САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ
САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
(эссе)
Егер сіз саясатқа араласпасаңыз,
саясат сізбен араласады.
Шарль Монталамбер
Саясаттың адам және қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Әр түрлі әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайының жақсы немесе нашар болуы, олардың емін еркін бостандықта өмір сүруі секілді жайттардың барлығы мемлекет пен үкіметтің жүргізіп отырған саясатына тығыз байланысты. Мысалға, егер мемлекет басқыншылық саясат жүргізсе, онда халыққа қиын болары сөзсіз. Ал, бейбіт саясат жүргізсе халыққа қолайлы болады.
Сен саясатпен айналыспасаң саясат сенімен айналысады деген афоризм де бар. Яғни, өмірдің өзі, әсіресе қазіргі қоғам саясатпен айналыспауыңа қоймайды. Біздің барлық өміріміз саясаттан тұрады. Оны күнделікті өмірден анық көруге болады. Саясатқа әрқилы баға беруге болады. Саясат туралы талай данышпандар мен ғұламалар да өз пікірлерін білдірген.
Адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс.
Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.
Саясат бұрыннан бері ғалымдарды қызықтырып келе жатқан салалардың бірі. Ежелгі грек, рим ойшылдары саясатқа байланысты өздерінің түрлі ой пікірлерін білдірген. Ежелгі грек философы, математик Платон мемлекетті басқару түрін полития деп көрсетіп, дұрыс және дұрыс емес мемлекет түрлерін атап айтқан болатын. Саясат ғылымы туралы алғаш рет талдау жасаушы Аристотельдің айтуынша, дұрыс мемлекет билеушілері халық мүддесін бірінші орынға қояды, ал дұрыс емес мемлекет билеушілері жеке бастарының қамын ойлайды. Мемлекеттік ең дұрыс формасы полития деп есептеді. Қайта өрлеу дәуірінің өкілі, итальяндық ғалым Николо Макиавелли билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс деп есептеді. Республикалық мемлекетті қолдады.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Жаңа дәуір ойшылдары Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо өз еңбектерінде саяси билік жүргізудің формаларын түсіндіруге тырысты. Француз саясаттанушысы Морис Дюверже Саясат, бір жағынан алып қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші жағынан идеялар мен принциптер арасындағы келіспеушілік деп анықтама берді. Орта ғасыр ойшылы, екінші ұстаз атанған Әл Фараби саяси ой пікірлерін Қайырымды қала тұрғындары, Азаматтық саясат секілді еңбектерінде түсіндіруге тырысты. Қайырымды қала тұрғындары еңбегінде білімді, қайырымды басқару халықты бақытқа, жақсылыққа жетелейтінін, ал қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті сынайды. Мінсіз мемлекетті насихаттай отырып, барлығы саясатқа, билеушіге байланысты екендігін айтады. Ал он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы мен жиырмасыншы ғасырда қазақ қоғамының орасан зор өзгерістерді бастан кешкені белгілі. Қазақ халқында саясат туралы еңбектер жазған қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалиханов болды. Ол өз еңбектерінде отарлық саясаттың зардаптарын, халық дамуы үшін дұрыс саясат жүргізу керектігін батыл түрде айтты. Оның айтуынша халық бақытты болуы үшін, қанауды жою керек, ал қанауды жою үшін билікті жою керек. Әр заман ғалымдары саясат туралы өз пікірлерін білдірген. Кейбірі бірінің пікірін қолдаса, кейбір ғалымдар бірінің пікіріне қарсы шығып та жатты. Алайда осыдан , мемлекеттің дамуы саясаттың дұрыс жүргізілуіне байланысты екендігін көруімізге болады. Сондықтан да ғалымдар саясатты дұрыс насихаттау мақсатында саясатты зерттеп, саясаттану пәнін енгізе бастады. Он тоғызыншы ғасырдан бастап саясатты жеке ғылым ретінде қабылдап келе жатыр.
Саясат адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала. Оны көпшілік ғылым деп атап көрсетіп жатса, өнер деп есептейтіндер де кездесіп жатады. Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі - түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару.
Саясат - бұл ресурстарды таратуды басқару. Бұл билікті алу, сақтап қалу және пайдаланумен байланысты қоғамдық өмір-салттың саласы. Ағылшын тілінде саясат ұғымын түсіндіру үшін оның түрлі өлшемдерін сипаттайтын түсініктер қолданылады: нысандық (polity) - саяси құрылымы, саяси институттардың жиынтығы; мазмұндылық (policy) - саясат субъектілерінің жобалары мен талаптары; партиялар бағдарламалары немесе үкімет саясатының бағыттары; іс-жүргізу (politics) - қоғамның барлық саяси өмірі, саяси күрес нәтижелерін ескере отырып жасалатын саяси қатынастар мен саяси қимылдардың күтпеген салдары. Саясат туралы көптеген пікірлер арасынан төмендегі ерекшеліктерді атап өтуімізге болады: жалпыміндетті шешімдерді қабылдау бойынша қызмет; мемлекет, партия, мүдделес топтар қызметінің саласы; билік үшін күрес, билікке ықпал жасау және оны пайдалану; мемлекеттік-құқықтық құралдар көмегімен қоғамдық маңызы бар істерді басқару; әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар қатынасының ерекше түрі; қоғамдық өмірдегі ережелерді жасау, қолдау және өзгерту. Саясаттың негізгі элементтеріне билік және оның субъектілері, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар мен саяси мәдениет жатады. Өз кезегінде қоғамдық өмір салаларына сәйкес саясаттың мынадай түрлері бар: экономикалық - экономикадағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; әлеуметтік - қоғамдағы орнына байланысты азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; ұлттық - ұлттар арасындағы қатынастарды реттеу; мәдени - рухани өмірдегі азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; мемлекеттік-әкімшілік - мемлекеттік-әкімшілік құрылымының саясаты, билік-саясат саласындағы қатынастарды реттеу. Деңгейлеріне қарай бөлінеді: жергілікті - жергілікті құрылымның (аудан, ауыл, қала) дамуымен байланысты мәселелерді реттеу; аймақтық - аймақтың (облыс) дамуымен байланысты сұрақтарды реттеу; жалпымемлекеттік - қоғамның дамуына бағытталған мәселелерді реттеу; халықаралық - халықаралық сахнадағы мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу; әлемдік - жаһандық заманауи мәселелерді шешуге байланысты мәселелерді реттеу. Көлеміне қарай бөлінеді: - стратегиялық - қоғамдық жамудың маңызды басымдықтары, ұзақмерзімді стратегиялық бағыттарды таңдау, негізгі бағыттарға жетудің жолдары мен тәсілдерін айқындау; тактикалық - ағымдағы мәселелерді шешу, жедел шешімдерді әзірлеу және жүзеге асыру. Мемлекеттің қызметіне қарай бөлінеді: ішкі саясат - мемлекет ішіндегі түрлі салалардағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; сыртқы саясат - халықаралық қатынастар субъектілері арасындағы байланыстарды реттеу. Бүгінде аталмыш терминді көбінесе ықпал жасау мен басқарудың түрлері ретінде жиі айқындалады. Саясат қоғамдық өмірдің барлық жақтарына ықпал жасайды. Азаматтар түрлі сайлау үдерістері арқылы билік органдарын қалыптастыруға, мемлекетті басқаруға, материалды және рухани құндылықтарды үйлестіруге қатысады. Саяси өмір - бұл мемлекеттік билік, оның қызметтері, институттары және билікті жүзеге асыру тәсілдерімен тығыз байланысты әлеуметтік өмірдің ерекше түрі. Саяси өмір түрлі әлеуметтік таптар мен топтар, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қызметіндегі мүдделерді біріктіреді. Бұл өте күрделі, жан-жақты, қарқынды және өзгермелі құбылыс ретінде әлеуметтік кеңістікте дамиды және саясат әлеміндегі саяси қатынастар, институттар, үдерістер мен адам санасын қамтиды. Әлеуметтік кеңістікте түрлі саяси күштер, топтар, ұйымдар, уақытша және тұрақты одақтар қызмет атқарады. Әлеуметтік мәселелерді шешудегі осы барлық күштердің өзара байланысы саяси өмірдің мазмұны мен түрлерін анықтайды. Адам баласы саяси өмірді күнделікті өмірдегі түсінікпен қатар, теориялық және ғылыми деңгейде ұғынуы керек. Саясат адамзат баласы мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол қоғамдық өзара байланыстар мен құрылымдарда көрініс табады, адамның қоғамдық және жеке өмірін қалыптастырады. Қоғамдық өмірдегі саясаттың рөлі мынадай қызметтермен анықталады: қоғамның барлық топтары мен таптарының қоғамдық маңызды мүдделерін көрсету; қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды оңтайландыру; қоғамдық үдерістеріді басқару; қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету; қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әлеуметтік ресурстарды жұмылдыру; әлеуметтік қақтығыстарды алдын алу және өркениетті түрде шешу; түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін біріктіру; қоғамдық дамудың инновациялық тәсілдермен қамтамасыз ету; жалпы құндылықтарды жүзеге асыру үшін мәжбүрлеу мен күштеу тәсілдерін қолдану. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар қатынасы мәселесі барлық кезеңдерде өзектілігін жоғалтпайды.
Саясат субъективті сипаттағы құбылыс ретінде адамдар топтарына ғана тән. Ол ұжымдық сипатқа ие. Жеке тұлға өзі жалғыз ешқандай саясатты іске асыра алмайды. Жеке тұлғаның саяси мақсаттары ұжымдық қатынастарда ғана шындыққа айналады. Саясат объективті шындықта қызмет ететіндіктен оны ғылыми тұрғыдан түсініп, талдауға болады. Ал, саясаттың адамдардың іс-әрекетіне, ниетіне, айла-амалдарына байланысты да жүретіндігінен, ол - өнер. Саясатқа анықтама бергенде, саясат - ғылым және өнер деп айтылуында терең шындық бар. Саясат қандай да болмасын, мемлекеттің өмірі мен қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, дамуға ықпал жасайды. Ресми биліктің қандай формасы болмасын, билікке ұмтылған мүдделі топтар болмасын, өзінің мақсат-міндеттеріне сәйкес, саясатын жасайды және билігін асыруға тырысады. Сондықтан, саясат, билік, мемлекет ұғымдары туыстас, өзара тәуелді және өзара ықпалдастықта. Саясат объективті шындық ретінде адамдар мен түрлі әлеуметтік топтардң билікті және басқаруды жүзеге асыру қызметі болып табылады. Ресми мемлекеттік саясаттың іске асуы билік пен мемлекеттік институттардың қызметіне байланысты. Саясат адамзат өркениетімен бірге жасасып келе жатқан көне құбылысСаясат ықпалын қоғам мүшелері түгелдей сезінеді. Сондықтан, саясат - ғылым және өнер. Ғылыми негізделген саясатты өнерлікпен жүргізу оның тиімділігін және күштілігін қамтамасыз етеді. Адамзат қоғамының дамуымен бірге, саясат ұғымы мазмұны да байып, дамиды. Адамзат өркениеттің қазіргі эволюциясы жағдайында саясат қоғамды модернизациялаудың құралы, әдісі және жолы болып табылады. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени салада тән саясат бағыттары болады. Қоғамдық құрылыс салалары қаншалықты көп болса, саясат салалары да соншалықты көп. Сонымен саясат қоғамдық жүйені өзгертудің, жаңартудың құралы, тәсілі және әдісі бола отыра, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларды дамытуды үнемі күн тәртібіне қояды және іске асырады. Қандай билікке мүдделі топ болмасын, өз мақсаттарын, мүдделерін саясат арқылы қоғамдық қатынастарға енгізеді. Саясат мүдделі топтардың мақсаттарын іске асырудың ең сенімді және универсалды құралы болып табылады. Ал, ресми мемлекеттік саясат сол елдің алдындағы ең өзекті мақсат, міндеттерді қамтиды. Ресми билік саясатын мемлекет басшысының, патшаның, корольдық, президенттің мемлекет тұтастығын сақтауға, өзінің жеке билігін нығайтуға, ішкі және сыртқы қатынастардағы мәселелердің пайдасына және өз пайдасына шешуге бағытталған мақсатты, міндеті және әрекеті деп бағалауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz