КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛІПБИДІ ӨЗГЕРТУ РЕФОРМАЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҒТАХР 03.39.15

КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛІПБИДІ ӨЗГЕРТУ РЕФОРМАЛАРЫ

Ноянов Еділ Ноянұлы 1, Мажитханова Диана Дәулетханқызы 2
1Тарих ғылымдарының кандидаты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Қазақстан, Алматы қ. E-mail: Edl.noyanov@mail.ru.
2Магистрант. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан, Алматы қ.

Аңдатпа. ХХ ғасырдың басында орын алған латын әліпбиіне көшу бірінші кезекте большевиктер үкіметінің кезекті қазақ халқы үшін бір бөлігі болса, екіншіден онсыз да халық сауаттылығын арттыра алмай отырған қазақ елі үшін ауыр қиындықтармен өтті. Қазақ зиялылар тобы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен ХХ ғасыр басныда халық қолданысына лайықтап араб графикасына негізделген оқу құралдарын шығарып жатса, ендігі тұста еріксіз латын графикасына көшуге бет бұрып жатты. Қазақ зиялы қауымының арасында тек әліпби төңірегінде ғана емес, большевиктік идеологияның ушығуын, Алаш зиялы қоғамы өкілдері мен Қызыл үкімет сойылшыларының арасындағы үлкен саяси жанжалды анық анғаруға болады. Кеңестік үкіметтің қазақтан шыққан озық ойлы оқыған азаматтарының арасында жік салу арқылы бір-біріне қарсы қойып, өз мүдделеріне пайдалануы көрініс тапты. Негізгі күш үкіметтің қолында тұрды. Олар латын жазуын толық қолдады. Латын жазуына көшу үшін арнайы комссия құрып, толық қаржыландырды. Мұндағы басты мәселе түркі халықтарын латын жазуына көшіру арқылы олардың рухани жадын өшіру болды. Өркениеттердің қақтығысы жазу арқылы көрініс тапты. Батыстық християндық мәдениеттің өз кезегінде күшеюі, ал шығыстық негіздегі ислам әлемінің тығырыққа тірелуінің басты негізі Осман империясының құлауымен тікелей байланысты болды. Бұл барлық түркі халықтарына тән жағдай болды. Кеңес Үкіметі құрамындағы түркі мемлекеттері тек саяси ойын құрбаны болды. Латын әліпбиі Кеңестік Үкімет кезінде тек түрік тектес мұсылман халықтарына тән болды. Славян т.б. халықтар одан бас тартты. Латын жазуына көшу арқылы Түркі халықтарының рухани мол мұрасы құрдымға кетті.
Кілт сөздер: Қазақстан, Кеңестік, Латын, өзгеріс, тарих, әліпби, зерттеу, ғасыр.

МРНТИ 03.39.15
РЕФОРМЫ ПО ИЗМЕНЕНИЮ АЛФАВИТА В СОВЕТСКОМ КАЗАХСТАНЕ
Ноянов Едил Ноянович1, Мажитханова Диана Дәулетхановна2
1 Кандидат исторических наук. КазНУ им. аль-Фараби
Алматы, Казахстан. E-mail: Edl.noyanov@mail.ru.
2 Магистрант КазНУ им. аль-Фараби Алматы, Казахстан.

Аннотация: Переход к латинскому алфавиту, имевший место в начале двадцатого века, был, во-первых, частью большевистского правительства для следующего казахского народа, а во-вторых, для казахского народа, который не мог повысить свою грамотность. В начале двадцатого века группа казахских интеллектуалов по инициативе Ахмета Байтурсынова опубликовала учебники по арабской графике, но теперь они неизбежно переходят на латиницу. Среди казахской интеллигенции хорошо видны не только алфавит, но и эскалация большевистской идеологии, большой политический конфликт между представителями интеллигенции Алаш и Красного правительства. Было ясно, что советское правительство использует интересы казахской интеллигенции в своих интересах, разделяя их. Основная власть была в руках правительства. Они полностью поддержали латиницу. Специальная комиссия была создана для финансирования перехода на латиницу. Основной проблемой здесь было стереть духовную память тюркских народов, переведя их на латынь. Столкновение цивилизаций было отражено в письменной форме. Рост западной христианской культуры, в свою очередь, был напрямую связан с распадом Османской империи. Таково было положение всех тюркских народов. Тюркские государства в советском правительстве были единственными жертвами политических игр. В советское время латинский алфавит был уникальным для мусульман турецкого происхождения. Slavic et al. народы отвергли это. Богатое духовное наследие тюркских народов было уничтожено переходом на латинский алфавит.
Ключевые слова: Казахстан, советский, латинский, изменение, история, алфавит, исследование, век.

IRSTI 03.39.15

REFORMS TO CHANGE THE ALPHABET IN SOVIET KAZAKHSTAN

Noyanov Edil 1, Mazhythanova 2
1Сandidate of historical sciences. al-Farabi Kazakh National University. Kazakhstan, Almaty. E-mail: Edl.noyanov@mail.ru.
2Master of the al-Farabi Kazakh National University Kazakhstan, Almaty.

Abstract. The first information about the archaeological sites of Kazakhstan can be found in the works of medieval scholars and historians, geographers and travelers. In their works, they talked about unusual things, images, people, and events of cities and settlements that existed long before their time, which they saw with their own eyes or were known to them. That is, the discovery of valuable ancient artifacts from various monuments that recently studied the culture of the early Iron Age in our country leads to the solution of such key issues as the classification and interpretation of archaeological excavations, the definition of culture and chronology of monuments, their diversity. Therefore, in this article, we divided it into two parts and used the archaeological document of researchers who studied it before and after independence. According to the data below, the article describes both the original and the geographical climate and topography of the East Kazakhstan region. Also, the rapid development of archaeological excavations in an independent country indicates the need to take into account the humanities with the introduction of the latest achievements of the natural and technical sciences. An interdisciplinary methodological approach to these studies will be implemented soon
Keywords: Kazakhstan, Soviet, Latin, change, history, alphabet, research, century.

Кіріспе. Мақалада тақырыптың өзектілін ашар бүгінгі тарихымыздағы маңызды үдерістер бойынша, өткенді кіріспеде байланыстырдық. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымның арасында латын әлипбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле бастады. 2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қаріпін көшу кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек , - деген болатын.
Бұл мәселе ХХ ғасырдың басында-ақ қозғалған болатын. Елде жаппай сауатсыздықты жою мен оған қатысты шаралар орын алған тұста, түркі халықтарының әліпбиін өзгерту жолға қойылды. Аталған істі қолға алған большевиктер үкіметінің бұл саясатына В.И. Лениннің өзі араласып, латын әліпбиіне көшу Шығыстағы революция саналады. Бірақ бұл онсыз да сауатсыз халықтың әліпби реформасына көшуі ауыр тиді. Елде жергіліктендіру (коренизация) саясатымен бірге, латын әліпбиіне көшіру науқаны саяси тұрғыда қолға алынды.
Алайда, кеңестік биліктің бұлсаясаты түркі халықтарының интелегенциясы мен мұсылмандары тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырады. Өйткені, 1920 жылдары қазақ, татар, өзбек, башқұрт және қырғыз халықтарының араб жазуына негізделген әліпбилері реформаланып жатқан болатын. Кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында тек қана түркі халықтарын ғана емес, сонымен бірге орыс тілін де латын әліпбиіне көшіру мәселесі де көтерілген болатын. 1919 жылы ағарту ісі жөніндегі халық комиссары А.В. Луначарский: ... барлық осы елді мекендеп отырған халықты жаппай латын әліпбиіне көшіру қажет дегенді айтқан болатын. Осы пікірге орыс сөзін қолданушылар қоғамы бірден қарсылық көрсетті. Олар бірден комиссия құрып, сол арқылы латын әліпбиіне көшіру шетелдіктерге орыс тілін үйретуді қиындатып жібереді деген мәлімдеме жасады. Нәтижесінде орыс әліпбиін латынға ауыстыру бастамасы көтерілмей жатып, бірден тоқтатылып тасталды.
Бірақ осыған қарамастан қазақтың зиялылар қауымы әліпби өзгерісіне араласып, өз пікірлерін білдірмеумен бірге бұл реформаның бел ортсында болды. Яғни, ХХ ғасырдың басында орын алған латын әліпбиіне көшу мәселесі мен онда орын алған қиыншылықтарды көрсету, қазақ зиялыларының атқарған жұмыстарын нақтылау жұмыстың өзектілігін нақтылай түседі.

Әдістер. Бұл мақалада Кеңестік Қазақстандағы әліпбидің бүгінгі күнге дейін өзгерістері мен байланыстыра отырып әр түрлі әдістері қарастырылды. Архивта қалған жазулар мен қаріп әріптері де қарастырылды. Қазіргі кезде қызу талқыға түсіп шешілген латын әліпбиіне көшу жағдайы да сонау көне жазбамызды қалыптастырып тарихты жете түсініп өз әліпбиімізді қалыптастыру мақсатымыз.
Талқылау. Қазақстанда латын әліпбиіне көшу мен оның қиындықтары туралы тарихи әдебиеттерде ХХ ғасырдың 80-ші жылдарына дейін тек жақсы қырынан ғана сипаттаушылық орын алып келді. Десек те еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі тұста Алаш зиялылары мен олардың қоғамдық, ағартушылық, саяси қызметіне қатысты ғылыми еңбектер жария бола бастады (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзі Егемен Қазақстан. 12 мамыр. 2010). А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Т. Шонанов және т.б. ғалымдардың есімі ел арасында оралғаннан кейін олардың ғылыми еңбектеріне толымды баға беріле бастады. Осы орайда ХХ ғасырдың басында орын алған ағарту саласындағы жұмыстар, оның ішінде халық сауаттылығын арттыру мен латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты еңбектер қатары жарық көре бастады.
Әрине, тіл, еміле, әліпбидің ауысуына байланысты алғаш қалас тартушылар қатарында болса да тіл мамандары тұрады. Мәселен, тіл маманы Н.С. Әміржанова Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы (1929-1940 жж.) деп аталатын кандидаттық диссертациялық жұмысында латын әліпбинің Қазақстанда енгізілуі, оның ішінде еміле мен тілдік ерекшеліктерге байланысты процестер талданған. Дегенмен, аталған зерттеу жұмысы тақырып бойынша біршама мәліметтер береді.
М. С. Бурбаевтың Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг. атты еңбегінде сол тұстағы қоғамдық ой мен латын әліпбиін енгізілуі туралы мәліметтер топтастырылған (Бурабаев,1932: 27).
Ал Алаш зиялылары турасында қалам тартып жүрген әдебиеттанушы ғалымдарымыздың бірі Д. Қамзабекұлының да осы салаға қатысты жазылған еңбектерінің қатары көп. Автор қазақ зиялыларының әліпби төңірегіндегіайтыстары мен оның барысы туралы бірнеше мақалалар жазып, дегенмен қазақ зиялыларының бұл айтысы қазақтың қамы үшін болып өткендігін нақты дәлелдермен көрсетіп береді . Сол сияқты Дихан Қамзабекұлы латын әліпбинің бүгінгі таңда елімізде қолданудың артық болмайтындығына назар аудартады. Қамзабекұлы Д., Серғалиев М., Әбжанов Х. Тіл саясаты: тағылым мен тәжірибе атты біріккен авторлықтағы еңбекте де ХХ ғасыр басындағы латын әліпбиіне көшу мен оның тарихи сабақтары сөз болады .
Сондай-ақ тарихи дерек пен естеліктер негізінде жазылған Ғ. Ахмедовтың Алаш Алаш болғанда атты еңбегінде Алаш зиялыларының ағарту саласындағы қызметкерлеріне тоқталуымен бірге, 1924 жылы маусым айында Орынборда өткен қазақ-қырғыз білімпаздар съезіндегі әліпби мәселесіне қатысты пікірлер тобын талдап өтеді (Әміржанова Н.С. 2009, 32б).
Латын әліпбинің Қазақстанда енгізілуі мен оның маңайында болып өткен айтыс-тартыстарға қатысты пікір білдіріп жүрген ғалым С.О. Смағұлованың еңбектерін атап өтуімізге болады (Қамзабекұлы М. 2001,11б). Зерттеуші жалпы латын әліпбинің енгізілуі мен онда кездескен олқылықтар мен қазақ зиялылыларының әліпби айтысы туралы толымды пікірлер береді .
Ал профессор Т. Омарбекұлы Тоталитарлық жүйенің Қазақстан мәдениетіне ықпалы атты мақаласында тоталитарлық жүйенің оқу ағату саласына жасаған ықпалы, оның ішінде латын әліпбиіне қатысты орын алған қиыншылықтар туралы сөз қозғайды . Жалпы ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қайғылы тағдыры мен сол тұстағы баспасөз тарихына қатысты қалам тартып жүрген зерттеуші Д. Махат еңбектерінде де латын әліпбиіне қатысты ой-толғамдар жасалған .
Жұмысты зерттеуде сол сияқты А. Байтұрсынов, Н. Төреқұлов, Х. Досмұхамедов сынды зиялылардың шығармалар жинақтарында орын алған мәліметтер тобы алынды. Латын әліпбиін қазақ ортасына енгізуге атсалысқан зиялы қауым өкілдерінің шығармалар жинақтарынан да мәліметтер алынып, зерттеу жұмысында пайдаланылды.
Нәтижелері. барысында ХХ ғасырдың басында латын әліпбиіне қатысты өткен съездер мен түрлі мерзімді баспасөз беттеріндегі материалдар мен құжаттар жинақтары алынды . Мәселен, Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі атты жинақ негізгі дерек көзі ретінде алынды. Сол сияқты біріккен авторлықта жарық көрген: Языковая политика в Казахстане (1921-1991 гг. атты құжаттар жинағы да зерттеу жұмысында пайдаланылды. Яғни осы тұстағы тіл саясатына байланысты ұстанымдар мен латын әліпбиін енгізудегі қиыншылықтар жөнінде материалдар бар.
Сол сияқты диплом жұмысында ҚҰ ОМК сирек қолжазбалар қорында сақталған Еңбекші қазақ газеті мен Қызыл Қазақстан журналы материалдары да қолданылды.
Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7 ғасырда да Римде грек және этрус әліпбинің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңынан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылы, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тартады, Африка, Америка және Азия халықтар пайдаланды (Қамзабекұлы Д, Серғалиев М., Алматы: Арда, 2005, - 265б). Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: liber - тәуелсіз, liber - кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг (бір дауысты) - a, e, i, o, y сондай-ақ төрт дифтонг ( екі дауысты) - au, eu, ae, oe бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді (Ахмедов Ғ., Алматы: Жалын, 1996. - 224б).
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ оқығандары қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін, оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауы не қолданылып жүрген араб графикасын біраз жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Сол тұстағы мерзімді баспасөз беттерінен қазақтың орысша оқығандарының арасында араб жазуының кемшіл тұстарын сынай отырып, қазақ жазуына орыс, графикасын енгізу жайында мақала жазушыларды да кездестіреміз. Міне, осы пікір ағымын өз мақсаттарына шеберлікпен пйдаланып қалғысы келген орыс миммионерлері араб жазуының түркі тілдерінің дыбастық жүйесін дәл бере алмайтындығын айтып, оның орнына орыс графикасын уағыздай бастайды. Олар араб жазуын тастап, орыс жазуына көшуді насихаттауды орысша оқыған қазақ жастары арқылы жүргізуді көздеді. Бұл жайында өз кезегінде Н.И. Ильминский былай деп жазды: Орыс мектептерінде тәрбие алған қазақ жастары арасында сөз жоқ мұсылман дініне салқын қарайтын, өз ана тілдерін жанын сала сүйетіндер бар. Соларға орыс алфабитін қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін сақтаудың негізгі амалы деп ұғындыра алсақ, олар қырғыз тіліне орыс алфавитін енгізуде көп нәрсеге көмектесе алар еді .
1912 жылы Ахмет Байтұрсынов Қазақ газетінде жарияланған Бастауыш мектеп атты мақаласында әліпби мәселесі төңірегінде Қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Тұнып отырған араб қаріпін тастатып, орыс қаріпін алдырамыз дейді. Сол үшін балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да орыс қаріпімен оқысын дейді. Өкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, ал халыққа керегі - өз діні, тілі, жазуының сақталуы деп, орыс миссионерлік жолмен енгізгелі отырған орыс жазуларынан бас тарту қажеттігін ашық жазды.
Сол тұстағы араб таңбаларының қазақ тілін бейнелеудегі олқылықтары жөнінде жарық көрген келесі жарияланым авторы - Рақымжан Дүйсенбаев. Ол Дала уәлаяты гезетінің 1897 жылғы 10-санында Харіп турасының сөзі деген мақаласында: Көп-ақ білетін шығар, біздің қазақ халқының өз тіліне шығарған қәрпі жоқ болып, араб жұртының қәріпін ешбір қазақшаға түзетпей, сол жұртта қалай жазылса, сол бойымен алған еді. Және бұл араб әліпбинің қазақ сөздерін жазуға толық емес көп кемдігі бар, һәм қайсы бір қәріптердің керексіз артық екені де оқу білетіндерге белгілі, - дейді (Смағұлова, 2007: 120-130). Автор араб әліппесінің кемшілігі ретінде ондағы дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптердің жеткіліксіздігін және олардың дәстүр бойынша үнемі жазыла бермейтіндігін, мұның өзі бір-біріне ұқсас сөздерді дұрыс оқуға қиындық келтіретіндігін көрсете келіп, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алатын алфавит жасау мәселесін ұсынады. Қаламгер: Әліпби шыққаннан кейін ғылым, білім де көп бөгет қылады деп тұжырымдайды.
Дала уәлаяты газетін шығарушылардың бірі Д. Сұлтанғазин аталған басылымның 1899 жылғы 22, 23- сандарында басылған екінші мақаласында қазақ тіліне орыс әріпін пайдалану керек пе, әлде араб жазуын жетілдіріп қолдана беру қажет пе деген мәселені талқылайды. Автор қазақ халқы басқа түркі халықтары сияқты араб таңбаларын пайдаланып келгенін, оны тастап, басқа әліпбиді аламыз дейтіндерге қосылмайтынын айта келіп: Себебі қазақ білмейтін бір бөтен әліпби шығарғанша, бұрынғысын түзеткен жақсы, - дейді. Қазақ жазуына орыс әріптерін енгізуді ұсынатын миссионер ғалым Н. Ильминскийге қатысты көзқарасын былай аңғартады: ... бір білімді адам Ильминский деген қазақ сөздерін орыс әріптерімен жазса керек, орыс әріптеріне бір-ақ өзгертсе керек дейді. Бұл кісінің сөзі де онша келісімді емес. Себебі бұл Ильминский орыс әліпбиіне көп латын әріптерін қосады және орыстың өз әріптерін бір түрлі қылып өзгертіп, орыс әліпбиін тым қиын қылып жібереді . Д. Сұлтанғазин қазақ сөзін жазуға өзгеріссіз алса, орыс, латын таңбаларының да сәйкес келе бермейтінін, жаңа алфавит қабылдағаннан гөрі қазақтардың не заманнан бері ғадет алып үйренген араб әліппесін қазақ тіліне лайықтап бір-ақ өзгерту туралы ұсынысын білдірді.
Қазақ жазуын латынға негіздеп, қайта жасау сонау өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолға алына басталды. Оның бірнеше себептері бар. Ең бастысы, 1921 жылы түркітілдес халықтарының көшбасшысы Ата Түріктің бастамасымен өздерінің араб әліпбиіне негізделген мыңжылдық жазуып тастап, латынға көшуі түрткі болған еді. Бұл мәселе, негізінен, саясатпен ұштасып жатты. Ата Түрік кезінде бүкіл әлемге құзірет-құдіретімен танылған, алайда ХХ ғасыр басындағы бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде беделі тым төмендеп кеткен Түрік мемлекетінің бұрынғы даңқы мен дақпыртын қайтадан қалпына келтіріп, жаңа сипаттағы Түрік Республикасын құруды мақсат етті. Бірақ оған араб жазуына негізделген түркілік (исламдық) мәдениет пен кедергі кетіріп, қырсығын тигізеді-ау деген оймен өзінің бүкіл реформаларын әліпби ауыстырудан бастаған еді (Смағұлова, 2007. 28-30).
1917 жылғы болған төңкерістің желі Ресей жерін ғана емес оның айналасындағы көрші жатқан елдердің барлығын шарлап, біздің еліміздің де тарихы мен тілінде өшпес із қалдырды. 1920жылдардың басында сол кездегі биліктің бастамасымен араб әріпімен жазып келген түркі тілдес халықтардың барлығын жаппай басқа әліпбиге көшіру саясаты қолға алынды. Сонымен бірге бұл сясаттың астарында әліпбиін жоғалту арқылы ислам дінінің ықпалы жою да көзделгені анық. 1925 жылы латын әріпіне көшіру туралы конференцияда сөз алған А. Мирзоян: Бұл әліпбиге көшу арқылы еуропалық және мұсылмандық өркениеттің арасына қабырға қойылып, Батыс пен Шығыстың арасында жаңа қарым-қатынас орнайдыдеп болжам жасайды. Басында араб әліпбінің негізінде жаңа заманға лайықты әліпби дайындау туралы ұсыныстарды талқыға салғанымен де, осы жиыннан кейін латын әліпбиіне көшуді жақтаушылар белсенді әрекет ете бастады. Араб әріпімен жазылған рухани мұраны жойып алу қаупі ол кездегі билік иелерін мүлде толғандырған жоқ, араб әліпбиімен жазылған кітаптар мен ондай дүниелерді сақтағандарды аяусыз жазалау шаралары жүргізілді. Осындай жазалаудың мысалдарының бірі ретінде Әндижан қаласындағы бір партия қызметкерлерінің үйінен табылған кітап үшін НКВД оны ату жазасына кесті. Кейін ол кітаптың ең алғаш араб әліпбиімен жазылған Комунистік партияның манифесті атты кітап екні анықталса да, ол кезде кітаптың иесі атылып кеткен еді. Осы қатал саясаттың күшімен Кеңестер Одағының құрамындағы түркітілдес елдердің барлығын латын әліпбиіне көшіру науқаны басталды. Ең бірінші қадам Кавказ және Әзірбайжан елінде жасалды. Кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында тек қана түркі халықтарын ғана емес, сонымен бірге орыс тілінде латын әліпбиіне көшіру мәселесі де көтерілген болатын. 1919 жылы ағарту ісі жөніндегі халық комиссары А.В. Луначарский: ... барлық осы елді мекендеп отырған халықты жаппай латын әліпбиіне көшіру қажет дегенді айтқан болатын. Осы пікірге орыс сөзін қолдаушылар қоғамы бірден қарсылық көрсетті. Олар бірден комиссия құрып, сол арқылы латын әліпбиіне көшіру шетелдіктерге орыс тілін үйретуді қиындатып жібереді деген мәлімдеме жасады. Солай орыс әліпбиін латынға ауыстыру бастамасы көтерілмей жатып, бірден өшірілді .
Осы тұстағы мәдени революцияның жүзеге асырылуы социаличтік қоғам құру туралы Лениндік жоспардың бір тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды. Мәдени революция комунистік партия белгіленген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді (Омрабеков Т. Тоталитарлық жүйенің Қазақстан мәдениетәне ықпалы. 2002ж., 127б). Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалғанды. Халықтың басым көпшілігі сауатсыз, бастауыш білімі бар азаматтардың өзі мардымсыз болды. Осыған орай өлкеде орын алған мәдени революция басты екі міндетті шешуге тырысты: біріншіден, өлкедегі мәдени артта қолушылықты жою, екіншіден, білім беру және ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру. Мәдениет саласындағы жұмыстарға басшылық жасау және бақылау жүргізіп отыр партияның Орталық комитеттің хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партич комитеттерәі мен олардың ұялары, насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де арнайы үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылдың 6-шы қарашасында РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді.
Жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім беру ісінің дамуы. Республика жоғары мектебінің қалыптасуы Қазан революциясынан кейін тоталитарлық жүйенің үстемдігіне, оның қайшылықтарына қарамастан Қазақсатннның мәдени дамуында кейбір ілгерушіліктің болғанын айту керек. Оны біз мәдени революция деп атап келдік. Бұл революция қилы-қилы жағдайлардың барысында мүмкін болды. 1921 жылы маусымда болған Қазақсатан партия ұйымының бірінші конференциясы Республикадан шыққан сауатты қызметкерлердің көбін мүмкіндігінше саяси-ағарту жұмысына жіберілсін, өйткені қазақ тілін білетін адамдар болмаса, бұл жұмыс бәрібір істелмей тұра береді деп атап көрсетті. Сөйтіп жергілікті ұлттардың өкілдерінен, жергілікті халықтың тілін, психологиясын білетін адамдардан мәдени-ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне маңыз берілді. Мемлекеттік және партиялық аппараттарды жергілектендіру мәселесі қолға алынды (Махат, 2007: 528). Мұның өзі ғасырлар бойы отарлық езгі мен кіріптарлықта болып келген, ұлттық мемлекеттілігінен айырылған қазақ еліне, оның аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғайтын, жоқтап, қиюы қашқан шаруашылығы мен қамқоршысы жоқ мәдениетіне сүйеніш, қорған бола алатын, мүлдем жаңа мемлекет құру үшін, әрине, маңызды еді.
Бірақ аппаратты жергіліктендіру мәселесі түбегейлі шешілген жоқ. Басқада көптеген бстамалар сияқты ұран күйінде қалып қойды. Сол 30-жылдардың қарсаңында Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 21 мүшесінің 12-і қазақ, ОАК пленумының 151 мүшесінің 81-і қазақ, 32 уездік атқару комитеттері төрағаларының 19-ы қазақ болып, қазақтар уездер мен губерниялардың техникалық аппаратында 20 пайызын, өлкелік мекемелер қызметкеткерлерінің 13 пайызын құраса, олардың арасында шала сауаттылары аз болмаған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілу алғышарттары
Қазақстан Хрущевтың жылымығы жылдарында
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихи кезеңдері
Араб жазуын орыс жазуына алмастыру
Латын қарпі - біздің бүгінгі тарихи кезеңге сәйкес қазақ тілі үшін ең оңтайлы таңба
Кеңес өкіметінде саяси ағарту мен мектеп жүйесінің құрылуы
ХХ ғ. басында Қазақстанда латын алфавитіне көшу идеясы
Темірбек Жүргенов және қазақ мәдениеті
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
БАҚ және саяси сана
Пәндер