АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

1-ДӘРІС. АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ КУРСЫ
Академиялық жазу - дегеніміз ғылыми текстер (мәтіндер) және ғылыми жұмыстар: эссе, курстық және дипломдық жұмыстарды, магистрлік және кандидаттық диссертацияларды, мақалалар мен монографияларды жазу методологиясы.
Академиялық жазу - өзіңнің жеке ойларыңмен идеяларыңды жүйелеп, оны негіздеу, дәйектей білу және оны мақсатталған аудиторияға дейін жеткізу.
Академиялық жазу - ғылыми текстерді жаза білу машығы және оны суреттеу тілін, стилистикасын таңдап, форматтай білу.
"Академиялық жазу" курсы жазбаша қатынаспен байланысты мәселелерді шешу үшін қажет дағдыларды дамытуға бағытталған. Заманауи ақпараттық технологиялар дәуірінде кез-келген басшының немесе маманның кәсіби қызметінің өсу деңгейін, біліктілігін анықтаушы өлшемін нақтылайды. Батыста бұл ғылым академиялық біліктілікті, дағдыны дамытуға бағытталған өзге де пәндер кешенінде маңыздылығы жоғары. Жалпы академиялық сауаттылық және оның қалыптасуы университеттер мен колледждердің институционалды міндеті болып табылады. Академиялық машықтануды білдіретін терминдердің бұл жүйесі бізге академиялық ағылшын тілі оқытушылары (Academic English) арқылы енген. Яғни, академиялық оқу (academic reading), академиялық лексика (academic vocabulary), академиялық сөйлеу (academic speaking) және академиялық жазу (academic writing) қандай да бір анықтаманы және нақтылауды қажет етпейді.
Академия сөзі ағылшын тілінен аударғанда білімге және оқуға қатыстының барлығын қамтиды. Мысалы: білім жолындағы жетістік (academic success), оқуға деген қабілеттілік (ademic skills), оқу жолындағы қол жеткізген нәтижелер (academic achievemen), оқуға деген қабілеттілік (academic competence) және т.б. Алайда, шет елдік білім беру мекемелерімен бірлесіп жасалатын жобалармен халықаралық байланыстың кеңейуіне байланысты академиялық сөзін басқа мамандарда ешқандай ойланбастан "калька" ретінде қолдана бастады. Соның нәтижесінен болар, бүгінгі қолданыста академиялық даму, академиялық мобильділік, академиялық орталық, академиялық байланыс, академиялық орта тіпті, оқу жылы дегеннің орнына академиялық жыл деген түсініктер орнығып, қалыптасып та үлгерді.
Академиялық жазутың негізін АҚШ-та орта мектептік білім жүйесінде оқыта бастайды. яғни, батыстық орта мектептерде оқушыларды мектеп кезінен бастап текстпен дұрыс жұмыс істеуге үйретеді, оқытады. Университетке түскеннен кейін абитуриенттер бұл проблеманы қиыншылықсыз алып кете алады. Ал, біздер университетке келген кезден бастап қана ғылыми текстпен жұмыс істеуді үйрете бастаймыз. (бұл тек Қазақстанда ғана , басқа елдерде кездесетін жағдай, мыс Ресей). Демек, академиялық жазутың базалық заңдылығынан хабарсыз болу - ол ғылыми жұмыстардың дұрыс жазылмауына алып келетін бірден-бір себеп. (Шетелдік басылымдарда жариялауға тұратындай етіп жазылған мазмұнды, эссе, магистрлік диссертация немесе ғылыми жұмыстар - оңай жұмыс емес). академиялық жазуты сауаттылық мәселесі тек докторанттерге қатысты емес, ғылым адамдарына қатысты проблема. ол дегеніміз дұрыс ғылыми зерттеу жүргізе алмау деген сөз емес, керісінше сол қол жеткізген нәтижені дұрыс көрсета алмауға байланысты.
Алайда, бұндай әдет ары қарай жетелуі мүмкін. Мысалы, academic competence ұғымын батыстық мектеп психологтары баланың когнитивті және шығармашылық әрекетке деген қабілеттілігін түсіндіру үшін қолданады.
Ал бізде оны осы мағынасында қолдануға тырысады, әсіресе біздің отандық психологтар.
Ресейлік ғылыми әдебиеттерде академиялық жазу ұғымына етене жақын қолданылатын тексттік қызмет (текстовая деятельность). Т.М. Дридзе тексттік қызметті мағыналарын үйлестіру үшін жүзеге асырылатын вербальді және вербальді емес интеллектуальды ой салатын операцияларды негіздейтін тұлғалық белсенділіктің бір түрі деп қарастырады. Ал, мәтіннің өзін макроқұрылым мен микроқұрылымға жіктеп қарайды. Академиялық жазутағы тексттің макроқұрылымына оның логикалық үйлесімділігі мен құрылымы, яғни вербальды емес операция, ал, микроструктураға вербальді қалыптағы тексттер сәйкес келеді.
Академиялық жазу та мәтін абзацтар арқылы құрылады, демек абзацтарға бөлінбейді деген сөз. Cондықтан абзац мәтіннің негізгі элементі болып табылады, яғни оны жаза білуіміз қажет.
Академиялық жазу докторанттерге қатысты айтатын болсақ, жалпы гуманитарлық дайындықты, сыни және креативті ойды дамыту құралы, сонымен қатар, сөз және оқу мәденитетін қалыптастыруға, университеттің академиялық ортасына ену және оған бейімделу, өзіндік кәсіби айқындалу және даму, өзін қалыптастыру және өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді.
Жазу - докторанттің сөйлеу қызметінің негізі түрі болып табылады. Сонымен қатар, қызметтің бұл түрі болашақ маманның кәсіби құзіретінің міндетті компоненті болып табылады. Алайда, өз бетінше текст құрап жазу докторант үшін бірқатар қиыншылықтар туғызады. Оның себебі, докторанттердің жоспарлап отырған болашақ тақырыпты құрастырып, оның шегіне дейін жеткізу деңгейі. Ол қандай қиыншылықтар немес қандай кемшіліктер. Мәселен, ереже бойынша тоқталып өтейік:
- докторант тақырып шеңберінен ауытқып, негізсіз оны талқылай түседі де қорытындыға келгенде қиындыққа тап болады. (менің ойымша, не айтуға болады, т.б);
- докторант әрең дегенде тақырыпты қозғайды, нәтижесінде текст мардымсыз және оқырман үшін түсініксіз яғни, автор өзінің жазбаша баяндамасында не айтқысы келген ( оны докторанттер былай деп түсіндіргендей болады. Ойымда көп идея, бірақ...");
- докторант тақырыптан ауытқып, басында бір мәселеден бастап, аяғында екінші бір ойды қозғап кетеді. Бұдан шығатын қорытынды орта білім алғаннан кейін яғни хат мәдениеті деңгейін көтерудің қажеттілігі.
Академиялық жазу курсы салыстырмалы тұрғыдан алғанда, өзіңнің жеке идеяларыңды жүйелеуге, оларды логикалық трғыдан үйлестіруге, тексттің құрылымдық бағытын айқындауға, келтірілген әрбір гипотезаны немесе аспектіні дәйектеуге, тексті нақты және өз сферасында құрауға оқытады.
Тама́ра Моисе́евна Дри́дзе (1930-2000жж) ресейлік әлеуметтанушы, Ақпараттандыру халықаралық Академиясының академигі, психология ғылымдарының докторы, әлеуметтану профессоры, социологиядағы экоантропоцентристік парадигманың және әлеуметтік коммуникацияның семиосоциопсихологиялық парадигмаларының негізін салушы.
Семиосоциопсихология - адамдардың өзара әлеуметтік-мәдени (соның ішінде мәдениет аралық) универсалді қарым-қатынасының механизмі және қызметі ретінде әлеуметтік (таңбалық) коммуникацияны қарастыратын кешендік пәнаралық бағыт. Қоғамдық психология және мәдениетті қалыптастыру фокторы (Т.М. Дридзе - семосоциопсихологиялық парадигмалардың авторы).
2-ДӘРІС. ЭССЕ
"Эссе" сөзі орыс тіліне француздардың ықпалымен енген, ал тарихи тұрғыдан алғанда "exagium" сөзі латын тілінен аударғанда "өлшеу" деген мағынаны білдіреді. Французша "еззаi" сөзін тікелей аударғанда "тәжірибе", "белгі", "талпыныс", "шығарманың нобайы", "жинақтар" д.м.б.
"Эссе" дегеніміз белгілі бір мәселе немесе сауал бойына жекелеген адамның ойын, алған әсерін білдіретін және талданып отырған тақырыпқа байланысты қолдау білдіретін немесе теріске шығаратын еркін композициядағы және үлкен көлемді емес прозалық шығарма.
"Шет тілдер сөзінің түсіндірме сөздігінде" Л.П. Крысина мынадай анықтама береді: "қандай да бір мәселені жүйелі ғылыми тұрғыдан емес, еркін түрде баяндайтын очерк".
"Үлкен философиялық сөздікте" мынадай анықтама берілген. "... әңгімелеу стиліне бағытталған, ішінара парадоксалды баяндау мен автордың өзіндік еркін ұстанымын көрсететін публицистік, тарихи-биографиялық, әдеби-сыни, философиялық проза жанры.
Ғылыми жұмыстың бұл жанры кейінгі жылдары кең өріс ала бастады. Оның негізін қалаған М.Монтень ("Опыты", 1580ж). Қазіргі таңда эссе әлемдік ғылым аудиториясына толығымен енді.
Эссенің белгілері:
нақты тақырыптың немесе сұрақтың болуы. Ауқымды мәселелерді талдауға арналған шығармалар бұл жанр тұрғысынан қарастырылмайды.
белгілі бір нақты мәселе немесе сұрақ бойынша жеке адамның өзіндік ойларды мен әсерінің көрсетілуі.
қалыптасқан заңдылық бойынша жаңа ойды ұсыну, яғни бір мәселеге арналған субъективті боялған сөз, әдетте бұндай шығармалар философиялық, тарихи-биографиялық, публицистік, әдеби-сыни, ғылыми-танымал және ішінара беллетристік сипатта болады.
эссе қорытындысында бірінші кезекте автордың ұстанымы - оның дүниетанымы, ойы мен сезімі бағаланады.
Эссенің мақсаты жеке шығармашылық ойлауды және жеке ойларыңды жазбаша ұсыну сияқты дағдыларды дамыту. Маңыздылығы: автор өз ойын нақты және сауатты құрастыруды, ақпараттарды жүйелеуді, жаңа ұғымдарды қолдануды, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсетуді, өзінің қорытындыларын дәлелдеуді, тәжірибеге сәйкес мысалдар келтіруді үйретеді.
Құрылымы және жоспары: құрылымы ұсынылып отырған талаптарға сәйкес анықталады.
1. Мәселеге арналған автордың ойы қысқа тезистер түрінде көрсетіледі. (Т)
2. Ой дәлелдермен бекітіліп, негізделуі тиіс, сондықтан тезистен кейін дәлел болуы қажет. (А)
Аргументтер (дәледемелер) - нақты фактілер, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибе, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдардың пікірлеріне сілтеме т.б. дұрысы, әрбір тезиске екі аргументтен келтіру. Себебі, бір аргумент аз, сендіре алмауы мүмкін, үш аргумент мазмұны "шектен тыс" болуы мүмкін. Демек, эссе шеңберлік құрылымға ие, тезистер мен аргументтердің саны құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына тәуелді.
Құрылымы:
Кіріспе сөз. Тақырыптың жалпы баяндалуы. (Екі сөйлеммен)
тезис, агрументтер
тезис, аргументтер
қорытынды.
Эссені жазу барысында ескерілетін маңыздылықтар:
Кіріспе бөлім мен қорытынды да мәселеге назар аудару қажет. Кіріспе бөлімде мәселе қойылады, қорытынды да автордың пікірі түйінделеді.
Абзацтарға бөлу, қызыл жолдан бастау, абзацтар арасындағы логикалық байланыс заңдылықтарының сақталуы қажет.
Баяндау стилі: эмоцианалдылық, экспрессивтілік, көркемдік. Тағы бір ескеретін маңыздылық, ол - стиль тұлғаның ерекшелігін көрсетеді.
Эссенің жіктелуі:
философиялық,
әдеби-сыни,
тарихи,
көркемдік,
көркемдік-публицистік,
рухани-діни т.б
Эссенің әдеби түрде жіктелуі:
рецензия,
лирикалық миниатюралар,
жазба,
күнделік беттеріндегі жазбалар, хаттар.
Сонымен қатар жалпы түрлерге бөлу:
суреттеуші,
хабарлаушы,
рефлексивті,
сыни,
аналитикалық.
Эссенің белгілері: Энциклопедиялар мен сөздіктерде бұл жанрдың бірнеше жалпы белгілері туралы жазылады. Олар:
Көлемінің үлкен болмауы. Алайда нақты қатаң түрде белгіленген бетпен шектеу жағы қарастырылмаған. Мысалы, Гарвард мектебінде екі бет көлеміндегі ғана эсселер жазылса, Ресей университеттерінде компьютермен терілген он бетке дейін жазу қарастырылған.
Нақты тақырып және оның субъективті баяндалуы. Тақырыбы әрдайым нақты болуы тиіс. Оның бірнеше тақырыпты немесе бірнеше идеяларды қозғауы мүмкін емес. Тек қана бір нұсқа, бір ойды қамтап, дамытуы тиіс. ол дегеніміз тек бір сұраққа ғана жауап беру.
Еркін композиция - жанрдың негізгі ерекшелігі. зерттеушілердің пікіріне жүгінсек, эссе табиғатынан формальды баяндауға жат.
Еркін хабарлау. Бұндай шығарма авторы үшін түсініксіздікке бой алдырмаудың алдын алу, ол оқырмандармен қарым-қатынас орнатудың сенімді түрін таңдау. Зерттеушілердің пікірінше, жақсы эссені жазатындар сол тақырыпты еркін меңгерген, оны жан-жақты талдай алатын және оқырманға мәселені талдаудың жолын ашып беретін адам ғана жаза алады.
Парадоксқа бейімділік. Тосын пікір (дағдыға, әдетке қайшы келетін жаңа пікір; бүйректен сирақ шығару) Эссе оқырманды, тыңдарманды таңғалуға шақырады - бұл бірқатар зерттеуішілердің пікірінше, бұл талап етілетін міндетті сапа.
Ішкі мағыналық бірлік. Жанр парадокстарының бірі. Субъективтілікке бағытталған композиция еркіндігі байқалатын шығарма ішкі мағыналық заңдылықты сақтауы тиіс, яғни негізгі тезистермен тұжырымдардың үйлесімділігі, дәлелдер мен ассоциалардың ішкі гармониясы, автордың жеке ұстанымы көрсетілген пікірлердің қарама-қайшылықсыздығы.
Ауызша әңгімелеуге бағытталу. Жазу барысында қолданылатын тіл байыпты болуы тиіс. Өте жеңіл әсерлі және қысқартылған сөздерден аулақ болу қажет. Тақырыпты анықтау, жоспарлаған көлем және әрбір параграфтың мақсаты нақты болуы тиіс.
Эссе жазудың ережелері:
Тақырыптың болу.
Ішкі құрылымы еркін түрде. Жазба жұмыстың қысқа түрі болғандықтан қорытындыны соңында міндетті түрде қайталаудың қажеті жоқ.
Агрументация мәселені тұжырымдауға ықпал етуі мүмкін. Мәселені анықтау соңғы қорытындылармен сәйкес келуі мүмкін.
Эссе дайындығы бар оқырманға, тыңдармандарға арналған реплика.
3-ДӘРІС. СЫНИ ОҚУ
Оқу - қажетті ақпарат алудың ең жақсы және өте тиімді құралы болып табылады. Оқып үйрену - жалпы білім беру жүйесін түсіну және кеңейту үшін негізгі алғышарт, әрі уақытылы кәсіби білімінді толықтыра алу мүмкіндігі. Аталғандардың барлығы интеллектінің дамуына, әрбір маманның бәсекеге қабілеттілігін арттыруына қажетті шарттар. Алайда, кез-келген адам әйтеуір бір уақытта оқуды үйренді. Оқудағы құзыреттілік қандай деңгейде сұрақ осында. Ақпараттық технологияның дамуы әртүрлі тетіктерден өзекті ақпараттық материалдарды алу және көлемі әрдайым өсіп отыратын білімді беру-игеру процесі үшін оның құндылығын анықтап, оларды жүйелеу қажеттілігімен байланысты.
Оқып үйрену - жалпы білім беру жүйесін түсіну және кеңейту үшін алғышарт жасау, уақытылы кәсіби білімінді толықтыра алу мүмкіндігі. Осынын бәрі ақыл ой өрісінің дамуын, әр маманның бәсекеге қабілеттігін жақсартудың ең қажетті шарты. Оқу нұсқасы процестің жүру барысындағы шарттары мен мақсатына, оқылып отырған мәтін мазмұнының күрделілігіне, автор тілінің ауырлылығына, оқырманның нәтижеге қол жеткізуге деген қызығушылығына, оның оқу мәнеріне және жеке бас ерекшеліктеріне байланысты. Осы процесте оқу түрлерінің критерилерін және сипаттамасын анықтауда келесі факторлар ең бастылары болып табылады:
осы алынған ақпараттың болашақта қолданылуын болжау;
оқырманнның оқып отырған материалын нақты түсінуі және жеткілікті деңгейге көтерілуі.
Бастапқы оқу, бағалау икемділігі: оқырман әртүрлі көлемдегі мәтіндерге олардың мазмұны туралы толықтай жалпы хабардар болу үшін көз жүгіртіп шығады. (тақырып туралы, мәтінде көтерілетін басты мәселелер және т.б.) Содан кейін барып ол, мәтін және оның жеке бөлімдері оны ары қарай толық оқуға қызығушылық тудыра алды ма соны анықтайды және осы мәтіннің өзінің ақпарат алғысы келген нақты білім беру аймағына жататындығын тексереді. Өзінің жұмысын ары қарай жалғастыру үшін мәтіннің тақырыптық бағытын бағалау дағдысы - оқырманның бірінші икемділігі болып табылады.
Іздеу арқылы оқу немесе көз сүзіп шығу икемділігі: оқырман мәтінде нақты мәліметтерді табу үшін бір қарап шығады (формулалар, сандар, анықтамалар, факттар). Мәтіннің жалпы тақырыптық бағытына байланысты өзінің іздеп отырғандарын осы мәтіннен табу мүмкіндігіне байланысты қорытынды жасайды. Сонымен, оқырманның зейіні өзін қызықтыратын ақпараттың мәтінде болуын анықтауға бағытталады. Ары қарай мәтінді толық түсіну деңгейіне көтеріледі. Яғни, жалпы сипаттама бойынша аталмыш жұмыстың не жайында екендігі және оны өз мақсаты үшін пайдалануға бола ма - осы жақтарын қарастырады.
Жалпы мазмұнды қамтып оқу икемділігі: оқырман мәтінді алдын ала оның мазмұнын болжауға тырыспай, нақты берілгендерді іздеумен айналыспай, тез оқып шығады. Бұл өзі үшін , жалпы өзін дамытып, қызығушылығын арттыру үшін оқу болуы мүмкін. Мұндай үдерісте болашақта ақпаратты міндетті емес қолдануы туындайды. Қарапайым мысал, көркем әдебиеттерді, арнайы әдебиеттерді оқу. Осындай жағдайда ақпарат келесі жүйеде бағаланады: жаңа-танымал, қызықты-қызықты емес, маңызды-мыңызды емес және т.б. Осындай бағалау жасау үшін оқырман жалпы мазмұнын, дәлелдерін және т.б. түсінсе жеткілікті. Егер бағалау жаңа, қызықты, маңызды деген ұғымдармен берілген болса онда оқу мазмұны күрделенеді.
Меңгере оқу икемділігі: болашақта сол ақпаратты қолдануға тура келетіндігін білгендіктен оқырман мәтін мазмұнынан толық және айқын ақпарат алады. Мұндай үдеріс оқу барысында түсінумен, талдаумен ұзақ уақытқа сақтаумен байланысты. (толық ақпаратты немесе оның бөлімдерін). Әдетте оқу әдебиеттері, анықтамалар, арнайы басылымдар осылай оқылады. Оқу байланысында мақсатқа жету үшін жоғарыда айтылған барлық икемділіктерді игеру қажет. Ары қарай өзекті ақпараттарды ауызша және жазба әдебиеттерден алу үшін құзыретті маман болуға мүмкіндік беретін сол икемділікті дамыту керек пе? Егер дамыту керек болса, онда жаттығулар, автоматтандыратын икемділіктер, оқу механизімін қозғалысқа әкелетін жетілдірілген лайықты дағдыларды қалыптастыру қажет. Оқу икемділігін тілдік қызметтің бір түрі ретінде дамытуда басты назар әртүрлі деңгейдегі оқылып отырған мәтінді түсінуге көмектесетін жаттығуларға бөлінеді.
Мағыналық болжау дайындық жаттығулар кезінде дамиды:
перфорированный мәтіндермен жұмыс;
контекст бойынша сөздерді және жалғауларының жоқтыған болжау;
бірінші абзац, тақырыбы бойынша мәтіннің жалпы тақырыптық бағытын болжау;
қорытындыны оқығаннан кейін мәтіннің толық мазмұнын анықтау.
Соңғысы тек қана жаттығулармен қалыптаспайды сонымен қатар оқырманның өмірлік тәжірибесіне артында не тұрғанын түсінуі, оның мазмұнын түсініп қана емес, сонымен қатар автордың ұстанымымен көңіл күйін түсінуге байланысты. Оқылып отырған мәтінді жақсы түсіну үшін мыналар қажет:
тілдік икемділіктің жалпы нақты деңгейі және осы тілдік қызметке қатыстылығы;
оқу техникасының нақты бір деңгейі;
нақты ойлануға арналған тапсырмалардың, оқу барысында коммуникативтік мақсаттардың болуы;
мәтіннің мазмұны және формасының күрделілігіне қарай жеке мүмкіндіктерінің болуы;
айтылып отырған пәннен білімінің болуы, осы сала бойынша өзінің жеке тәжірибесінің болуы; терминдер, кәсіби басқа тілден енген сөздерді және т.б білуі мәтінді толық және нақты түсінуіне көмектеседі. Жоғарыда көрсетілген сөздері білмесе мәтінді қанша оқысада түсіне алмайды;
оқырманның ақыл-ой өрісінің деңгейі, жалпы дамуы, сөздік қоры, сөздіктермен және анықтамаларды қолдана білуі.
Қандай да бір кітаптың мазмұнын жазып алуға шешім қабылдасаңыз, онда оны жазып алудың түрлерін (көшірме, тезис, реферат, аннтоция) анықтап алғаныңыз жөн. Яғни, кітапты оқып отырып, оған өзіне зерттеу жүргізе білу қажет, оның бірнеше түрлері бар, атап айтқанда, оқыған кітап бойынша жоспар, көшірмелер, тезистер аннотация, резюме, конспект.
Жоспар дегеніміз - оқығаныңыз туралы қысқаша жазба, оған кітапта немесе мақалада кездескен негізгі сұрақтар тізімін жазасыз. Тезис - одан күрделірек, текст бойынша негізгі тұжырымдар мен теріске шығаруларды теру. Тезис материалды есте жақсы сақтау үшін және пікір-таластың негізі үшін қажет. Тезис екіге бөлінеді: кітаптың мазмұнын жалпылап көрсететін арнайы маңызды тұстары және қарапайым яғни конспектінің немесе рефераттың құрамды бөлігін қамтитын - негізгі ой. Осы қарапайым және негізгі тезистердің қосыныдсынан құралған көшірмелер күрделі тезистер деп аталады. Аннотация - қысқаша мазмұндама, ол мақала, кітап туралы жаслпы түсінік береді. Рефераттың міндеті - негізгі нұсқаның мазмұнын қысқа, әрі жалпыланған, толық қамтылған түрдегі нұсқамен алмастыру. Аннотация - білімнің нақты бір саласы бойынша ақпараттық материалдар мен мәліметтердің бар екендігі туралы хабарлайды және сол материалдың кімге және қаншалықты пайдасы бар екендігін түсіндіріп, қысқаша баға береді. Реферат - кітап пен мақалалардың мазмұнын жеткізе білу, өз бетімен ойлау, сол ойларды ғылыми тілде жаза білу және сараптама жасай білу. Конспектіге қарағанда реферат шығармашылық белсенділікті, оқыған әдебиеттерді өз бетімен жинақтай білуді және сыни көзқарасты дәлелдей білуді қажет етеді. Рефераттың үш түрі жиі кездеседі: реферат-экстрат - алғашқы құжаттан алынған түпнұсқалық сөйлемдерден тұрады, қайта сөйлеткен реферат - түпнұсқалық сөйлемдерді өз бетінше қайта құрастыру арқылы жасалынады, түсіндіру рефераты деректерді түсіндіру міндетін атқарады. Түйіндеме шығарманың негізгі қорытындысын сипаттайды. Конспект - кең таралған жазба түрі, ол жоспар жасалынған соң жазылады. Конспектінің негізі материалды тезистер, қосымша ой-тұжырымдары мен дәлелдер. Конспектінің үш түрі бар: текстуалді, еркін және тақырыптық. Текстуалді конспект кітаптан немесе мақаланың деректерін сол бетінше қысқаша құрылысын өзгертпей көшіру. Еркін конспект оқушының өз ойына, талабына, ыңғайына қатысты жазылады. тақырыптық конспекте негізге тақырып немесе мәселе алынады да ол бірнеше дерек көздерінен алынуы мүмкін. Конспектінің негізгі ерекшелігі қысқартулар мен белгілерді пайдалану және уақытты үнемдеу. конспект ұқыпты, түсінікті және жылдам жазылуы тиіс: минутына 120 белгі ең төменгі жылдамдық, ал 150 белгі - ең жоғарғы жылдамдық болып табылады.
Көптеген зерттеушілер сонымен бірге карточкаларды пайдалануды ұсынады. Ол да кітаппен тиімді жұмыс жасауға көмек. Карточка бірдей аққағаздан жасалынады және бір жақ бетіне ғана жазылады. Оған кітаптың, мақаланың авторын, атауын және негізгі мазмұнына қатысты сөздерді жазуға болады.
4-ДӘРІС. ОҚУ СТРАТЕГИЯСЫ
Газет, журналдар мен кітаптар және ғаламтордан оқығандардың ешқайсысына сенбеңіздер. Адамдардың көпшілігі осы әдеттерден әлі арыла алмай келе жатыр. егер де олар жариланғандардың барлығы шындық деп қабылдайтын болса, олардың қате тұжырымдағаны. Шындығында, автордың тіпті әділ әрі ең жақсы деген ойларының өзінде қателіктер жіберіледі. жеткіліксіздіктің байқалуы сөзсіз барлық адамға тән. осындай сәтсіздіктерден қорғанудың басты құралы - сыни оқу дағдысын дамыту, сыни оқуға машықтану.
Авторы: Винсент Р.Руггиеро
Оқу стратегиясының 4 деңгейі: қарастыру, ой жүгірту, оқып шығу, бағалау.
1. Қадам. Қарастыру
Қарастыру деп жалпы түсінік алу мақсатында кітаптың немесе мақаланың кейбір бөлімдеріне қарауды айтады. Орташа есеппен кітапты қарау 15-20 минут, ал мақаланы қарау 5-10 минут алу керек. Тиімді орындалған қарау сіздің оқуыңызды оңай және нәтижелі ғана істемей, барлық шығарманың, не оның бөлігін қайта оқудан босатады.
Қарастыру келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
Қандай даулы сұрақ жайлы автор жазды?
Автордың бұл сұрақ жайлы ұстанымы қандай?
осы мақала немесе кітаптың негізгі бөлімдері (тақырыпша) қандай?
автор өзінің көзқарасын қолдайтын көп деректер келтіріп жатыр ма? Келтірсе ол қандай деректер?
Егер ол кітап болса, автор тұжырымдаған мақсат пен негізгі хабарын табу үшін кіріспесін және алғы сөзін қараңыз; Бөлімдерге бөлінуін және олардың ретін қарау үшін мазмұнын; автор алдын ала шолу немесе жалпылау (егер бар болса, әрбір бөлімдікін қарап шыығыңыз) бергенін білу үшін бір екі бөлімнің басы мен аяғын қараңыз; кітаптың қаншалықты құжаттанғаны мен автордың қандай дерекнама қолданғанын білу үшін ескертпе мен библиографиясын қарау керек; Егер уақытыңыз бар болса, автор қандай пікір немесе ұсыныс жасап жатқанын білу мақсатында барлық қорытынды бөлімін қарап шығыңыз. Кейде соңғы бөлім кітапта келтірілген негізгі дәлелдерді қысқаша жалпылайды.
Мақаланы қарап жатсаңыз, кіріспесін, бөлімдер тақырыбын, әрбір бөлімдегі алғашқы абзац пен түйінін қараңыз.
2. Қадам. Ойлану. Бұл жерде ойлану автордың емес, өзінің көзқарасыңды тексеру дегенді білдіреді. Өзіңізден сұраңыз:бұл нәрсе жайлы автордың көзқарасын жақтайтын немесе қарсы келтіретін, немесе ол жайлы әділ талдауыма бөгет болатын менің қандай ойларым бар?
Әділетсіздік екі жолмен көрінуі мүмкін. Ең анығы берілген сұрақты жақсылап ойластыру, қарсы көзқарастарды қарастыру және дәлелдердің басқаларына қарағанда бір көзққарасты көбірек қолдайтынын шешу болып табылады. Ақыр аяғында, ойлаудың басты мақсаты түйінді қалыптастыру болып табылады. Бірақ біздің алдыңғы басқа бір автор мәтіні жайлы түйініміздің аясында осы автордың мәтінін алдын ала талдау әділ ме? Жоқ. Біздің қазір оқып жатқан авторымызда сенерлік жаңа дәлелдер болуы мүмкін және ол біздің ойларымыздың қатесін тауып бере алады. Біздің сене алатын бір ақ жолымыз - ол біраз уақытқа біздің алдын ала қорытындыларымызды бір шетке ысырып, жай ғана оқып шығу.
Әділдіктің байқалатын басқа жолының айқын еместігі сонша, біз ол жайлы білмеуіміз де мүмкін. Әрбірімізде өзіміз қалыптастырмаған, оған байыпты мән бермегенімізде ойымызға кіріп кеткен көп пікірлер бар. Бұндай пікірлерге біздің өсіп келе жатқан кезімізде ата- анамыз бен мұғалімдеріміз айтқан ойлары, ток шоу мен фильм, жарнамалық роликтердегі кейіпкерлердің айтқан пікірлері және біздің күнделікті қабылдауымыз, алған әсеріміз, алдын ала сезінуіміз бен болжамдарымыз. Бұл пікірлердің көбісі даусыз жоқ болып кетеді, бірақ кейбіреуі, әсіресе біз қайта-қайта еститін әйгілілері өміршең және біздің ойларымызға әсер ете алады. Бұл жиі қайталанатын пікірлердің таныс, әрі ыңғайлы болып кететіні сонша, біз оларды ешқашан бағаламаған жоқпыз, олар біздің пікірлер болмаса да, біз оларды қорғауға бейім болып келеміз. Бұл әділсіздік санаға салынбағандықтан және иррационалды болғандықтан, ол ең айқын әділсіздікке қарағанда салмақты мәселеге айналуы мүмкін. Демек, Ойлау мақсаты келесі қадамдарды орындау барысында бақылап отыру үшін әділсіздіктің осы екі түрі жайлы білу.
3. Қадам. Оқып шығу. Егер Сіздің қарастыруыңыз нәтижелі болса, бұл қадам онымен салыстырғанда оңайырақ болады. Сіз автордың не айтып тұрғанын білесіз және сіз автор пікірлерінің ретін, түрін және пікірлер санын да хабардарсыз. Ендігі міндетіңіз өзіңіздің түсінігіңізді дәлдеп, тереңдету. Егер мүмкіндік болса, бір отырыста барлық шығарманы мұқият оқып шығыңыз. Ең маңызды сөйлемдердің астын сызып отыру үшін қалам немесе қарандаш болсын. Бірнеше абзацта бір сөйлемнің астын сызумен шектелуге тырысыңыз. Керек жерінде өзіңіздің сұрақтарыңыз бен ойларыңызды қосып жіберіңіз.
Егер бұл кітап немесе мақалада жақсы ой болса, оқығаныңызды конспектілеңіз (жалпылаңыз). Оны жүзеге асыру үшін сіздің маңызды деп белгілеген сөйлемдеріңізді қайта оқып шығыңыз. Авторлық мағынаны өзгертпей қанша сөйлемді біріктіре алатыныңызды ойлап көріңіз. Сосын бұрмаланудан аулақ болу үшін түпкі тұжырымдама мен реттілікті ұстап тұрып, өзіңіздің конспектіңізді бітірілген сөйлемдермен жазып шығыңыз. Сосын қысқаша өз сөзіңізбен автордың келтірген дәлелдемелерін мазмұндап шығыңыз. Автор секілді дәлелдемелерді айқындаудың қажеті жоқ, әйтпесе сіздің конспектіңіз пайда әкелу үшін өте ұзақ болып кетеді.
Егер конспектілеуіңіз нәтижелі болса, сізде түпкі нұсқаның мазмұнына сәйкес, бірақ талдауға өте оңай, қысқарған түрі пайда болуы керек. Осы әдіспен бір кітапты бірнеше абзацқа айналдыруға болады; толық мақаланы жеті сегіз, тіпті одан да аз сөйлемге айналдыруға болады. Бірақ конспектілеген кезде, бұрмалану мен қысқартулардың қауіптілігін естен шығармаңыз. Авторды оның айтпаған нәрсесі үшін сынау тек әділетсіз ғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz