Шет тілін оқытуда интерактивті әдіс - тәсілдерді қолдану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, филология факультетінің

4-курс студенті Кашкинбаев А. Г.

Шет тілін оқытуда интерактивті әдіс -тәсілдерді қолдану

Әлемдік білім беру жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: "Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу"[1] .

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі өзекті мәселе болып келеді. Ағылшын тілін оқыту технологиясының сапасы оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді.

Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологиялар түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп шет тілі сабағында қолдану оқытушы шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет - тілді коммуникативтік бағытта оқыту. Ондағы мақсат білім алушылардың өз ойларын жеткізуге, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан білім алушыдың жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан ойлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізу.

Интерактивтік оқыту шет тілін үйренуде өте тиімді. Ағылшын тілінен келген «interactіv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер [2] .

Шет тілін үйренуде интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдеуді, рольдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны, яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты ерекшелеуді шектейді. Интерактивтік оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне студенттің қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Шет тілін оқытуда интерактивтік оқыту технологиясының келесі әдіс-тәсілдері қолданылады:

- жұптасып жұмыс істеу, ротациялық (ауыспалы) үштік, шағын топтармен жұмыс;

- карусель - айналмақ;

- аквариум;

- аяқталмаған сөйлем;

- миға шабуыл;

- броундық қозғалыс;

- есептеу ағашы;

- ролдік /іскерлік ойындар;

- Джигсо;

- сығымдау әдісі;

- дискуссия;

- дебаттар.

Интербелсенді «Айналмақ» әдісінде ішкі және сыртқы дөңгелек қолданады. Ішкі дөңгелекті отырған қатысушылар орындайды. Ал, сыртқы дөңгелекті әр 30 секунд сайын қатысушылар алмасып отырады. Осындай жағдайларда, олар бірнеше минутта әріптесімен сөйлесіп үлгереді және өзінің дұрыстығын әріптесіне дәлелдейді. Осындай әдістерді қолдану арқылы олар этикалық диалогты қалыптастырады. Байланыс қабылдауы «Айналмақта» келесі алгоритмдер бойынша ұсынылады:

  1. Әр кішкене топтың өкіліне (4-5 адам) таза ақ парақ беттері таратылады және бәріне бірдей сұрақ қойылады. Ешқандай сөзсіз бүкіл қатысушылар өзінің ойларын ақ парақ беттеріне түсіреді.
  2. Ақ парақ бетіндегі жазуларды әр қатысушы сағат тілімен көршілерімен алмастырады. Қағазды алу бойына әр қатысушы алдыңғы қатысушының сөзін қайталамай жаңа оймен толықтыру керек. Жұмыс аяқталады және әр қатысушыға ақ беті қайтарылады. Осы деңгейде қатысушылардың ойлары есепке алынбайды және бағаланбайды.
  3. Шағын топтарда қатысушылар арасында жауаптар бойынша пікір таластар өткізіледі, пікір талас соңында ойды қорытындылау үшін ең маңызды және актуалды мәселелерді бөліп алады.
  4. Шағын топтардың арасында жауаптармен алмасу процесі болады. Әр топтар өз кезегімен өзінің соңғы шешімі бойынша топталады. Егер шешім басқа топтарды қанағаттандырмаса, онда ақтық шешім ортақ болады.

«Аквариум» тәсілі - көрермендер, сарапшылар, сыншылар мен талдаушылар ретінде әрекет ететін «ойын». Бірнеше қатысушылар шеңбердегі жағдай бойынша ойнайды, ал басқалары оны бақылайды және талдайды. Мысалы, «How do teens express their individuality?» тақырыбын оқи отыра «аквариум диалог» ұсынуға болады. «Аквариум диалогы» мәтінде тақырыбы әртүрлі болады, мысалы, әңгіме бірнеше жастардың субмәдениеті туралы болуы мүмкін. Актерлардың міндеті - сәйкесінше пішінді беру, яғни субмәдениеттің ерекшелігін көрсету. Көрерменнің міндеті - қандай субмәдениетті қатысушылар көрсете алды, соны түсіне білу. Актердың рөлдерін оқытушы өзі беруіне болады, әрине, көрермендерден құпия түрде немесе студенттер өздері субмәдениетті таңдайды, өздері қалаған көзқарасты және өздері талқылағысы келетін көзқарасты ортаға салады.

«Миға шабуыл» дегеніміз шығармашылық белсенділікте кететін мәселелерді көрсету тәсілі. Талқылауға қатысатын қатысушылар осы мәселеден шығатын бірнеше мүмкіндігі бар тәсілдерді ортаға салады, осы айтылған ойлардың ішіндегі ойларға қонымдысы, іс жүзінде қолдануға болатын тәсілдерді таңдап алу. Айтылған тәсілдердің ішінде ағылшын тілі сабағында қолдануға болады келесі жағдайларда:

  1. Миға шабуыл сабағын бастар алдында ойға қатысты сөз - Warming Up, сабақта келесі сұрақтар қою: What are your associations with …? What do you associate with …? What immediately comes into your mind when you hear …?
  2. Cтуденттерге емін-еркін отыруды ұсыну, ойлануға тақырып беру, қолға қалам алып және ойына келген ойларды қағаз бетіне түсіру.
  3. Миға шабуыл - топпен талқылауға түсіру тәсілі. 1 қадам - сергіту сәті. Осы тәсілдің қолданылуы 3 минутқа созылады. Бірнеше сабақ уақытында «Is it easу to be young» тақырыбы қолданылады. Оқытушы топтың бүкіл қатысушыларымен брейнсторминг ұйымдастырады және көптеген ортақ идеялар тақырыпқа байланысты ортаға салынады. Ментальды карта арқылы «Teening Problems» ойы алынады. 2 қадам - шағын топтарды байланыстыру. 3 қадам - шағын топтардың 7 минуттағы жұмысын талқылау. Оқытушы нақты мәселелерді және сұрақтарды баяндайды. Мысалы, шағын топтармен брейнсторминг ұйымдастыру «Young people - old problems» тақырыбында ой толғау. Қатысушылардың мақсаты - көптеген идеяларды айту және жазып алу, одан соң оқылған мәтіннен шешім шығару және қандай мәселелер жасөспірімдермен байланысты және орыс жасөспірімдерін қандай мәселелер ойландырады.

«Броундық қозғалыс» тәсілі студенттердің топ арасында ақпаратты берілген тақырып арқылы жеткізе білуінің тәсілі. Әр қатысушы тапсырма жазылған ақпарат алады: «Interview your group-mates what subculture they belong to or share ideas with» или «Who can help teenagers cope with their problems?». Оқытушы сұрақты түсіндіруге және ағылшын тіліне деген білім деңгейін бақылауда ұстайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілін оқытудағы жоба технологияларының әдістері
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу процесінде интерактивті әдістерді қолдануы
Компьютерді шет тілін оқытуда пайдалану
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Шет тілін оқытуда компьютерді пайдалану
Шет тілін оқытудың әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz