ТУРИСТІК КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1-тақырып. Кіріспе. Туристік бизнесті жоспарлау жəне ұйымдастыру курсының мақсаттары мен міндеттері
Дəріс мақсаты: Туристік бизнестің даму тарихы. Туристік индустрия жəне туристік бизнес түсініктері.
Қарастырылатын сұрақтар: Турбизнес экономикасы - экономика саласы ретінде Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңға сəйкес оқылатын пəндерді игерудің негізгі біліктіліктері. Туристік бизнестің даму тарихы.
Туристік бизнес тарихының негізі 1841 жылы ағылшын мұға- лімі Томас Куктың Мидленд округіндегі теміржол компаниясын Лейстер-Лафборо деген 18 км трассада пойыздық саяхат ұйым- дастыруға үгіттеуінен басталған.
Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Оған 20 саяхатшы қатысып, жерді 220 күнде айналып өтті.
1892 жылы Т. Кук өмірден өтіп, оның еңбегін ұлы жəне ұжымдастары жалғастырады. Осылайша, Томас Кук туристік компаниясы дүниеге келеді.
Ал 1885 жылы Ресей жерінде алғашқы туристік фирманың негізі болып Петербургте Леопольд Липсонның кəсіпорны саналды.
XX ғасырда турбизнестің дамуы ерекшелене бастады. Сұра- ныс өскен сайын олардың талаптары да арта түсті. Сол себептен қызмет көрсету деңгейі көтеріліп, талаптарға сай қызмет көрсету
маңызды шаруалардың бірі болды. Мұндай сапалы қызмет көрсету ғылыми түрде зерттеліп, мамандық ретінде оқытылды. 1901 жылы Lasell College оқу орнында туристік бизнес маман- дығы енгізіліп, студенттерді қабылдай бастады.
Туристік бизнестің дамуы көптеген мемлекеттерге қолдау көрсетті. Экономикасы əлсіз, құрып кету қаупінде тұрған мем- лекеттер туристік бизнеске бет бұрып, оны дамытуға барлық жағ- дайды жасауға кірісті.
1914 жылы Германия қонақүй, мейрамхана, туристік кешен- дерді дамытуды көздеді.
1922 жылы Корея халқы қосымша күнкөріс ретінде туристік бизнеспен айналысты. Олар шағын демалыс орындарын ашты.
Ресей жерінде 1929 жылы Интурист компания тобы құрылды. Ол өз тарабынан бизнестің дамуына жол ашты. Сонымен қатар 4 бизнестің бағытын қарастырды. Олар: туроператор, қонақүй, турөнімді сату жəне көлік қызметін көрсететін бизнес түрлерін ұсынды.
Екінші дүниежүзілік соғыс туристік бизнестің дамуын тежеді.
Осы уақытқа дейін жұмыс істеп келе жатқан орындар жабылып қалды. Тек 1950-1960 жылдары ел экономикасын көтеруге байланысты туристік бизнеске назар аударылып, оның қыр-сырларын дамыта бастады. Туристік бизнес соғыстан дағдарысқа ұшырап шыққан елдердің экономикасын көтеретін бір бағыт ретінде қарастырылды. Туристік бизнес жүйесі күрделене түсті. Жаңа бағыттар ашылып, бизнестің сферасы кеңи бастады. Жаңа тараптан қызығушылар көбейіп, туристік бизнестің тарихын тағы бір сатыға көтерілді.
Қазақстан - Еуразияның кіндігінде орналасқан шығыс пен батыс дəстүрін байланыстырушы дəнекер ел. Елдің көне мəде- ниеті мен көрікті табиғаты əркімді де өзіне тартып тұрады. Бүгінде Қазақстан туризмнің барлық түрі, нақтырақ айтсақ, танымдық, сауықтық, этникалық, экологиялық, шипажай-сауық- тыру, орнитологиялық, балалар, аңшылық жəне тағы басқа да түрлері бойынша қызмет ете алатындай дəрежеде.
Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне замандардан бүкіл түркі əлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері,
археологиялық жəне тарихи ескерткіштер, қалалар əу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар XX ғасырдың 20-30 жылдары пайда болды. Тарихқа қарап елімізде туризм саласының тамыры тым тереңде жатқанын байқаймыз.
Туристік бизнес - шаруашылық салалардың ішінде ең қар- қынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Туристік бизнес əлемнің ең ірі саласының бірі болып есептеле отырып, эконо- миканың дамуына, əлеуметтік прогреске, қосымша жұмыс орын- дар санының көбеюіне үлесін қосты, туристерге қызмет көрсететін қосымша салаларды қалыптастырды.
Туристік ұйымдар жұмыстарының нəтижесінде миллиондаған адамдар демалуға, білім алуға, емделуге, мəселелерді шешуге халықаралық деңгейде мүмкіншілікке ие болады. Алдымыздағы курсты оқыту нəтижесінде студент өз мамандығының негізгі пəндері, жалпы теориялық жəне тəжірибелік дағдыларды, дүние- жүзілік туризм индустриясы, туризмнің негізгі түрлері бойынша білім алу қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Туризмдегі мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары.
2. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттары.
3. Туристік кəсіпорындардың негізгі мақсаттары.
4. Туристік кəсіпорындардың мақсаттары.
5. Туристік фирманың даму динамикасы.
Əдебиет тізімі:
1. Айгистова О.В. и др. Введение в бизнес туроперейтинга. - М., 1996. - 240 с.
2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. - М., 1996. - 120 с. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. - М.: Финансы и статистика, 1998. - 245 с.
3. Дворниченко В.В. Развитие туризма в СССР (1917-1983 гг.). - М., 1985. - 120 с.
4. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. - Алма-Ата: Ғылым, 1992. - 240 с.
2-тақырып. Туркəсіпорын құрылуы, оның құрылымы
Дəріс мақсаты: Туркəсіпорынды ұйымдастыруды, туристік кəсіпорын құрылысын, туристік фирма басшысының қызмет қатынастарын оқыту.
Қарастырылатын сұрақтар: Турфирманың құрылу тəртібі, тіркеу, лицензиялау жəне қызмет үшін қажетті негізгі құжаттар. Шағын жəне үлкен фирмалардың құрылымы. Штаттағы жəне штаттағы емес қызметкерлер.
Туристік кəсіпорынды құрмас бұрын оның негізгі мақсаттары анықталады. Туристік фирма - ол заңды құқықтық табысы бар, шетел жəне мемлекет азаматтарына туризм саласында төлемақы, қызмет көрсететін мекеме.
Кез келген туристік кəсіпорының мақсаттары:
жорыққа шығу;
саяхат жасау;
экскурсия өткізу;
көп адамдарды қатыстыру;
адам күту сапасын жақсарту;
қаражат шаруашылық жұмыстарын бұзбау.
Əрбір туристік фирма өз жұмыстарын заңмен белгіленген құқықтармен жүргізеді. Фирма меншігі жарғылық қоры, банк төлемақы шоты, жеке балансы, фирманың аты жазылған мөрі, туризммен айналысуға болатын рұқсат қағазы болып саналады. Туристік кəсіпорындар жəне олардың серіктестері арасындағы қатынастар өзара тиімді, қолайлы жағдайда келісім арқылы екі жақтық жазылған шарттарда анық көрінуі керек.
Туристік фирмаларды атқарушы билік органдарына мемле- кеттік деңгейде тіркеу үшін келесі құжаттар керек: басқарушы
бұйрығы, келісімшарт, қаулы, тіркелушіге міндеттелген салық төлеу жайлы анықтама.
Басшы - тұтынушылар, қызметкерлер жəне мекеме иесі арасындағы үйлестіруші.
Басшы міндеттері:
алға қойылған негізгі жалпы мақсаттарды нақты басқару- шылық шешімдерге айналдыру;
жаңа даму бағыттарын іздестіру;
серіктестермен қарым-қатынысты дамыту.
Туристік фирма басшысының қызметі:
1) ұйымдастыруда қаражат шығындарын өз мойнына алады;
2) кадр мəселесін шешеді;
3) туристік фирма атынан басқа серіктестермен жəне т.б. мекемелермен келісімшарттармен қамтамасыз етеді;
4) жаңа туристік турлар мен жорықтар ұйымдастырады, оларды жасауда арнайы құжаттар дайындайды;
5) келіскен шарт бойынша туристерді орналастырады, уақы- тында жəне дұрыс төленген, өзгерген жұмыс ақысын тексеріп тұрады. Туристердің міндеттерін қамтамасыз етеді;
6) банк төлемақы жəне т.б. шоттарды ашады, заңмен сəйкес қаражат шаруашылық жұмыстарын жүргізеді;
7) турфирма мекен-жайына келген құнды заттар жəне фирма заттарындағы хабарларды алып тұрады;
заң, мемлекеттік, халықаралық сот органдарында жəне т.б. құрылымдарда өз мекемесінің атынан бір өкілге басшының атынан шығуы мүмкін. Басшы сенім хат тастаған жағдайда ғана орнын өкілге немесе орындаушыға береді. Қызметкер орны сақталады.
Басшы қызметкерлердің жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Олар:
көлік саяхаттары маршруттарын ұйымдастыруда көмек көрсету;
саяхат қызметтерін, оның мазмұны, бағасы, төлемақысы жəне т.б. сұрақтармен таныстыру;
мəлімдемелерді қабылдау, диспетчерлік журналға кіргізу;
тапсырушыларға есеп беру;
тапсырушылар құжаттарын, рұқсат қағаз бен рұқсатнаманы
(визаларды) даярлау;
туристерді жіберу мен қабылдау жұмыстарын тексеру;
егер де экскурсиялық жұмыстар өзгерілсе, ауыстырылса, онда тапсырушыға хабар беру;
есеп жүргізу.
Туристік фирма жұмыстарын анық бөлу үшін картотека жинағын жүргізу керек. Олар келесідей бөліктерден тұрады:
көлік мекемелері туралы хабар;
елшілік жəне өкілет жайлы мəліметтер;
орналастыру орындары - қонақүй, пансионат, турбазалар жайлы мəліметтер;
тамақтану орны жайлы мəліметтер;
мəдени-ағарту мекемелері;
экскурсиялық қызметтер, жүргізу уақыты жəне экскурсия жүргізуші аты;
ойын-сауық мекемелері;
қызмет көрсету үшін шарт жасайтын мекемелер;
инструкторлар мен экскурсоводтардың жүргізетін экскур- сияларының тақырыптары.
29
29
Бақылау сұрақтары:1. Туристік қызметтің əртүрлі түрлерімен айналысатын кəсіпорын құрылымы.
2. Кəсіпорын басшысының жұмыс көлемі.
3. Туркəсіпорындағы негізгі жұмыстар.
4. Кəсіпорындардағы картотека, оның мазмұны.
5. Туристік кəсіпорындағы басқару мен бақылау негізі.
Əдебиет тізімі:
1. Карпова Г.А. Экономика современного туризма. - М.: Герда, 1998. - 245 с.
2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности: учебное пособие.
- М., 1996. - 120 с.
3. Папирян Г.А. Экономика туризма. - М.: Финансы и статистика, 1998. - 215 с.
4. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. - М.: Финансы и статистика, 1998.
- 245 с.
ТУРЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3-тақырып. Туристерді қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру. Туристерді қабылдау - келген туристерге жинақты қызметтер көрсету
Дəріс мақсаты: Туристерге ұсынылатын қызметтер сипаттамасы: орна- ластыру, тамақтандыру, трансфер, экскурсиялық жəне басқа да туризм түрлеріне байланысты қызметтерді қарастыру.
Қарастырылатын сұрақтар: Қызметтерді көрсету ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар. Турларды жобалау. Турпакетті өндеу жоспары.
Қазіргі уақытта туристерді қабылдауды ұйымдастыру жəне жақсарту үшін білімді қызметкерлер, жарнама, менеджмент, маркетинг шараларын жасау керек.
Туристерді қабылдау келген туристерге арналған қызметтер кешенін жүзеге асыру болып табылады. Бұл қызметтер сипаты:
1) қонақүйге орналастыру - қонақүй жіктелуіне қарай қызмет сапасына байланысты анықталады;
2) тамақтандыру - мекемелермен келісімшарт жасау керек. Құрғақ тамақты берудің келісімі болу керек. Тамақтандыру, туристерді тұрған жерінде мейрамхана, кафеге шақыру. Қонақ- үйдің тікелей тамақтану орны болмаған жағдайда, ол қонақүйден алыс болмауы керек (10-15 минут). Тамақтану мекемелерімен ерте шарт жасасу керек. Онда:
туристерді қабылдаған мəліметтердің уақыты жазылу керек;
құрғақ тамақты берудің келісімі болу керек (тауға шыққан жағдайда);
тамақтанудың тоқтауы мен ұзартылуы;
1) трансфер қызметі: көлік, туристерді əуежайдан қарсы алу. Трансфер - аэропорт - қонақүй - аэропорт. Көлік қызметі өз көлігімен немесе көлік мекемелерімен шарт бойынша ұйымдас- тырылады;
2) теміржол, əуе, су мекемелерімен қысқа мерзімді (1 тəулік), ұзақ мерзімді (1-2 жыл), уақытша (1 ай) шарттар жасалады;
3) экскурсия қызметтерін ұйымдастыру. Экскурсия қызметі еліміздің жəне шетелден келген туристерге экскурсия жүргізеді. Оған туристік маман мен көлік керек;
4) денсаулыққа байланысты шаралар. Туристерді күту, денсаулықтарды жақсарту шараларын жүргізу. Жорыққа шығу, басқа туристік шараларды өткізу;
5) туристерді күту шаралары;
6) тұрмыстық қызмет көрсету. Қосымша қызметтер көрсету. Мысалы, денсаулықты жақсарту шаралары - санатория, шипалы бұлақтар; сауда шаралары - сувенирлер.
Əдебиет тізімі:
1. Осипова О.Я. Транспортное обслуживание туристов: учебное посо- бие для студентов вузов. - М.: Академия, 2004. - 368 с.
2. Александрова А.Ю. Международный туризм: учебное пособие для вузов. - М.: Аспект Пресс, 2001. - 464 с.
3. Туризм и гостиничное хозяйство: учебник под ред. проф., д.э.н. А.Д. Чудновского. - М.: ЮРКНИГА, 2003. - 448 с.
4-тақырып. Туристерді күту бағдарламасы
Дəріс мақсаты: Қызмет көрсету бағдарламасы түсінігі.
Қарастырылатын сұрақтар: Туристердің жас құрамына, қозғалыс түрі, туризм түріне байланысты дифференциалдық бағдарламалар құру. Қызмет көрсетудің аяқталуы, сауалнама мазмұны, зерттелуіне жəне бағдарламаның орындалуына жауапты есеп беру. Турдың өзіндік құнын есептеу.
Туристерді күту бағдарламасы - туристерге қызмет көрсету жұмыстарын кешенді ұсыну арқылы тұтынушы қажеттіліктеріне жету саясатын жүргізу. Туристік нарықта болып жатқан бəсеке туризмді кейбір жеке қызмет түрлеріне бөледі. Осы қызметтер рекреациялық жұмыс кезеңдеріне бөледі. Олар:
1) мақсатты - рекреациялық қызметтердің ең негізгі мотиві
(спорт, дін, ойын-сауық, демалыс);
2) қосымша - негізгі қызметті түрлендіру түрі;
3) жалғаспалы - физиологиялық жəне техникалық себептерге байланысты.
Бағдарламалық қамтамасыз ету рекреациялық қажеттіліктерге байланысты маңызды қызметке кепілдік беретін нормативтік тап- сырма бойынша қызмет көрсету жұмыстарының көлемін көр- сетеді.
Бағдарламалық қамтамасыз ету қағидалары:
1) белсенді мазмұндағы қызметке бағытталуы;
2) əр туристің жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
3) нормативтік тапсырма бойынша қызмет көрсету көлеміне кепілдік беру.
Бағдарлама жіктелуіне қойылатын параметрлер:
1) негізгі рекреациялық қызметтер түрлері;
2) туристердің негізгі топтары, оларға арналған орналастыру орындары;
3) рекреациялық ресурстар мен туристік инфрақұрылым бай- ланыс бағыт деңгейі;
4) уақыт жəне кеңістіктегі аймақтану;
5) функционалды бағыттау. Бағдарламаның жіктелуі:
1) туристік жəне денсаулықты жақсартатын мекемелер;
2) танымдық маршруттар;
3) оқыту маршруттары;
4) ойын-сауық түрлері;
5) ұлттық мəдениетке байланысты этникалық жəне тұрмыс- тық жұмыстар;
6) үйлену турлары;
7) конгрестік турлары;
8) өндіріспен танысу бағдарламалары.
Бағдарлама табысты болу үшін кейбір туристік мекемелер өзінің жеке бағытын таңдайды.
Туристік мекемемен қаралатын тармақтар:
1) арнайы дайындық, қайта даярлау, туристік кадрларды даяр- лауды жақсарту;
2) рекреациялық жұмыстар кезеңдерінің сценарийлері мен бағдарламаларын өңдеу жəне құрастыру;
3) жасалынған бағдарламаны туристік инфрақұрылымға бел- сенді түрде қатыстыру;
4) туристік мекемелерге мемлекеттік бадарламаларға қатысты салалық тапсырмалар беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Туристік өнімді нарықта жылжыту тəсілдері.
2. Электронды технологиялар арқылы əлемдік нарықта қызметтерді жылжыту.
Əдебиет тізімі:
1. Осипова О.Я. Транспортное обслуживание туристов: учебное пособие для студентов вузов. - М.: Академия, 2004. - 368 с.

5- тақырып. Туристік фирманың беделі. Туристік қызмет көрсетудегі сапа жəне мəдениет
Дəріс мақсаты: Қазіргі туристік кəсіпорындарындағы қызмет көрсету, корпоративтік мəдениет жағдайлары жəне сапалық көрсеткіштерді қарастыру, фирмалық бедел терминін ашу.
Қарастырылатын сұрақтар: Туристік бедел түсінігін анықтау; Қазақстан туристік беделінің қалыптасуын талдау; туристік кəсіпорын- дарындағы қызмет көрсетудің сапасы; корпоративтік мəдениет жəне оны туристік кəсіпорындарда қолдану.
Бедел - халықтың санасында қалыптасқан жəне стереотип ретінде сипаттамасы бар эмоционалды бейнеленген белгілі бір адамның немесе заттың бейнесі. Белгілі бір бедел саяси қайраткерде, белгілі бір тауар немесе маманға сай болады жəне берілген жұмыста туристік ауданның беделі де болуы мүмкін. Беделдің қалыптасуы басқарусыз түрде жүргізіледі, бірақ жиі-жиі бедел психология, жарнама жəне маркетинг саласындағы қызмет атқаратын мамандардың нəтижесі болып келеді.
Бедел белгілі бір топтың əлеуметтік күтімін, үмітін бей- нелейді, көрсетеді. Сол себепті беделдің бар болуы іс-əрекеттің əртүрлі саласында субъектіге атақ, мансапты қамтамасыз етеді. Беделдің сипаты жəне əрекеті арнайы зерттеулерде анықталады. Бедел тек қана оның иесінде болады, яғни бедел қалыптасатын қоғам санасында пайда болады.
Нарықтық экономика дамуы өзіндік беделдің дұрыс бағытта қалыптасуын көздейтін, сонымен қатар қызығатын субъектілер дəрежесінің көбеюіне əкеледі.
Қазақстанның бедел-бейнесін қалыптастыру жəне оны та- ныстыру жөнінде жүргізілетін жұмыстарды бағалау нəтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Олар:
бұл жұмыс бізде өте кеш қолға алынған;
əлі күнге шетелдерде Қазақстанның дұрыс үлгісін жасау жө- нінде сыртқы саяси насихаттау жұмыстары кемшілік алуда, имидж- дік əрекеттегі бірегей жəне нақты бағдарламаның жоқ болуы;
мəселенің мазмұндық жағы;
- Қазақстанның жеке өз қорында ірі коммерциялық бренд жоқ, отандық компаниялар мүмкіндіктерді толық игере алмай отыр, тауар жəне қызмет түрлерінің халықаралық нарғына шық- қан жоқ;
Қазақстандағы туристік фирмалар саны көп бола тұра, ішкі туризм нашар дамыған, еліміздегі туристік фирмалар жан-жақты дамыған əлемдік туризм алдында өзін-өзі көрсете алмауда.

1. Осипова О.Я. Транспортное обслуживание туристов: уч. пособие для студентов вузов. - М.: Академия, 2004. - 368 с.
2. Александрова А.Ю. Международный туризм: уч. пособие для вузов. -
М.: Аспект Пресс, 2001. - 464 с.

5- тақырып. Шетелге баратын туристік топ басшысы, оның міндеті мен жауапкершілігі
Дəріс мақсаты: Туристік топ басшысының есебі, оның мазмұны.
Туристік топ басшысының құқықтары.
Қарастырылатын сұрақтар: Саяхатқа дайындалу уақытындағы турис- тік топ басшысының міндеттері. Туристермен нұсқама жұмысын жүргізу. Кедендік қызметтерден өту. Қызмет көрсету сапасын бақылау. Туристік топ басшысының жауапкершілігі.
Топ басшысының жұмысы - туристерді қарсы алу. Топ бас- шысы қызметіне білімі, жұмыс тəжірибесі бар қызметкерлер арасынан таңдалып, бұйрық арқылы алынады. Ол өз жұмысын шарт бойынша орындайды.
Міндеттері:
1. Туристік топ басшысы туристермен келесі:
1.1 барған елдің заңдары мен тəртіптері;
1.2 шетел заңдылықтарына сай туристер жауапкершіліктері;
1.3 кеденнен өту ережелері, шекаралық тексеру, миграциялық қызмет, санитарлық-гигиеналық нормалар туралы;
1.4 баж салығын төлем көлемі жəне қоғамның құқықты мүше- леріне кеден шекараларынан тауарды өткізудің тəртібі туралы;
1.5 ұшақта турист мінез-құлықтары мен қауіпсіздік техникасы туралы;
1.6 барған ел туралы бағдарламалар мен ондағы жағдайлар туралы;
1.7 сақтандыру;
1.8 валюта айырбастау ережелері туралы нұсқауларды жүргізеді.
2. Топты шетелге шығаруға дайындық жұмыстарына қатысу.
2.1 құжаттардың дұрыс толтырылғанын тексеру (шетелге шығу төлқұжаты, виза рəсімдері);
2.2 тіркеуге туристік мекеменің мөрін басып, туристер тізімін құрастыру;
2.3 топтың кеденнен жəне тексеруден өткен кезінде басшы бірге болады;
2.4 егер де тескеру пунктерінен өткенде белгісіз себептермен туристер шетелге бара алмаса, кеден жəне шекара қызметкерлері өкілдіктермен бірге актіні толтыруға қатысады;
2.5 ұшақта əуе компания қызметкерлер жұмысының сапасын тексеру.
3. Белгіленген елге келген соң:
3.1 туристерді баратын орындарына жеткізуге;
3.2 қарсы алушы өкілдермен бірге, туристерді толық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету, келісімшарт бойынша қызметтер деңгейін тексеруге;
3.3 туристерді күту бағдарламаларымен таныстыру, қайту күні мен уақыттарын хабарлауға;
3.4 туристерге картосхема ақпараттары жəне басқа керекті анықтама хабарларды бергенде қатысуға;
3.5 мəселелер туындағанда көмек көрсетуге;
3.6 туристер арасындағы дау-дамайларды шешу;
3.7 туристердің жүктерін қайтаруға қатысуға;
3.8 туристерді тасымалдауда алынған билеттерге материал- дық жағынан;
3.9 қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге жауапты.
4. Шетелден келгеннен кейін жасаған жұмыстар есебін жүр- гізу.
5. Туристік топ басшысының жауапкершілігі:
5.1 шартта бекітілген мерзімде туристердің оралуына;
5.2 шарт жағдайына байланысты туристердің келісілген орынға орналастыруға;
5.3 себепті жағдайда туристердің сол елде қалуына (ауырып қалуы, құжат жоғалту).
6. Форс-мажорлық жағдай туындағанда туристік топ басшысы шарт жағдайының сақталуына жауапты емес:
6.1 саяхат кезінде жорық дұрыс ұйымдастыру үшін туристік бірлестік менеджерлері туристік басшыға ескерту жасау керек;
6.2 туристерді жəне олардың құжаттарын тексеру (жолдама,
төлқұжат, кейбір елдерде медициналық анықтама;
6.3 турист келмеген жағдайда диспетчерде белгілену керек;
6.4 көрсетілген уақытта белгіленген пункте келгенде қайтарға брон жасау немесе ҚР басқа мемлекеттер өкілдігінде ескерту жасау.
7. Келген пунктіде тұрып, топты шығарушы міндеттері:
7.1 шарттың барлық жағдайларының сақталуына;
7.2 сапардағы топ жүріс-тұрысына жауапкершілік;
7.3 топты алып жүруден бас тартса, ол туралы алдын ала ескерту қажет.
Топ басшысының есебі:
1. Көрсетілген қызметтерде фирма белгісі бар туристер тізімі.
2. Қолданылған жол жүру билеттері.
3. Топта көрсетілген акт, əртүрлі жинақтау квитанциялары.
4. Топ басшы жұмысы туралы туристер көзқарасы.
5. Жазбаша есеп, онда мынадай түсініктердің жазылуы:
топ туралы: туристер құрамы, туристерге ескертулер, туристер жүріс-тұрысы, маршрут ұзақтығы;
қызмет көрсету туралы: шарттағы барлық жағдайлардың орындалуы, шартта өзгерістер болса нақты көрсету.

2.Электронды технологиялар арқылы əлемдік нарықта қызметтерді жылжыту.

5- тақырып. Туристік бизнеске əсер ететін факторлар
Дəріс мақсаты: Өкілдік қызметтер мен филиалдардың мақсаты мен міндеттері.
Қарастырылатын сұрақтар: Өкілдік қызметтер қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.
Туризм күрделі əлеуметтік-экономикалық жүйе болған- дықтан, ол көптеген факторлардың əсеріне тəуелді, олардың күші əр сəтте əртүрлі болады. Сондықтан да бұл факторларды ескеру туризмнің дамуына тікелей əсер етеді (15, 16-сурет).
Табиғи-географиялық (теңіз, таулар, ормандар, флора, фауна, климат жəне т.б.) факторлары туристік ресурс негізі болып табылады жəне туристердің талғамына əсерін тигізеді. Табиғи-
географиялық ресурстардың байлығын үлкен масштабтарда қолдануға жəне даму қарқынын өсіруге мүмкіндік береді.
Мəдени-тарихи фактор туризмнің дамуына ыңғайлы жағ- дайлар жасап, өзінің өзгермейтін құндылығын сақтайды. Адам бұл құндылықтарды өз қажеттіліктеріне үйлестіре отырып, оны туристік бағытта қолдануға деген қол жетімділікті арттыра алады.
Əлеуметтік факторлар қатарына: білім деңгейінің жоғары- лауы, мəдениеті, ұлттың эстетикалық қажеттіліктері жатады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, адамның білім деңгейі мен оның саяхатқа деген қажеттілігі бір-бірімен тығыз байланыста, яғни білім деңгейі мен мəдениеті жоғары адамдар өз бос уақытын рациональды түрде ұйымдастыра алады, бос уақытын туризм арқылы қоршаған ортамен, тарихпен, жергілікті адамдар өмірімен, фольклоры мен өнерімен жəне басқа заттармен танысуға жұмсайды. Дүниежүзі халқының өсуі мен оның жекелеген аудан- дарындағы халық санының өсуі туристер санының өсуіне тура пропорциональды. Статистикалық деректерге сүйенсек, халық саны тығыз орналасқан мемлекеттерде халық саны аз орналасқан мемлекеттерге қарағанда туристер ағымы көп болады. Сонымен қоса туристік тенденцияның өзгеруі халықтың жасына, жыны- сына жəне жанұялық жағдайына байланысты болады.

Электронды технологиялар арқылы əлемдік нарықта қызметтерді жылжыту.

8-тақырып. Шағымдармен жұмыс істеу
Дəріс мақсаты: Кəсіпорындардың шағымдар ерекшіліктерін қарастыру.
Қарастырылатын сұрақтар: Шағым түсінігі, турфирма тұрғысынан қатынасы. Шағымдар профилактикасы.
Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы Қазақстан Республикасының Заңының І бабындағы анық- тама бойынша:
Шағым дегеніміз - адамның өз құқықтарының бұзылған, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауа зымды тұлғалардың заңсыз іс-əрекеттерін немесе əрекетсіздігін жою, сондай-ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы, - деп жазылған. Бұл заңның 5-тарауында шағымдану тəртібі көрсетілген:
1. Тиісті басқарма қызметкерлерінің əрекетіне (əрекет- сіздігіне) шағымдану тəртібін түсіндіру жəне шағым дайындауға жəрдем көрсету белгілі облыстың спорт, дене шынықтыру жəне туризм басқармасының мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
2. Шағым мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесімен келіс- пеген жағдайда: облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) əкімшілік басшысының атына жазбаша түрде осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген байланыстар бойынша пошта немесе қолма-қол беріледі.
3. Жұмыс тəртібі: демалыс жəне мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13.00- ден 14.30-ға дейін қызмет істейді. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым уəкілетті орган қызметкерлерінің əрекеті (əрекетсіздігіне) 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті басқарманың басшысының атына беріледі. Шағымның қабылданғанын растау жəне тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі) болып табылады. Өтініш беруші үшін қабылданғаны туралы белгі қойылған көшірме беріледі.
4. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңмен белгіленген тəртіпте жəне мерзімде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушы заңнамада белгіленген тəртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
Жалпы туризмдегі шағымдар легін 4 категорияға бөліп қарас- тыруға болады:
1) шынайы емес жарнама; турдан кейін ұсынған кешен бір, ал тұтынушының нақты алғаны басқаша болып шығады;
2) қосымша ақша жинау; Ол турдың құрамының өзгергенін уақытылы хабарламауынан болады. Мысалы, кейбір отельдер өзгереді немесе ұшу уақыты өзгереді;
3) қызметтің төмен деңгейі; мысалы, 4* отельдің орнына 3-2*
болып қалуы мүмкін;
4) қауіпсіз қызметке тұтынушы құқығының бұзылуы. Ол келісім-шартта барлық жағдайлар, нақты, ашық, айқын болып жазылмауынан болады.
Жалпы туристік ағымдардың көбеюіне орай, түсетін шағым- дар мөлшері де көбеюде. Олардың себебі 2 факторға байланысты:
1. Туристер өз құқықтары мен міндеттерін жақсы біліп, өз қажеттіліктерін талап етеді.
2. Сұраныстың көбеюіне байланысты нарыққа жаңа аз икем- делген турфирмалар, олармен бірге айлакерлер де енуде. Көп- теген шағымдар жарнаманың жалғандығынан, ақпаратпен қамсыздандырылмағандықтан, құжаттардың дұрыс рəсімдел- меуінен болады. Тұтынушы өзінің нақты нені сатып алғандығын білмейді, ал турфирма сомаға қандай қызмет кіретіндігін ашық айтпауынан болады.
Туристік фирмаға түсетін шағымдардың негізгі 4 себебі бар:
1. Жарнаманың дұрыс болмауы. Туристік мекеменің менед- жері туристік өнім туралы жалған ақпарат беру себебінен болады. Мысалы, егер қонақүй жағажайға жақын орналасқан десе, ал ол шын мəнінде жағажайдан тым алыс болу себебі немесе баратын жері, елі туралы ескертулер айтылмаған жағдайда.
2. Қосымша ақша төлеу. Яғни, туристік мекеме турөнімді жеңілдік бар кезде сатып алады. Бірақ оны турист сатып алмақшы болған кезде, ол жеңілдік жоғалып немесе оның уақыты өтіп кеткендіктен, турист қосымша ақша төлеуге міндетті болады. Осындай кезде клиент тарапынан шағым түсуі мүмкін.
Қызмет сапасының төмен болуы. Клиент пен турфирма арасында келісімшарт жасағанда, ол: орналастыру орны жəне оның жұлдызы, тамақтандыру орны, трансфер, т.б. қарап қол қояды жəне əр клиент сапалы қызмет түрін қалайды. Бірақ қызмет көрсету сапасы əр елде əрқалай. Менеджер осыны клиентке түсіндіріп, ескерту керек. Мысалы, БАƏ-дегі орналас- тыру орындарының ең жұлдызы үлкені 7*. Ол Еуропалық стандарттың 5* сəйкес келеді. Немесе Африка мемлекеттеріндегі орналастыру орындарында нақты белгіленген стандарт жоқ. Мысалы, 3* жұлдызды отельде фен, орамал болуы мүмкін, ал 4* жұлдызды отельде олар болмауы мүмкін. Осындай кездерде клиент тарапынан шағым түсуі мүмкін. Бақылау сұрақтары:
1. Қонақүйлердің жіктелуі.
2. Қызметкерлердің қызмет көрсету талаптары, нөмірлік қоры бойынша тіршілік етуді қамтамасыз ету жүйесі.
Əдебиет тізімі:
1. Чудновский А.Д., Жукова М.А., Сенин В.С. Управление индустрией туризма: уч. пособие. - М.: КНОРУС, 2004. - 448 с.
2. Биржаков М.Б., Никифорова В.И. и др. Индустрия туризма. ПЕРЕВОЗКИ. - СПб.: Издательский дом Герда, ЮНИТИ, 1998. - 787 с.
3. Пирожник И.И. Международный туризм в мировом хозяйстве. -
Минск, 1996. - 120 с.
4. http:kmvline.rulibturizm73.php
5. kmvline.rulibturizm73
6. yabeda.net
7. www.vamslovo.ru
9-тақырып. Туристік бизнесті мемлекеттік реттеу.
Туристік саладағы инновациялық идеялар
Дəріс мақсаты: Қауіпсіздік - туризмді дамытудың басты факторы.
Қарастырылатын сұрақтар: Туристік бизнес жəне үкіметтік реттеу, қаржылық қамсыздандыру жəне бизнес тиімділігін талдау, корпорацияның виртуальді кеңсесін ұйымдастырудың сызба үлгісі.
Туристік бизнес жəне үкіметтік реттеу. Туристiк қызмет көрсету - өзiнiң туристiк саяхаты кезеңiнде жəне осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттерiн қанағаттандыру үшiн берiлетiн қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтан- дыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылардың, гидтердiң, гид-ау- дармашылардың қызмет көрсетулері) жəне сапар мақсатына бай- ланысты басқа да қызмет көрсетулер (20, 21-сурет).
Азаматтарды туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп тұру құқықтарын қамтамасыз ету
Туристерге тəрбие, білім беруге жəне оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау
Қоршаған ортаны қорғау
Туриндустрияны дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттік жəне ҚР азаматтарының табыстарын молайту
Халықаралық туристік байланыстарды дамыту
Саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту

20-сурет. Туристік қызметті үкіметтік реттеудің негізгі мақсаттары
20-сурет. Туристiк қызметтi үкіметтік реттеудiң негiзгi мақсаттары

Туристік қызметті үкіметтік реттеудің негізгі қағидасы:1) туристiк қызметке жəрдемдесу жəне оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау жəне қолдау;
3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасы туристерi мен туристiк ұйымдар- дың жəне олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.
Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеудiң басым бағыттары:
1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жо- ғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру;
2) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Респуб- ликасы мемлекеттiк мүдделерiн ескеру, табиғи жəне тарихи- мəдени мұраларын қорғау;
3) туристiк индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағ- дайлар жасау;
4) Қазақстан Республикасы аумағында келу туризмi жəне iшкi туризммен айналысатын туристiк ұйымдарды қолдау жəне дамыту;
5) iшкi жəне халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Туризм саласындағы сақтандыру ерекшеліктері (əртүрлі мемлекеттер бойынша қарастыру).
2. Инновациялық қызмет негіздері. Инновацияның əлеуметтік-эконо- микалық мəні. Инновацияның түрлері.
3. Технопарктер. Инновацияға мемлекеттік қолдау көрсету.
4. Бизнестің қаржылық ортасы. Бизнесті қаржыландыру көздері. Биз- неске қаржы салу нысандары: несие, кепіл, лизинг, факторинг. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Минск, 1996.
10-тақырып. Шетел турларын ұйымдастыру ерекшеліктері
Дəріс мақсаты: шетелдік турларды құрастыру тəсілдерін жəне нұсқауларын қарастыру, турды құру ерекшеліктерін талқылау жəне талдау жолдарын қарастыру.
Қарастырылатын сұрақтар: Қазақстан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz