МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ТІЛДІ ОҚЫТУ МОТИВАЦИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША МОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

МОӨЖ - магистранттың ғылыми-әдістемелік тұрғыдан өз ой қорытындысын жасай алу, оқығандарынан ортақ проблемаға қатысты ой жинақтай алу, өз пайымдауын дұрыс жазу, айта алу, дәйексөздерді орынды пайдалана алу, ғылыми тұжырымдар жасай алу және т.б. дағдыларын дамытып, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін жетілдіруі мен байытуына жол ашатын ауызша және жазбаша шығармашылық сипаттағы өздік жұмыс.
І. Пән бойынша МОӨЖ-дің екі түрін орындау жоспарланған. Бірінші аттестация кезінде магистрант МОӨЖ-1-ді орындау үшін белгілі бір топ құрамында ғылыми-әдістемелік журналға материалдар (мақала, сызба, кесте түрінде) дайындайды. Жұмыстың мақсаты - магистранттың өздігінен іздену қабілеттерін дамыту, ғылыми жазба тілдік дағдыларын қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін және қатысымдық құзіреттіліктерін жетілдіру, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту және топпен бірлескен шығармашылық жұмыс жасауға баулу. Журнал мазмұнына Абайдың білім мен ғылымға қатысты ой-тұжырымдары өзек болуы тиіс.
МОӨЖ-1 бойынша ізденуші өзі таңдаған тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік материал дайындайды. Онда тіл мен ділдің, тіл мен тарихтың, тіл мен ел болашағының байланыстарын ашатындай бағыттағы қазақ тілін оқытудың жаңа талаптары мен оқу мотивтерін қалыптастыруға қатысты мәселелер қамтылуы тиіс. Мақала тілді оқыту әдістемесіндегі өзекті бір мәселеге арналуы қажет. Магистрант өз қалауына қарай сабақ түрінде де материалдарды енгізуіне болады.
Магистранттар тобы ғылыми-әдістемелік журнал шығару жұмысын жүйелі жүргізу үшін силлабуста айқындалған апталық жұмыс сатылары бойынша нақты тапсырмаларды орындайды. Мәселен, бірінші аптада журналдың тақырыбын таңдаса, екінші аптада жоспарын анықтайды. Үшінші аптада әдебиеттермен жұмыс жасайды, аппаратын анықтайды. Төртінші аптада материал тезистері әзірленеді. Бесінші аптада журналдың жазба жоба нұсқасы дайындалады. Алтыншы аптада толық макеті жасалады. Жетінші аптада журнал топ алдында ауызша баяндалып қорғалады. Топ мүшелері талдайды. Осылайша магистранттар тобы түпкі нәтижеге жүйелі әрі жоспарлы жолмен көтеріледі. Әр қадам сайын олар ғылыми ізденіске керек дағдыларды саналы меңгеріп отырады. Сол алған білімдерінің негізінде өзінің ізденіс нәтижесін аяқталған ғылыми-әдістемелік журналды тапсырады.
Журнал көлемі - 20 бет (4 бет мұқабасымен қоса алғанда). Ғылыми журналдың безендірілуі талапқа сай болуы қажет. Бұл магистранттардың өзі жазған жұмысын көпшілік алдында қорғай алу дағдыларын дамытады. Ең алдымен, әр магистрант этикет талаптарына сай өз жұмыстарының тақырыбын таныстырады. Мақаланың мақсат-міндеттерін, тақырыптың өзектілігін дәйектей отырып, жұмыстың қысқаша мазмұнымен, соған сәйкес нақты ой-тұжырымдарын баяндайды. Келесі кезеңде аудиторияның сұрақтарына жауап береді. Егер талдаушылар сөзінде сын-пікірлер айтылса, баяндамашылар оған жауап береді. Ең соңында өз қалаулары бойынша бейресми оппоненттер сөйлейді. Мұндай талдау жұмыстардың жүргізілуі, біріншіден, магистранттардың жауапкершілігін арттырады. Екіншіден, бірін-бірі тыңдау мәдениетін қалыптастырады. Үшіншіден, қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру дағдыларын жетілдіреді. Төртіншіден, этикеттік орамдарды түрлі жағдаятқа сай қолдануға төселдіреді. Бесіншіден, жұмыс туралы сын-пікір айтуға да, қабылдауға да үйренеді. Ал, ең бастысы, ғылыми стиль мәдениетін меңгеруіне алғышарт жасалады.

МОӨЖ - 1 ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
МОӨЖ - 1 бойынша магистранттер ғылыми-әдістемелік журнал дайындайды.

Журналға қойылатын талаптар:
Көлемі - 20 бет.
5-аптада журналдың жазбаша нұсқасы өткізіледі.
Журнал жазбаша дайындалып, ауызша қорғалады.
Баяндамашы-магистранттар қойылған сұрақтарға, оппоненттің пікіріне жауап беруі керек.
Дайын материалдардан көшіруге болмайды.
Журналдағы мақалаларда тақырыпқа лайық көрнекіліктер (сызбалар, карталар, фотосуреттер, кестелер, т.б.) қамтылуы қажет.
Журнал мазмұны алдымен қағаз түрінде жасалады, Power point бағдарламасы бойынша слайдтар арқылы тұсаукесері дайындалады.

Ғылыми-әдістемелік журналға қойылатын жалпы балл - 16.

Журналдағы жұмыстарды бағалау критерийлері (жазбаша, ауызша бөлім бойынша):
Жазбаша бөлім бойынша (10 балл):
Журналдың безендірілу талабына сәйкестігі - 2 б.
Мақала тақырыбының ашылуы - 2 б.
Бөлімдер арасындағы сабақтастықтың болуы - 2 б.
Қосымша материалдардың қолданылуы (Абай ой-тұжырымдарымен байланысы) - 2 б.
Мақаланың тілдік сауаттылығы - 2 б.

Ауызша бөлім бойынша (6 балл):
Тұсаукесер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Магистранттың пеадгогикалық практикадан өту құжаттары
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін университет магистратурасының білім беру жүйесін қалыптастыру
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы сапамен басқару
Осы жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесін жүргізудің нақты шарттарын бағалау
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру
Кәсіби біліктілік терминінің анықтамасы
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау
Мұнай газ секторы үшін мамандар дайындаудың негізгі критерийлері
Магистранттардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру болашақ зерттеушіні даярлау кезеңі ретінде
Пәндер