Сана, рух және тіл философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Сана, рух және тіл философиясы
Наше сознание - основа нашего существования.
Нет ничего более доступного нам напрямую,
и все же оно до сих пор остается
величайшей загадкой во Вселенной.
Дэвид Джон Чалмерс,
австралийский философ.

19 ғасырда неміс философы Артур Шопенгауэр сананы ғаламның сиқыры деп атады, яғни сана құпиясы бүкіл адамзат білім-ғылымындағы құпиясы әлі ашылмаған ең қараңғы жер болып қала беретіндігін меңзеді.
Ақыл - ой тарихында сана мен танымның өзарақатынасы әртүрлі формаларда көрініп отырған. Белгілі бір замандарда сана таным процесін белсендіруші құрал ретінде түсінілді. Уақыт өте келе ол танымның басты реттеушісі, кейде алынған білімнің қайнар көзі қызметін атқара отырып, таным процесіндегі басты орынға шықты. Философиялық және ғылыми ой тарихында санаға берілген анықтама өте көп. Оның синонимдері: жан, рух, ақыл-ой, ми, ойлау т.б.

Сана өзінің жан-жақтылығына байланысты күрделі процесс болғандықтан оны әр түрлі ғылымдардар зерттеп келеді. Олар сананың қасиеттері мен оның нақты міндеттеріне әртүрлі анықтама береді.

Нақты ғылымдарда сананың тек жекелеген функциялары мен қасиеттері зерттеледі. Сол себепті онда сана және сананың тұтас көрінісі туралы толық білім берілмейді. Ондағы сана туралы білімдер біржақты.

Жаратылыстану ғылымдары сананың эксперименттік тұрғыда зерттеуге болатын бөлігін ғана зерттейді. Мысалы, физиологтар келіп түскен ақпараттарды өңдеумен байланысты сана қызметінің механизмдеріне назар аударса, ал медицинада сана термині адамның жоғары жүйкесіндегі қалыпты жағдайды көрсету үшін қолданылады.

Ал қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарда, сана басқа қырынан зерттелген. Сана - бұл ең алдымен нақты мәдени және тарихи жағдайлардағы адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жүйесіне қосылған адам санасы, бұл дамушы, өзгеруші сана.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар адамның субъективті тәжірибесінің көріністерін, яғни оның ішінде логикалық ойлау, интуиция, эмоциялар, тәжірибелерді, құндылықтарды зерттеуге ұмтылады. Әлеуметтануда, мысалы сана адамдардың әлем туралы түсініктерін, олардың материалдық өмір сүру шарттарын, сондай-ақ олардың бейімділіктері мен қызығушылықтарын рухани өмір құбылысы ретінде түсініледі.

Философия сананың не екенін, адамның әлемді тану процесіндегі сананың қызметін рационалдық жолмен түсіндіруге ұмтылады.

Философия сананы табиғат пен рухтың, зат пен идея, объективтілік пен субъективтілік арақатынасы негізінде зерттейді.

Философиядағы сана мәселесі әртүрлі тарихи кезеңдерде туындаған және қазіргі кезде де өзектілігін сақтап калған сұрақтар жиынтығынан тұрады.
Олар: сана тек адамға ғана тән қасиет пе, әлде барлық тіршілік иелеріне, табиғатқа және бүкіл Ғаламға да тән бе? Сана табиғаты қандай? Сана физикалық шынайылықпен, әсіресе денемен қалай байланыста болады?
Философия тарихындағы сана туралы идеялардың эволюциясы
oo Алғашқы қауымдық қоғамдағы түсініктер бойынша қоршаған ортадағы нәрселердің барлығының жаны бар; мысалы анимизм, фетишизм, тотемизм
oo Ежелгі Шығыс философиясында сана ғарыштық ақыл, бүкіләлемдік ғарыш заңы ретінде түсінілді;
oo Ежелгі Грек философиясында сана -сыртқы әлем туралы білім ретінде түсінілді (Аристотель);
oo Ортағасырлық философияда сана - әлемнің рухани бастауы ретінде (Құдай) және адамның өзінің ішкі рухани тәжірибесі туралы білім ретінде;
oo Жаңа Заман философиясында сана өзінің мағынасына тең құбылыс. Нет сознания без самосознания, сознание = его предметному содержанию;
oo Ағарту дәуірінде сана - бұл мидың қызметі және шынайылықтың көрінісі;
oo Неміс классикасы философиясында сана белсенді шығармашылық сипатқа ие, ол шынайылықты бейнелеп қана қоймайды, сол шынайылықты жасайды (Кант, Гегель);
oo Марксизм философиясында сана материяға қатысында екінші орында, оның әлеуметтік мәні бар;
oo Психоанализ. Сананың бейсаналық бөлігінің ашылуы (З. Фрейд).
Сана туралы түсінік. Негізгі дүниетанымдық тәсілдер
1. Гилозоизм. Сана барлық материяға тән. Гилозоизм (гр. hyle зат, материя+zoe өмір) материяның жалпылама
жандылығы туралы философиялық ілім.Материяны өмір көрінісінің
жоғары формасы ретінде санамен үйлестіру (материяға сана беру, сананы таңу).
2. Идеализм. Сана материяға қатысында алғашқы орында.
Идеализм (грек. idea - идея, сана, рух) - материя мен сананың арақатынасы мәселесінде сананы (идея, рух) алғашқы орынға қоятын философиялық бағыт. Идеализм өз ішінде екі бағытқа бөлінеді: объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель және т.б.) және субъективті идеализм (Беркли, Юм). Объективті идеализм концепциясы бойынша, дүниені жаратушы күш бар, ол біздің санамыздан тыс әрекет ететін - идея. Материалды әлем өз бетімен тіршілік ете алмайды, ол бар болғаны, идеялар әлемінің көрінісі, нақты жүзеге асуы.
Объективті идеализм Платоннан бастау алады. Сократтың шәкірті, ұлы грек философы Платон (б.з.д. 427-347) өзіне дейінгі философиялық ойларды тұжырымдай келе, философияда идеализмнің негізін салды.
Платон идеализмі бойынша, материалды заттар өзгермелі, тұрақсыз, уақыт өте келе өмір сүруін тоқтатады. Сондықтан ол шынайы әлемнің субстанциясы бола алмайды. Шынайы болмыстың нағыз мәні- денесіз және ақыл арқылы ғана қабылдауға болатын идеялар әлемі - эйдос. Эйдос - түр, пішін, архетип, заттардың алғашқы үлгісі, алғашқы идея. Кез-келген зат бар болғаны сол заттың алғашқы идеясының (эйдосының) материалды бейнесі ғана. Бүкіл әлем осындай алғашқы, таза идеялардың бейнесі. Идеялар өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Әлемде қанша бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар мен процестер, қатынастар т.б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялар бір-бірімен қарым-қатынаста , бір-біріне бағынышты, немесе бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты иерархиялық қатынастарда болады. Идеялар заттардың сыртқы ғана емес, ішкі формасы, оның мәні немесе тіршілік ету заңдылығы. Адам бір нәрсені жасардың немесе құрастырудың алдында, бірінші оның ойында идея туындайды, сосын сол идея ағаш, металл т.б. қандай да бір материал арқылы форманы иеленеді. Осы мағынасында идеялар бірінші пайда болады, ендеше, идеялар дүниенің субстанциясы. Идеялар адамдар әрекетінің мақсаты.
Әлемді заттар әлемі мен идеялар әлемі деп екіге бөлген Платоннынның таным теориясы бойынша, таным дегеніміз анамнез, біздің жан-дүниемізде бар нәрсені еске түсіру формасы. Ал жан барлық тіршілік пен тірі емес заттар мен құбылыстарды байланыстыратын және біріктіретін қозғалмалы субстанция. Платон жанды әлемдік және жеке адамның жаны деп екіге бөледі. Адам жаны әлемдік жанның бір бөлігі. Адам жаны мәңгілік, дене өлгеннен кейін ол басқа денеге барып қонады. Жанның мәңгілігі - Ғарыштың табиғи заңдылығы. Сондықтан адамның ең жоғарға моральдық парызы- жанға қамқорлық көрсету, оны таза ұстау. Платон бойынша, адам жер бетін кезіп жүрген пенде, ал өмір- сынақ. Нағыз өмір жан ізгілікке толғанда ғана басталады.
Иммануил Кант (1724-1804) неміс классикалық философиясының негізін қалаған неміс философы. Канттың философиялық шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді: сыни кезеңге дейінгі (XVIII ғ. 70 жылына дейінгі кезең) және сыни кезең (XVIII ғ. 70 жылынан 1804 жылдар аралығы).
Сыни кезеңге дейінгі уақытта Кант жаратылыстану және табиғат мәселелерімен айналысты. Ал сыни кезеңде оның ізденістері ақыл - ой, таным, танымның механизмі мен шекаралары, логика, этика және әлеуметтік философия мәселелеріне бағытталды. Осы сыни кезеңде Таза ақылға сын (1781), Практикалық ақылға сын (1788), Пайымдау қабілетін сынау (1790) деген философиялық шығармаларын жазды.
Аталған үш еңбегінің негізін өздігінен тіршілік ететін құбылыстар мен заттар - өзіндік заттар ілімі құрайды. Таза ақылға сын еңбегінде Кант таным әрекетінің нәтижесі ретінде білімнің үш түрін атап көрсетеді:
- апостериорлы білім - тәжірибенің нәтижесінде алынған білім;
- априорлы білім - тәжірибеге дейінгі, яғни тәжірибе жүзінде дәлелдеуді талап етпейтін, бастапқыда адам ақыл - ойында болатын білімдер;
- өзіндік зат - адам ақылы таный алмайтын заттардың ішкі мәні. Кант бойынша, таным осы өзіндік затардың сыртқы сезім органдары арқылы бізде түйсіктер қалыптастыруынан басталады. Өз ілімінің осы тұсында Кант материалистік бағытты ұстанады. Ал танымның формалары мен шекараларын анықтауда ол - идеалист және агностик. Оның пайымдауынша, біздің сезім арқылы алған түйсіктеріміз не болмаса ақыл арқылы қалыптасқан ұғымдарымыз бен пайымдауларымыз өзіндік заттар туралы ешқандай толық және шынайы білім бере алмайды. Біз түйсік немесе ақыл арқылы шынайы әлемнің - Өзіндік заттар әлемінің тек бейнесін ғана көре аламыз. Ал өзіндік заттар
Осы Таза ақылға сын еңбегінде Кант агностицизм - қоршаған шынайылықты танып - білу мүмкіндігін жоққа шығару ілімін дамытты.
Канттың пайымдауынша, таным процесінде қиындық туғызатын бізді қоршаған шынайылық - объект емес, таным әрекетінің субъектісі - адам, оның ақыл - ойы. Адамның ақыл - ойының танымдық мүмкіндіктері шектеулі. Адам ақылы өзінің барлық танымдық мүмкіндіктерінің шегінен шықса болды, көптеген шешілмейтін қайшылықтарға кездеседі. Оны антиномия деп атай отырып, төрт түрін көрсетеді:
- кеңістіктің шектілігі туралы антиномия: 1) ғалам уақытпен өлшеніп, кеңістікте шектелген; 2) ғалам уақытпен өлшенбейді және кеңістікте шектелмейді.
- қарапайым мен күрделі туралы антиномия: 1)қарапайымнан құралған қарапайым элементтер ғана өмір сүреді; 2) әлемде қарапайым ешнәрсе жоқ.
- еркіндік пен себептілік туралы антиномия: 1)табиғат заңдылықтарына бағынған себептілік қана емес, еркіндік те бар; 2)еркіндік жоқ, әлемде барлығы табиғат заңдылықтарына бағынған себептілік арқылы ғана болып жатады.
- Құдай болмысы туралы антиномия: 1)барлық тіршілікті жаратушы Құдай бар; 2) Құдай жоқ, барлығының себебі болатын ешқандай абсолютті қажеттілік жоқ.
Ақыл арқылы жоғарыда айтылған антиномиялардың екеуінің де дұрыстығын логикалық жолмен дәлелдеуге болады. Осы жерде адам ақылы тығырыққа тіреледі, яғни мұндай антиномиялар адам ақылы қабілетінің шекті екенін дәлелдеп тұр.
Ал Канттың Практикалық ақылға сын еңбегі мораль мен өнегеліліктің негізін құрап тұрған практикалық ақылға арналады. Ол бойынша, таза өнегелілік пен шынайы әлемнің (іс - әрекеттер, мүдделер) арасы қайшылықтарға толы, сондықтан мораль, адамның өнегелілік әрекеттері барлық сыртқы жағдайлардан тәуелсіз болып, ең жоғарғы моральдық заңға бағынуы қажет.
Объективті идеализмнің негізінде диалектика теориясын жүйелеген - Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831). Басты еңбектері: Рух феноменологиясы (1807), Логика ғылымы (1812), Философиялық ғылымдар энциклопедиясы (1817), Құқық философиясы (1821).
Гегель онтологиясы болмыс пен ойлауды абсолютті идея деген ортақ ұғымға теңестірді. Абсолютті идея - әлемнің, барлық тіршіліктің алғашқы себебі, өзіндік санасы бар және жарату қабілетіне ие әлемдік рух. Абсолютті идея - бұл ойлау, жеке индивидтің ойлауы мен идеясы емес, индивидуалдықтан, тұлғалылықтан жоғары трансценденталды идея. Абсолютті идея жаттану арқылы бейболмысқа айналып, табиғатты жаратады. Абсолютті идеяның ең жоғарғы көрінісі абсолютті рух болып табылады. Абсолютті рух - адамзаттың бүкіләлемдік даму тарихындағы рухани әрекеттерінің жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани құндылықтар саласы. Осындай жолмен абсолютті рух - бұл адамдардың, тұтастай адамзаттың мақсаттары мен әрекеттері арқылы жүзеге асып жатқан абсолютті идея, олардың ішкі идеалды мәні, барлық әрекеттер мен танымның жасырын себептері. Аталған ұғымдардың айырмашылығы : абсолютті идея - бұл бүкіл әлемді қамтып тұрған жалпылық, әлемге мән беріп тұрған алғашқы себеп, субстанция, ал абсолютті рух - сол идеяның адамдардың рухани - практикалық әрекеттерінің нақты формаларында жүзеге асуы. Абсолютті идеяны тасымалдаушы - адам. әрбір адамның санасы - әлемдік рухтың бір бөлшегі. Осы адамда әлемдік рух өз мақсаты мен заңдылығы бойынша жылжиды, өзін таниды және материалды және рухани мәдениетті жасайды.
Табиғат, рух және тарих философиясын зерттей отырып, ол рухтың үш көрінісін атап көрсетеді:
субъективті рух;
объективті рух;
абсолютті рух;
Субъективті рухқа жан, жеке адамның санасы жатады.
Объективті рухқа тұтастай қоғам рухы жатады. Ол қоғам болмысы, қоғамның өзіне тән заңдылықтары, қоғамдық қатынастар мен тәртіп, құқық, мораль, мемлекет т.б.
Ал абсолютті рух - рухтың ең жоғарғы көрінісі, мәңгілік ақиқат. Оның көріністері: өнер, дін және философия. Ал тарих Абсолютті рухтың өзін - өзі дамыту процесі.
Объективті идеализмнің келесі өкілі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775-1854). Басты еңбегі: Трансценденталды идеализм жүйесі. Оның философиясының басты ерекшелігі рух пен табиғатты теңестіруі. өзінің натурфилософиясында Шеллинг табиғатты объективті идеализм тұрғысынан түсіндіреді: табиғат дегеніміз барлығын қамтушы алғашқы негіз, алғашқы себеп - абсолюттілік. Табиғат барлық объективтілік пен субъективтіліктің бірлігі, мәңгілік ақыл - ой, материя мен рух бір, екеуі де табиғаттың қасиеттері, абсолютті ақылдың әртүрлі жағдайларын білдіреді. Материя мен рух бір - бірінсіз өмір сүре алмайды, табиғат әлемдік жаны бар ғарыштық организм, сондай - ақ рухани бастама, болмыстың баспалдағы.
Өзінің Трансценденталды идеализм жүйесі еңбегінде Шеллинг субъективтілікті жоғары қойып, барлық шынайылықтың негізі мен бастамасы ретінде қарастырады. Танымның негізгі құралы - затты тікелей ақыл арқылы түсіну. Мұндай танымды Шеллинг интеллектуалды интуиция деп атайды.
Ал субъективті идеализм концепциясы бойынша, барлығы тек таным субъектісінің санасында тіршілік етеді. Идеялар тек қана адам санасында болады, жеке адамның санасынан тыс материяның да, идеяның да өмір сүруі мүмкін емес. Объективті әлем адам санасына тәуелді өмір сүреді. Дүниенің діңгегі - мен және менің санам, мен жоқ болсам дүние де жоқ.
Ал субъективті идеализм концепциясы бойынша, барлығы тек таным субъектісінің санасында тіршілік етеді. Идеялар тек қана адам санасында болады, жеке адамның санасынан тыс материяның да, идеяның да өмір сүруі мүмкін емес. Объективті әлем адам санасына тәуелді өмір сүреді. Дүниенің діңгегі - мен және менің санам, мен жоқ болсам дүние де жоқ. Субъективті идеализм: адамның санасын жалғыз шындық ретінде таниды, материалдық әлем оның туындысы деп саналады. (Беркли, Юм).
субъективті идеализмнің негізін салған ирландық эпископ Джордж Беркли (1684-1753 жж.). Басты еңбегі: Танымның бастамасы туралы трактат. Таным ғана емес, әлемнің тіршілік етуі де адам арқылы анықталады - деп тұжырымдаған Д. Беркли адамға таным субъектісі ретінде назар аударуға шақырды. Танымның қайнар көзі - идеялардың, елестетулер мен түйсіктердің жиынтығы болып табылатын сезімдік таным. Материалды дүниеге мән, мағына беріп тұрған менің түйсіктерім. Заттардың ешқандай денелік субстраты мен материалдық негізі жоқ. Егер менің түйсіктерім жоғалса, онда зат та өз мәнін жоғалтады. Ендеше, заттар бар болғаны идеялар мен елестетулердің жиынтығы ғана. Жеке Меннен басқа ештеңе жоқ. Бүкіл Универсум менімен, менің санаммен бірге жаратылып, менімен бірге өледі. Мұндай түсінік философияда солипсизм деп аталады.
Менің санам, барлық материалдық дүниені өзі орнатқан заңдылықтары арқылы бізге көрсететін мәңгілік әлемдік рухқа ғана тәуелді.
Д. Беркли философиясын қолдаған шотландық ойшыл Давид Юм (1711- 1776 жж.) : Бүкіл әлем менің түйсіктерімнің жиынтығы - деп тұжырымдады. Кез - келген білім тәжірибеден, сезімдік әсерлерден туындайды. Түйсіктер арқылы алынған әсерлер идеяларды қалыптастырады. Бірақ, біздің ойымыз объективті әлемнің тіршілік етуін түсінуде шектеулі, себебі біздің ақыл - ойымыздың шығармашылық күші сезімдер мен тәжірибелер арқылы алынған материалды байланыстыруға, араластыруға, біріктіруге, бөлуге, ұлғайтуға немесе кішірейтуге ғана жетеді. Ал оның ар жағында не бар екенін түсіне алмайды. Сезімдік тәжірибе бізге жалпы және қажетті білімді бере алмайды - осы тұста Юм философиясы скептицизмге бет бұрады.
3. Материализм
Платон академиясының ең үздік шәкірті, философ-энциклопедист, ғылым мен философиялық ойдың дамуында өзіндік жүйесін қалыптастырған ұлы тұлға, адамзаттың алғашқы ұстазы атанған - Аристотель Стагирит ( б.з.д. 384-322 жж.). аристотель философияда материализмнің негізін салды. Аристотелдің философиялық ілімі онтология, гносеология, логика, методология, социология, этика сияқты философиялық білімнің барлық құрылымдық элементтерін қамтыған күрделі жүйе. Философия таң қалудан басталады - деп тұжырымдаған Аристотель философияны үш түрге бөледі:
теоретикалық философия, болмыс туралы ілім;
практикалық философия, адамның іс-әрекеті мен оны моралдық жетілдіруге бағытталған философия;
поэтикалық философия, белгілі бір құндылықтар мен шығармашылыққа бағытталған философия.
Теоретикалық философияға материя мен үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатын нақты, шынайы заттарды зерттейтін физикалық философия немесе екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана және бейсана. Тіл мен ойлаудың арақатынасын бағалау
Сана - философия мәселесі ретінде
Заттардың табиғаты туралы поэманың авторы
Философидағы сана мәселесі
Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Философиядағы болмыс және сана ұғымдары туралы
Ғылым дамуының тарихи кезеңдері: салыстырмалы талдау
Тарихи тұрғыдан түркі ислам философиясының қалыптасу
Ортағасыр христиан философиясы
Пәндер