Инклюзивтік білім беру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тиркешова Жамила Мат20-1

Бүкіл әлем инклюзивтік білім беру идеясы мен тәжірибесіне назар аударуда. Білім беру жүйесі барлық санаттағы азаматтарды тиімді білім берумен қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мәселелерге кездесуде. Барлығына арналған білім беру үшін мүмкіндіктерді демократияландыру жолында алға жылжу қажеттілігі қоғамды ізгілендіруге бағытталған ұлттық стратегия мен саясатты қалыптастыру мақсатындағы инклюзия үдерісіне негізделеді.

«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және оны іске асыру стратегиялық жоспарларда мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру үдерісіне қосу механизмі нақты белгіленген, олар үшін қолжетімді ортамен қамсыздандыру талаптары анықталған. Құжаттарға сәйкес 2020 жылы жалпы білім беру мектептерінің 70%-ында инклюзивтік білім беруге арналған жағдайлар жасалуға тиісті [1] .

Инклюзивтік білім беру - бұл барлық балаларды олардың денсаулық жағдайына, экономикалық жағдайына, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, тіліне, жынысы мен жеке ерекшеліктеріне қарамай жалпы білім беру үдерісіне қосуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Барлық өркениетті әлемдегі қоғам жалпы адамзаттық моральға және әлеуметтік әділеттіліктің талаптарына сәйкес - білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды кемсітушілікке жол берілмеуі керек деген ұғымға келді. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның адам құқығы аясындағы конвенцияларын, декларациялары мен ұғымдарын басшылыққа ала отырып, барлық балалардың, оның ішінде денсаулық жағдайына (психофизикалық бұзылыстар, АҚТҚ және ЖҚТБ жұқпалы аурулы балалар және т. б. ) ; қоғамда әлеуметтік бейімделу мәселелері бар (жетім, әумесерлік тәртіп), әлеуметтік- экономикалық немесе әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен жанұяның жағдайына (нашар отбасыдан, қашқындар, оралмандар, азшылық ұлттардың балалары) байланысты білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беруге міндеттеме алады. Сол себепті ЖОО дарында болашақ педагог мамандарға инклюзивті білім беру бойынша курс енгізілді.

Инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістердің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге және шығармашылықпен болашақ қызметін атқаруға бағыт-бағдар беруге көмектесу.

«Инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістер оқытуды ұйымдастырудың әдістемесін меңгертіп, кәсіби дағдыландыру қалыптастыру.

Студенттердің инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістердің теориялық негіздері бойынша білімін қалыптастыру:

Балалардың инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістер білім берудің мазмұны және әдістерімен таныстыру әдістемесі:

Инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістер білім беруде оқыту процесін ұйымдастырудың жолдарын үйрету

Инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістермен білім беру саласынан кәсіби педагогикалық білікті маман ретінде қалыптастыру.

Студенттерде инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі

Инновациялық әдістерді меңгеру саласында кәсіби- педагогтік білімдерді және біліктіліктерді меңгеруді дамыту;

Инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістерді бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;

Инклюзивті білім беру барлық балалардың, соның ішінде денсаулығында мәселелері және қоғамға әлеуметтік бейімделуінде қиындығы бар балалардың да сапалы білімге тең қолжетімділік құқығын қамтамасыз етеді.

2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ел мектептерінде (мектепте педагог-психологтың, балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың, арнайы жеке техникалық және теңгеруші құралдардың болуы және т. б. ) ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тең қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті қойылған.

Ерекше қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектепке қосу үдерісі көптеген елдердің білім беру саясатының жетекші бағыты болып табылады және білім беру жүйесі ұйымдарында қарапайым құрдастарымен бірге осындай балаларды оқыту процесі табысты өткенін көрсетеді.

Елде және шет елде инклюзивті білім беру бойынша мониторингтік зерттеу жүргізу әр түрлі мәліметтер базасын құруға және білім беру процесіне инклюзивті білім беруді кіріктіру процесінің толық жете сипаттауын құрайтын тәжірибені бақылауға мүмкіндік береді. Арнайы және инклюзивті білім беруге жүргізілген мониторингтің нақты мәліметтері негізінде инклюзивті білім берудің тиімді моделі туралы тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін талдаудың әр түрлі түрлері жасалуы мүмкін.

Қазіргі уақытта біздің елде арнайы қажеттілігі бар балалар үшін дамыту мен оқытуға арналған қажетті жағдай жасалған, арнайы білім беру жүйесінде психологиялық-педагогикалық қолдаумен қоса, балалардың даму бұзылыстары (есту, көру, сөйлеу, ақыл-ой, қимыл-қозғалыс аппараттары) түрлеріне сәйкес, арнайы мектептерде де (барлығы 106 мектеп) іске асуы мүмкін әлеуметтік қызметтің сегіз түрі көрсетіледі.

Осы мектепте балалар дамуында өздеріне ұқсас мәселелері бар балалардың ортасында болады, барлық қажетті көмекті алады, сондықтан, мектептер арнайы құрал-жабдықтармен, техникалық құралдармен жабдықталған, медициналық қолдаумен, дайындалған кадрлармен, оқу- әдістемелік материалдармен және бағдарламалармен қамтамасыз етілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға инклюзивті оқыту идеясының артықшылықтары
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері
Лауазымдық міндеттері Дефектолог мұғалімнің міндеттері
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Инклюзивті білім беру саясаты мен ұйымдастыру
Инклюзивті білім беру туралы жалпы ұғым
Испаниядағы инклюзивті білім беру жүйесі
Әлеуметтік ортаға бейімдеуде ұлдар мен қыздардың тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz