Бактерия клеткасының құрылысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы университеті
Инженерлік-технологиялық факультет

СРО

Орындаған: Рахат Әлинұр
Тексерген: Асетова Г.К.
Группа: ПП-001

Сұрақтар:
1.Бактерия клеткасының құрылысы.
2.Рикетсийлердің,хламидиялардың және микоплазмалардың морфологиясы.
3.Азот қосылыстарын өзгерту.
4.Күкірт қосылытарын өзгерту.

Құрылысы жағынан алғанда бактерия клеткасы қарапайым деуге болады. Барлық бактерия клетка қабықшасынан, цитоплазмалық мембранадан және цитоплазмадан тұрады. Цитоплазмада нуклеотидтер, мезосомдар, рибосомдар және зат алмасу процесі кезінде түзілетін түрліше заттар болады. Клетка қабығы өте маңызды қызмет атқаратын күрделі құрылысты органоид. Ол шырышты заттардын тұрады. Бұл шырыш қабықша клетканың негізгі бөлігіне жатпайды. Кейде клеткаға өте төменгі немесе жоғары температура әсер еткенде пайда болады да, клетканы құрғап қалудан және басқа да зиянды заттардың әрекетінен қорғайды. Қанты мол ортада шырыш қабықшалар қалыңдап, клетка сыртында капсула түзеді.Капсула негізінен полисахарид пен полипептидтен тұрады. Клетка қабықшасы жалпы клетка құрақ затының 20 процентіне тең. Бактерия клеткасының әр түрлі бояуларды сіңіріп, боялуының өзі де осы клетка қабықшасына байланысты. Сонда боялған клеткаларды Грам- оң, ал боялмағандарын Грам- теріс деп атайды. Клетка қабықшасына іргелес цитоплазмалық мембрана орналасқан. Ол липидтердің екі қабатынан тұрады. Бұл қабаттың беттері ерекше белокпен қапталған. Мембрана клетка құрғақ затының 8-15 процентін алады. Сөйтіп ол клеткаға заттардың түсуін бақылайды, осмостық қысымды реттейді. Мембраның ойысуынан барып мезосома деп аталатын ерекше дене сонда клетканың құрғақ заты мен ферменттер орналасады. Бактерия клеткаларының қабықшасы полисахаридтер мен май тектес - липоидтардан тұрады. Кейбір бактериялар қабықшасында хитин деп аталатын азотты зат кездеседі. Цитоплазма - химиялық құрамы күрделі, түссіз, қоймалжын зат. Оның құрамында белок, май, су, түрлі минерал заттар және ферменттер болады.
2. Рикетсийлердің тұқымдастығы - грам теріс облигатты жасушаішілік паразиттер тобы, олар адамдарды, жануарлар, құстар және буынаяқтыларды зақымдайды. Барлық риккетсиялар облигатты жасуша ішілік паразиттер болып келеді. Риккетсиялар вирустар мен бактериялар арасынан орын алады. Вирустар сияқты, риккетсиялар майда пішінді микроорганизмдерге жатады және мезоэндотелия жасушаларының ядросы мен цитоплазмаларында өсіп өнеді.
Хламидиялар (грек. chlamyda -- мантия) -- адам, жануар және құстарда әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар. Хламидиялар жасуша ішінде өніп-өсіп, паразиттік тіршілік етеді. Зақымданған жасушаларда олар мантия (сырттан киетін ұзын шапан) сияқты қабықша түзетіндіктен, аты осыған байланысты аталған. Хламидияның бірнеше түрі бар:
C. trachomatіs, C. psіttacі -- адамдарда;
C. pecorum, C. abortus, C. felіs -- жануарларда ауру қоздырады.
Ұсақ, пішіні шар тәрізді. Хламидия адамдарда көз ауруларын (басыр, конъюнктивит, т.б.), несеп-жыныс жолдарының (уретрит,простатит,эндометрит, сальпингит, т.б.), шап бездерінің вирусты ауру (шап лимфогранулематозы) және өкпенің қабынуы (бронхит,пневмония, орнитоз, т.б.) ауруларды қоздыруға себепкер болады.
Микоплазмалар өте ұсақ, бос күйінде тіршілік ететін бактериялар. Олар екі ерекшелікке ие: 1) микоплазмаларға ғана тән құрылымы бар, 2) өте жиі жасуша дақылдарын контаминациялайды, өсімдіктер, жануарлар және адамдарда ауру тудырады. Бірқатар вирустардың (соның ішінде онкогенді, АИВ), көбеюіне әсер етеді, және де өздері де иммунды тапшылық тудыруға қабілетті.
Микоплазма - ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған. Осының арқасында микоплазма пішіндері тұрақты емес, бактериалық сүзгіштерден өтіп кетеді, Грамша боялмайды, ал Романовский-Гимзе әдісімен жақсы боялады. Жасуша құрылымы өте қарапайым, үш қабатты цитоплазматикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микробиология тарихы. Микробиологиядағы ғұлама еңбектері. Вирусология тарихы. Вирусологиядағы ғұлама еңбектері
Клетка микроағзалардың структурасы
Риккетсиялар,хламидиялар, микоплазмалар морфологиясы мен құрылысы
Микробиологиялық синтездеу өнеркәсібі
Микроорганизмдер жөнінде қысқаша мәлімет
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының (фитопатогендердің) маңызы
БАКТЕРИЯЛАР МЕН ВИРУСТАРДЫҢ ГЕНКТИКЛЛЫҚ ЕРЕКШЕЛГІ, ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНІЕ ӨСІП - ӨНУІ
Бактерологиялық бояулар
Бактериялар және актиномициттер туғызатын ауыл шаруашылық дақылдарының ауруы
Клетка туралы ілімінің тарихы
Пәндер