р типті шиналардан ауыстырмалы протекторлық сақиналарының болуымен ерекшеленеді Камерасыз шиналар жеңіл автомобильдерде және шағын жүк машиналарында қолданылады және жай шиналардан айырмашылығы - оларда камера болмайды. Доңғалақ тысы доңғалақтың әбден бітелген тоғынына тікелей кигізіледі.
Камерасыз шинаның ерекшелігі сол - оның ішкі бетінде бітеуші, ал борттарында тығыздаушы қабаттары болады.
Шиналардың өлшемдері дюйм немесе миллиметрмен беріледі. Мысалы, 300-508 таңбасындағы 300 саны шина пішімінің миллиметрмен берілген еніне, ал 508 саны -- миллиметрмен берілген тоғын диаметріне сәйкес келеді; 6,70-15 таңбасындағы бірінші тұрған 6,70 саны дюйммен берілген шина пішімінің енін, ал 15 саны -- тоғынның дюйммен өлшенетін орнықтыру диаметрін көрсетеді. Кейбір шиналардың таңбалары аралас болып келеді, мысалы, 280-20, мұндағы 280 саны миллиметрмен берілген пішімнің енін, ал 20 саны -- дюйммен өлшенетін орнықтыру диаметрін көрсетеді.
Алдыңғы басқарылатын белдеме автомобильдің бұрылуын қамтамасыз етеді. Орташа қалпында алдыңғы доңғалақтарының орнықтылығын (тұрақтылығын) арттыруға және автомобиль басқаруды жеңілдетуге арналған алдыңғы доңғалақтарының тік жазықтықтағы еңкіштігі мен көлденең жазықтықтағы түйіспелілігі көмектеседі, ал жүк автомобильдерінің бұрмалы құлақтарының шүберіндері немесе жеңіл автомобильдердің бұрмалы бағаналарының осьтері бойлық және ендік жазықтықта иілген.
Доңғалақтардың еңкіштігі (2-сурет, а) цапфалары төмен қарай еңкейтілген бұрмалы құлақтарды (немесе бұрмалы бағаналарды) орнату арқылы қамтамасыз етіледі. Доңғалақтардың еңкіштігінің нәтижесінде оларда күпшекті ішкі үлкен мойынтірекке апарып қысатын ось күші пайда болып, осыдан соң сыртқы кіші мойынтірекке түсетін салмақ азайтылады. Доңғалақтар еңкіштігі кезінде шүберін (немесе бағана) осінің жалғамасын қиып өту нүктесі мен доңғалақтың жолмен беттесу нүктесі арасындағы қашықтық азайып, доңғалақтардың бұрылуы жеңілдейді. Әртүрлі автомобильдер үшін доңғалақтар еңкіштігінің бұрышы (а) 0...2° аясында болады. Шүберіннің немесе бұрмалы бағана осінің көлденеңінен еңкеюі доңғалақтардың орташа қалпындағы орнықтылығын (тұрақтылығын) арттыра түседі.
Шүберіннің көлденеңінен еңкеюі нәтижесінде доңғалақтар белгілі бір бағытқа бұрылғанда автомобильдің алдыңғы бөлігі жартылай жоғары көтерілгендей болады. Бұл кезде өзінің төменгі қалпына оралуға тырысқан автомобильдің алдыңғы бөлігінің салмағы әсерінен доңғалақтар орташа бастапқы қалпына келіп, осының нәтижесінде олардың орнықтылығы нығая түседі. Бұл сонымен қатар доңғалақтардың рөлге бағынып, орташа қалпына түсуін жеңілдетеді.
Шүберіннің көлденеңінен еңкеюіне алдыңғы осьті тиісті формаға келтіру арқылы қол жеткізіледі. Шүберіннің немесе бұрмалы бағананың көлденеңінен еңкею бұрышы 6...8°-ге тең. Шүберіннің немесе бұрмалы бағана осінің бойлық көлбеулігі (2-сурет, б) сондай-ақ доңғалақтардың орташа қалпында басқарылатын орнықтылығын арттырады. Шүберіннің (бұрмалы бағананың) мұндай көлбеулігі әсерінен шүберін осінің жалғамасы доңғалақтың жолмен беттесу нүктесінен с қашықтықтағы жол жазықтығымен қиылысады.
Автомобиль бұрылған кезде автомобильді бұрылу ортасынан ығыстыруға тырысатын ортадан тепкіш күші -шиналар мен жолдың беттесу нүктелерінің арасындағы көлденең үйкеліс күшінің (реакцияның) пайда болуына себепші болады. Бұл күштер иіндегі шүберінге әсер ете отырып, доңғалақтардың орташа, бейтарап қалпына қайтып келуіне септігін тигізеді. Шүберіннің бойлық көлбеулігіне алдыңғы осьті немесе шағын көлбеулі бұрмалы бағаналарды орнату арқылы қол жеткізіледі. Шүберіннің бойлық еңкею бұрышы 0...3,5° аясында орнығады.
Көлбеу бұрыштары үлкен шүберіндерді орнату кезінде автомобильді басқару қиындайтындықтан, жеңіл автомобильдерде бұл бұрыштардың шамасы азайып немесе нөлге тең болады. Доңғалақтарды орташа қалпында тұрақтандыру бұл жағдайда деформацияға ұшырайтын шиналардың алшақтау бұрышымен қамтамасыз етіледі.
2-сурет. Автомобильдің басқарылатын доңғалақтарын орнату сұлбасы: а - доңғалақтардың еңкіштігі; б - шүберіннің бойлық көлбеулігі; в - доңғалақтардың түйіспелілігі; 1 - рөлдің көлденең тартқышы; а - доңғалақтардың еңкіштігінің бұрышы; в - шүберіннің көлденең көлбеулігінің бұрышы; у - шүберіннің бойлық көлбеулігінің бұрышы; a, b - тиісінше артынан және алдынан тоғындардың шеттерінен есептегендегі доңғалақтар арасындағы қашықтықтар; с - доңғалақтардың жолмен беттесу нүктесінен шүберінніңосінің жалғамасының жол үстімен беттескенге дейінгі қашықтығы.
Доңғалақтар бұрылған кезде серпімділігі мен жолмен ілінісуінің арқасында шина ізінің бойлық осі доңғалақтың бұрылу бұрышынан қалыс қалып, деформацияға ұшырайтын шина өз қалпына келуге ұмтылады.
Өтімділігі жоғары автомобильдердің жетекші алдыңғы белдемелерінде шүберіннің бойлық көлбеулігінің бұрыштары шағын немесе нөлге тең болады, өйткені доңғалақтарда тарту күшінің болуы доңғалақтардың орташа қалпында орнығуына септігін тигізеді. Доңғалақтардың түйіспелілігі (1.2-сурет, в) еңкейіп домалайтын доңғалақтарды жайылудан және көлденеңінен сырғуынан қорғау үшін қолданылады. Еңкіш доңғалақтарды орнату нәтижесінде автомобиль қозғалғанда доңғалақтардың жайылуы орын алады.
Доңғалақтардың түйіспелілігі алдынан (а) және артынан (b) тоғындарының шеттері бойынша доңғалақтарының арасындағы қашықтықтарының айырмасы ретінде есептеледі және ол 2...12 мм-ге тең. Доңғалақтардың түйіспелілігін рөлдің көлденең тартқышы (1) ұзындығын өзгерту арқылы ретке салуға болады.
Жүк тасу автомобильдерінде доңғалақтарды орнату кезінде олардың тек түйіспелілігі реттеледі. Жеңіл автомобильдерде бұған қоса арнайы құрылғылардың көмегімен доңғалақтардың еңкіштігін және бұрмалы бағаналар осьтерінің көлбеулігін ретке салу мүмкіндігі қарастырылған.
Рөлмен басқару. Автомобильдің қозғалу бағытын өзгертіп отыру үшін рөлмен басқару қолданылады. Алдыңғы осі қозғалмайтын кезде автомобиль қозғалысының бағытын алдыңғы басқарылатын доңғалақтарды бұру арқылы өзгертеді. Рөлмен басқару рөл жетегінен және рөл механизмінен тұрады.
Жүк тасу автомобильдерінің рөл жетегі рөл сошкасынан, бойлық тартқышынан, бойлық тартқыш иінтірегінен, бұрмалы цапфалардың рөл иінтіректерінен және рөлдің көлденең тартқышынан тұрады. Цапфалардың бұрмалы құлақтары шүберін осьтерімен топса көмегімен жалғанған.
Автомобиль бұрылыста қозғалған кезде оның доңғалақтары бүйірге қарай сырғанамай домалауы үшін, олар бұрылу ортасы деп аталатын О ортасынан сызылған шеңберлер бойымен домалауы тиіс (3-сурет). Онда барлық доңғалақтар осьтерінің жалғамалары қиылысуы тиіс. Бұл шарттың орындалуы үшін бұрылу ортасынан есептегенде ішкі басқарылатын доңғалақ -сыртқы доңғалаққа қарағанда тіктеу бұрышпен бұрылуы тиіс. Доңғалақтар қажетті түрлі бұрыштарға бір уақытта бұрылуы үшін рөлдік трапеция қолданылады.
Бір доңғалақ тартқыштар мен иінтіректер арқылы бұрылған кезде екінші доңғалақ та бұрылады. Бұл кезде көлденең тартқыштың алдыңғы оське қатысты күйі өзгеретіндіктен, бұрылу ортасына қарап тұрған ішкі доңғалақ сыртқы доңғалаққа қарағанда үлкенірек бұрышпен бұрылады.
Рөл механизмі рөл дөңгелегінен сошкаға берілетін күшті ұлғайту үшін қызмет етеді.
3 -сурет Автомобильдің бұрылу сұлбасы: О - бұрылу ортасы
Рөл механизмдері бұрамды, рейкалы немесе бұрандалы болып бөлінеді.
Көбінесе автомобильдерде рөл механизмінің екі типі қолданылады: бұрам - ролик және бұрам - сектор.
Соңғы кезде жүк тасу автомобильдерінде, автобустарда және жеңіл автомобильдердің біразында рөлмен басқару күшейткіштері кеңінен таралған.
Рөлмен басқару күшейткіштері жүргізушінің рөл дөңгелегіне түсіретін күшін азайту, сондай-ақ автомобиль шоқалақты жолмен жүрген кезде басқарылатын доңғалақтардан рөл дөңгелегіне берілетін соққылар мен дүмпулерді жұмсарту үшін қажет. Күшейткіштердің екі негізгі типі бар: гидравликалық және пневматикалық. Гидравликалық күшейткіштер жиірек қолданылады.
Конструкциясына қарай рөл күшейткіштері механизмдерінің бөлек күш цилиндрі және бір агрегатта рөл механизмімен біріктірілген цилиндрі болады.
Тежеу жүйесі. Қозғалыс жылдамдығын азайту, тоқтату және қозғалыссыз күйде ұстап тұру үшін автомобильдерді тежеу жүйесімен жабдықтайды. Автомобильдің тежеу жүйесіне тежеу механизмдері (тежегіш) және оларды іске келтіретін құрылғылар кіреді.
Құрылысы жөнінен автомобильдерде қолданылатын тежегіштер барабанды және дискілі, ал орналасу орнына қарай - доңғалақтық және трансмиссиялық (орталық тежегіш) болып бөлінеді.
Тежегішті басқару үшін аяқ педалі немесе қол тұтқасы қолданылады. Тежегіштерге күш жіберу механикалық, гидравликалық немесе пневматикалық жетектер көмегімен жүзеге асырылады.
4 -сурет Тосқауылдауға қарсы тежегіштер жүйесі бар ЗИЛ-5301 автомобилінің тежегіш жетегінің сұлбасы 1 - компрессор; 2 - пневможетек қысымын реттегіш; 3 - ылғал-май айырғыш; 4 - компенсациялық баллон; 5 - үш қабат қорғағыш клапан; 6 - бақылап шығару клапандары; 7 - бір қабат қорғағыш клапан; 8 - регенерациялық баллон; 9 - конденсат ағызу крандары; 10 - тежеу сигналын айырғыштар; 11 - екі секциялы жұмыстық тежеу жүйесінің краны; 12 - жұмыстық тежеу жүйесінің екітілді манометрі; 13 - қысым құлауының пневмоэлектрлік хабаршылары; 14 - ауа баллондары; 15 - аялдап тежеу жүйесінің краны; 16 - тез тежеуге кірісу клапаны; 17 - аялдап тежеу жүйесі жетегінің серіппелі қуат аккумуляторы; 18 - алдыңғы ось тежегішінің гид-роцилиндрлері бар қапсырмасы; 19 - алдыңғы осьтің басты тежегіш цилиндрі; 20 - алдыңғы осьтің пневмокамерасы; 21 - алдыңғы осьтің модуляторы; 22 - тежеу күштерінің реттегіші; 23 - артқы белдеме доңғалақтарының модуляторлары; 24 - артқы белдеменің оң жақ доңғалағының пневмокамерасы; 25 - артқы белдеменің оң жақ доңғалағының басты тежегіш цилиндрі; 26 - артқы белдеменің сол жақ доңғалағының пневмокамерасы; 27 - артқы белдеменің сол жақ доңғалағының басты тежегіш цилиндрі; 28 - артқы белдеме тежегішінің жұмыс гидроцилиндрлері
Барлық автомобильдерде бір-бірінен тәуелсіз қолданыстағы бірнеше келесі тежеу жүйелері қолданылады: жұмыстық, екі немесе одан көп дербес контурға бөлінген, қозғалыс кезінде автомобильді тежеу үшін - пайдаланылады; аялдауға арналған, автомобильді тұрақтарда қозғалыссыз күйде ұстап тұру үшін және кейбір жағдайларда жұмыстық тежеу жүйесіне қосымша ретінде пайдаланылады; қосалқы немесе апаттық жағдайға арналған, жұмыстық тежеу жүйесі толық немесе жартылай істен шыққан кезде автомобильді тоқтату үшін пайдаланылады.
Қазіргі автомобильдердің тежеу жүйесінде тосқауылдауға қарсы тежегіштер жүйесі (АБС), яғни тежеуді басқарудың электронды жүйесі орнатылған, ол ез-келген жолдарда тежеген кезде автомобиль доңғалақтарының құлыпталуына жол бермейді, бұл автомобильдің орнықтылығы мен басқарылуын сақтап, тежеу тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Автомобильдің жұмыстық тежеу жүйесін аяқ педалімен басқарады, оның гидравликалық немесе пневматикалық жетекті доңғалақты қалыптық немесе дискілі тежегіштері бар. Сонымен қатар құрамдастырылған пневмогидравликалық жетек те қолданылады. Бірқатар автомобильдердің модельдерінде гидравликалық жетекке педальға түсетін күшті азайту үшін түрлі күшейткіштер енгізілген.
Аялдап тежеу жүйесін әдетте қол тұтқасымен басқарады, оның механикалық және пневмо- және пневмогидравликалық жетекті автомобильдерде пневматикалық жетегі болады. Аялдап тежеу жүйесі трансмиссиялық (орталық) қалыптық немесе дискілі тежегіштерге немесе доңғалақты қалыптық тежегіштерге әсер етеді. Қосалқы, немесе апаттық тежеу жүйесін арнайы кранның немесе аялдап тежеу жүйесінің краны көмегімен басқарады. АБС бар ЗИЛ-5301 автокөлігінің пневмогидравликалық жетегінің сызбасы 4-суретте көрсетілген.
Автомобильдің электр жабдықтары. Автомобильдегі электр энергиясы ұшқынмен тұтатылатын қозғалтқыштардағы жұмыс қоспасын тұтандыру, жарық беру және сигнал қағу, қозғалтқышты іске қосу, бақылауөлшеу құралдарын қуаттандыру үшін пайдаланылады.
Осыған байланысты автомобиль электр жабдықтарына электр тогының көздері; жұмыс қоспасын тұтандыру жүйесі, жарық түсіру және сигнал беру жүйесі; қозғалтқышты электрлік іске қосу жүйесі; электрмен қуаттандырылатын бақылау-өлшеу құралдары жатады.
Автомобильдегі ток көздерінің тобына генератор мен аккумуляторлық батарея жатады. Сонымен қатар ток көздерінің тобына генератордың жұмысын реттеу құралдары мен бақылау құралдары ретінде ток немесе кернеу сілтегіштері және сигнал бергіш жатады.
Электр жабдықтарының барлық құралдарын қоректендіру үшін автомобильдерде кернеуі 12 немесе 24 В болатын ток көздері қолданылады.
Ток көздерін автомобильдердегі тұтынушылармен жалғау үшін бірсымды жүйе қолданылады, өйткені екінші сым автомобильдердің металл бөліктері - оның корпусы (масса) болып табылады. Ток көздерінің оң полюсі желіге, ал теріс полюсі массаға жалғанады. Автомобильдердің электр жабдықтарының сұлбаларындағы электр тогы тізбектерін қарастырған кезде электр зарядтарының оң полюстен теріс полюске қарай қозғалуы ток бағыты ретінде қабылданады.
Генератор автомобильдегі негізгі ток көзі болып саналады және қозғалтқыш арқылы іске келтіріледі. Қазіргі автомобильдерде айнымалы ток генераторлары қолданылады, олар айнымалы токты аккумуляторлық батареяны және барлық электр жабдықтары құралдарын қуаттандыру үшін пайдаланылатын тұрақты токқа айналдыратын түзеткіштермен жабдықталған.
Кернеуді жүктемесіне, генератор зәкірінің айналу жиілігіне және температуралық режимдеріне қарай белгілі бір шекте тұрақтандыру үшін автоматты кернеу реттегіші қолданылады.
Қазіргі автомобильдерде негізінен түйіспелі-транзисторлық және транзисторлық түйіспесіз кернеу реттегіштері қолданылады.
Автомобильдегі аккумуляторлық батареялар қозғалтқышты іске қосуға, жарық түсіруге, сигнал беруге және бақылау-өлшеу құралдарының, әйнек тазартқыш, және басқа құралдардың жұмысына арналған.
Аккумуляторлық батарея электр энергиясының бір жағынан көзі болса, бір жағынан тұтынушысы. Ол қозғалтқыш жұмыс жасап тұрған кезде генератордан келетін электр қуатын жинақтап, қозғалтқыш жұмыс жасамай тұрған немесе иінді білігі нашар айналып тұрған жағдайда электр жабдықтарын қоректендіру үшін қызмет етеді.
Аккумуляторлық батареяның жұмысы оның элементтерінің өзара әрекеттесуінің электр-химиялық үрдістеріне негізделген, осыған байланысты аккумуляторлық батареялар қышқылды (қорғасынды, қорғасынды-қышқылды) және сілтілі (темір-никельді) болып бөлінеді. Автомобильдерде негізінен қорғасынды-қышқылды аккумуляторлық батареялар қолданылады.
Аккумуляторлық батареяның жұмысын анықтаушы негізгі көрсеткіштеріне оның кернеуі мен сыйымдылығы жатады.
Қазіргі автомобильдерде қолданылатын аккумуляторлық батареялардың кернеуі әдетте 12 В.
Аккумулятордың сыйымдылығы - оның шығарушы қадалардағы кернеуінің ең шекті құлау деңгейіне дейінгі белгілі бір күшке ие электр энергиясының белгілі бір мөлшерін қуаттану кезінде жұтып, ал қуатсыздану кезінде беру қабілеттілігін сипаттайтын шама.
Стартер автомобиль қозғалтқышының ең негізгі іске қосушы құрылғысы және ол электр қозғалтқыштан, жетек механизмінен және басқару механизмінен тұрады. Стартерлерде тұрақты токты электр қозғалтқыштар қолданылады. Автомобильдердің стартерлері жетек тегершігінің мәжбүрлік электрмагниттік қосқыштарымен жабдықталады.
Ұшқынмен тұтатылатын автомобильдегі тұтандыру жүйелері келесідей:
:: механикалық үзгіші бар батареялық;
:: түйіспелі-транзисторлық;
:: түйіспесіз-транзисторлық.
Батареялық тұтандыру жүйесіне генератордан немесе аккумуляторлық батареядан қоректенетін тұтандыру шарғысы, -үзгіштаратқыш, тұтандыру білтелері, тұтандыру айырғышы, -төмен және жоғары кернеу сымдары кіреді.
Ұшқынмен тұтандырылатын қозғалтқыш цилиндрінде сығылатын бензин мен ауаның жұмыс қоспасы тұтандыру білтесінің электродтарының арасымен өтетін электр ұшқынынан тұтанады. Сығылған жұмыс қоспасының ортасында, әсіресе суық қозғалтқышта қуатты ұшқын алу үшін электр тогының кернеуі шамамен 12...15 кВ болуы тиіс.
Екі шарғы мен көлемді өзекшеден тұратын тұтандыру шарғысы 12 В төмен кернеуді жоғары кернеуге айналдыру үшін қолданылады. Шарғының бастапқы орамасы қалың сымнан жасалады және орам саны аз (шамамен 300), қосалқы орамасы өте жұқа сымнан жасалады және шамамен 20 000 орамнан тұрады.
Тұтандыру шарғысының бірінші тізбегін ажыратып- тұйықтау және электр зарядын қозғалтқыш цилиндрлеріне бөліп-тарату үшін үзгіштаратқыш қолданылады.
Тұтандырудың үзгіш-таратқышы ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz