алгоритмнын күрделілігі, кадамдык цикл алгоритмы, модификаторлы циклды, карапайым циклдык алгоритм



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті Ақпараттық технологиялар
Кафедрасы Жасанды Интеллект және Big Data

СӨЖ
Тақырыбы: алгоритмнын күрделілігі, кадамдык цикл алгоритмы, модификаторлы циклды, карапайым циклдык алгоритм

Орындаған: Сатбаев Мұрат
Тексерген: Құрманали Мейрамгүл Ахметжанқызы

Алгоритмның күрделілігі. Алгоритмдеу - есепті шығару алгоритмін құрастыру процесі, мұның нəтижесінде мəліметтерді өңдеу процесінің ке зеңдері айқындалады да, кезеңдер мазмұны формальды (жасанды) түрде жазылып, солардың орындалу реттілігі анықталады. Алгоритм - бастапқы айнымалы түрде берілген мəліметтерден қажетті нəтижеге қол жеткізу жолында атқарылатын есептеу процесін анықтайтын дəлме-дəл нұсқаулар жиыны.
Алгоритм қасиеттері: 1. детерминділік (анықтылық, бір мəнділік) - басқаша түсінуге жол бермей, тек қана көрсетілген əрекеттерді айқын түрде орындауға арналған нұсқаулар дəлдігі; 2. дискреттілік - есептеу процесін жекеленген қарапайым операцияларға бөлу қасиетінің болуы, яғни күрделі есепті атқарылуына күдік келтіруге болмайтын шағын бөліктерге жіктеу мүмкіндігінің болуы; 3. нəтижелілік - белгілі бір əрекеттер саны атқарылған соң, процестің қажетті нəтижесін алып, оны аяқтау мүмкіндігінің болуы немесе есептеу процесін ары қарай жалғастыруға болмайтындығы жайлы мəлімет алу; 4. жалпылық - алгоритмнің осы сияқты көптеген басқа да есептерге қолданылу мүмкіндігінің болуы Алгоритмдік тіл - алгоритмдерді жазуға арналған символдар мен сол символдардан тұратын конструкцияларды құрастыру жəне түсіндіру ережелерінің жиыны.
Программалаудың ең негізгі əрі күрделі кезеңі алгоритм құру болып табылады. Программалауды үйретудің басында алгоритмді тілдермен байла ныс тырмай, блок-схема немесе псевдокод тəрізді тəсілдермен құруды түсіндіру керек. Осындай "таза" алгоритмдеу жолын меңгерген студенттер кейін прог рам малау тіліне оңай көшеді. Бұл тарауда алгоритмдерді блок-схема немесе алгоритм схемасын құру арқылы құру негіздері қарастырылады. Программалау теориясында кез келген күрделі есептің шығару жолын, яғни кез келген программаны төмендегідей үш түрлі басқару құрылымын пайда лану арқылы жазып шығуға болатындығы дəлелденген:
:: сызықтық құрылым немесе операторлар тізбегі;
:: тармақты құрылым немесе шартты оператор;
:: қайталау немесе циклдік оператор.
Осындай канондық құрылымдардан тұратын программаны регулярлық программа деп атайды, олардың бір ғана кіру нүктесі мен бір ғана шығу нүктесі болады. Дəл осы үш құрылым құрылымдық программалаудың базалық конструкциялары деп аталады. Программадағы кез келген операторды оның кіру нүктесі арқылы тауып орындауға болады (осы тəсілмен табылмайтын операторлар жəне шексіз циклдер болмауы тиіс). Мұндай программаны басқару ісі жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі. Түсініктеме мəтін (комментарий) қосылған осындай программалар оқуға жəне түсінуге жеңіл болып есептеледі.
Күрделі алгоритмдерді құру үшін қарапайым канондық (бірың ғайланған) алгоритмдік құрылымдар қолданылады. Олар сызықтық, тармақталу жəне цикл құрылымдарынан тұрады. Программалау теориясында кез келген күрделі программаны осы үш түрлі құрылымнан құрастыруға болатыны дəлелденген. Негізгі конструкцияларды пайдалану мақсаты - қарапайым құрылымды программа алу болып саналады. Мұндай программалар оңай оқылады, түзетіледі жəне керек болса, оңай өзгертіледі.

Қадамдық циклдер. Циклді орындаудың алдында, оның
қайталану саны белгісіз болған жағдайда қадамдық циклдер
пайдаланылады. Мұнда циклді жазу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Симметриялық кілтпен шифрлау
Си тіліндегі циклдік алгоритм және циклдік алгоритмді бағдарламау
Алгоритмды оқыту
Алгоритмдер және деректер структурасы
Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары
Информатика пәнінен дәрістер кешені
Орта мектепте программалау негіздерін оқыту
Информатика пәнінен лекциялық сабақтардың тезистері
Turbo Pascal программалау тіліне шолу
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
Пәндер