Көне түрік жазба ескерткіштеріндегі қытай жазбалары және оның зерттелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 37.013 (574) Пушкинадан аласың

Жетекші1, Қымбат2

1-2 С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен қ., Казақстан, kasentaeva@inbox.ru сеники?

Көне түрік жазба ескерткіштеріндегі қытай жазбалары және оның зерттелуі
Аңдатпа. Мақалада қарастырылатын мәселелердің бірі, ол күлтегін ескерткіші Екінші Түрік қағанатының кемеңгер қолбасшысы, Елтеріс Құтлық қағанның ұлы, Білге қағанның інісі Күлтегінге арналып 732 жылы тұрғызылған. Ескерткіш мәтіні түрік және қытай тілінде жазылған. Бұл ескерткіштің жапондық технологиямен жасалған ғылыми көшірмесі 2001 жылы мамыр айының 18 күні Астанадағы Еуразия университетінің бас корпусына жеткізілді. Яғни, көне түрік жазба ескерткіштеріндегі қытай жазбаларындағы күлтегін жөнінде қарастырылады.
Аннотация. Одним из вопросов, обсуждаемых в статье, является то, что памятник Культегину был установлен в 732 году в честь Культегина, мудрого полководца Второго тюркского каганата, сына Эльтериса Кутлык Кагана и младшего брата Бильге Кагана. Текст памятника написан на турецком и китайском языках. Научная копия этого памятника, выполненная по японской технологии, была доставлена 18 мая 2001 года в главный корпус Евразийского университета в Астане. Другими словами, рассматривается пепел китайских надписей на древнетюркских надписях.
Annotation. One of the issues discussed in the article is that the monument to Kultegin was erected in 732 in honor of Kultegin, the wise commander of the Second Turkic Kaganate, the son of Elteris Kutlyk Kagan and the younger brother of Bilge Kagan. The text of the monument is written in Turkish and Chinese. A scientific copy of this monument, made using Japanese technology, was delivered on May 18, 2001 to the main building of the Eurasian University in Astana. In other words, the ashes of the Chinese inscriptions on the ancient Türkic inscriptions are considered.

Түйін сөздер. Күлтегін, Қытай жазбалары, ескерткіш, Моңғолия, көне түрік жазбалар, т.б.

Жалпы күлтегін ескерткішінің орналасқан жері - әкімшілік жақтан Орталық Монғолияның Арханғай аймағы, Хашат сұмынына қарасты. Жағрапиялық тұрғыдан Қарақорым қалашығының солтүстігіне қарай 45 шақырым жердегі Көше-Цайдам жазығына орналасқан. Ескерткіш тұрған жердің батысында Орхон өзені, шығысында шағын ғана Цайдам көлі жатыр. Дәл осы жер көне түріктердің мемлекет құрып, билік жүргізген алтын төрі, қасиетті қонысы болатын.
Бірақ біз айтып жүрген Күлтегін ескерткіші оны еске алуға арналған киелі кешен құрылысының бір бөлігі ғана. Оны зерттеуге XIX ғасырдың соңында Н. М. Ядринцев, А.О. Гейкель, В. Томсен, В.В. Радловтар көп күш жұмсады. Кешендегі мұралар туралы В.Л. Котвич пен Г. И. Рамстедт атап өтті. 1958 жылы Монғол-Чех біріккен экспедициясы қазба жұмысын жүргізіп, оның нәтижесі бойынша Монғол археологі Н. Сэроджав [1, 32-42 бб.], Чех зерттеушісі Л. Йислдер [2; 355б] ғылыми еңбектерін ұсынды. 1976-1989 жылдары еліміздің белгілі археологі Қ.Сартқожа Күлтегін ескерткішінің мәтінін қолмен көшірумен бірге, мүсінтастарын арнайы зерттеп, маңындағы жанама кешендерінің жалпы сызба жоспарын қағаз бетіне түсірді. Жапон ғалымдары 1990 жылдары Күлтегін ескерткішінен каучукпен эстампаж алып, Монғолия мен Қазақстан мұражайларына оның көшірмесін жасап берді. 1998-2001 жылдары Түрік Республикасының ТИКА қоғамдық қорның қаржысымен жаңғырту, қорғау жұмыстары жүргізілді. 2001 жылы Күлтегін ескерткішінің Жапонияда ең озық технологиямен жасалған көшірме нұсқасы мамыр айының 18 күні Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетіне әкелінді. Сол күннен бастап күнбе-күн еліміздің түкпір-түкпірі мен шетелдерден келіп-кетіп жататын Астана қонақтары бұл ескерткішпен жақыннан танысуға мүмкіндік алды. Ескерткіштегі қытайша жазбаның көшірмесі осы жолдар авторы тарапынан компьютерде теріліп, толықтырылып жайымның қақ төріне қойылды.
Қазақстан тарапынан Көше-Сайдамдағы Күлтегін ескерткіші тұрған жерге үкіметтік делегация мен ғылыми экспедиция бірнеше рет барып, жалпы Орхон ескерткіштері кешендерін зерттеу, жаңғырдың бастыларының көшірмесін елімізге әкелу тұрғысынан көптеген жұмыстар істеді. Бірақ еліміз ғалымдары нақтылы археологиялық қазу жұмысына әлі араласа алмай келеді. Бұл жөнінен 2000 жылдан бастап Монғолия мен Түркияның біріккен экспедициясы Күлтегін, Білге қаған кешендерінде толықтай қазба және зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Өз кезінде Күлтегін кешен құрылысы айтарлықтай аумақты алып жатқан. Оған бүгінде жұқанасы ғана қалған, жалпы көлемі 82.8 x 48.0 м. болып келетін кешеннің аумағы куә. Археологтардың зерттеуі бойынша, кешеннің сырты ормен қоршалып, қалыңдығы 110 см. қорғанмен көмкерілген. Оның ішкі жағында айланба дәліз жол, жолдың ішкі жағында тағы да жер тағанынан 1 метр көтеріліп жасалған киелі кешен (тасаттық) алаңқайы тұрғызылған, Ескерткіш кешеннің негізгі атрибуттары осында қойылған. Шығыстан батысқа қарай тізбелесек, айланба қорғанның шығыс жағындағы дарбаза алдына шығыс-батыс бағыт бойынша қатарынан үш балбал қойылған.
Дарбазадан кіре бере дәл қарсыда бас балбал, оның екі жағына тағы да екі балбал қойылған. Одан ары жерден көтеріліп жасалған тасаттық алаңы басталады. Тасаттық алаңына шыға бере жолдың екі жағында бір біріне қаратып екі біртей қойтас қойылған. Қойтастардан өте бере жолдың қақ ортасына түрікше және қытайша жазулар жазылған Күлтегін ескерткіші орналасқан. Ол алып тасбақаның бейнесі сомдалған тұғыртастың үстіне қойылған.
Ескерткішті айналып, оның арт жағына өткенде жолдың екі жағында төрттен тағы да 8 мүсінтас қойылған. Мүсінтастардан өткенде қарсы алдыдан сыртқы көлемі 10.4 х 10.8 м., түгелге дерлік күйдірілген қызыл қыш кесектен өрілген төрт бұрыш барықтың есігі ашылады. Ол екі қабаттан тұратын қалыңдығы 65 см. болып келетін қос қабырғадан тұрғызылған. Қабырғалардың арасы кісі жүретін айланба дәліз етіп жасалған. Барықтың ішкі қабырғасы көк қыш кесектен тұрғызылған. Қос қабырғалы барықтың төр жағына Күлтегін мен ханымының мүсіні қойылған. Одан ары жол жоқ. Тек барықтың ту сыртына дарбазамен бір түзу сызық бойына крест формалы тутұғыр (ту шаншып қоятын тас), одан ары Бөд тәңірінің символы болған текшетас қойылған. Барықтың барлық қабырғасы күйдірілген қыш кесектен қаланып, іш пен сырты сыланған. Сыртын қызыл түспен бояп, фасадына айдағардың маскасы бейнеленген керамика пластиндермен әшекейлер қойылған... Барықтың ішкі қабырғаларына әр түрлі түс пен өсімдік бейнелі шытыра гүлді өрнектер салынған [41]. Барықтың ішінде екі кісінің мүсіні гранит тастан қашап орналастырылған. Бірнеше қабат төсеніш іспетті етіп бейнеленген тұтас граниттің үстіне Күлтегін мүсіні отырған қалпында сомдалған, сол жағында құдды сондай қалыпта ханымының мүсіні қойылған. Ол екеуінің алдына көлемі 136 х 36 х 30 см. гранит ақыртас қойылып, оның үстіне сый-си-пат асы салынған ыдыс орналастырылған.
Кейіннен археологтар дәл осы гранит тастың астынан Күлтегін мен оның ханымының көмілген бас мүсіндерін тапты. Бұл байрғы түркі еліне қағанат жаулары тарапынан істелген іс әрекеттің бір белгісі. Барықтың есігінің алдына қолына шарыш ұстаған әйел мен аса таяқ (жезл) ұстаған еркек мүсіні қойылған. Олардың алдыңғы жағындағы мүсін қос қолын кеудесіне ұстап, құрмет тұтып отырған күйінде сомдалған. Кешен ішіндегі еден мен тасаттық аллеясына түгелдей көк түсті қыш кесектер төселген. Кешеннің шығысына қарай 2200 м. жерге дейін жалпы саны 173 балбал қатарынан сап дүзеп тұр.
Осында археологиялық қазба жұмысын жүргізген В.В. Радлов: Қытай императорның жылнамасында белгіленгендей, мұнда кішкентай барық орнатылған. Бұл кешенге хан мүрдесі жерленбеген. Қайтыс болған түркі бектеріне арналған ескерткіш кешендерде қабір қойылмаған. Еске алу тасаттық беру, құрбан шалу үшін арнайы ескерткіш кешендер орнатылған. Ол қабірден алыс болған [3, с.144] - дейді. Сондықтан бір кезде осы Күлтегін кешенін оның қабірі ретінде қарап, одан қағанның мүрдесін іздеген ғалымдардың еңбегі еш болған еді. Демек, Күлтегінге арналған бұл орын қабір емес, тек қана оның рухына арнап жасалған ескерткіш кешен. Бұл кейін келе түріктердің бас иіп, мінәжат ететін, тасаттық беретін киелі орнына айналған.
Сондықтан осында келушілер үшін Күлтегіннің тірі кезіндегі істеріне мадақ айтылған арнайы мәңгітас (ұстың) орнатылған. Маңдайында серке таңбасы бар сол мәңгітас өз кезінде беті Күлтегіннің және ханымның мүсінтасы қойылған балыққа қаратылып, алып тасбақаның үстіндегі ұңғыға орнатылған. Тәңір текті қаған әулетіне арналған киелі орындардың ұстынын тасбақа бейнесіндегі тұғыртасқа отырғызу дәстүрі Алғашқы Түркі қағанатынан бастап қалыптасқан дәстүр еді. Көне түріктердің дүниетанымында бақанас мәңгіліктің символы болған.
1888 жылы Цин империясы гуансуй жылнамасының 14 жылы қазан айының 19 күні Қытай саяхатшысы Мю Юсунь Ресейге сапар шегіп, Иркутскіге барады. Ол өзінің Ресейге сапар күнделігінде: Ядринцев келіп амандасты, бұл адам көне заман тарихын зерттеуші екен, Юань дәуіріндегі Қарақорым қаласының орнын біледі екен - деп жазды [58]. Қытай тарихшысы Қар өз сапарында тілге тиек еткен бұл адам Күлтегін ескерткішін алғаш тауып, оны ғылым әлеміне паш еткен, Сібір халықтарының этнографиясы мен тарихи-археологиялық мұраларын терең зерттеуші атақты ғалым Н.М. Ядринцев болатын. Ол Мю Юсунмен кездескен соң, келесі 1889 жылдың көктемінде Иркутскідегі Шығыс Сібір географиялық қоғамының тапсырмасымен Орталық Монғолияға сапар шекті. Экспедицияның мақсаты - Монғол империясының астанасы болған Қарақорым қаласының орнын анықтау және онда археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу еді.
Зерттеу нәтижесі бойынша Н.М. Ядринцев1890 жылы қаңтар айында Мәскеуде өткен VIII кезекті халықаралық археология конгресінде өзі жинақтаған экспедиция материалдары негізінде баяндама жасады.
Осыдан соң 1890 жылғы Фин зерттеушісі А.О. Гейкель мен 1891 жылғы ресейлік В.В. Радлов экспедициялары жасақталды. Осы экспедиция материалдары негізінде 1892 жылы А.О. Гейкельдің Орхон ескерткіштері туралы атласы жарияланды [4]. А.О. Гейкель Күлтегін ескерткішіндегі қытайша жазбаны орыс синологі П.С.Поповқа алғашқы шартты аудармасын жасатып, кешеннің кімге арналғанын сәтті анықтады. Бұл аударма 200 жыл бойы әңгіме өзегіне айналып, тылсым болып келген жазулар б.3. VIII ғасырында билік құрған Түрік қағанатының мұрасы екенін анықтауға көмектесті. Ал Орхон бойындағы екі ескерткіш Түрік қағанатының қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің құрметіне қойылған мұралар болып шықты. Ізінше, Ресей ғалымы В.В.Радловтың Атлас древностей Монголии атты еңбегі де 1892 жылы баспадан шықты.
М. Ядринцев пен А.О.Гейкел экспедициялары жинақтаған материалдар, дар, B. В.Радловтың атласы құпия жазудың кілтін ертерек табуға мүмкіндік берді.
Өйткені бұл ғалымдар сол заманғы ғылымның ең соңғы мүмкіндігін пайдаланып, литографиялық көшірме жасап, эстампаждар алды. Онымен қатар құпия жазуы бар ескерткіштің екінші бетіндегі қытай иероглифтері руна жазудын құпиясын ашуға негіз болды. Нәтижесінде ғылым әлемінде мысырлық көне жазудың кілтін тапқан әйгілі Гротефенда мен Шамполлионаның есімдерімен қатар аталатын үшінші адам туды [5, 13-14 бб.]. Дания азаматы, Копенгаген университетінің профессоры, тіл ғылымының ерекше білгірі В. Томсен, атлас түріндегі экспедиция материалдарын зерттей отырып, Орхон ескерткіштеріндегі құпия жазудың кілтін ашты. Бұл үшін ол Күлтегін ескерткішіндегі қытайша жазбадан түрік, Күлтегін т.б. сөздердің қытайшасын тауып алды. Сол арқылы зерделей келе 1893 жылы желтоқсан айында құпия жазудың сырын бір жолата ашып берді.
Күлтегін ескерткішіндегі қытайша жазбаның тұңғыш аудармасын 1892 жылы фин ғалымы Г. Габленц жасады [6]. Одан соң 1896 жылы В. Томсен Күлтегін, Білге қаған ескерткіштерінің латынша транскрипциясы мен французша аудармасын ұсынған кезде кітабының соңына Е.Х. Паркер аударған Күлтегін ескерткішіндегі қытайша жазбаның ағылшыншасын қоса берді [5]. Г. Шлегель де Г. Габленцтің қателігін көрсете отырып, толық әрі жаңа аудармасын жариялады. Г. Шлегельдің аудармасын пайдалана отырып, орыс синологі В.П. Васильев 1897 жылы Күлтегін ескерткішіндегі қытайша жазбаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон жазба ескерткіштерінің тарихи негізі
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
Байырғы түркі жазба ескерткіштеріндегі әлеуметтік- саяси рәміздер және оның Қазақстанның өркениеттік дамуымен сабақтастығы
Жазба және археологиялық деректер негізінде түрік қағанатының құрылу тарихы мен оның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау
Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
Орхон - Енисей ескерткіштерінің зерттелуі
Күлтегін жазбалары- түркі халықтарының баға жетпес байлығы
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Орхон – енисей жазба ескерткіштері туралы ақпарат
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері
Пәндер