Дүниетану пәнінің жұмыс бағдарламасы
Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
Жазбаша бақылау
Пәні: Қоршаған ортамен таныстырудың арнайы әдістемесі.
СОӨЖ тақырыбы: Бастауыш мектептерге арналған дүниетану бағдарламасының
мазмұны.
Орындаған:Ерғалиева Ботакөз
Группа:Логопедия - 1 курс ( 2 жылдық)
Тексерген:Бекжанова Ж.С
Атырау 2022
Мазмұны
І Жалпы мәлімет
1 Дүниетану пәнінің маңыздылығы________________________ _________________4
2 Дүниетану пән бойынша оқу бағдарламасының
мақсаты______________________5
3 Үштілділік саясатын жүзеге
асыру______________________________ ____________6
4 Дүниетану пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын
талаптар__________7
5 Дүниетану пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-
тәсілдер__________7
6 Түрлі мәдениет мен көзқарастарға құрмет сезімін
қалыптастыры_________________9
7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі
__________9
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту_________________________10
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау
туралы_____________________________ ___11
ІІ Дүниетану пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының
жүйесі________________13
1 Дүниетану пәнінің
мазмұны____________________________ _________________13
2 Оқу мақсаттарының жүйесі_____________________________ _________________14
3 Ұзақ мерзімді жоспар_____________________________ ______________________
22
I Жалпы мәлімет
1 Дүниетану пәнінің маңыздылығы
Дүниетану пәні оқушыларға қоршаған ортаны, түрлі қоғамдық, мәдени
және табиғи үдерістер мен құбылыстарды толық, өзара байланыста танып-білуге
мүмкіндік береді. Олардың қызығушылығын оятып: Біз кімбіз? Қайдан шықтық?
Қайда тұрып жатырмыз? Бізді не қоршап жатыр? Біздің өткеніміз бен
келешегіміз қандай? - деген сұрақтар аясында ойлануына мүмкіндік береді.
Дүниетану пәнінің бағдарламасы Қазақстан халқының әлеуметтік,
моральдік, шығармашылық және коммуникативтік өмір тәжірибесі жөнінде
кеңінен мағлұмат береді. Оқушылар өзі, өз үйі мен отбасы туралы ой
қозғаудан бастап, қоршаған ортаның, дүниенің сырларын да түсіне бастайды.
Дүниетану пәнін оқыту:
- оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік
қасиеттерді қалыптастырады;
- оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып,
тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;
- оқушылар қазақстандық қоғам және өзін қоршаған әлеуметтік ортаның
барлық деңгейі: өз үйі, отбасы, жергілікті және ұлттық қоғамдастық
туралы білімді меңгереді;
- оқушылар Қазақстан географиясының негіздерін, оның ландшафты және
табиғи жағдайы туралы біледі;
- Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары,
олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен
айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;
- өткен замандағы оқиғалардың қазіргі әлемнің қалыптасуына және бүгінгі
таңдағы оқиғалардың болашақтың қалыптасуына қандай әсер тигізетіні
туралы түсінеді;
- адамның тіршілік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы
біліп, оның тұрақты болашақтың дамуына қажеттілігін түсінеді;
- оқушыларда өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін
сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі
қалыптасады, олар адамдардың құқықтары мен міндеттерін түсінеді;
- қоғамдық тәртіп нормаларын біледі, оларды ұстану қажеттілігін түсінеді
және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білумен
танысады;
- адамгершілік қасиеттерді, толеранттылықты қалыптастырады.
Дүниетану пәні бойынша бағдарлама тарих, география және қоғамтану
ғылымдары бойынша оқушылардың алғашқы білімдері мен түсініктерін
қалыптастыруға ықпал ететін ойлау дағдыларын дамытады. Дүниетану пәні
бағдарламасының құрылымы аталған ғылымдардың мазмұнын кіріктіру және оқу
материалдары мен оқу мақсаттарын анықтауда спираль принципін ұстану
негізінде құрастырылған. Оқу бағдарламасының мазмұны: отбасы, қоғам,
қауымдастық, ұлт, мемлекет, қарым-қатынас, елді мекендер, климат, ландшафт,
табиғи және техногендік апаттар, мәдениет, дін, денсаулық және т.б қоршаған
ортаның негізгі аспектілерін қамтиды.
Бағдарлама пән мазмұнын меңгеру, қажетті оқу және практикалық (зерттеу,
коммуникативтік, өмірлік) дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
2 Дүниетану пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Дүниетану пәнінің мақсаты – оқушыларда адамды қоршаған әлеуметтік,
мәдени және нақты орта туралы бастапқы білімді, ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар мен әлеуметтік тәжірибе туралы түсінігін, қоршаған ортада
тиімді қарым-қатынас ережелерін қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Дүниетану пәні оқушылардың жеке тұлға ретінде дамытуға, отбасында,
жергілікті, аймақтық, ұлттық, жаһандық ауқымда алатын өзіндік орнын
түсінуге мүмкіндік береді.
Дүниетану пәні бойынша бағдарлама қоршаған ортада болып жатқан
тарихи, географиялық және әлеуметтік үдерістерді түсінуге мүмкіндік беретін
нақты білім мазмұнын игеруге бағытталған. Тарих бағдарламаның уақыттық
шегін белгілейді – уақытты сезіну, география – кеңістікті тани білу, өзінің
орнын сезіну, ал қоғамтану - қоғамдық ортаны сезінуге ықпалдасады.
Дүниетану пәні бағдарламасы оқушылардың тану, зерттеу, дәлелдемелерді
қарау және мәселелерді шешу арқылы пайда болатын сыни тұрғыдан ойлай білу
дағдыларын дамытады, сонымен қатар жеке және топпен жұмыс істеу
дағдыларының қалыптасуына бағытталған.
Оқу бағдарламасы оқушылардың төмендегідей дағдыларын дамытуға
бағытталған:
- сұрақ қою, оған жауап таба білу; зерттеу жүргізе отырып тарихи,
географиялық және әлеуметтік сұрақтарға жауап бере білуді;
- тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың әдістеріне және басқа
қолжетімді ресурстарға сүйене отырып, зерттеулерге қатысу, сұрақтарға
жауап беру, эксперименттер жүргізуді;
- жекелеген үдерістерді талдау және оқиғалардың хронологиялық реттілігін
түсіну, тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың деректерін
қолдана алу;
- пікірсайысқа қатысу, дауласу, мәлімдеу, әңгіме құру, таныстырулар
жүргізу арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту;
- интернет, сандық ақпараттық құралдарды және коммуникациялық
технологияларды (АКТ) пайдалана отырып ақпараттарды іздеу, оны таңдау,
қолдану, салыстыру, талдау, жүйелеу, түсіндіру және өңдеуді;
- алынған ақпаратты ұсыну және талқылауды;
- алған білімдерін ой-пікірлер, болжаулар, теорияларды тексеруде қолдана
отырып, қорытындылар мен алынған мәліметтерді дәлелдеу;
Дүниетану пәнін меңгеру барысында оқушылардың оқу сапасын арттыру
мақсатында, ой-пікірлерімен алмасу, оларды дамыту, сонымен қатар тиімді
жұмыс атқару үшін оқушылар өзара бірлесе отырып жұмыс істейді.
Оқушылар үйренеді:
- қоғамдағы негізгі тәртіп ережелерін сақтауды;
- сыныпта, мектепте және қоғамдық орындарда сыпайылықты, көңіл
бөлуді, сыйлай білуді, әдеп сақтауды;
- жұпта және топта бірлесіп жұмыс істеуді, ұжымда тиімді қарым-
қатынас орнатуды;
- өз сезімдері мен өзге адамдардың эмоцияларын сезіне және түсіне
отырып, өз әрекеттерінің тиімділігін арттыруды;
- әлеуметтік ортада өз көзқарасын білдіру, тыңдау, талқылау,
диалогтар мен дебаттарға қатысу дағдыларын дамытуды (сөйлеу
дағдыларын).
3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің
негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілді оқыту 1-сыныптан
қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)
түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін және сауатты сөйлеу, жазу,
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Мектептердің үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін,
тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үш тілді оқыту бағытының жүзеге асырылуы Дүниетану пәні
бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:
- Дүниетану пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
тармағында (5-тармақ) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-
тісілдері ұсынылған.
- Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту тармағында (8-
тармақ), мұғалімдердің, пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация
дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалай дамытатыны
көрсетілген.
- Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы тармағында (9- тармақ)
бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.
4 Дүниетану пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:
Сынып Апталық жүктеме Жылдық сағат саны
1 1 сағат 33 сағат
2 1 сағат 34 сағат
3 1 сағат 34 сағат
4 1 сағат 34 сағат
Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін
ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы
әрі жеңіл болуы қажет.
Дүниетану пәнін оқыту үшін қажетті арнайы жабдықтар, ресурстар мен
материалдар:
– демонстрациялыққұрал-жабдықтар (мысалы, стендтер);
– интернет желісінің қосылуы: компьютерлерпланшеттер;
– проектор, проекциялық экран және аудиоколонкалар;
– бейне және аудиоресурстар: тақырыптар бойынша бейнематериалдар
жиынтығы;
– баспа материалдары (кітаптар, энциклопедиялар мен анықтамалықтар);
– оқу көрнекі құралдар: қағаз және интерактивті карталар, тарихи
тұлғалардың портреттері, коллаждар, тақырыптық графиктер мен кестелер,
слайдты альбомдар, тарихи жәдігерлер мен заттар немесе олардың
көшірмелері;
Пәнді оқуға және зерттеуге көмек болатын сыныптан тыс орналасқан
ресурстар:
– кітапхана ресурстары (кітаптар мен анықтамалық материалдар);
– электрондық және мультимедиаресурстар;
– желілік файлдар, интернет (тарих, география, әлеуметтік ғылымдар
бойынша негізгі анықтамалық сайттар каталогі).
5 Дүниетану пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
Жалпы білім беретін мектептер оқу үдерісінде білім алуды қалай үйрену
керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты,
талдау жасай алатын оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстанады.
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі педагогикалық
ұстанымдар арқылы қалыптастырады және дамытады деп күтілуде. Олардың ішіне
мыналар кіреді:
- оқушылар және оқушы мен мұғалім арасында сенім қалыптастыру;
- оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен
түсініктерін қолданудың маңыздылығын түсіну;
- оқушыларды мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлерінің
көмегімен ынталандыру және дамыта оқыту;
- модельдеу және таныстыру стратегияларының проблемаларын оқушыларға
түсінікті жолмен шешу;
- оқытуды оқушылардың білімдерін бағалау арқылы қолдау;
- оқушылардың зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген белсенді оқуын
марапаттау;
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;
- бүкіл сынып қызметін, жеке және бірлескен жұмыс істеуді үйлестіріп
қолдану;
- жеке және топтық іс-әрекет арқылы барлық сынып оқушыларының жұмысын
ұйымдастыру.
Дүниетану пәнін оқыту үдерісінде төмендегідей стратегияларды қолдану
ұсынылады:
- оқушылардың қызығушылығын тудыратын, өзара қарым-қатынас дағдыларының
қалыптасуына негізделетін, дәлелдеу, өзіндік пікір, оқу және зерттеу
нәтижесінде шешілетін проблемалық сұрақтар арқылы мотивациясын дамыту;
- оқушының жеке қабілеті және қызығушылығын есепке ала отырып сараланған
тапсырмаларды пайдалану;
- нақты тақырып бойынша миға шабуыл ұйымдастыру (проблеманы анықтайды,
жеке пікірін ұсынады, пікірді сыныпта талдап, талқылап, шешімнің дұрыс
нұсқасын қабылдайды); сахналық қойылымдар, рольдік ойындар арқылы
белсенді оқыту;
- оқушылардың білімін, түсінігін дамыту және пайдалану үшін ақпараттық
құралдарды (бейне және т.б. көру) қолдану; сабақ үстінде барлық
оқушылардың белсенді қатысуы талап етілетін проблемалық сұрақтар мен
мәселелерді талқылау және пікірталастыру;
- берілген критерийлерге сәйкес оқушылардың оқу процесіне қатысуын,
өзара және өзін-өзі бағалауын қолдану;
- пәндік-тақырыптық сұрақтарды, тарихи оқиғаларды немесе тұлғаларды
зерттеу үшін жеке және топтық жұмыстар ұйымдастыру.
Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда үш тілді оқытуды қолдау
Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері оқушылардың тілдік
дағдыларын дамытуына көмектесе отырып, үштілділік саясатының енгізілуін
қолдауы қажет. Пәнді меңгерту мақсатында мұғалімдер белгіленген пәнге сай
оқушылардың ғылыми тілін дамытады. Бұл өз кезегінде әр сабаққа арналған
тілдік мақсаттарды қамтиды. Мысалы, оқушылар Қазақстанның ауа райының
ерекшеліктерін сипаттай алады. Пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми тілді
қолдануына назар аударуы және олардың тілді меңгерудегі жетістіктерін
бағалауына көмек көрсетуі тиіс.
Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми тілін қалыптастыру мақсатында мұғалім
жүйелі түрде тілдік қолдау көрсетіп отыру керек, диалогте және жазба тілде
қолдануға болатын тиімді тіркестерді беру арқылы.
6 Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру
Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру жеке
тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктерді қажет етеді.
Бұл құзыреттіліктер оқушылардың әлеуметтік және кәсіби орталарда,
көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік
береді.
Дүниетану бағдарламасында оған жатады:
- тұлғааралық құзыреттілікті дамытуға мүмкіндік беретін өзара
ынтымақтастық пен тыңдауға бағытталған жұптық, топтық жұмыстарды
қолдану;
- түрлі ұлт өкілдері оқушыларынан тұратын топтар, жұптар құру (мысалы,
қазақтілді және орыстілді оқушылардан);
- өзге адамның пікіріне, дәлелдеулеріне назар аудару және құрметтей
білу;
- Дүниетану пәні тақырыптарына сәйкес сұрақтарды талқылау және диалог
құру.
7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді
және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-
ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.
Оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған
білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны
пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен
бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын
пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді.
Бұл Дүниетану пәні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы
жүзеге асырылады:
- БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;
- дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;
- сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап,
өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай
алу;
- сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен,
оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді,
графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу
арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану; заңдылықтар мен
тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану
мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және
қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді
мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;
- басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді
жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
- электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту
орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және
мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта
болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
- интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау
көрсету мақсатында қолдану;
- аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда
мультимедиялық таныстыру.
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Жалпы білім беретін мектептердің Білім беру бағдарламалары
мақсаттарының бірі - түрлі әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға
қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін қажетті дағдылардың
дамытылуы - түрлі формадағы қарым-қатынасты бағалайтын әрі қолдайтын,
оқушының өз пікірі мен көзқарасын сенімді түрде білдіре алатын ортаның
көмегі мен ынталандыруы арқылы жүзеге асырылады.
Оқу үдерісінде оқушылардың коммуникативтік, сыныптастарымен,
мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынаста әртүрлі
ақпарат құралдарын пайдалана отырып, пәндік ғылыми тілді сауатты түрде
қолдана білу дағдылары дамытылады.
Ауызша сөйлеуді дамыту мақсатында жұппен үлкен және кіші топтарда
сыныппен жұмыста қарым-қатынас жасаудың құралы ретінде диалог талқылау,
пікірталас өз пікірін айту.
Дүниетану пәнінде оқушылардың айтылым және тыңдалым дағдыларын
дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалар:
- Менің Отаным тақырыбы бойынша пікірталасқа қатысу: сұрақтарды зерделеу,
өз пікірін айту, басқалардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап, гипотеза ұсыну,
қорытынды жасау және қорытындыларымен таныстыру;
- рөлдік ойындарға, диалогқа, талқылауға және пікірталас пен қойылымдарға
қатысу;
- жұппен, шағын топтарда мәселелерді шешу тапсырмалары барысында тарихи,
географиялық және әлеуметтік ғылымдар бойынша дереккөздермен диалог құру
және талқылау;
- өз ой-пікір қорытындыларын сыныпта, топта таныстыру, аудитория алдында
сенімді түрде сөйлей білу қабілетін дамытады.
Дүниетану пәнінде оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік
беретін тапсырмалар:
- дереккөздермен жұмыс істеу, мысалы: нақты тарихи тақырыптар бойынша
ақпарат жинау;
- пән бойынша қойылған сұраққа жауап беру үшін әдебиетпен жұмыс
(әңгімелер, ертегілер, аңыздар, өлең-тақпақтар, пьесалар, публицистика
мен повестер);
- сұрақтарға жауап іздеу үшін интернет-ресурстарымен және бұқаралық
ақпарат құралдарымен жұмыс істеу;
- берілген тақырып бойынша түсінігі мен білімін тереңдету үшін күрделі
және қиын мәтіндермен қалай жұмыс істеу керектігін үйрену;
- дереккөздердің қорытындылар алудағы маңыздылығын бағалау үшін олардың
- шығу тектерін және сенімділігін айқындау критерийлерін қолдану.
Дүниетану пәнінде оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік
беретін тапсырмалар:
Жеке және бірлескен модельдеу, таныстырулар барысында көркем немесе
ғылыми-танымдық жанрды меңгеру және қолдану;
- жазба жұмыстарына қойылатын талаптарды қолдану;
- нақты жанр шеңберіндегі жазбаша жұмыстың түпкілікті нұсқасын көркем
және ғылыми-танымдық, көпшілік жанрлардың төмендегі көрсетілген кең
спектріне сүйене отырып әзірлеу:
- хикаялар;
- әңгімелер;
- есеп берулер;
- баяндамалар;
- эссе;
- өлең.
Бұл жанрлар мультимодальдық және мультимедиалық түрде орындалып,
көпшілікке ұсынуға болады.
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы
Дүниетану пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды
бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған
критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген
және (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар
және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін
қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім бері мазмұны мен мақсаттарына
сәйкес келетін бағалау үрдісі.
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа
негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін
пайдаланылады.
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау
(ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау - бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру
кезеңде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс
жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта жәненемесе
үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін
анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара
байланысты жүзеге асыратын бағалау.
Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқау бойынша оқу
бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасыуы және
меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау
мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес 1-сыныпта тек қалыптастырушы
бағалау түрі қолданылады. Тоқсандық баға 3-4 тоқсанда қойылады. 1-сыныптың
жылдық бағасы қалыптастастырушы бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады.
2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан
кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық
бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен
ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.
3-4 сыныптарда оқу үлгерімінің нәтижесі келесі түрде беріледі:
– тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық
бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген
әр тоқсанның соңындағы баға.
– жылдық баға – төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық
бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу
жылының соңындағы баға.
II Дүниетану пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
1 Дүниетану пәнінің мазмұны
Пән бойынша білім мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу
бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру
мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше
ішінде сабақтастықты айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалімге жұмысын
жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқытудың
келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
№ Бөлім Тақырып
1 Мен және қоғам 1.1 Өзім және отбасым
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
1.3 Менің атамекенім
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
1.5 Құқық пен жауапкершілік
1.6 Мерекелер
2 Елімнің табиғаты 2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
2.2 Климат және ауа-райы
2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері
2.4 Туризм
3 Тарих беттерінен 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
3.3 Қазақстан тарихындағы аңызды оқиғалар
3.4 Атақты тарихи тұлғалар мен өнер қайреткерлері
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік
және отансүйгіштік
Бағдарламада оқу мақсаттарын тиімді қолдану және мониторинг жасау үшін
кодтық белгілеу енгізілді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші
және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін
көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында 1 - сынып, 2.1 - екінші бөлімнің
бірінші бөлімшесі, 4 - оқу мақсатының реттік саны.
2 Оқу мақсаттарының жүйесі
1 Мен және қоғам
Тақырып 1 -сынып 2 -сынып 3-сынып 4-сынып
1.1 Отбасым 1.1.1.1 Түрлі 2.1.1.1 Отбасылық мұрағат 3.1.1.1. Түрлі 4.1.1.1. Түрлі
дереккөздерді зерттей негізінде отбасы дереккөздерді дереккөздерді талдау
отырып, Отбасы ұғымын мүшелерінің ауызша талдау негізінде негізінде отбасының
түсіну және мәнін портретін құру отбасы мүшелерініңқоғам өміріндегі
түсіндіру; арасындағы туыстықмаңызын түсіндіру
1.1.1.2 Отбасындағы өзге дәрежесін
мүшелерге қатысты өзінің түсіндіру;
туыстық байланыстар 3.1.1.2 Отбасылық
жүйесіндегі орнын анықтау шежіре құру
1.1.1.3 Отбасы мүшелерінің2.1.1.2 Мысалдар келтіре 3.1.1.3 Өз 4.1.1.2 Өз
арасындағы қамқор отырып, өз отбасындағы отбасының бақылаулары мен
қарым-қатынастың маңызын әдеп нормаларын түсіндіру құндылықтарын зерттеулері негізінде
түсіндіріп, мысалдар 2.1.1.3 Түрлі анықтау отбасы мүшелерінің
келтіру дереккөздерді зерттеу 3.1.1.4 Жалпыға функционалдық рөлін
арқылы жалпыға ортақ әдеп ортақ отбасылық түсіндіру
нормаларын анықтау құндылықтарды
анықтау
1.1.1.4 Тауар-ақша 2.1.1.4 Бақылау мен 3.1.1.5 Шығындарын4.1.1.3 Отбасы
қатынасының қарапайым сұрақ-жауап арқылы тұтыну жоспарлау және бюджетін оңтайландыру
түрлерін білу заттарына деген отбасы негіздеу жолдарын ұсыну
1.1.1.5 Тұтыну заттарына қажеттіліктерінің 3.1.1.6 Отбасы
деген өз қажеттіліктерініңқұрылымын, олардың қайдан бюджетінің негізгі
құрылымын, олардың қайдан келетінін білу түрлерін талдау
келетінін анықтау
1.2 Мектеп және 1.1.2.1 Мектептің адам 2.1.2.1 Мектептегі оқу
мектеп өміріндегі маңыздылығын және оқудан тыс әрекет
қоғамдастығы түсіндіру түрлерін біліп, түсіндіру
1.1.2.2 Мектептегі 2.1.2.2 Мектеп
функционалдық аймақтардың қоғамдастығының құрылымын
арналымын және орналасқан және оның мүшелерінің
жерін білу атқаратын қызметін білу
1.1.2.3 Мектептегі
мінез-құлық ережелерін
және олардың мағынасын
баяндау
1.1.2.4 Күн тәртібін
сақтау маңызын түсіндіру
және күн тәртібін құру
1.1.2.5 Тәулік бөліктері
мен апта күндерінің
атауларын білу және
қолдану
1.1.2.6 Өзін мектеп 2.1.2.3 Мектеп 3.1.2.1 Қоғамда
оқушысы және сынып қоғамдастығындағы ұжымдық,қабылданған
ұжымының мүшесі ретінде топтық және тұлғааралық мінез-құлықтың
сипаттау мінез-құлық нормаларын әдеп нормаларын
білу және түсіндіру білу және
2.1.2.4 Өз сыныбына түсіндіру
сипаттама беру 3.1.2.2 Өз
тәжірибесінен
мысал келтіре
отырып, адамдар
арасындағы
достықтың
қажеттілігін және
маңыздылығын
дәлелдеу
1.3 Менің 1.1.3.1 Өзі тұратын елді 2.1.3.1 Өз зерттеулеріне 3.1.3.1 Елді 4.1.3.1 Түрлі
атамекенім мекеннің географиялық сүйене отырып, аймағының мекендерді кейбір дәрежедегі
орналасқан жерін қарапайымкөрнекі жерлерін сипаттау белгілеріне қарап әкімшілік-аумақтық
түрде сипаттау, өз және бейнелеу ажырату (тип, бірліктерді (округ,
мекенжайын білу көлемі, қызметі) аудан, облыс) ажырату
1.1.3.2 Өзі тұратын елді 2.1.3.2 Қазақстан 3.1.3.2 Қала мен 4.1.3.2 Түрлі
мекеннің басты көшесін, картасынан өз облысын, іріауылдың байланысындереккөздерге
ғимараттарын және көрнекі өзендерін, қалалар мен зерттеу, мысалдар негізделе отырып, өз
жерлерін сипаттау жолдарды көрсету келтіру аймағының
экономикалық қызмет
атқаратын
субъектілеріне
қарапайым сипаттама
беру
1.4 Денсаулық пен1.1.4.1 Жеке бас
қауіпсіздік гигиенасын сақтау
маңыздылығын дәлелді түрде
түсіндіру
1.1.4.2 Тамақтану режимін 2.1.4.1 Түрлі дереккөздер
сақтау қажеттілігін мен өзіндік зерттеулер
түсіндіру негізінде пайдалы және
зиянды тағамдардың
арасындағы
айырмашылықтарды анықтау
1.1.4.3 Үй мен мектеп 2.1.4.2 Оқу, ойын әрекеті 3.1.4.1 Электр
арасындағы қауіпсіз кезіндегі, күнделікті аспаптарын
маршрут жоспарын құру жағдаяттардағы (үйде, пайдалану
қоғамдық орындарда, ережелерін білу
көшеде, табиғатта) және графикалық
қауіпсіз мінез-құлық түрде көрсету
ережелерін білу және
түсіндіру
1.1.4.4 Жолдағы 2.1.4.3 Көлік түрлерін,
мінез-құлық ережелерін, олардың арналымын ажырату
жаяу жүргіншілердің 2.1.4.4 Қоғамдық көліктегі
қозғалысын реттейтін жол мінез-құлық ережелерін
белігілерінің мәнін білу білу
1.1.4.5 Шұғыл көмек 3.1.4.2 Спорт 4.1.4.1 Спорттың әр
қызметтеріне хабарласу түрлерін білу, түрлеріндегі
нөмірін білу спорттың қандай дажарақаттану
бір түрімен себептерін зерттеу
айналысу үшін 4.1.4.2 Спорттың әр
қажетті бастапқы түрлеріндегі
белгілерді анықтаужарақаттану қаупін
азайту және алдын алу
әдістерін ұсыну
3.1.4.3 Түрлі 4.1.4.3 Түрлі
дереккөздер дереккөздер негізінде
негізінде табиғи жасанды ортадағы
ортадағы қауіп-қатерлерді
қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау
анықтау және 4.1.4.4 Өзінің
бағалау жасанды ортадағы
3.1.4.4 Өзінің қауіпсіздігін
табиғи ортадағы жоспарлау
қауіпсіздігін
жоспарлау
1.5 Құқық және 2.1.5.1 Құқық және 3.1.5.1 4.1.5.1
жауапкершілік Жауапкершілік ұғымдарын Конституция Конституцияның қоғам
білу, өз өмірінен мысалдарұғымын білу өміріндегі маңызы
келтіру туралы қарапайым
қорытындылар жасау
4.1.5.2 Қазақстан
Республикасының жас
азаматы ретіндегі өз
құқықтары мен
жауапкершіліктерін
білу
1.6 Мерекелер 1.1.6.1 Отбасылық 2.1.6.1 ҚР жекелеген 3.1.6.1 Зерттеулер4.1.6.1 Зерттеулер
мерекелердің бірін ұлттық және мемлекеттік негізінде негізінде кәсіби
сипаттау мерекелерін білу және Қазақстан мерекелердің тарихын
мәнін түсіндіру (таңдау халықтарының білу және түсіндіру
бойынша): Наурыз мейрамы, ұлттық мерекелерін
ҚР Тәуелсіздік күні білу және мәнін
түсіндіру
2 Елімнің табиғаты
Тақырып 1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып
2.1 Жергілікті 1.2.1.1 Көкжиек 2.2.1.1. Астрономиялық
жерде бағдарлану тұстарын және оларды және жергілікті белгілер
анықтау әдістерін білу бойынша бағдарлану
әдістерін білу
3.2.1.1 Жоспардың 4.2.1.1 Глобус пен
арналымын, масштаб карталардың арналымын
және қарапайым білу, олардан негізгі
шартты белгілерді нысандарды көрсете білу
білу 4.2.1.2 Глобус пен
3.2.1.2 Масштабты картадан параллельдерді,
сақтап, шартты меридиандарды, экваторды
белгілерді пайдаланакөрсете білу
отырып, жергілікті 4.2.1.3 Шартты
жердің жоспарын құрабелгілеулерді пайдалана
білу отырып, жалпы
географиялық оқу
карталарын оқу
4.2.1.4 Картадан өз
өңірінің және
Қазақстанның аумағын
көрсету
1.2.1.2 Табиғаттағы
мінез-құлық ережелерін
білу және түсіндіру
2.2 Климат және 1.2.2.1 Ауа-райының 2.2.2.1 Ауа-райының 3.2.2.1 Жердегі 4.2.2.1 Климаттың адамзат
ауа-райы адамға және оның адамдардың өмірі мен климаттың негізгі дамуына әсерін талдау
іс-әрекетіне әсерін шаруашылық іс-әрекетіне типтерінің
анықтау оңды және теріс сипаттамаларын
әсерлерінің анықтау
сипаттамаларын анықтау 3.2.2.2 Қолайсыз
ауа-райы климаттық
жағдайлардағы
мінез-құлық
ережелерін білу
2.3 Табиғи 1.2.3.1Жыл 2.2.3.1 Ірі табиғи 3.2.3.1 Адамдардың 4.2.3.1 Өз өңіріндегі
жағдайлар және мезгілдерінің бос нысандардың (тау, жазық, табиғи жағдайларға және Қазақстан
олардың әсері уақыттағы іс-әрекеттің көлдер мен өзендер) байланысты аймақтарындағы адамдардың
түрлерімен айналысудағышаруашылық маңызын орналасуын түсіндірутабиғи жағдайларға
артықшылықтары мен анықтау (рельеф, климат, (рельеф, климат, өсімдік
кемшіліктері 2.2.3.2 Зерттеу негізіндеөсімдік және және жануарлар әлемі, су
өз өңіріндегі табиғи жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты
жағдайлардың (рельеф, нысандары) шаруашылық іс-әрекетін
климат, өсімдік және түсіндіру
жануарлар әлемі, су
нысандары) оңды және
теріс жақтарын анықтау
2.2.3.3 Табиғаттың 3.2.3.2 Геологиялық 4.2.3.2 Зерттеу негізінде
қолайсыз және қауіпті және өз өңірінде табиғи
құбылыстарын білу және табиғи-климаттық апаттар туындауы
жіктеу апаттар туындаған ықтималдылығын болжау
жағдайдағы
мінез-құлық
ережелерін білу
2.4 Туризм 1.2.4.1 Туризм және 2.2.4.1 Туризмнің негізгі3.2.4.1 4.2.4.1 Ақпараттың
турист ұғымдарын білутүрлерін мақсаттары Жарнамалық-ақпараттықолжетімді көздерін
1.2.4.2 Туризмнің бойынша жіктеу қ өнімдерде (интернет, кітаптар, БАҚ)
негізгі мақсаттарын 2.2.4.2 Зерттеу негізіндеқазақстандық пайдалана отырып,
атау Қазақстанда түризмнің туристік нысанның Қазақстан мен Астана
алуан түрін дамыту үшін тартымдылығын бойынша туристік маршрут
нысандарды анықтау негіздеу құру
2.2.4.3 Туристік 3.2.4.2 Қазақстанның
нысандардың барынша тартымды
ерекшеліктерін сипаттау туристік
нысандарының
рейтингін жасау
3 Тарих беттерінен
Тақырып 1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып
3.1 Көне 1.3.1.1 Көрнекі 2.3.1.1 Дереккөздерді 3.3.1.1 Бұрынғы 4.3.1.1 Зерттеулер
мәдениеттер мен материалдарды зерделеу пайдалана отырып, адамдардың көшпелі жәненегізінде түрлі
өркениеттер арқылы ежелгі тұтынушы және өндіруші отырықшы өмір тарихи кезеңдердегі
адамдардың өмірі туралышаруашылық арасындағы салттарының технологиялық
айту айырмашылықты білу және ерекшеліктерін түсіну прогресс деңгейін
түсіну анықтау
1.3.1.2 Көне заманның 2.3.1.2 Дереккөздерді 3.3.1.2 Тарих және 4.3.1.2 Тарихи
ең белгілі тарихи зерделеу арқылы көне мәдениет ескерткіштерінмұражайлардың рөлі
ескерткіштері туралы қалалар мен сақтау маңыздылығын мен мәнін түсіну
әңгімелеу ескерткіштерді сипаттау білу және түсіну 4.3.1.3 Тарихи
мұражай құру бойынша
өз жобасын ұсыну
3.2 Қазақстанның 1.3.2.1 Материалдарды 2.3.2.1 Материалдарды 3.3.2.1 Материалдарды 4.3.2.1 Қазақ елінің
тарихи тамырлары зерделеу арқылы зерделеу арқылы ғұндардыңзерделеу арқылы шығу тарихы туралы
сақтардың өмір салтын өмір салтын және ғұн түркілердің өмір салтынтүрлі дереккөз
және сақтар дәуірінің дәуірінің жекелеген және түркі дәуірінің ақпараттарын жалпылау
жекелеген ескерткіштерін сипаттау жекелеген
ескерткіштерін сипаттау2.3.2.2 Сақтар мен ғұндарескерткіштерін сипаттау4.3.2.2 Сақтар,
арасындағы ұқсастықтар 3.3.2.2 Ғұндар мен ғұндар, түркілер және
мен айырмашылықтарды түркілер арасындағы қазақтар арасындағы
анықтау ұқсастықтар мен байланысты графикалық
айырмашылықтарды түрде бейнелеу
анықтау
3.3 Қазақстан 1.3.3.1 Қазақстан 2.3.3.1 Ботай 3.3.3.1 Қазақ 4.3.3.1 Қазақстанның
тарихындағы аумағындағы көне жазу мәдениетінің хандығының пайда болу ХХ ғасырдағы
маңызды оқиғалар туралы білу ерекшеліктерін сипаттау себептерін түсіндіру жетістіктерін білу
1.3.3.2 Түрлі және түсіндіру
материалдарды, әдістер ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz