Кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің жауапкершілігі. Кәсіпкерліктің өсу стратегиясы. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігі ретінде. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және оның инфрақұрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің жауапкершілігі. Кәсіпкерліктің өсу стратегиясы. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігі ретінде. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және оның инфрақұрылымы

Орындаған: Ерханова Балжан Бахитжанқызы
Факультет: Экономика және Бизнес Жоғары мектебі
Группа: 1 - Қаржы
Қабылдаған: Табеев Талгат Пазильбекович

Алматы, 2020 жыл

Жоспары.
Кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің жауапкершілігі.
Кәсіпкерліктің өсу стратегиясы.
Кәсіпкерлік қызмет тиімділігі ретінде.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және оның инфрақұрылымы.
Пайдаланған әдебиет көздері.

11-тақырып. Кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің жауапкершілігі.
Экономикалық жауапкершілік сөзінің түсінігі мен мағынасы кең ауқымды қамтиды. Шаруашылық (кәсіпкерлік) құқық теориясында экономикалық жауапкершілік - әрбір өндірушінің қоғам алдындағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі және мемлекет берген ресурстарды тиімді пайдалану жауапкершілігі (өндірушілік және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруды жоспарлы бағалау жүйесі, ресурстарды пайдалану тиімділігі нормативтерін және соларға байланысты шаруашылық есеп және өндіруші арқылы іске асырылады); өндірушілердің тапсырыстар мен шаруашылық шарттарына, өнім беру жоспарларына, деңгейлес экономикалық байланыстар жүйесіне негізделген, соның өнімдері мен қызметтерін тікелей тұтынатындар алдындағы жауапкершілігі.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі Заң алдында көрінеді және сонымен шешіледі. Оның түрлеріне кәсіптік-құқықтық, салықтық-құқықтық, экологиялық-құқықтық, халықаралық-құқықтық, конституциялық-құқықтық жауапкершілік түрлерін жатқызамыз.
Кәсіпкерлік қызмет туралы Заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің өзгешелігі мынадай: Жеке кәсіпкерлік туралы Заң мемлекеттік бақылау, лицензиялау және тіркеу әрекеттерін іске асыру барысындағы мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершіліктерінің жалпы ережелері мен түрлерін (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 10-тарауы), кәсіпкердің жауапкершілігін (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 7-бабы) белгілейді.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 14-бабында былай келтірілген:
14-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі.
1. Мемлекет рұқсат беру арқылы лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсат иесінің мемлекеттік реттеудің мақсаттарына сәйкес қауіпсіздіктің ең төмен деңгейін қамтамасыз ететінін растайды.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері заңды қызметінің жүзеге асырылуына кедергілер жасалмауға тиіс.
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілері өз міндеттерін орындаған немесе өздеріне заң бойынша берілген құқықтарды іске асырған кезде, олардың әрекеттерінің адалдығы көзделеді.
Кәсіпкерлік субъектісі сонымен қатар, егер құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыру және (немесе) міндеттерін орындау кезінде ол мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған бекітіліп берілген құзыреті шегінде берген ресми түсіндірулерін басшылыққа алса, адал деп есептеледі.
Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актісін шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өтелуге жатады.
4. Мемлекеттік орган қарап жатқан мән-жайлар туралы кәсіпкерлік субъектілерінің берген нақты деректері сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше деп белгіленге дейін дұрыс деп есептеледі.
5. Басқа кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсету немесе бұрыннан бар міндеттерін орындаудан немесе нақты жасалған құқық бұзушылықтар үшін заңды жауаптылықтан жалтару мақсатымен осы Кодекспен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен берілген құқықтарды олардың мақсатына қайшы келетіндей етіп пайдалануға тыйым салынады.
6. Осы баптың мемлекеттік органдардың міндеттемелерін белгілейтін ережелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға қолданылады.

Сондай-ақ 15-бабында:
15-бап. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу.
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты таңдап қолдану фактілері орын алмауға тиіс.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен байланыстарын шектеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерде "бір терезе" қағидатын қолдану көзделуге тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдардан барлық қажетті келісулерді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау тәртібімен мемлекеттік органдардың өздері алуға тиіс.
3. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жүзеге асыратын адамдардың мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды қолдану мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануына жол берілмейді, -
деп көрсетілген.
Азаматтық жауапкершіліктің басты мақсаты - жәбірленуші, яғни кредитор жақтың құқығын қорғау болып табылатындықтан мүліктік, компенсациялық сипатқа ие болады. Кәсіпкерліктегі азаматтық жауапкершілік келісімшарттан тыс қатынастардан пайда болады. Ол құқықтық нормаларға сәйкес жасақталады және жасалған келісімшарттарды орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда келісімдік жауапкершілік болып табылады.
Берешектердің біріккен міндеттемесінде кредитор міндеттеменің орындалуын осы берешектердің барлығынан бірге талап еткені сияқты олардың әрқайсысынан жекеше түрде берешекті толықтай немесе бір бөлігін талап етуге құқығы бар. Егер кредитор біріккен берешектердің біреуінің орындаған міндеттемесіне қанағаттанбаса, ол алынбаған берешектің қалғанын толықтай алғанша басқа да біріккен берешектерден талап етуге құқығы бар.
Материалдық жауапкершілік жеке немесе ұжымдық жауапкершілік материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт жасасқан қызметкер үшін шектеулі (айлықтың шамамен 13 бөлігі) және толық болып екі түрге бөлінеді. Егер қызметкер материалдық немесе ақшалай құндылықтарды бір жолғы құжаттармен өз міндетіне алса және қызметкердің әрекетінде зиян келтіретін қандай да бір қылмыстық белгілер байқалса, оған толықтай материалдық жауапкершілік жүктелуі қажет.
Қылмыстық жауапкершілік бұл кәсіпкерлік қызмет процесінде заңға қарсы әрекет жасалғанда пайда болатын кәсіпкердің заң алдындағы жауапкершіліктерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда жасалған заңға қарсы әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік түрлері: айыппұл өндіру; белгілі бір қызметке орналасу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; міндетті және түзету жұмыстары; мүлікті тәркілеу; бостандықты шектеу; белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру.

Кәсіпкердің монополияға қарсы заңдылықтарды бұзғандағы жауапкершілігі.
Жеке кәсіпкерге мұндай құқықты бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктер жүктеледі. Монополияға қарсы әрекет бұзылған жағдайда кәсіпорын монополияға қарсы ұйымның алғышарттарына сәйкес заң бұзушылықты тоқтатуға, бастапқы жағдайды қалпына келтіруге, келісімшартқа өзгертулер енгізуге, басқа шаруашылық субъектісімен келісімге отыруға құқық бұзылудың нәтижесінде алынған пайданы қайта есептеп, қазақстандық бюджетке аудару және алғышартта қарастырылған басқа да әрекеттер жасауға міндетті.
Айыппұл төлеуден жалтару немесе айыппұл толық төленбеген жағдайда ол белгіленген рет бойынша сот шешімімен өндіріледі.

Сапасы төмен өнім үшін жүктелетін жауапкершілік.
Бұған байланысты істер Тұтынушының құқығын қорғау туралы Қр Заңында нақты көрсетілген. Стандарттау, метеорология, сертификаттау бойынша қазақстандық ұйым және тауарлардың сапасы мен қауімсіщдігіне бақылау жасайтын атқарушы үкіметтің басқа да федералдық ұйымдары өз өкілеттерін пайдаланып айыппұл салуға құқығы бар.
3-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ
8-1 бабында былай деп көрсетілген:
8-1-бап. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар.
1. Сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.
2. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптар:
1) тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жағдайда сатушыны (орындаушыны, дайындаушыны) жауапкершіліктен босату немесе оны негізсіз шектеу;
2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) шарттық міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тұтынушының құқықтарын болғызбау немесе шектеу;
3) өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша таңған тұтынушылардың міндеттерін белгілеу;
4) туристік қызмет көрсетуге арналған шарттарды және қайтарылмайтын тарифтер бойынша авиабилеттер сатып алу шарттарын қоспағанда, тұтынушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, оның мөлшерлес емес үлкен (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі жөнінде талап белгілеу;
4-1) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау кезінде қолма-қол ақшамен төленген жағдайдағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату бағасынан асатын баға белгілеу;
5) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты өзгерту және бұзу негiздерi мен тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, шартты біржақты тәртіппен өзгерту және (немесе) бұзу құқығын беру;
6) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар (көрсетілмеген қызмет, жұмыс) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру;

7) тұтынушыға шартты бұзу құқығын берместен, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) бағаны ұлғайту мүмкіндігін беру.

Салықтық заң бұзушылық жасалғандағы жауапкершіліктің түрлері және формалары.
Олар мынадай: әкімшіл және қылмыстық жауапкершілік. Жауапкершіліктің басты түрі және шарасы Заңда көрсетілген өлшем бойынша ақшалай өтем (айыппұл) түрінде қолданылатын салықтық санкциялар болып табылады. Қандай да бір жағдайда жауапкершілік жеңілдетілсе, көрсетілген санкция мөлшері 2 есеге дейін азайтылады, жауапкершілік ауырлаған жағдайда көрсетілген айыппұл мөлшері 100%-ға дейін көбейтіледі.

Пайдаланған әдебиет көздері:
Adilet.zan.kz Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі, 2015 ж.
Нұрғалиева, А. А. Кәсіпкерлік [Мәтін] : оқу құралы А. А. Нұрғалиева, Б. С. Корабаев ; С. Торайғыров атын. Павлодар мемлекеттік ун-т. - Алматы : Экономика, 2016.
Мороз, Светлана Павловна, Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық [Текст] : оқулық С. П. Мороз. - Алматы : Бастау, 2009.
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру [Мәтін] : оқу құралы К. Н. Оразбаева [және т. б.]. - Алматы : Эверо, 2014. - 264, [2] б.

12-тақырып. Кәсіпкерліктің өсу стратегиясы.

Стратегиялық басқару процесі

Стратегиялық жоспарлау кезінде венчур, я,ни тәсекелге барушы мына маңызды қадамдар жасау керек:
Сыртқы және ішкі ортасын (әлсіз және мықты тұстарын) толыққанды зерттеп алу;
Венчурдің ұзақ және қысқа мерзімді стратегиясын (мақсат, саясат, жасалатын іс-әрекеттер) анықтап алу;
Стратегиялық жоспарды (бағдарлама, салынатын қаражаттар, бюджет, процедуралар) іске асыру;
Кері байланыс арқылы іс-әрекеттерді қадағалау.
Бірінші қадам - қоршаған ортаны зерттеу - аяққа тұрып келе жатқан венчур үшін ең маңыздысы болуы мүмкін. Сыртқы және ішкі ортаны талдау мол ақпарат береді. Ол стратегиялық мақсат пен стратегиялық миссияны ойластыруға пайдаланылады. Бұл көбінесе SWOT талдау (SWOT-analyses: strengths (күш), weaknesses (әлсіздік), opportunities (мүмкіндік) and threats (қауіп)) деп аталады. SWOT - венчурдің ішкі күштері мен әлсіз тұстарының және сыртқы мүмкіндіктер мен қауіптердің бас әріптерінен құралған ағылшын тіліндегі акроним. Талдауда ықтимал және компанияға қатты әсер ете алатын сыртқы факторлар ғана емес, қазіргі және келешек стратегиялық шешімдердің жүзеге асуына әсер ете алатын ішкі факторлар да қарастырылуы қажет. Осы талдауға назар аудара отырып, даму үстіндегі венчур тұжырымдау, жүзеге асыру, бағалау және кері байланыс сынды кезеңдерден өтіп отырады.

Стратегиялық жоспарлау жетіспеуі.
Стратегиялық жоспарлау болмауының 5 себебі қарастырылған:
Уақыт тапшылығы. Кәсіпкерлер уақыт аздығын алға тартып, күнделікті жұмыс барысында жоспарлауға уақыт бөлу қиын екенін айтады.
Білім жетіспеуі. Кәсіпкердің жоспарлау процесіне әсері аз әрі оны жете меңгермеген. Процесс компоненттері және олардың реті жөнінде анық білмейді.
Тәжірибедағды жетіспеуі. Көбінесе кәсіпкерлер дженералистер, яғни кең ауқымды мамандар, олардың жоспарлау процесіне қажет арнайы білімі жетіспейді.
Сенім мен ашықтық жетіспеуі. Кәсіпкерлер өз бизнестері мен оған қатысты шешімдерге келгенде сезімтал әрі сақ болады. Сондықтан қызметкерлер немесе сыртқы кеңесшілер қатысуды талап ететін стратегиялық жоспар жасауға қорқады.
Бағасы жоғары деп қабылдау. Бизнес иесі жоспарлаудың бағасы қымбат деп есептейді. Бұл уайым жоспарлаудың бизнес үшін маңызы бар құнды процесс болғанына қарамастан, кәсіпкерлердің назар аудармауына немесе қашқақтауына себеп болады.

Стратегиялық жоспарлаудың құрылымы.
Көптеген зерттеуде жоспарлаудың кәсіпкерлік фирмаларға әсеріне көңіл бөлінген. Бұл зерттеулер бойынша жоспарлау венчур үшін құнды нәрсе. Зерттеудің көбі жоспарлау венчурдің аман қалуына әсер етеді деген ойда. Бір зерттеуде сәтсіздікке ұшыраған 70 мың фирма жоспарлау болмағандықтан жабылғаны анықталған. Тағы бір зерттеулер жоспарлауды жүзеге асыратын фирмалар оны қолданбайтындарға қарағанда жұмысын сәтті жүргізгені көрсетілген. 9220 шағын фирманы зерттеген бір еңбекте сұранысқа сай келетін стратегияны (нишалық стратегия) ұстанудың маңызын атап өтіп, фирманың ерекше құзыреті мен тұрақты бәсеке артықшылықтарын қалыптастырғанын айтады.

Кәсіпкерлік пен стратегиялық менеджмент - фирма жұмысының өнімділігіне байланысты динамикалық процесс. Стратегиялық менеджмент фирманың белгілі бір қоршаған орта аясында бәсекелік артықшылықтарын орнықтыруды талап етеді. Кәсіпкерлік өнім, процесс және нарықтағы инновациялар арқылы бәсекелік артықшылық іздеуге бағытталған. Жаңа венчурлер, әдетте инновациялардың нарықтағы болашақ орнын күшейту үшін ашылады.
Кәсіпкерлік пен стратегиялық басқаруға ортақ арнайы салалар бар. Олар инновация, нетуорк (networks - ортақ қызығушылығы бар адамдар арасында қарым-қатынас орнату), интернационалдану, ұйымдық оқыту, топ-менеджмент командасы мен басқару және өсу. Осы нақты салалардың тоғысу нүктесін түсіну кәсіпкерлерге өз білімін тереңдетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, кәсіпкерлік және стратегиялық әрекеттердің сапасы артады:

Стратегиялық ұстаным жасаудың негізгі ұстанымына қорғалатын позицияға орнығу және қорғау, нарықта үстемдік ету үшін ресурстарды тарту және жаңа нарық қалыптастыру мүмкіндіктерін қолдану сияқты әрекеттер кіреді:

Стратегиялық ұстанымдар: позиция, мүмкіндіктер мен қолда бар ресурстар

Көбінесе өзгерістерге байланысты жаңа позициялар ашылады: жаңа тұтынушы топтар мен сатып алушылар пайда болады; қоғам дамуына орай жаңа сұраныстар шығады; тауар таратудың жаңа арналары табылады; жаңа технологиялар дамиды; жаңа машиналар немесе ақпараттық жүйелер жасалады. Осындай өзгерістер болған кезде, салада ұзақ жұмыс істеп үлгермеген кәсіпкерлік венчурлер бәсекенің жаңа ұтымды жолдарын тезірек қабылдайды.

Кәсіпкерлік өсуді басқару.

Бизнес венчур болашағының табысты болуы үшін аса маңызды тактика - кәсіпкерлік өсуді басқару болуы мүмкін. Жаңа венчур бастамасынан кейін кәсіпкер менеджмент өзгерістері туралы түсінігін қалыптастыруы керек. Көп жағдайда ұтқыр және динамикалық факторларды меңгере алу қабілеті қажет болғандықтан, бұл - қиын нәрсе.
Әдетте венчердің кәсіпкерлік қызмет кезеңі 5 циклдан тұрады:
Бастапқы кеңею мен ресурстар жинау.
Ресурстарды қолдануды рационалдау.
Ресурстарды қолдануды жалғастыру үшін жаңа нарыққа шығу.
Ресурстарды жұмылдыруды жалғастыру үшін жаңа құрылымдар құру.

Венчурдің әдеттегі өмірлік циклі

Жаңа венчурдің пайда болу кезеңінде венчурді құру әрекеттері қарастырылады. Бұл кәсіпкерлік процестің негізін қалайтын бастама кезең, бұл кезеңде креатив ойлау мен бағалау аса қажет. Ресурстарды жинақтау мен кеңейтуге қоса, алғашқы кәсіпкерлік стратегияны жасаудағы креатив ой, бағалау, нетуорк кезеңі.
Стартап әрекеттері кезеңі. Бұл кезеңге ресми бизнес-жоспар жасау, капитал іздестіру, маркетинг шараларын өткізу және нәтижелі жұмыс істейтін кәсіпкерлік команда құру сияқты венчурдің негізін қалаушы жұмыстар кіреді. Аталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру әдетте венчурдің жұмысын бастауға бағытталған бар күш-жігерді агрессив кәсіпкерлік стратегияға салуды талап етеді.
Өсу кезеңінде кәсіпкерлік стратегияда көп өзгеріс болады. Бәсеке мен өзге де нарық күштері стратегияны қайта қарастыруды талап етеді. Креатив қабілеттері өте жоғары, білімді кәсіпкерлер де кейде өсу кезеңіне тән әкімшілік мәселелерді шешуге қауқарсыз немесе шешкісі келмейді. Нәтижесінде, олар кәсіпорынды тастап, басқа венчурге ауысып кетеді. Өсу кезеңіндегі мәселелер стартап кезеңдегі мәселелермен салыстырғанда жаңа әрі күрделі. Осы мәселелерді шешу үшін кәсіпкер ұйымның кәсіпкерлік мүмкіндігін сақтай отырып, жаңа дағдылар мен қабілеттер жүйесін дамытуына тура келеді.
Тұрақтылық кезеңі - нарық жағдайы мен кәсіпкер еңбегінің нәтижесі. Осы кезең барысында бірнеше өзгеріс болады. Оның ішінде: бәсекенің артуы, тұтынушының кәсіпкер ұсынатын тауар(лар)ға немесе көрсетілетін қызмет(тер)іне қызығушылығы төмендеуі, немқұрайдылық пайда болуы, нарықта ұқсас тауарлардың көбеюі бар. Сатылым көбіне тұрақтана бастайды.
Бұл кезең көбінесе шешуші кезең. Себебі осыдан кейінгі кезеңде фирма не пайданы көп табатын жоғары деңгейге өрлейді, болмаса төмендеп, бизнес құлдырауы да мүмкін.
Венчурдің өмірлік циклінің барлық кезеңдері маңызды стратегиялық межелер және әрқайсысына тән стратегиялық амалдар қажет. Алайда бұл тарау венчурдің өсу кезеңіне арналған, себебі кәсіпкерлердің көбі бұған көңіл бөлмейді. Бұл олардың құзыреті жоқтығынан емес, табысты кезең кәсіпкерге гипноз сынды әсер етеді.

Кәсіпкерлер өсу кезеңіне қажет төрт негізгі факторды ұғына білуі қажет. Олар нақты басқару іс-әрекетіне байланысты. Бұл факторлар - бақылау, жауапкершілік, төзімділік пен өзгерістер.
Кәсіпкер үнемі жеңіске жетіп, табысқа ие болып жүреді деп айта алмаймыз, инновацияшыл болып, кәсіпкер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кредиттік оқу жүйесі
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Шағын және орта бизнесті қолдауды жетілдіру
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың орны мен маңызы
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
Кәсіпкерліктің теориялық негіздері
Кәсіпкерліктің қажеттілігі және экономикалық мәні
Шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы (Жамбыл облысы бойынша)
Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
Пәндер