Пробиотиктер


Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі мәліметтер
- Пробиотик препараттары ретінде қолданылатын микроорганиздер
- Пробиотиктерді қолдану мақсаты, қойылатын талаптар, қасиеттері
- Пробиотиктерді алу технологиясы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Пробиотиктер - бұл адамның тірі симбионтты-микроорганизмдерден құралған биопрепараттар, организмнің бұзылған микроэкологиясын қалпына келтіру қабілеттілігі бар. Ішке қабылдағанда олар ішек бөліктерінің кілегей қабатын колонизациялайды, биологиялық активті заттарды (БАЗ) өндіреді - органикалық қышқылдар, бактериоциндер мен басқа метаболиттер, патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдер өсіп-көбейюін тежейді. Пробиотиктер тағы ішектің физиологиялық жағдайына жағымды әсер береді, детоксикациялық және иммунды модуляциялайтын әсері бар.
Дені сау адамдардың ішек, гениталий биотоптары немесе ауыз қуысының кілегей қабатын мекендейтін микрофлора (осы биотоптарда түрлі микроорганизмдер көп болады және бұл ішек, респираторлы және несеп шығару-жыныстық инфекция «қақпасы» болады) көбіне симбионтты микроорганизмдермен көрсетіледі - бұл эубиоз жағдайы.
Әртүрлі ауруларда (инфекциялық, соматикалық және әсіресе симбионтты микрофлора мекендейтін ағзалар патологиясында) жоғарыда көрсетілген биотоптардың микроэкологиясы бұзылады, кездейсоқ немесе транзиторлы, соның ішінде шартты-патогенді микроорганизмдер қөбейіе басталады (протей, кандида, гемолитикалық стрептококк, алтын түсті стафилококк, лактоза негативті энтеробактериялар), ал симбионттар саны төмендейді - бұл дисбактериоз жағдайы. Дисбактериоз өздігімен ауруды ауырлатады немесе басқа аурулардың себепшісі болуы мүмкін.
Эубиозды, бұзылған микроэкологияны қалпына келтіру үшін ең алдымен симбионтты микрофлораның популяциялық деңгейін және олар мекендейтін кілегей қабаттың морфофункциональды жағдайын қалпына келтіру тиісті. Пробиотиктерді ең алдымен микроэкологияға коррекция жасауына өнделіп қолданысқа ие болды.
Пробиотик препараттары ретінде қолданылатын микроорганизмдер
Пробиотик препараттары ретінде қолданатын симбионтты микроорганизмдерге бифидобактериялар, лактобациллалар, стрептококктар, қалыпты микрофлораның басқа да өкілдері жатады. Бұл Вifidobacterium bifidum, B. longum, B. breve, B. adolescentis, Lactobacillus acidophilus, Lb. lactis, Lb. plantarum, Lb. fermentum, Lb. casei, Lb. ramnosus, Streptococcus lactis, Str. cremoris, Bacillus subtilis және т. б. Олар қышқыл ортаға, өт тұздарына төзімді, организмнің ішегін және басқа биотоптарының кілегей қабатын колонизациялайды. Ветеринарлы практикада пробиотиктер өндеуіне жоғары аталған микроорганизмдерге қоса Saccharomycеs cerevisiae, Candida pintolonesi, Aspergillus niger, Asp. oryzae қолданады. Пробиотиктерқұрамына жиібифидобактериялар мен лактобациллалар кіреді.
Бифидобактериялар облигатты анаэробтар, тоқ ішектің және басқа биотоптардың кілегей қабатының беткейін колонизациялайды. Олар ішекте органикалық қышқылдар түзу және рН төмендету арқылы патогенді, шірткі және газ бөлетін микрофлора көбейюіне кедергі жасайды, метаболизм процестеріне қатысады (кесте 20) .
Кесте 20. Бифидобактериялар түзетін биологиялық активті қосылыстар
Лактобациллалар эпителий аймағы алдынғы қабатты колонизациялайды, олардың ішінде облигатты және факультативті анаэробтар, гомо және гетероферментативті өкілдері бар. Лактобациллалар көптеген патогенді микроорганизмдер, әсіресе бактериялардың (ішек және көкіріңді таяқшалар, алтын түсті стафилококк, шигеллалар, протей, клебсиеллалар, серрациялар, тырысқақ вибрионы және т. б. ), Candida albicans саңырауқұлақтары және кейбір қарапайымдылар (лейшманиялар және т. б. ) өсуін тежейтін түрлі қосылыстарды түзеді.
Пробиотиктерді қолдану мақсаты, қойылатын талаптар, қасиеттері
- ішек және басқа да ашық қуыстардың кілегей қабаттарының дисбактериозына коррекция жасау;
- ішек микрофлорасының метаболизм активтілігін күшейту арқылы организмнің алмасу процестерін реттеу;
- иммунитетті модуляциялау әсері, жергілікті және жүйелі иммунитетке жағымды әсер көрсету, инфекцияға қарсы қорғанысты жоғарлату.
Пробиотиктер келесі биологиялық пайдалы қасиеттермен сипатталады:
- шартты-патогенді микроорганизмдерге антагонизм қалыптастыруы бактериоциндер, сутегінің асыған тотығы өнімдеріне, органикалық қышқылдар пайда болуынан орта рН төмендеуіне, қоректік субстратқа конкуренция жасауына байланысты;
- биотоптың кілегей қабатында мекендеген симбионтты микрофлора өсуін белсендіру арқылы колонизациялық резистентілікті немесе бөгде, соның ішінде шартты-патогенді микроорганизмдердің көбейюіне биотоптың төзімділігін күшейту;
- жергілікті иммунитетті белсендіру, секреторлы иммуноглобулиндер секілді өнімдер бөлінуін күшейту;
- ішекте ас қорытылу процесіне қатысу, улы метаболиттерді бейтараптау, сіңіру қабілеттілігі, холестеринді утилизация жасау, протео- және липолитикалық активтілігіне ие;
- витаминдер, амин қышқылдар, органикалық қышқылдар түзу, минеральды тұздар мен микроэлементтердің қосымша көздері болу;
- әр түрлі пробиотікті бактериялар түрлі цитокиндер бөліп шығаруын белсендіретіні дәлелденді. Мысалы, S. thеrmophilus және Leuconostoc spp. штамдары организмде Th1, IL-12, IFN типті цитокиндер бөлінуін белсендіреді;
- ішектің кілегей қабатына жоғары адгезивтілігі аса маңызды.
Енгізген пробиотикті бактериялардың ішекті жылдам транзиторлы колонизациялауы микрофлораның сандық және сапалық құрамын нормаға әкеледі және ішектің кілегей қабатының репаративтік процесін белсендіреді. Пробиотик препаратын қолданғаннан кейін ішекте тіршілік етуі (транзиторлы колонизация) орташа 7-10 тәулікке созылады. Енгізген пробиотиктердің ішек жолдарында сақталу мерзімі әртүрлі болуы өндірістік штамдардың селекциялық ерекшеліктері мен препараттың дәрілік формасына тығыз байланысты. Пробиотик препаратының тиімді әсер етуіне бактериялар тіршілігін сақтауына төменгі рН, өттің әсері, өндірістік штамдардың антибиотик тәрізді заттарды бөлуі, патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдер құрайтын биоқабыршақ арқылы сіңірілу қабілеттілігін ескеруі маңызды. Сонымен қатар микроорганизмдердің адгезивтік қабілеттілігі де маңызды орын алады.
Пробиотиктердің жағымды биологиялық қасиеттері микроэкологияға коррекция жасауымен қоса бүкіл организмнің зақымданған физиологиялық-биохимиялық процестерін қалыпқа келтіру.
Пробиотик ретінде қолданатын микроорганизмдерге қойылатын талаптар:
- патогенді емес, улылығы жоқ, мутагенді қасиетке ие емес;
- технологиялы, яғни өндірістік жағдайда жеңіл дақылданып биологиялық активтілігін сақтау тиіс;
- хромосомада орналасқан антибиотиктерге полирезистентті болу.
Пробиотикті препараттарды бір түрдің бір немесе бірнеше штамдары, түрлі консорциум және сорбенттермен, ферменттер, иммунды модуляторлар және т. б. микроорганизмдер-симбионттармен құрамдас композициялар негізінде дайындайды.
Алғашында пробиотиктер монопрепараттар ретінде бірінші ұрпақтағы дәрілер ретінде өндірілген, құрамына негізгі резидентті микрофлора кіретін (бифидумбактерин, лактобактерин, кейін биолактон және т. б. шығарылды) . Екінші ұрпақтағы пробиотиктер бациллалар (бактисубтил, флонивин, биоспорин және т. б. ) ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар, сахаромицеттер (энтерол) негізінде дайындалды. Осы микроорганизмдер ішектің резидентті өкілдері емес, дегенмен, шартты-патогенді микроорганизмдерге қарасты антагонистік қасиетке ие және ферментативті активтілігі жоғары. Келешекте пробиотиктер препараттарының өндірісі бір немесе түрлі таксономиялық топтардың бірнеше штамдарын қолданып, тіпті нақты биотоптың симбионтты микрофлораның сандық және сапалық құрамына ұқсас түрлі микроорганизмдерден «коктейль» дайындалуда. Бұл үшінші ұрпақтағы пробиотиктер (линекс, бифиформ, ацилакт және т. б. ) . Әрі қарай пробиотиктердің биологиялық активтілігін күшейту үшін олардың құрамына кіретін микрорганизмдерді сорбенттермен, иммунды модуляторлармен, антиоксиданттармен, биотоптың кілегей қабатының морфофункциональды жағдайын жақсартатын қосылыстармен және т. б. біріктіреді. Пробиотикті микроорганизмдер топтарына сорбенттер мен басқа биологиялық активті заттарды қосып келесі құрамдасты препараттар дайындалды - бұл «Симбифлор» (Lb. acidophilus, Str. thermophilus, B. longum, B. bifidum, E. coli) ; биологиялық активті үстемелерге жататын «Экофлор» жаңа ұрпақтың пробиотигі, СУМС-1 энтеросорбентіне лактобациллалар мен бифидобактериялардың антагонистті тірі активті штамдары сорбцияланған; «Эм-курунга» пробиотигі құрамына лактобациллалар, бифидобактериялар, сіркесу-қышқылды, пропион қышқылды бактериялар, лактострептококктар, ашытқы клеткалары, және ферменттер, амин қышқылдары, витаминдер, минеральды тұздар және т. б. кіреді. Бұл препараттар пробиотиктердің төртінші ұрпағына жатады.
Организмде нақты микроорганизмдер-симбионттар қауымы организмнің колонизациялық резистентілігін қалыптастырады, яғни эубиоз жағдайын. Сондықтан қазіргі пробиотиктерді осындай қауымдастықтың түрлі микроорганизмдерін түрлері мен түрастылары негізінде дайындау тиімді.
Рекомбинантты пробиотикалық препараттарды адамның альфа-интерфероның түзетін (B. subtilis), IL-10 - цитокиндер өнімдерін, TFF-фактордың реттеуші протеиндерін (Lactoccocus lactis) және т. б. индуцирлейтін гендері бар модифицирленген микроорганизмдер және т. б. негізінде дайындайды.
Пробиотиктерді алу технологиясы
Пробиотиктерді жиі бифидобактериялар және лактобациллалар негізінде өндіріледі. Тірі бифидобактериялар негізінде бірінші емдеу-профилактикалық препаратты 1956 жылы Германияда дайындалған.
Бифидобактериялар мен лактобациллалардың ферментациялық дақылдануында көміртегі көзі ретінде көмірсулар, бикарбонат, көмірсу диоксиді; азот көзі ретінде -цистеин және т. б. қажет. Осы микроорганизмдер қоректік ортаға талғамды, сондықтан дақылдануына қосымша аланин, лизин және аргинин (казеин құрамында) аминқышқылдары, пурин мен пиримидин туындылары (ашытқылы автолизат құрамында), рибофлавин мен биотин, минеральды тұздар (Mg, Mn және т. б. ), міндетті түрде глюкоза немесе лактоза кіреді. Дақылдандыру үшін негізгі көлемді субстрат ретінде жиі майын алған гидролизденген сүт қолданылады. Негізінен, осындай қоректік орталарда қолданатын шикізат адамға зиян емес.
Биореакторда өтетін ферментация ұзақтығы 10-15 сағат, процесс микроорганизмдер дамуының логарифмдік сатысы аяғында - стационарлық сатысынын басында тоқтайды, олардың биологиялық активтілігі жоғары кезінде.
Ферментациядан кейін биомассаны арнайы қондырғыда (сепараторда және т. б. ) концентрлейді; әрі қарай концентрленген биомассаға микроорганизмдердің тіршілігін ұзартатын қоректік ортаның компоненттерін енгізеді (желатин, сахароза, майсызданған сүт) ; кейін пробиотик штамының таза дақылды суспензиясы ампулаларға немесе флакондарға құяды, лиофилизация жүргізеді.
Дайын препаратты бөгде микрофлораға тексереді, тіршілікті микроорганизм-симбионттар саны есептелінеді, тест-штамға олардың антагонистік активтілігі бағаланады.
Пробиотиктердің микрокапсула түрінде шығару технологиясы өнделіп іске қосылды. Бұл табиғи полимерлі заттан дайындалған нәзік қабатқа орау. Осындай қабат бактерияны асқазан сөлі және ортаның басқа факторлар әсерінен қорғайды және ішек биотобында максималды өз әсерін көрсетеді. Нәзік қабыршақ - бұл табиғи немесе жасанды ( және т. б. ) инертті заттардан құралған суспензия ерітіндісін жалған жартылай сұйықты қабатқа салып кептірген материал.
Таблеткалардың формалары және құрамы қазіргі замаңғы технологияларда: таблеткалар екі жағы дөнес немесе сопақша; оның құрамындағы қосымша заттар активті субстанцияны шығару кинетикасын белсендіреді. Мысалы, лактобациллалар суспензиясына аэросилды қосуы ұсақ құрғақ массаның ұнтақтылығын жоғарлатады (бұл ұнтақты «Лактобактерин» препараты) .
Өндіріс технологиясы бойынша пробиотиктерді екі топқа бөледі.
Пробиотиктердің бірінші тобы (емдік пробиотиктер) тірі бактерияларды лиофильді кептіру әдісімен өндіріледі. Препараттар ұнтақ, таблетка, капсула немесе суппозиторий түрінде шығарылады. Осындай формада олар ұзаққа сақталынады және сақталу температураның сәл өзгерістеріне тұрақты. Айта кету керек, лиофилизация процесі бактерияларды анабиозға әкеледі (активті емес жағдайға) . Оларды активті физиологиялық жағдайға қайтару үшін 8-10 сағат керек. Сонымен қатар, лиофилизация процесінде бактериялық клеткалар адгезин-рецепторларынан айырылуы мүмкін, сондықтан ішек биотопын колонизациялау ұзақтығы қысқарады (кесте 22 ) .
Екінші тобы - тірі микробтық клеткалардан дайындалған сұйық пробиотиктер (биологиялық активті үстемелер (қосымшалар) - БАҮ) . Олар активті күйінде суспензияда сақталынады және қабылдағаннан кейін 2 сағатта асқазан-ішек жолдарын колонизациялау қабілеті бар. Дегенмен, олардың сақталу ұзақтығы шамалы (1-1, 5 ай), бөгде микрофлорамен ластану қауіпі жоғары. Мысалы, «Нормофлорин» сұйық пробиотик құрамына физиологиялық активті жағдайдағы бифидобактериялар мен лактобактериялар, және органикалық қышқылдар, амин қышқылдар (соның ішінде алыстырмалы емес), микро- және макроэлементтер, ферменттер мен пребиотиктер кіреді. «Нормофлорин-Б» В. bifidum, В. longum штамдар негізінде дайындалады; «Нормофлорин-Л» - L. аcidophilus штамынан. Препаратта бактериялар биологиялық активті жағдайда болады және кілегей қабатқа түскенінен бірінші минутынан бастап жұмыс істей бастайды, асқазан сөліне тұрақты және ішектің кілегей қабатын белсенді колонизациялайды. Жаңа дайындалған сұйық түрдегі пробиотик микроорганизмдердің антагонистік қасиеттері айқын көрінеді, лиофилиза-цияланған штамдармен салыстырғанда; себебі сұйық пробиотиктер құрамына жоғары концентрацияда сіркесу, сүт қышқылдары, сутек асқын тотығы және басқа да антагонистік пен реттеуші метаболит-субстанциялар кіреді. Сұйық пробиотиктер БАҮ ретінде тағамдық өнімдер нормасына сәйкес өндіріледі, дәрілік биопрепараттар нормасымен сәйкестендірмейді.
Келешекте препаратқа кіретін тірі микроорганизмдерді олардың компоненттерімен және алмасу өнімдеріне ауыстырылуы мүмкін (мысалы, қысқа тізбекті майлы қышқылдар, клетка қабырғасының пептидогликандары, ДНҚ) . Сонымен қатар келешекте аутоимплантация, аутопробиотиктердің бағытты конструкциясын дайындап қолдану үшін дені сау адамдар микробиоценозының криобанкісі қарастырылуы мүмкін.
Лактобактерин және алу технологиясы
Лактобактерин- ішілетін және жергілікті қолдану үшін суспензия дайындауға арналған лиофилизат.
- Қоректік ортаны дайындау
- Егін материалын өсіру
- Культивирлеу
- Сублимациялық кептіру
- Дәрілік форманы дайындау және препаратты бақылау
Қоректік ортаны дайындау. Бифидобактериумды өсіру үшін Блоурокка ортасы немесе казеин гидролизаты ортасы қолданылады. Блоурокка ортасының құрамына кіреді:микробиологиялық агар, натрий хлорийді, құрғақ пептон, цистин, бауыр сорпасы. Қоректік ортаны сақтау ұзақтығы 7 куннен артық емес, 20°С температурада.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz