Жетістікке қалай жетуге болады


«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ» МЕКТЕБІ
«МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ» ҒББД
«МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫ
2-СӨЖ
Тақырып: «Жетістікке қалай жетуге болады?»
Орындаған: «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс
студенті Абай Аружан
Алматы, 2021
Жетістікке қалай жетуге болады? Қандай да бір жетістікке жету үшін кез-келген адам баласы еңбектенуі керек. Бірақ, көп еңбектенген адам жетістікке жетеді деген факті жоқ. «Ол адам дұрыс жұмыс жасап жатыр ма, дұрыс мақсат, жоспар құрды ма?» Осы нәрсеге мән беруіміз керек. Адамның жетістікке жетуіне белгілі бір факторлар әсер ететіні сөзсіз. Жетістікке кез-келген адам жете алмауы да әбден мүмкін. Тіпті, кейде өз-өзіме осы тақырыпқа байланысты «Мен осы жасыма дейін қандай жетістікке жеттім және жетістікке жету үшін қазіргі таңда қандай іс-әрекет жасап жатырмын? Жетістікке жетуіме не кедергі болып жатыр?» деп сұрақтар қоя бастаймын және ол сұрағымның жауабын Ли Якокканың кітабын оқи отырып, негізгі фактілерге сүйене тапқан сияқтымын.
Жалпы, негізге фактілерді бастамас бұрын Ли Якокканың кім екенін және өміріне, жеткен жетістіктеріне қысқаша тоқтала кетейін. Лидо Энтони «Ли» Якокка (15 қазан 1924 жыл - 2 шілде 2019 жыл) - американдық кәсіпкер, менеджер, бірнеше өмірбаяндық бестселлерлердің авторы. Форд президенті және Chrysler корпорациясының басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. Әлемдік автомобиль өнеркәсібі тарихындағы ең танымал топ-менеджерлердің бірі. 1980 жылдары Якокка өзінің өмірбаянын жазды «Iacocca: An Autobiography» (Қазақ тілінде «Менеджердің мансабы»), ол бірнеше рет қайта қаралып, қайта басылып шықты, кейіннен тағы бірнеше мемуарлық кітаптар жазды. Ол өзінің естелігінде Форд негізін қалаушының немересі Генри Форд II және компаниядағы қарым-қатынас туралы әңгімелейді, оның өмірін егжей-тегжейлі сипаттайды және Форд пен Крайслер үшін тағдырлы шешімдер қабылдауға мотивациясын түсіндіреді [1] . «Менеджердің мансабы» кітабын оқи отырып, Ли Якокканың жетістікке жетуіне негіз болған 9 фактіні талдадым.
- Әкесінің тәрбиесі - жетістікке жетуінің бірден-бір бастамасы болды.
“Отбасымызға қиын-қыстау күндер түскенде, еңсемізді түсірмеу үшін жанымызда әкеміз болды. Қандай жағдай болмасын, ол бізге үнемі жақын болып, көңіл-күйімізді көтерді. Ол философ болған, күнделікті іс-әрекетке және адами әдет-ғұрыпқа қатысты көптеген нақыл сөздерді білетін. Оның сүйікті ісі - өмірдің асқынулар мен құлдыраулардан тұратыны және әркім оның басына түскен қиыншылықпен келісу керектігі туралы әңгіме болды. Мектептегі нашар бағаға немесе басқа бір қиыншылыққа байланысты ренжігенімде: «Өмірде азғантай қайғыға шыдай білу керек. Егер сізде оны салыстыратын ештеңе болмаса, сіз шынайы бақыттың не екенін ешқашан біле алмайсыз ». Сонымен бірге отбасындағы біреудің бақытсыздығын көру ол үшін шыдамайтын, үнемі көңілімізді көтеруге тырысатын. Мені бірдеңе мазалай бастағанда, ол бірден: «Айтшы, Лидо, өткен айда сені не қатты ренжітті? Әлде былтыр? Көрдіңіз бе, тіпті есіңізде де жоқ! Сондықтан бүгін сізді алаңдататын нәрсе соншалықты қорқынышты емес шығар. Оны ұмытып, ертеңге үміт ет». [2] ” Міне, кітаптын осы жолдарында әкенің балаға берген тәрбиесін, мотивациясын, қандай да бір қиыншылықтың оның өмірінің соңы немесе шешілмейтін мәселе ретінде ойламауға әрдайым қолдау бергенін байқауымызға болады. Яғни, жетістікке жету барысында біздің жолымызда кез-келген қиындық тап болуы мүмкін. Егер біз сол қиындықты шешілмейтін түйін ретінде қарап, ары қарай жүруге үмітіміз сөніп қалса, ешқашан жетістікке жете алмаймыз. Осы жерде, Ли Якокканың әкесінің балаға деген қолдауы оны аяқтан қайта тұрып, жетістікке жету жолын жалғастыруға әрқашан себеп болды деп айта аламын. Мысалы, мен қандай да бір бизнес ашқым келсе, жалғыз бастаудан қорқамын. Себебі, жалғыз өзім бастап, басыма қиындық түскен кезде бизнесті бірден тоқтата салатындай көрінемін. Әрине, 100 проблемаға төтеп беруге шамам келетін шығар, дегенмен де 101-не менің күш-қуатым жетпей қалуы мүмкін. Осындай кезде, жанымда мотивация беріп отыратын серіктесім болса, немесе тіпті ата-анам қолдау көрсетсе аяқтан қайта тұратыныма сенімдімін. Сол себепті де, дұрыс тәрбие, қолдау кез-келген жетістіктің бастамасы деп айта аламын.
- Ерте жастан жұмыс жасау.
“ Шындығында, мен азық-түлік бизнесіне автоөнеркәсіпке келгенге дейін көп уақыт бұрын тартылдым. Мен он жасымда болған кезде елдегі алғашқы супермаркеттердің бірі Аллентаун қаласында ашылды. Сабақтан кейін және жексенбі күндері мен достарыммен оның есігінің алдында қонақүйлердің сыртында тізілген таксилер сияқты қызыл арбалармен қатар тұрдық. Сатып алушылар сыртқа шыққанда, біз оларға сөмкелерін аз ғана ақыға үйлеріне апаруды ұсынатынбыз. Енді өткенге көз жүгіртсем, мұның үлкен мәні бар екенін, яғни азық-түлік саудасының соңғы кезеңі - оларды үйге жеткізуді ұйымдастыруға қатысқанымды түсінемін. Жасөспірім кезімде мен жексенбі күндері грек Джимми Критистің жеміс-көкөніс дүкенінде жұмыс істедім. Таң атпай тұрып, көтерме базарға жетіп, тауарды дүкенге жеткіземін. Крис маған күніне екі доллар, сонымен қатар 16 сағаттық жұмыс күнінен кейін үйге апара алатын жемістер мен көкөністерді төледі. [3] ”. Ли Якокканың бала кезінен жұмыс жасай жүре бірнеше тәжірибе жинағаның кітаптың осы бір жолдарынан байқасақ болады. Отбасысының балаларын асырауға жағдайы жетсе де, ата-анасы баласының жұмыс жасауына қарса болмаған. Соның арқасында Ли 10 жасынан жұмыс жасап бастады. Ерте жастан жұмыс жасаған адам, әлде қайда жетістікке ерте жетеді деп ойлаймын. Ли 10 жасынан тәжірибе жинап бастаған. Менің, ойымша бала кезде адамда энергия көп болады. Өмірге деген қызығушылығы ересек адамға қарағанда екі есе көбірек болады. Мысалы, өз тәжірибеме келетін болсам мен 16 жасымда жұмыс жасап бастадым. Бастапқы да даяшы болдым. Бірақ, ол жай ғана өз қажеттіліктерімді қамтасамасыз ету үшін жасалған жұмыс болатын. Кейінірек, «Мен неге өзіме ұнамайтын жұмыстан жеткілікті табыс алып жатырмын?» деген сұрақты өзіме қойдым. Ойлана келе, өзім ұнатып жасайтын жұмыстан әлде-қайда көбірек табыс алуға болатынын ұқтым. Яғни, өзіме ұнап жүрген жұмысты жасасам, ол жұмыста мен дәрежемді өсіре аламын. 1 жылдан кейін сән саласынан 1-2 оқу түрін оқып, қызығушылығым қатты ояна қоймағандықтан, оны да тастап кеттім. Сөйтіп, қазіргі интернет желісі дамып кеткен заман талабына сай смм менеджер болып жұмысқа орналастым. 2 ай бойы қызығып құлшыныспен жасап жүрдім. 2 айда біраз тәжірибе жинадым десе де болады. Содан соң, неге басқа қырынан өзімді байқап көрмеске деп, сату менеджері болып бір компанияға жұмысқа орналастым. Ол жұмысты ұнататыным соншалықты жұмыстан соң үйге келіп те, жұмыс жасайтынмын. Сол жасаған жұмыстарымның арқасында біраз тәжірие жинай отырып мен өзіме не керектігін таптым және кейін қай саладан жетістікке жететініме сенімді болдым. Яғни, қазір 19 жасқа келіп мен қысқа ғана 3 жылдық тәжірибемнің арқасында болашақтағы ұмтылатын жетістіктеріме мақсатымды нақты қоя аламын.
- Дағдарыс - құлау ғана емес, сабақ.
Америкада Ұлы Депрессия басталғанда (1929) Ли небәрі 5 жаста еді. 1931 жылы әкесі бүкіл байлығынан айырылған кезде (осы уақытқа дейін оның бірнеше кәсіпорны мен басқа да акциялары болды), небәрі 7 жаста болған кішкентай Ли жағдайдың ауырлығын толық түсінді. Бұл оның санасында өшпес із қалдырды. «Қаржылық жағдайыма қарамастан, дағдарыс туралы ой мені ешқашан тастамады. Ал мен осы күнге дейін ысырапшылдықты жек көремін. Тар галстуктардың орнына кең галстуктар сәнге енгенде, мен сән қайта оралғанша барлық ескі галстуктарымды сақтап қалдым. Дағдарыс кезінде әкемнің чектері оған «шотта қаражат жоқ» деген кісі өлтіретін жазумен бірнеше рет қайтарылды. Бұл оны әрқашан үмітсіз күйде қалдырды, өйткені ол жоғары несие қабілеттілігі адал адамның және сенімді компанияның маңызды қасиеті екеніне терең сенді. » [4] . Біз қандай да бір жетістікке жету жолында алдымызға түскен дағдарыстан шыға алмайтындай көрінеміз және ол дағдарыс ісіміздің соңы деп ойлауымыз мүмкін. Егер де біз Ли сияқты ол дағдарысты сабақ ретінде қарастырсақ, ары қарай ісіміздің жүзеге асатынына сенімдімін. Өмірден қаншалықты көп сабақ алсақ, біздің келесі жасайтын қателіктеріміздің саны аз болады. Сондықтан да, жетістікке жету жолында біз дағдарыстарды сабақ ретінде қарастыруымыз керек.
- Ешқашан көңіліңді түсірме.
Лидің әкесі Лиге үнемі жақсылыққа үміттенуді және жақсы көңіл-күйді сақтауды үйретті. Бұл Ли Якокканы өмір бойы қолдады, әсіресе Chrysler банкроттықтың алдында тұрғанда. «Жылдар өткен соң, мен Chrysler корпорациясын банкроттықтан құтқаруға тырысқанда, әкемнің жұбаныш беретін ілімі маған жетіспеді. «Қарғыс атсын, - деп ыңырсыдым мен, - күн қайда, күн қайда?! Әкем ешқашан үмітсіздікке бой алдыруымызға жол бермеді, бірақ 1981 жылы мен орамалды бірнеше рет лақтыруға дайын болдым. Сол күндері мен оның «Қазір жаман көрінеді, бірақ бұл да өтетінін ұмытпа» деген жақсы көретін сөзі есіме түсіп, сақтық таныттым. » [5] . Бұл фактіне нақтылай кетітін болсам, біздің қазіргі таңдағы басымызға түскен проблемаларымыз, кейін түкке тұрғысыз нәрсе болуы мүмкін. Жетістікке жетудің тағы бір жолы, проблемаларға арқашан парасаттылықпен қара. Егер де, бір жай ғана проблемадан көңілінді түсіретін болсан, жетістікке жету жолындағы алдыннан шығатын үлкен проблемаларға күшін жетпейді.
- Көңіл көтеруге уақыт бөліңіз және өмірден ләззат алыңыз.
Бұны да Лиге әкесі үйретті: «Әкем маған өмірден ләззат алу керектігін үнемі еске салып отыратын және өзі де осы ілімді ұстанған. Қанша жұмыс істесе де, ойын-сауыққа уақыт бөлетін. Ол кегли, покер ойнағанды ұнататын, ол дәмді тағамдар мен шарапты жақсы көретін, бірақ ол әсіресе жақсы достардың ортасын жақсы көретін. Ол менің әріптестеріммен достық қарым-қатынасты тез дамытты. Менің ойымша, Форд Моторда жұмыс істеген кезімде ол менің өзімнен гөрі ондағы адамдарды көбірек білетін сияқты. » [6] . Әрқашан демалыссыз жұмыс жасау адам жүйкесін жұқартатынына сенімдімін. Мысалы, сіз жетістікке жету үшін белгілі бір мақсат қоясыз. Ол мақсатты бірте-бірте орындап келе жатасыз. Бірде шаршап және сол шаршаңқы оймен сіз ары қарай жетістікке жету ойыңыздан айнып қалуыңыз мүмкін. Сондай сәтте, жұмысыңызды бір сәтке қоя тұрып, өзіңізге ұнайтын және содан ләззат алатын нәрсемен айналысыңыз. Бір серігіп, көңіліңіз көтеріліп қалғаннан кейін сіздің жұмыс істеуге, жетістікке жетуге деген құштарлығыңыз одан сайын өседі. Тіпті өмірлік мысал ретінде, осы СӨЖ тапсырмасын алып қарайтын болсақ, шындығында 4ші фактіге келгеннен кейін бойымдағы шаршаңқылықты байқап, ары қарай жазып бітере алмаймын деп ойладым. Содан соң, 1 сағатқа отбасыммен жақсы әңгіме-дүкен құрып, өзіме ұнайтын 1-2 өлеңді тыңдап, тапсырманы жалғастыруға үлкен энергиямен келдім десе де болады.
- Үздік болу және үнемі даму.
Ли орта мектепте осындай құштарлыққа ие болды, содан кейін оның өмірдегі табысының негізгі факторларының біріне айналды. «Латын тілі үйірмесіне қатысып, онда үш жыл қатарынан бас жүлдені жеңіп алдым. Кейінгі қырық жылда мен бірде-бір латын сөзін қолданбадым! Дегенмен, латын тілі маған ағылшын тілін жақсы меңгеруге көмектесті. Мен жексенбілік кешке қызмет ететін діни қызметкерді түсінетін бірнеше шәкірттің бірі болдым. Мен әрқашан жақсы студент болуды маңызды деп санадым, бірақ бұл мен үшін жеткіліксіз болды. Мен көп уақытымды оқу жоспарынан тыс оқуға арнадым. Орта мектепте драма және пікірталас үйірмелеріне белсене қатыстым. Сырқаттанып, спортпен айналыса алмай қалғанда, жүзу командасының басшысы (староста) болдым, яғни орамал әкелу, суға арналған сандықтарды жуу міндетін өз мойныма алдым. » [7] . Кітапты оқи отыра, Лидің бірнеше салада өзін сынап көргенін байқуға болады. Ол ешқашан, бір нәрсемен айналысып ғана отырмаған, керісінше кез-келген нәрсені байқап көруге, оқып, үйреніп көруге құштар болған. Мысалы ол Форд компаниясына алғашқысында инженер болып жұмысқа орналасқан. Кейінірек, топ-менеджерлердің бірі болды. Қарап тұрсан, екеуі екі түрлі сала. Ол инженер болып қалып қалған жоқ. Басқа салада өзін дамытып көргісі келді және бұл оған сәттілік алып келды. Тағы да мысал ретінде, университет қабырғасындағы студенттердің білімдерін сынауын алып қарастырсақ болады. Кейбір студенттер бар, «маған 4 болса жетеді, маған артық білімнің қажеті түкке де керек емес» деп ойлайтын. Ал кейбіреулері, 4-тік бағамен оқып жүріп, өзінен жақсы оқитын студенттермен жарысады, яғни озып түсіп үздік болғысы келеді. Бұл жерде, маған осы білім жетеді деген ойдағы студент сол орнында қалып қалады, ал, үздік болғысы келген студент өзін дамытып, үздік болып жетістікке жетеді. Неліктен жетістік? Себебі, ол үздік болуға ұмтылған сәтте өз бойыңдағы барлық қабілеттерді аша отырып, өзін дамытады. Менің ойымша, дамудың өзі бір жетістік!
- Тәртіп пен табандылық.
Сіздің сүйікті серияңызды көруден бас тарту және оның орнына пайдалы кітап оқу қиын ба? Бірақ Ли бала кезінен өзін тәртіпке үйретті: «Бірақ соғыс ұзаққа созылған сайын уақытты босқа кетіруге деген құштарлығым жоғалып кетті. Кішкентай кезімде кешкі астан кейін ойнау үшін мектептен келе салысымен үй тапсырмасын орындауға жаттықтым. Сондықтан мен университетке түскенде радионы өшіріп, басқа ештеңеге алаңдамай, әдебиетке қалай көңіл бөлу керектігін және көп жұмыс істеуді білетінмін. Мен өзіме: «Алдағы үш сағатта мен қолымнан келгенше жұмыс істеймін. Тек үш сағаттан кейін мен бұл істі тастап, кинотеатрға барамын » деп міндет қоятынмын. Барлық дерлік сияқты бизнесте де табысқа жету үшін ең бастысы - уақытты тиімді пайдалана білу және назар аудара білу. » [8] . Біз өзімізді тәрбиелеу арқылы жетістікке жете аламыз. Барлық нәрсе тәртіппен басталады. Өзімізді арасында кейбір жаман дүниелерден тыйуымыз керек. Себебі, ол нәрсе бізге жетістікке жетуімізге кедергі жасауы мүмкін. Жоғары да айтқандай, сериал көріп біз ешқандай да ой түйе алмаймыз. Жәй ғана жадымызда пайдасыз артық ақпараттың саны өседі. Ал, кітап оқу арқылы біз табандылығымызды арттыра аламыз.
- Күніңізді дұрыс жоспарлаңыз және уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz