Социалистік реализмге қазіргі көзқарас


Социалистік реализмге қазіргі көзқарас
Əдеби бағыттар мен ағымдар - əдебиеттану ғылымындағы күрделі əрі өзекті мəселелердің бірі. Əдебиеттің даму ерекшеліктері, көркемдік таным арналары бағыттар мен ағымдар, əдіс мəселелерімен тығыз ұштасатыны мəлім. Өткен күн мұраларын бүгінгі күн биігінен қайта таразылаған тұста бағыт пен ағымдар мəселелері жан-жақты талқылауды, терең зерттеуді қажет етеді. Тіпті кеңес қоғамы дəріптеген реализмнің мазмұны мен даму мəселесін жаңаша зерттеу де қазіргі əдебиеттану ғылымының күн тəртібінде тұр.
Кеңес дəуірі тұсында социалистік реализмнен басқа əдеби əдістер еленбей, көлеңкеде қалды, олардың əдебиетке əкелген жетістіктері мен мүмкіншіліктері жете бағаланбады. Əдебиеттануда «реализм жəне реализмге қарсы əдістер» теориясы қалыптасып, үстемдік етті. Кеңес оқулықтарында оларды бір-біріне қарсы қою жүйесі тым қарапайым еді: реализм - шынайылық, адалдық, тарихилық, мазмұндылық; буржуазиялық əлемдегі басқа əдістер: «регрессивті» романтизм, модернизм, постмодернизм, керісінше, өмір шындығынан алыс əкететін, идеализмді, дарашылдықты дəріптейтін мазмұнсыз, зиянды əдістер деп біржақты бағаланды. Бірін-бірі ауыстырып отырған əдеби ағым-бағыттар олардағы реализм үлесінің аз-көптігіне байланысты бағаланды. Ал, іс жүзінде əр алуан əдіс-тəсілдерді біріненбірін жоғары қою, я төмен қою түбірімен теріс екенін уақыттың өзі дəлелдеді.
Кеңес əдебиетіндегі «социалистік реализмді» ұлықтау ұраны басқа əдеби дəстүрлердің дамуына кедергі келтірді. Реализм мен өршіл, пафосты романтиканың жымдаса бірігуі - социалистік реализмнің мазмұнын құрады. Социалистік реализмде алынған кейбір элементтер ерекше қызмет атқарды. Социалистік реализм романтизмнен идеалдандыру, өршілдік, асқақтық, дəуірдің нақтылы бейнесінен гөрі биік идеалдар мен асқақ мұратты алдыңғы қатарға қою сынды ұстанымдарды алға шығарды. Алайда социалистік реализмде романтикалық идеал саяси-əлеуметтік, төңкерісшіл мəн үстеп, өзінің толыққанды философиялық мазмұнынан айырылып қалды. Социалистік реализм əдебиеттің табиғи дамуының нəтижесінде қалыптаспаған, жасанды түрде əрі жедел енген əдеби əдіс болғандықтан əдебиет тарихындағы өзіне дейінгі əдіс-тəсілдердің, əдеби бағыттардың көркемдік жетістіктерін, өзіне қажетті, талабына сай келетін кейбір идеялық-эстетикалық ұстанымдарын ғана қабылдады.
1930 жылдардан бастап үстемдік құрған социалистік реализм 1960-80 жылдары біртіндеп сетіней бастады. 1960-90 жылдары əдебиетіміз қарқынмен дамып, стильдік жағынан байып жетілді. Қазақ прозасы əдебиетіміздің жетекші, кемел жанрына айналды. Жеке тұлғаның руханиадамгершілік əлемі, гуманистік-адамгершілік əлеуметтік-адамгершілік, философиялық-этикалық жəне адамның жан дүниесіне, психологиясына тереңдей ену - міне, осынау ауқымды мəселелерге жауап беру осы кезеңдегі қазақ прозасының тақырыптық, идеялық ерекшелігін құрайды. Шығармада адам тағдырын, оның жан дүниесіндегі құбылыстарды алғашқы орынға шығару үрдісі белсендірек байқалды. Сыртқы объективтік əлемнен гөрі адамның ішкі субъективті əлеміне ден қою, көпшіл «бізден» гөрі жалқы «Менге» иек арту байқалды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында, əсіресе 1970-90 жылдары қазақ прозасында Ə. Кекілбаев, Д. Исабеков, Р. Тоқтаров, О. Бөкеев, Т. Əбдіков, С. Санбаев, М. Ысқақбаев, Д. Досжанов, т. б. жазушылардың шығармашылығы реалистік қуаттылығымен қатар романтикалық, модернистік сарынымен де ерекшеленді. Бұл романтизм социалистік реализммен астарлас пафосты, «кеңестік жарқын өмірді» бір жақты, көтеріңкі лепте ғана суреттейтін асқақ романтика емес еді. ХХ ғасырдың екінші жартысында əдебиетке келген қуатты буын жаңашылдығымен танылып, белгілі өлшем, жаттанды қалыпты бұзуға ұмтылды. Олар əдебиетке араласып, халқына эстетикалық қуаты, көркемдік деңгейі жоғары туындылар беріп, соның нəтижесінде төл өнерімізге жаңа леп əкелген өкілдерге жатады.
Қазақ прозасына жаңа ой, тың өрнектер қосқан Ə. Кекілбаев, Д. Исабеков, М. Мағауин, Ə. Тарази, С. Мұратбеков, О. Бөкеев, С. Санбаев, Т. Əбдіков, А. Сүлейменов, Қ. Жұмаділов, Қ. Ысқақов, Р. Тоқтаров жəне т. б. қаламгерлердің адамның жан дүниесін түрлі аспектіде, əр түрлі көркемдік деңгейде ашып көрсетуді мақсат еткен шығармалары, міне, осы кезеңнен бастап жарық көре бастағанына айтпасқа болмайды. Бұл шығармалар қазақ прозасын тек жанрлық тұрғыдан ғана емес, мазмұндық жағынан байытып, философиялық толғаныстарға барынша ден қойды, көркем шығарма жүлгесінде драматизм, трагедиялық сарын күшейді.
Қазақ жазушылары əдебиетке партия өктем билігін жүргізген тұста халқымыздың басынан өткен келеңсіз құбылыстарды есебін тауып, орайын келтіріп айта білді. Олар өмір шындығын сыңаржақ суреттеуден бас тартып, мүмкіндігінше қоғам дамуының қайшылықтарын көрсетуге тырысты. Айтар ойларын кейде ашық, кейде астарлап, бейнелі сөз қуатын шындықты жеткізудің бір амалыретінде пайдаланды. Əдебиетте өз ортасын олқы санап, көңілі толмаған, қоғамға сын көзімен қарай бастаған кейіпкер бой көрсетті. Көркем шығармада мұндай кейіпкер қоғам шындығына қанағаттанбай, қоршаған ортаны жатсынып, тіпті жан сілкінісін, ішкі наразылығын білдірді. Ол пенденің «күнделікті күйкі тіршілігіне», адамдар тоғышарлығына қарсы шығып, рухани ізгіліктердің тапшылығынан зардап тартты. Əдебиетте 1970 жылдардан бастап модернистік сарын молайды. Модернизм əдебиет пен өнердің сахнасына ХХ ғасырда орнығып, өз дəуірінің мəдени қажеттіліктерінен туды. Ол - ХХ ғасыр өнерінде əлемді көркем бейнелеудің дəстүрлі əдістерінен бас тартқан бағыттардың жалпылама шартты атауы [1, 268] .
Модернизм адам табиғатын, құпия сезімдерін ирония, ойын элементтері, сана астарындағы құбылысты зерттеу арқылы көрсетеді. Жеке тұлға мағынасыз болмыс алдында өз əлсіздігін сезінеді. Бұл бағыттағы жазушылар композицияға, тілге, т. б көптеген стильдік, көркемдік сынақтар жасады. Классикалық романтизмнен өзгешелігі ол өзін поэзиядан гөрі, прозада айқынырақ, күштірек танытты.
Модернизм біртекті емес. Əлемдік əдебиет тарихында ол ХХ ғасыр басындағы бірқатар бағыттарда, əсіресе символизмде (оның ішінде орыс жəне француз символизмінде) көрінді. Модернизм ХХ ғасыр басында қаламгерлердің əлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм жеке тұлғаның санасын рухани ауытқулармен байланыста алып қарады. Модернистер əлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фəнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Жалғыздық қасіреті қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің шығармаларында айрықша көрініс тапты. Қоғам мен адам арасындағы қайшылық сарыны тұрғысынан романтизм эстетикасымен ұқсас тұстары болды. Қазақ прозасындағы адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы бейнеленген, адамның панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін шығармаларда романтикалық сипат пен модернистік ұстанымның берік байланысы жатыр.
Кейіпкерлердің екіге жарылу мəселесі 70- ші жылдардан бастап қазіргі қазақ прозасында да заңды жалғасын тапты. О. Бөкеевтің рухани сергелдеңге түскен, мазасыз, əлденені іздеумен жүретін сезімтал, қияли кейіпкерлері, сондайақ Т. Əбдіковтің «Оң қол», «Парасат майданы» шығармаларындағы екіұдай сезім кешкен «сырқат» тұлғалары хақында да осыны айтуға болады.
Осы кезеңдежеке тұлғаны, адамболмысының күрделі, жұмбақ мəселелерін, бүгінгі рухани құндылықтарды зерделеуде бейнелеудің дəстүрлі тəсілдерімен қатар альтернативті сарындардың да орын тебе бастағанын аңғару қиын емес. 1970- 80 жылдардан бастап қазақ əдебиетінде əлемдік əдебиеттен жаңғырық тапқан модернистік эстетиканың əсері де кем болмады.
Модернизмді хаосты əлемді адамның жатсынуында айқынырақ танылатын ерекше дүниетаным ретіндегі тарихи-философиялық жəне əдеби-көркемдік категория деп тануға болады. ХХ ғасырда модернистік бағыттар мен интенциялар əдебиеттің алуан көркемдік тінін құрай отырып, бір мəдени кеңістікте қатар өмір сүрді.
Болмысты «романтикалық» жəне «модернистік», «постмодернистік» тұрғыда қабылдау - бұл негізінен қарама-қарсы жүйелер, бірақ сонымен қатар бір-біріне əсер етуші, тіпті белгілі бір деңгейде бір-бірімен байланысты жүйелер. Олардың біреуін екіншісінен жоғары қойып, біреуін бөліп алып, я жақсы, я жаман деп айта алмаймыз. Өйткені , əлем туралы біздің түсінігіміздің кемел еместігі себепті кемшіліксіз де емес. Көп жағдайда «постмодернизм» «декаденттік» нəрсе ретінде: үміттің жоғалуымен, ұмтылыстардың құлдырауымен, нақты мақсаттар мен бағдардың жоғалумен, апатиямен, өркениеттің құлдырауымен байланысты қабылданатындықтан, оған қарағанда модернизмді қолайлы көріп жатады.
Тəуелсіздік тұсындағы əдеби үдерісті тұтастай алсақ, əдебиеттің бірнеше даму бағыттарын айқындауға болады. Олар - дəстүрлі реалистік əдіс жəне модернистік, постмодернистік ағымдар. Сонымен қатар осы кезең прозасында романтикалық тенденциялардың да омырау соза алға шыққанын бағамдаймыз. Шығармалардың көркемдік құрылымында романтикалық сарындар реалистік немесе модернистік бастаулармен жымдаса кірігіп, кейде жеке элемент түрінде, кейде қанаттас қатар дамып, кейде басымдық танытып жатты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz