Инклюзивтібілім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін үйрету


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Инклюзивтібілім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін үйрету

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН

ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ

Инклюзивті білім беру - гуманизмге, руханилылыққа, әлеуметтік әділдікке

жетелейтін әрі солардан бастау алатын, өзіндік ерекшелігі мол сала. Адам

құқықтары саласындағы халықаралық стандарттары әрбір адамның қоғамдық

өмірге теңдікпен және дискриминациясыз араласуы керек деген идеяға негізделетіні белгілі. Сондықтан да әлемдік білім беру жүйесінде соңғы жылдары жаңашыл идеялар көптеп енгізіліп, олардың діңін ЮНЕСКО-ның

«Білім барлығы үшін» бағдарламасы қалап келеді. Оқыту мекемелеріне

инклюзивтік білім беруді енгізу үдерісі - уақыттың талабы. Дегенмен, бұл

қадам - білім беру жүйесіндегі гуманизмнің қарқынды даму нәтижесі екенін де атап өту керек. Инклюзивті практика білім алуға барлық балалардың бірдей қолы жетуі тиіс деген идеяны іске асырады. Бұл жерде балалардың жеке басының ерекшеліктері, оқудағы жетістіктері, ана тілі, мәдениеті, психикалық және дене мүмкіншіліктері білім алу жолында кедергі болмауы керек екендігі басты мәселе болып табылады. Инклюзивті білім беру жүйесі қазіргі кезде өзінің ғылыми негіздері мен әдіснамасын жетілдіруге ұмтылуда. Ол әдіснаманың басты ерекшелігі сонда, бұл сала бойынша бала - оқытуды қажет ететін, бірақ түрлі қажеттілік деңгейлері бар жеке тұлға. Инклюзивтік білім беру түрлі деңгейде оқи алатын түрлі ерекшеліктері бар балаларды қанағаттандыруға икемді болып келетін тәсілді зерттеуде. Осымен де байланысты, еліміздің тұғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: « . . . Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады», - деп мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп, олардың оқып-білім алуына, еңбек етуіне мүмкіндік туғызу керек екендігіне баса назар аударды [4] . «Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерінде» білім беруге ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларға мына санаттағы балалар жататыны белгіленген:

- мүмкіндіктері шектеулі балалар;

- мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар

отбасыларынан шыққан балалар;

- қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім

балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, және әлеуметтік-психологиялық деңгейі төмен отбасынан шыққан балалар) [5] . Бұл санаттағы балалар - өмірде түрлі қиын жағдайларға душар болған, қиындықтарға тап болған балалар екені белгілі. Осыны ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға ерте бастан кіріктірілуі, олардың болашақта толыққанды қоғам мүшесі болуына мүмкіндік жасалуда. Білім беруді гуманизациялау оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде баланың жеке басы, танымдық қызығушылығы, тұлғалық қасиеттері дамуын тиімді ететін оқыту мен тәрбие әдістері мен формаларын қолдануын қажет етеді әрі талап етеді. Қоғамдық дамудың басты ұстанымдары әрбір адамның өзінің білім алу қажеттілігін қанағаттандыру құқығы мен сапалы базалық білім алуы құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы ретте, мүмкіндігі шектеулі балалардың заманауи талаптарға сай білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз ету үшін, оқыту барысын дәстүрлі ұйымдастыру модельдеріне беймдемей, керісінше, қалыпты дамып келе жатқан, дамуы баяу, дарынды, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтан тұратын оқушылардың әрқайсысына бейімделе аалатын оқыту жүйесін құру ьетбұрыс жасалуы керек. Балалардың, жалпы, адамдардың өзара айырмашылықтары болуы - табиғи құбылыс болғандықтан, оқу-тәрбие үдерісі қоғамдағы әр адамның білім алу құқығын құрметтеп, қоғамның әр мүшесіне лайықты етіп құрылған болуы керек. Тек сондай оқу-тәрбие үдерісі ғана гуманистік, демократиялық ұстанымдарды басшылыққа алған болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше білім беру назарсыз қалмауы үшін әр педагог әдіс-тәсілдерін нақты ойластыру қажет. Тек қана балаға бейімделген тәрбие оның ішкі потенциялын ашуға мүмкіндік туғызады, әр адамға қарап, сабырлылыққа тәрбиелейді, отбасыларымен қарымқатынастықты нығайтып, оқу барысына кірістіреді. «Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктін шектеусіз сипатқа ие болуы да ықтимал», Ж. Ламетри

айтқандай, қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету, педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білімт беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын барлығы үшін бір мектеп немесе инклюзивті білім беру туралы айтуда. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзив білім берудің екі жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір біріне қарама-қарсы қоймай қайта жақындатады. Олардың арасындағы шекараны ашады. Инклюзивті білім берудің Қазақстанда өріс алуы қажеттілік әрі перспективалық іс екенін мойындаймыз. Осы кезде ғылыми ортада педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді. Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы) түрде оқуын ұйымдастыру консилиум арқылы әзірленеді. Консилиумға мектептің пән мұғалімдері, педагог-дефектологтар, психологтар қатысады. Жеке бағдарлама есту, сөйлеу, көру қозғалу мүшелері мен интеллектідне ақаулықтары бар оқушылардың танымдық мүмкіндігіне бейімдетіледі. Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру типтік және қолданыстағы оқу жоспарларына сәйкес жүргізілуі, жылдық күнтізбелік оқу жоспары және сабақ кестесі арқылы регламенттелуі тиіс. Бұл ұсыныстар мүмкіндігі шектеулі бар балалар оқитын бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдеріне оқу бағдарламаларын әрбір жеке жағдайға байланысты оқушылардың білім жөніндегі талап-тілегіне бейімдеуді жүктейді. Білім беру бағдарламалары мектептің педагогикалық және әдістемелік кеңестерде бекітілу керек. Инклюзивті білім беру жағдайында сынып жетекшілерінің рөлі де артып күрделене түседі. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнаулы қолдау көрсетілуін: шәкірттердің оқу процесі аясында жұмысты ұйымдастыруына көмектесу; оңды қарым-қатынастар негізінде балалар ұжымын қалыптастырып, дамыту; ата - аналармен тығыз ынтымақтастық орнату мәселелерінің реттелуін нақ солар қамтамасыз етуі тиіс. Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі

ретінде қарастырған жөн. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас

ерекшелігі ескеріліп білім берілуде Инклюзивті білім берудің мақсаты:

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім

беру. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және

даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Инклюзивті білім беру - ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Түзету сыныптарда балалардың ата-аналары мектептерге ПМПКның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат. Технология әзірлеуде оқыту мен дамыту арасындағы арақатынасты анықтау;

Дәстүрлі оқыту мен түзетулер міндетін шешуге тиімді әдісінен аса мәнді болып табылдады.

Сапалы жеке оқытудағы жаңа әдістерді әзірлеу.

2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;

3) оқу-таным әрекеттерін топтарда жұмыс істеу арқылы дамыту

, сайыс сабақтарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады өзін-өзі

таныту жолдасына көмектесу, сайысқа түсу оқушылардың оқуға деген

құлшынысын тудырады.

- сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерді қолдану, сахналык

қойылымдар қою, жағдаят тудыру. (олар қабылдау мен есте сақтауға

, өмірге жақын дүниені қабылдауға негізделеді) ;

- ойын технологиясын қолдану түзету сыныптарында өзіндік

нәтижесін береді.

өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері

(қиялға, ерікке, ерекшеліктеріне негізделеді) .

Балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістеріне топтық ойындар, суреттерді сөйлету, ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыру сратегиялары сәтті өтеді. Ауызша тексеру, жазуша тексеру оқу техникасын тексеру, көру диктантттары, сөздікті жұппен жұмыс арқылы тексеру әдістері енеді. Түзету сыныптарында пайдаланатын тиімді жол - оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен - адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған

қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. Түзету сыныптарында отан, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын білгізудің мәні зор себебі өмірмен байланысты тақырыптарға қызығушылықтары бар. 3, 4, сыныптарды аймақтық компоненттерді «Қазақстан», «Менің қалам», «Менің көшем», «Менің отбасым», «Дүкенде», «Стадионда», «Дәрігерде», «Жыл мезгілдері» тағы сол сияқты тақырыптарды оқығанда әбден қолдануға болады. Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда қандай шаралар арқылы жүзеге асыруға болады. Тақырыпты қандай жұмыс түрлері арқылы ашуға болады.

- Диалог

- Викторина

- Карточкакмен жұмыс

- Сурет бойынша жұмыс

- Инсценировка

- Экскурсия

- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары негізгі тақырыптар бойынша сурет салу( менің отбасым, азық-түліктер, менің мектебім)

- Интеграцияланған сабақтар( дене шынықтыру -ұлттық ойындар, музыка-ұлттық аспаптар) .

Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске

асады:

1. Жұптық

2. Топтық

3. Ұжымдық

Түзету сыныптарында шаттық шеңбер құру арқылы психологялық

хал-ахуал туғызудың да маңызы зор. Сыныпта балалардың ерекшеліктерін

ескере отырып сергіту сәттерін дұрыс ұйымдастыра білу де сабақтың

нәтижелі өтуіне себебін тигізеді, Қазақ тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, таңдап қолданады. Отандық және шетелдік тәжірибелерге талдау жүргізе отырып, біз

инклюзивті білім беру аясындағы педагогтардың құзіреттіліктерін

айқындайтын кәсіби көрсеткіштердің тобын жасадық:

- инклюзивті білім беру аясындағы теориялық білімдердің нормативтікқұқықтық негіздері;

-инклюзивті білім беру жағдайындағы тәрбиелеу мен оқыту үдерісін

құрудың ерекшеліктерін білу;

-инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық

технологиялардың тәжірибеде қолдану негіздерін білу;

-мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарымен бір-бірімен

өзара әрекеттесу және барлық субъектілермен қарым-қатынастарын дұрыс

құруды білу;

-дамуында ауытқуы бар балалар үшін және дамуында ауытқуы жоқ

балалар үшін психология, дефектология, психологиялық заңдылықтардың

теориялық және әдістемелік негіздерін білу;

-инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды

тәрбиелеу, дамыту, оқыту мәселерінде кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру

-білім беру үдерісінде этикалық нормаларды сақтау, «кедергісіз» орта

құру, рухани-адамгершілік қасиеттерін таныту [6] .

Қазіргі педагогика баланың оқуға, өзінің танымдық қуатын ашуға, жаңа

білімді алуға үнемі талпынуға үйренуіне бағытталған. Оқу процесінің табысты

болуы мұғалімнің балалармен, балалардың бір-бірімен, әр баланың мұғаліммен, оқушының ұжыммен өзара қарым - қатынасына байланысты.

Оқыту әдістемесі деп біз нені түсінеміз? Бұл - оқушының өзіндік ойлау

қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік беретін мұғалімнің

оқушылармен жүйелі жұмыс тәсілі, білімді және ептілікті меңгеруі, оны

тәжірибеде қолдана білуі. Педагогикада оқыту әдістерін топтастырудың

бірнеше түрі бар. Дәстүрлі түрде оларды пассивті, активті және интерактивті

деп үш топқа бөледі. Пассивті - бұл мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет ету формасы. Мұнда мұғалім негізгі әрекет етуші тұлға және сабақ барысын басқарушы, ал оқушылар мұғалім нұсқауына бағынатын пассивті тыңдаушылар рөлін атқарады. Мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс түрлі сұрақтар, өзіндік бақылау жұмыстары, тест жұмыстары арқылы іске асады. Заманауи педагогикалық технология тұрғысынан алғанда, оқушылардың оқу материалдарын меңгеруінде пассивті әдіс тиімсіз болып саналады. Бірақ өзіндік артықшылықтары да жоқ емес. Ол мұғалімнің сабаққа оңай дайындалуына және шектеулі уақыт аясында оқу материалдарын көбірек беруге мүмкіндік береді. Осы артықшылықтарды есепке ала отырып, көптеген мұғалімдер басқа әдістерге қарағанда пассивті әдісті жөн көреді. Активті - бұл оқушы мен мұғалімнің сабақ барысындағы өзара әрекеті, мұнда оқушылар пассивті тыңдаушы емес, сабақтың белсенді қатысушылары. Пассивті сабақта негізгі әрекет етуші тұлға мұғалім болса, мұнда оқушы мен мұғалім тең құқылы болады. Активті тәсіл демократиялық стилді қалайды. Негізгі әдістері - бұл шығармашылық тапсырмалар, оқушылардың мұғалімге, мұғалімнің оқушыларға сұрақтар қоюы. Интерактивті оқытудың мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асатындығын біз білеміз. Мұнда мұғалім мен оқушы оқу үрдісінің субьектісі болып табылады. Мұғалім ұйымдастырушы, топтың көшбасшысы, ақыл-кеңес беруші, оқушы әрекетіне жағдай жасаушы қызметін атқарады. Білімді меңгеруде, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмысын бағалауда, талдауда оқушылар өздері жетекшілік етеді, өздерінің тәжірибесіне сүйенеді. Мұғалім шығармашылық жұмыстарды орындау барысында тың мәселелерді туғыза отырып, оқушылардың таным белсенділігін арттыруды көздейді. Туындаған мәселе төңірегінде оқушылар өз пікірін, көзқарасын білдіреді, оның дұрыстығын дәлелдейді. Оқушылардың жаңа білімі, шеберлігі осындай тәжірибе негізінде қалыптасады. Интерактивті оқыту оқушының санасына ғана әсер етіп қоймайды, олардың сезіміне, еркіне (әрекетіне, дағдысына) жағымды әсер етеді. Ғалымдардың зерттеуі де интерактивті тәсілдер арқылы оқушының оқу материалдарын жылдам меңгеретіндігін дәлелдеген. Оқытудың интерактивті тәсілдері мынандай міндеттерді шешуге көмектеседі:

- Әрбір оқушының оқу материалын меңгеру үрдісіне белсенді араласуы;

- Танымдық мотивациясын арттыру;

- Табысты қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру (бірін-бірі тыңдай

білу, сөйлесім құра білу, түсіністікпен сұрақтар қоя білу) ;

- Өзіндік оқу қызметінде дағдыларын дамыту: жетекші және аралық

тапсырмаларды анықтау, өз таңдауының нәтижесін алдын-ала қарастыра білу,

оны объективті бағалау;

- Лидерлік қасиетін тәрбиелеу;

- Топпен және топ ішінде жұмыс істей алу;

- Біріккен және жеке қызметте жетістіктерге жету үшін жауапкершілікті сезіну.

Оқытудың интерактивті әдістерінің көпшілігі бірнеше тәсілдердің күрделі

өрілуі болып табылатындықтан оларды топтастыру өте қиын. Қай әдісті

қолдану түрлі себептерге: сабақтың мақсатына, қатысушылар мен мұғалімнің

тәжірибесіне, олардың талғамына байланысты. Көптеген әдістердің атауының

шартты түрде екендігін де айта кеткен жөн. Бір ғана атау бірнеше мазмұнды

белгілеу үшін жиі қолданылса, керісінше бір ғана әдіс түрлі атаулармен

кездеседі.

- Шығармашылық тапсырмалар.

- Шағын топтармен жұмыс.

- Ойындар (рөлдік, іскери, білімдік) .

- Сергітулер (разминки различного рода) .

- Мәселелерді шешу және талқылау (жобалау әдісі, пікірсайыс, зерттеу) .

- Жаңа материалды үйрену және бекіту (оқушы мұғалім рөлінде, көрнекі

құралдармен жұмыс, практикалық сабақтар) .

- Әлеуметтік жобалар (жарыстар, спектакльдер, қойылымдар, көрмелер) .

- Қоғамдық ресурстарды пайдалану (мамандарды шақыру, саяхаттар) .

Оқушыларды топқа бөлу тәсілдері. Оқушыларды оқу топтарына бөлудің

бірнеше тәсілдері бар. Топ мүшелерінің тізімін алдын ала анықтап, іліп қоюға

болады. Оқушыларды топқа бөлудің ең қарапайым жолы - «бір», «екі»

сандарымен санату. Бір санын атағандар бірінші топты, екі санын атағандар

екінші топты құрайды. Сандардың орнына түстерді немесе жыл мезгілдерін т. б. атауға болады. Енді бір жолы оқушылардың көзқарастары мен ұстанымдары бойынша (өз қалауымен) құрауға болады. Қажетті уақыт бойы топ құрамының тұрақты сақталуы оқушылардың топпен жұмыс істеуде жетістікке жету шеберліктерін шыңдайды. Интерактивті оқытуда тұрақты топ болмайды, олар үнемі ауысып отырады. Ал топ құрамының ауысуы барлық оқушыларға әртүрлі адамдармен жұмыс істеуге және оларды тануға мүмкіндік береді. Топты құра отырып, мынандай жағдайларға көңіл бөліңіз: оқушылардың топтық жұмысты орындауға білімі мен іскерліктерінің жететіндігіне көз жеткізіңіз. Өз нұсқауларыңызды мейлінше анық жасаңыз. Оларды тақтаға немесе карточкаларға жазып қойыңыз. Тапсырманы орындауға жеткілікті уақыт беріңіз. Тапсырманы басқа топтардан бұрын аяқтаған топтың немен айналысатынын да алдын ала ойластырыңыз. Сіздің бағалау және марапаттау тәсілдеріңіздің топтық жұмысты қолдануға қалай әсер ететінін де ойлаңыз. Топтың күшімен жеткен жетістікті топтық марапаттаумен қамтамасыз етіңіз. Топішілік басқару мәселесін де назардан тыс қалдырмаңыз. Егер бір оқушы топтың жұмысы туралы есеп берсе, әділ шешім жасаңыз. Топтың әр мүшесінің бір-бірінің құқығын қалай сыйлайтынына көңіл бөлуге тырысыңыз. Бірігіп әрекет етуге тән жұмыс барысындағы шуларға дайын болыңыз. Шағын топтардағы жұмыстарға тапсырма дайындау барысында әр топтан күтілетін оқу нәтижесін ойластырыңыз.

1. Оқушыларды тапсырма түрімен олар топқа бөлінбей тұрып таныстырыңыз.

2. Тапсырманың түсінікті екендігін оқушылармен бірге талқылаңыз.

3. Топта жұмыс істеу ережесін естеріне түсіріңіз.

Баланың табысқа жету жолындағы бір сәттік күйзелісі оның психологииялық көңіл күйін түп - тамырымен өзгертуі де, тұлғаның болашақ іс-әрекетінің, қиындықтарға қарсы күш қуатының, оқуға деген құштарлығының артуының қозғаушы тетігі болуы да мүмкін. Оқушылардың табысқа жетуінің шарттары:

1) Айналасындағылардың тілектестігі: оқушылардың жайғасуы, бір - біріне

күлімдеп, достық қатынаста болуы, тапсырманың орындалуы мен күтілетін

нәтижеге деген қызығушылық - осының бәрі психологиялық қыспақты жойып, сәтсіздік қорқынышын азайтып, субьектінің белсенділігін арттырады.

Субьектінің белсенділігін «Бұл бізге өте қажет, өйткені . . . », «Бұл сен үшін өте

маңызды, өйткені . . . » деген сөздермен арттырып отыру керек. Оқушы

әрекетінің маңыздылығын баса айту тұлғаның өзіндік мәнін арттырып, өз

күшіне деген сенімін туғызады.

2) Қорқынышты сейілту - бұл табысқа жетуді көздейтін және сәтсіздіктен

қорқатын әрбір оқушы үшін ең қажетті әрекет. Сондықтан педагог «Бұл онша

қиын емес . . . Тіпті жүзеге аспаса да ештеңе етпейді, біз басқа тәсілдерді

іздейміз . . . » немесе «Біз бәріміз саған көмектесеміз» дегенді айтып отыруы

керек.

3) «Жасырын нұсқау» - бұл әрекет етудің басқаша түрі, яғни адамға

бүркеме көмек көрсету. Мұнда оқушы толықтай өзінің ресурстарына сүйене

отырып, ешқандай көмексіз жұмыс істеуге үйренуі тиіс. Тәжірибесі, икемі

болмағандықтан алғашында істей алмауы да мүмкін. Педагог мұндай жағдайда:«Есіңде ме, әрине, мынадан бастау керек . . . », «Мына жағынан кіріскен ыңғайлы . . . » немесе «Мұнде ең бастысы . . . » деген сөздермен қолдау көрсетеді. Жасырын нұсқау оқушы санасына елес береді, ол өз әрекетінің барысына қажетті картинаны көреді. Аталмыш елес субьектінің өзіндік қадам жасауына негіз болады.

4) Достық жағымды берік қатынас - бұл адамның әлі ашылмаған жақсы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін психологтың 3 маңызды құзыреттілігі
Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz