Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларлы оқытуға арналған әдістемелік кеңесі


ЕББ қажеттілігі бар балалармен студенттің әлеуметтік педагогикалық тұрғыдағы виртуалды әдістемелік кеңесі
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар көпшіліктен қалай да болсын өзгешеленетін болып келеді. Әлеуметтік педагогтар мен ата-аналардың бірлескен жұмысы балалардың талпыныстарын жүзеге асыруға көмектеседі. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес, әрбір адам сезіне алады және ойлай алады. Мектептегі ерекше қажеттілігі бар балалар құрдастарының қолдауы мен көмегіне мұқтаж. Мұғалім мен мектеп ата-аналар ең бастысы баланың мүмкіндіктері мен мықты жақтарына көңіл бөлуі керек.
Студенттердің ерекше білім алуды қажет ететін балалардың ата аналарына виртуалды әдістемелік кеңес жұмыс келесі бағыттарды қамтиды: баланы оқыту, тәрбиелеу және психикалық дамыту мәселелері бойынша нақты кеңес беру түрінде, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы ата-аналармен және педагогикалық процеске қатысушылармен ағартушылық жұмыс түрінде.
Даму проблемалары бар балалардың ата-аналарына кеңес беруді ұйымдастырудың құрылысы мен принциптері әдетте дамып келе жатқан балаларға кеңес беруден ерекшеленбейді. Алайда, мұндай ата-аналармен әңгімелесу кеңесшіден оларды толғандыратын мәселелердің аспектілері туралы білім деңгейін арттыруды, сонымен қатар балалардың ғана емес, сонымен қатар отбасылық қатынастар мен әр отбасы мүшесінің жеке мәртебесін шешуге дайын болуды талап етеді. Көп жағдайда бұл проблемалар балаларды оқытудың сәттілігі және олардың ата-аналардың үміттеріне сәйкес келмеуі, сондай-ақ балалардың мінез-құлқы мен жалпы әлеуметтенуі мәселелерімен байланысты. Ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналарына кеңес беруді ұйымдастыру кезінде олардың жеке саласының бірқатар ерекшеліктерін ескеру қажет: кеңесшіге жүгіну мотивациясы, ата-аналардың кеңесшіге қатынасы, мәселені талқылаудағы ата-аналардың ұстанымы. Осы мәселені шешуде көбіне «әңгіме» әдісі қолайлы болып келеді.
Әңгіме бірінші кезеңінде ата-аналарды баланың мәселелерін еркін және ашық талқылауға, оларды толғандыратын мәселелерді өзектендіруге шақыру керек. Сондай-ақ, баланың қиындықтарының себептері және оларды шешу, көмек көрсету құралдары туралы олардың идеяларына назар аудару керек, баланың алдына қандай мақсаттар қоюға болатындығы, оны болашаққа бағыттау туралы пікірлерін білу қажет.
Әңгімелесудің екінші кезеңінде консультант әлеуметтік педагогикалық зерттеулердің нәтижелерімен таныстырып түсіндіреді, сондай-ақ оларды бірлесіп талқылайды. Мұнда ұсыныстар талқыланып бағдарламалыр жобалар жоспары ұсынылады. . Осыдан кейін ( үшінші кезеңде ) арнайы іс-әрекет бағдарламасы және ұсынылған ұсынымдарды іске асырудың нақты нысандары талқыланады. Әңгіме барысында жылулық, назар, құрмет көрсету маңызды. Әңгімелесудің тиімділігін бағалау критерийі - ата-аналардың кеңесшіден алған ақпарат пен ұсыныстар негізінде сенімді әрекет ете алуы.
Ерекше білімді қажет ететін балалардың ата- аналарымен жұмысты ұйымдастырудың ең қолайлы түрлері:
- Кеңестік -ұсыныстық
- Ата-аналар үшін тәжірбиелік сабақтар
- Дөңгелек үстелдер, ата-аналар үшін конференциялар, мерекелер ұйымдастыру
- Ата-анасымен және баласымен жеке сабақтарын өткізу
- Топтық сабақтар
Отбасылық шағын ортаны зерттейтін кең тараған әдістің бірі болып ата-аналарға сұрақ қою (Сауалнамалар) және тестілеу жүргізу болып табылады. Сауалнама жүргізудің маңызды мақсаты алынған мәліметті дамуында бұзылысы бар балаға көмек ұйымдастыруда пайдалану, яғни ерекше ықылас сауалнамаға беріледі.
Студент әлеуметтік педагог ретінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына виртуалды әдістемелік берілетін кеңестер :
- ерекше білім беруді қажет ететін балаларға гиппер қамқорлық көрсетпеу;
- ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, яғни басқа балалардан оқшауламау;
- ата-ананың өз бойындағы стрессі мен қорқынышын баласына көрсетпеу;
- ерекше білім беруді қажет ететін балаларға өзін кіналау сезімін тудырмауға тырысу;
- жанама қиындықтарды туғызуға түрткі болған негізгі қиындықтың көзін табу;
- ата-ананың педагогикалық білімін жетілдіру;
- баланың көзінше өзіңізді, өз эмоцияңызды ұстауды үйрену:
Ата-аналардың белсенділіктерін арттыру, олардың назарын балалармен жүргізілетін түзету жұмысының міндетін іске асыру барысына аудару мақсатында «Ана, бала және маман» үштік одағы құра отырып, «Менің ұшқыр балақайым» тақырыбында дөңгелек үстел, «Танымдық процестерін дамыту» тренингтері, «Мен дарынды баламын» атты дарындылар байқауы , сауалнама сұрақтарына жауап беру сияқты шараларды онлайн форматта өткізу.
Шараларды өткізудегі басты мақсат - ата-аналармен байланысты нығайту, ата-ананы кеңес беру жұмыстарының барысымен таныстыру, ата-ананың баласының болашағына сенімін ояту. Ата-аналар жиналыстарының көтеретін мәселелері мынадай болуы мүмкін:
- Отбасының баланың тілін дамытудағы көмегі.
- Баланың сөздік қорын қалай молайтуға болады?
- Баланың танымдық қызметін дамыту.
- Баланы қалай тыныштандыруға болады?
Осы аталған сұрақтар арқылы бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға болады.
Ерекше білім беру қажеттілгі бар балалардың ата-аналарына әлеуметтік педагог маманы тарапынан берілетін кеңестер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz