Тірек - қимыл жүйесінің дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тарих-георафия Дот-ССО 1 курс студенті: Асанова Жумагул Аслиддинована
№ 2 дәріс.
Тірек-қимыл жүйесінің дамуы тақырыбы бойынша дәріс сұрақтары :
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы және құрылысы қандай?
Сүйектің құрылысы мен құрамы қандай? Бала сүйектерінің өсіп-жетілу ерекшеліктері.
Қаңқаның құрылысы қандай?
Белсенді қозғалыс жүйесіне не жатады?
Тірек-қимыл жүйесінің кемшіліктерінің алдын алу гигиенасы қандай?

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) -- кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.
Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы: тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады.
Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді - жамбас белдеулері сүйектері корғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі - қимыл (қозғалу). Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан, минералды алмасуға қатысады.
Сүйектің құрылысы мен құрамы
Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%) тұрады. Ағзалық заттар (оссеин нәруызы) сүйекке - серпінділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар (15%) және су (50%) да болады.
Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар. Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 13 бөлігі органикалық және 23 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ қабырғалар, жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде дене және бас- кішкене бас болып бөлінеді. Сүйек денесі сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты) сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.
Қаңқа сүйектері бірімен-бірі үш амалмен: қимылсыз (бітісу, сүйек тігісі); жарым-жартылай қимылды немесе аз қимылды (сүйектердің аралығындағы шеміршекті қабатшалары) және жылжымалы буындар жолымен байланысады. Бассүйек (астыңғы жақсүйек буынынан басқа), жамбас және омыртқа бағанының сегізкөз- құйымшақ бөлімдерінің сүйектері жылжымай, қимылсыз байланысқан. Жартылай байланысқан сүйектерге омыртқалардың, қол ұшы және аяқ басы (білезік, алақан, табан қоспасы, аяқ басы), қабырғалар және төс сүйек (10 жұп) сүйектерінің өзара байланысы; жаңа туған (шақалақ) және нәрестенің (еңбек) милық бөлігінің сүйектері жатады. Еркін қозғалатын қол-аяқ сүйектері және олардың белдеулері (иық, шынтақ, көрі жілік-білезік, жамбас-ортан жілік, тізе, сирак-аяқ ұшы), омыртқа бағаны мен бассүйек және саусақ башпайларының сүйектері қозғалмалы сүйектер болып саналады.

Бала сүйектерінің өсіп-жетілу ерекшеліктері.
Бірінші даму кезеңі жас нәрестенің туған кезінен 7 жас аралығында өтеді. Бұл кезеңде бас сүйектің қарқынды дамуы мен қатар қуыстығының көлемі ұлғайып,суйек арқылы жіктер бірте-бірте тартылып, бас сүйектің еңбектері(fonticulus) тартылады. Сонымен қатар мұрын қуысы мен көз шарасының сыртқы пішіні айқындала бастайды.
Бас сүйегінің екінші даму кезеңі 7 жас пен 14 жастың аралығы кезеңінде өтеді. Бұл даму бас сүйектің өркендеп өсуі, алғашқы даму кезеңіндей болмағанымен мұрын қуысы мен көз шарасының көлемі бастапқы даму кезеңіне қарағанда едәуір қарқынды түрде өтеді.
Үшінші даму кезеңі ер жеткен кезеңнен бастап 25 жас аралығында өтеді. Бұл кезеңде бас сүйектің маңдайы айқындалып, бет сүйектің көлемі кішірейеді.
Төртінші даму кезеңі 25-45 жас аралығында өтеді. Бұл даму кезеңде бас сүйектердің жіктері бірігеді. Сонымен қатар сагитальді жіктің ертерек бітісуі бассүйектің домалақтау болып өсуіне әкеліп соқса, тәж тәрізді жіктің жедел дамып сүйектенуі бас сүйектің сопақша тәрізді өсуіне ықпал етеді
Бассүйектің бесінші даму мезгілі 45 жастан бастап, алдымен бет сүйектің, кейіннен ми сауыты сүйектерінің кері даму кезеңі. Бұл кезеңде бассүйектің тістері түсіп, бет сүйектің жалпы көлемі кішірейіп, төменгі жақ сүйектің бұрышы ұлғайып, альвеоларлық өсінділері кішірейеді.
Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы.
1. Буындар
2. өзекшелер;
3. борпылдак қабат;
4. қыртысты қабат;
5. жілік майы;
6. остеоциттер (сүйек жасушалары);
7. қантамырлар.
Жаңа туған нәрестенің денесінің, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ олар дұрыс үйлеспеген, еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмірінде көріне бастайды: ең алдымен жарық көзіне немесе дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейіннен заттарды ұстап үйренуге жене еңбектеуге байланысты қолдарының ерікті қимылдары пайда болады. Соның нәтижесінде нәресте көзіне түскен затты ұстай алады. Бұл қимылдар көру арқылы кеңістіктен баланың алған мәліметтеріне байланысты туындайды. Баланың көру жөне қозғалыс жүйелері жеке-жеке қызмет атқарса, 3-6 айда бір-бірімен үйлесімді көру-қозғалыс жүйесіне айналады. Бұл күрделі жүйенің пайда болып дамуы ұзақ уақытқа созылады. Алғаш кезде көру арқылы тек қана сыртқы орта туралы мәліметтер жиналады. Кейіннен қозғалыстары көру жүйесінің бақылауында болып, біртіндеп орындалатын күрделі қимылдарға айналады. Екінші сигнал жүйесінің дамуы қозғалысты реттеуші жүйенің пайда болып, дамуына ықпалын тигізеді. Нәрестеде үлкендердің айтуы бойынша орындалатын қимылдары қалыптасады, ал соның негізінде саналы қозғалыс қимылдары жетіледі.
Қаңқа немесе скелет - адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған, бір-бірімен байланысқан дене сүйектерінің жиынтығы. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады; минералдық заттар алмасуына қатынасып, кальций, фосфор, т.б. тұздардың жиналатын қоры болып табылады. Сондай-ақ организмдегі қан түзілуі процесі де осында өтеді. Қанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірек –қимыл аппараты бұзылған балаларға білім беру. 
Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктерін анықтау
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру
Тірек - қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі мектеп оқушыларына көмек көрсету
Тірек-қимыл жүйесін оқытудың әдістемесі
Зертханалық диагностикасы
Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларға білім беру
Тірек қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту ерекшелігі
Пәндер