Таным



1. Таным, қоғамдық процесс.
2. Таным процесінің негізі.
3. Сезімдік және логикалық таным
4. Ақиқат теориясы.
5. Ғылыми таным логикасы мен методологиясы.
6. Ғылым этикасы.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Таным, қоғамдық процесс. 
2. Таным процесінің негізі. 
3. Сезімдік және логикалық таным 
4. Ақиқат теориясы. 
5. Ғылыми таным логикасы мен методологиясы. 
6. Ғылым этикасы. 

Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі
- өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам
айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында
олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын
біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді. 
Басқашаайтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол
туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы
жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады.
Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп
есептеуге болады. 
Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып – білуге
болатындығын мойындайды. 
Диалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық
материализмінің таным теориясының ең басты екі айырмашылығы бар: ол,
біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі,
екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы. 
Диалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде
дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын
көздейтін таным процесінің заңдылықтарын зерттейді. 
Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін
басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан көру
емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу – таным –
білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым –
қатынас процесі. 
Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік
топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады.
Сонда – ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі
ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынайтарды таным объектісі
ретінде қарастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және
ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айлады. Бақаша айтқанда, таным
объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық
және теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс - әрекет
барысында субъекті игерген бөлігі. 
Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және
әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті
дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті
құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды
өзгертугіне байланысты дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным дүниенің
белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп қарастыруға болады. Қоғамдық практика
таным процесінің қозғаушы күші болып табылады. Ол өмір сүру, іс - әрекет
жасау барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін талап ететін проблемалармен
міндеттер қойып отырады. 
Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект
қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы
байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық
қызметі барысында іске асады. 
Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын,
техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының
нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және
жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі
жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және
теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз. 
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің
белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған
объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен
философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. 
Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің "Метафизикасында” ақиқатты біздің
қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп
түсінді. Дегенмен ол ақиқаттың дәйекті материалистік ұғымын бере алмады. 
Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз біздің біліміміздің бізден тысқары түрған
объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі.
Ақиқатқа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп
жататын әлеуметтік – тарихи процесс. 
Егер объективті ақиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның тұсінігі
сол ақиқатты бірден, толығы мен, тұтасынан объсолютті тұрде емес, тек
шамамен, біртіндеп, салыстырмалы тұрде ғана білдіреді. Бұл жерде
салыстырмалы ақиқат пен объсолютті ақиқаттың ара қатынасын көреміз. 
Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат -
әлеуметтік процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – объсолютті ақиқатты
мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика –
ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі
диалектикалық процесс. 
Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан,
оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен -
өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшіни
таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным
әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. 
Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің
объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі,
сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш
топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық
жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады;
2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен,
таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер.
Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. 
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның
эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің
өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным
объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан
қабылданады. 
Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымензаңдылықтары
тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде
тұжырымдалады. 
Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс –
бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім
арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы
өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп
аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні
тікелей әсер етіп, ондағы процестерге арласуы. 
Осы заманға кең пайданылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу
дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мында объектінің өзі емес, оның
орнын басатын модель зерттеледі. 
Ғылыми теоррияның қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы зор. Гипотеза –
ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген
болжам гепотеза бола алмайды. 
Қысқасы, ғылыми жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның
жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.

Дүниенің танымдылығы туралы мәселе.
Таным дегеніміз адамның дүниені рухани тұрғыдан меңгеру процесі,оның
мақсаты-ақиқатқа қол жеткізу.19 ғасырға дейін таным теориялық-философияның
шеңберінде онтологиямен бірлікте қарастырылады.Өткен ғасырларда,таным
процесін зерттеу гнесеология(грек тілінен аударғанда-таным) атты өз алдына
дербес ғылымға айналды.Соңғы он жылдықта философтар шет елдерде қолданып
жүрген эпистемология ұғымын қолданып жүр,бұл ұғым (грек тілінен аударғанда
episteme-білім) Эпистемология-бұл біздің әртүрлі пәндер жөнінде қалай
білімге ие болатындылығымен,біздің білімдеріміздің шегі
туралы,адамзатбіліиінің қаншалықты дұрыс екендігін анықтайтын философияның
бір бөлігі.
          Философия тарихында бұл сұрақа берілетін жауаптың екі түрлі
тәсілі қалыптасты,олар: танымдық-реалистік және огностикалық.Агиостицизм-
бұл адамзат пен қоғам заңдылықтарын,материалдық жүйелердің мәнін танып білу
мүмкіндігін терістейтін ілім.
          Ежегі грек философы- софист Протагор қоршаған орта құбылыстарын
тану мүмкіндігін қарай отырып,”бұл құбылыстар қалай көрінсе,солай болады”
деген көз қарасты ұстанып,әртүрлі адамдардың білімдері де әртүрлі дей
келіп,қоршаған орта құбылыстары мен заттарын дұрыс,айқын да нақты танып
білу мүмкіндігін жоққа шығарады.Софистер мектебінің алдына қойған
мақсаттары,кез-келген лоикалық пайымдауларға,парадокс-софизмдерге сүйене
отырып кез-келген тұжырымдарды негіздеу болып табылады.Агностицизмнің
бастапқы формасына скептизм жатады,мұның негізін салған Пиррон.Оның ойынша
сезімдік қабылдаулар ғана дәл ақиқатқа қол жеткіздіреді,ал адасушылық
дегеніміз құбылыстан оның негізін,мәнін тануға ұмтылар кезде ғана пайда
болады деді.Пирронның ойынша,зат немесе оның мәні туралы кез-келген
тұжырымдамаларға оны терістейтін тұжырымдарды қарама-қарсы қою керек.Ойдың
мұндай барысы Пирронды нақты тұжырымдардан бас тарту позициясына әкелді.
        Жаңа дәуірдегі агностицизмнің көрнекті өкіліне Д.Юм мен И.Кант
жатады.Юмның ойынша,ғылыми эксперименттер мен қарапайым тәжірибеде салдар
себептен ажыратылатындықтан салдар себепте айқын көрінбейді.Осыдан кейін Юм
себеп салдарлық байланыстардың болу мүмкіндігін дәлелдеу мүмкін емес
деді,өйткені олар тәжірибеден келіп шықпайды және себептен салдарды
логикалық тұрғыдан айқындау мүмкін емес екендігін айтты.Бірвқ та-
субъективті себептілік бар яғни біздің әдет дағдыларымыз,бір құбылыстың
басқамен байланысын біздің күтіп және осы байланысты
түйсіктеріміздебейнеленуі.Осындай психикалық байланыстардың әр жағында
Юмның ойынша біз тереңдеп ене алмаймыз.Юмға қарағанда И.Кант санадан тыс
материалдық заттардың блатындығына күмән келтірмей,түсіндірді.Канттың
ойынша,тек құбылыстар әлемі берілмейді.Канттың позициясы әрі
қарайИ.П.Мюллердің “физиологиялық идеализм” концепциясынан,Г.Гельигальцтың
“мерогилфтер теориясы” немесе “символдар теориясынан” және К.Пирсонның көз
қарастарынан өз жалғасын тапты.
       19 және 20 ғасыр аралығында агностицизмнің тағы бір түрі
конвенционализм атты бағыт қалыптасты.Бұл бағыттың қалыптасуының ішкі
ғылыми алғышартына жаратылыстану ғылымдарының теорияланып,ғылыми ұғымдар
мен заңдардың рөлінің күшеюі әсер етті,өйткені бұлар таным тәсілі ретінде
жаратылыстанушылар арасындағы 
Конвенциялардың, яғни келісім шарттардың көлемін кеңейтіп, ұлғайтуда
дүниені теориялық тұрғыдан меңгерудің құрал-тәсілдерді таңдау мүмкіндігін
айқындап береді. Конвенционализм дегеніміз ғылыми теориялар мен ұғымдар
ғылымдар арасындағы келісім арқылы белгілі бір мәнге ие болатын
философиялық категория ретінде анықталады. Конвенционализм өкіліне француз
математигі және ғылым методологы А.Пуанкаре жатады. Оның ойынша,
геометриялық аксиомалар тек шартты жағдайлар ғана, бір геометрия басқа
геометрияға қарағанда шынайы ақиқат бола алмайды. Ол тек бізге қолайлырақ
болады. Пуанкаре заттың өзі мен оның мәні арасындағы қатынасты бір бірінен
ажыратып қарап, тек қатынастады ғана тануға болады деген болатын.
Конвенциалистердің ұсынған прагматикалық критерийлері табиғи дүниенің
заңдары мен материалдық жүйелердің мәнін танудың мүмкіндігіне күмән
келтіреді. Пуанкаренің пікірінше, шарттардың мәні, символдар
конвенционализм ғылыми таным принциптері мен көзқарастық пікірлер жүйесі
ретінде батыс философиясында ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында батыс
философиясында кең қолданыс тапты. Конвенционалисттік бағытты ұстанғандар
К.Поппер, И.Лакатос, П.Фейерабенд және тағы басқа да ғалымдар мен
философтар. Агностикалық концепциялар көптеген негіздері бойынша бір
бірінен ажыратылады. Мектептің өкілдерінің есіміне байланысты Юм, Кант
мектебі болып ажыратылады. Ал дәлелдеу және аргументтеу сипаты мен тәсілі
жағынан этикалық, физиологиялық, кибернетикалық, иероглифтік агностицизм,
материалистік және идеалистік, сенсуалистік және рационалистік агностицизм
болып бөлінеді. Тағы бір бағыт гносеологиялық реализм деген атауға ие
болды. Бұл бағыттағы көзқарас бойынша материалдық жүйелер әлемі сезімдік
тұрғыдан қабылданатын қасиеттермен және қатынастармен ғана шектеліп
қалмайды, бұлардың әр жағында маңызды байланыстар мен қатынастар жатады.
 
2. Таным субъектісі мен объектісі. Сезімдік және рационалдық.
 
Таным поцесі танушы субъект пен танылушы объектінің бір бірімен өзара
байланысы мен өзара әрекеттесуі формасында өтеді.
Таным субъектісі ол – адам, яғни өз санасында дүниенің құбылысын бейнелеуге
қабілетті индивид. Бірақ адам дегеніміз тек белгілі бір биологиялық
қасиеттерге ие қарапайым индивид ғана емес, ол ең алдымен қоғамдық жан,
қоғам мүшесі болғандықтан адам ойлап, таниды яғни қоғамдық сананың
формалары арқылы танымның мазмұнына әсер етеді. Адамның ойы ол дүниенің
шындығын ұғымдарда, тұжырымдарда, ғылыми теорияларда бейнелеудің белсенді
ироцесі болып табылады.
Таным объектісі дегеніміз субъектінің танымдық қызметі бағытталған дүние
немесе материалдық және рухани әлемнің процесі, құбылыс, зат, таным
объектісін барлық материалдық немесе рухани дүниемен теңестіруге болмайды.
Субъектінің танымдық қызметінің назарындағы дүниелер ғана объект бола
алады. Ғылымның даму деңгейі мен адамдардың танымдық қызметінің деңгейі
жоғары болған сайын ғылыми зерттеулердің қамтитын құбылыстарының да саласы
кеңейе түседі.
Таным пәні дегеніміз таным процесінде белгілі бір объектілер арасынан
ажыратып алынған дүниенің бір фрагменті. Танымның бір ғана объектісі
әртүрлі ғылымдардың зерттеу пәні бола алады. Таным объектісі ретінде
ойлау...
 
 
Ойлау сезімдік таным мен тәжірибеге сүйенеді. Ойлаудың арқасында адам
құбылыстардың нақты көптүрлілігінен алыстап, бұларға тән жалпы да маңызды
белгілерді айқындай түседі. Ойлау дегеніміз ойдың құрамының қызметін
атқаратын тілмен және ойдың жүзеге асырылғандағы түрі сөзбен тығыз
байланыста жүзеге асырылады. Ойлаудың негізгі формаларына ұғым, пікір және
ой қорытындысы жатады.
Ұғым дегеніміз - ойлаудың заттар мен құбылыстардың бейнелендіретін
формасы. Ұғымдарда заттар және олардың арасындағы қасиеттер мен қатынастар
ойға алынады. Ұғым дегеніміз бүкіл ойлау процесінің алға бастаушы жағдайын
жасайтын ой қозғаласының маңызды моменті болып табылады, ұғым- мазмұны
жағынан объективтік те, логикалық формасы жағынан субъективтік.
Пікір дегеніміз - зат пен оның белгісі арасындағы байланыста бейнеленетін
ойлау формасы, яғни ұғымдардың байланысының көмегімен бірдеңе жайында не
қостайтын, не терістейтін ойлау формасы. Егер ұғымның тілдік формасы сөз
және сөздер тіркесі болса, пікірдің тілдік формасы грамматикалық сөйлем,
пікірдің таным формасы ретіндегі бір ерекшелігі- ол не ақиқатты, немесе
жалғандықты білдіреді, ештеңе білдірмейтін пікір болмайды.
Ой қорытындысы дегеніміз - екі немесе одан да көп пікірлерден қорытынды
деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шығарудың логикалық тәсілі. Белгілі бір
пікірге келу үшін адам ой қорытындысын жасайды.
Философия тарихында сезімдік таным мен рациональдық танымның ара қатынасы
жөніндегі мәселе жайында әртүрлі көзқарастар мен пікірлер қалыптасқан. Нақ
оыс мәселені шешуге өзінше ұмтылған 3 түрлі философиялық бағыт бар, олар
сенсуализм, эмпиризм және рационализм. Сенсуализм ұғымы сезім, түйсік
дегенді білдіреді, яғни сенсуализм бағытын жақтаушылар шешуші роль атқарады
деп санайды. Ежелгі дәуірлерде сенсуалистер ретінде киренайлықтар мен
эпикуршылдар көрініс берсе, орта ғасырда сенсуализм кеңге жайылмады. Жаңа
дәуірде сенсуализмнің негізін Д. Локк қалады, оның ойында әуел баста
сезімдерде болмаған нәрсе ақыл-ойда да болмайды деп тұжырымдаған. Бұл
көзқарасты Т. Гоббс пен Ф. Беркли жалғастырды. Сенсуализмді әрі қарай
жүйелі түрде негіздеген француз ағартушылары болды, оның ішінде: Э.
Кондильяк қабылдау барлық рухани қабілеттерді қамти алады деген болатын.
Д. Юм болса бұрынғы сенсуализм өкілдерінің сыртқы тәжірибесіне ішкі
тәжірибені әкеліп қосты. Юмның ойынша, тіршілік туралы пайымдаулардың
барлығы  тәжірибеден тұрады, ал тәжірибе дегеніміз әсерлердің тасқыны
ғана, олардың себептері беймәлім және танылмайды деді. Сенсуализм
позициясын ұстанған Л. Фейербах болды. Сенсуализмге эмпириокритмизм мен
позитивизм де жақын бағыт.
Эмпиризм дегеніміз сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп
есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді және тәжірибе арқылы алынады
дейтін таным теориясындағы бағыт. Методологиянық көзқарас бойынша бұл
барлық ғылым мен өмірлік практика және адамгершілік тәжірибеге негізделуі
тиіс дейтін принцип болып табылады. Орта ғасырдағы номинализм эмпирикалық
мәнге ие. Жаңа дәуір философиясында гносеологиялық эмпиризмнің негізін
қалаған Д. Локк болды, ал методологиялық импиризмнің негізін қалаған Ф.
Бэкон. 19 ғасырдағы эмпиризмнің өкіліне Д. С. Милль жатады. Қазіргі заманғы
физика логикалық бағыттағы эмпиризмнен негізделген.
Рационализм- таным теориясындағы жалпылық пен қажеттілікті- нағыз
білімнің логикалық белгілерін тәжірибеден және оны қорытудан шығарумүмкін
емес, танымның қайнар көзі ақыл-ой дейтін ілім. Ежелгі дәуірде
объективистік рационализмнің тек жекелеген элементтері ғана өмір сүрді. 17-
18 ғасырларда субъективистік рационализм жүйесі қалыптасып, оның өкілдеріне
Р. Декардт, Б. Спиноза, Б. Лейбниц, Х. Вольф жататын. И. Кант өзінің
сынының жоғарғы синтезі арқылы эмпиризм мен рационализм арасындағы қарама
қайшылықты жойғысы келді. И. Фихте, Ф. Шеллинг, Г. Гегель объективтік
рационализмге жақындау болды. Нағыз рационалистік негізде тарихи
материализм, прагматизм, марксизм, неовитализм, логизм, теориализм дамыды.
Марксистік гносиологияда сезімдік таным, эмпирикалық тәжірибе мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным және ғылым философиясы
Таным, шығармашылық және интуиция арақатынасы
Диалектика-таным теориясы
Танымның объектісі - қоршаған орта
Жаңа органон
Таным — адам қызметінің ерекше түрі
Таным теориясы мәселелері
Батыс философиясының антологиясы
Танымның практикалық табиғаты
Таным. Ғылыми таным
Пәндер