Тірі табиғат мүйісі және оны ұйымдастырудың ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\User\Downloads\20210915_104743.jpg Тірі табиғат мүйісі және оны ұйымдастырудың маңызы

Тірі табиғат мүйісі - балаларды табиғатпен көрнекі және әрекетті түрде таныстырудың ең қажетті жағдайларының бірі. Экскурсияларда немесе бөлмедегі сабақтар кезінде бақылау ұзақ болмайды. Ал, тірі табиғат мүйісінде балалар күн ұзаққа жануарлар мен өсімдіктерге жақын барып, оларды қарай алады, ұзақ уақыт бақылау жасайды. Балалардың табиғат туралы білімі молаяды. Тірі объектілермен танысқан кезде олардың бақылағыштығы, табиғатқа деген қызығушылығы арта түседі. Табиғат мүйісінің мекендеушілерін күтіп-баптаған кезде еңбекке бейімделу және еңбек сүйгіштік, тірі табиғатқа деген көзқарасы, тапсырылған іске деген жауапкершілік сияқты бағалы қасиеттер қалыптасады.

Табиғат мүйістеріне арналған мекендеушілерді іріктегенде бағдарламаның талаптарын және оларды орналастырудың нақтылы мүмкіндіктерін ескеру керек.

Табиғат мүйісінің барлық тобының тұрақты және міндетті мекендеушілері - бөлме өсімдіктері. Олардың ішінен жылдам өсетіндерін, әдемілерін, жапырақтарының әр түрлілерін, гүлденетін немесе хош иісті өсімдіктерді, тез бұтақтанатынын және күтіп-баптауға ыңғайлысын таңдап алу керек.

Табиғат мүйісіне арналған өсімдіктерді жастайынан, көктемде немесе жаздың бас кезінде алған жақсы. Бөлмеде қалемшеден өсірген өсімдіктер теплицадан алынған өсімдіктерге қарағанда жақсы өмір сүреді.

Жануарлардан тек қауіпсізін, еркінсіздікті басынан жақсы өткізетін, оңай үйретілетін және күрделі күтімді талап етпейтін, бақылауға қызықтысын ұстауға болады. Балалар табиғи жағдайларды бақылай алатын, жергілікті жерде көп тараған жануарларды алған жақсы. Мұндай жануарларда олардың сыртқы түрі мен қылықтарының байланыстылығын және оларға қажетті өмір сүру жағдайларын көрсету оңайырақ болады.

Табиғат мүйісінде бір мезгілде бірнеше объектіні ұстауға болмайды, кейбір жануарларды тек көру үшін ғана алып келеді. Тірі табиғат мүйісінде балалар онда болатын өзгерістерді және оларға қамқорлық жасай алатын тұрақты мекендеушілерді сақтау қажет.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Экология, өлкетану және туризм орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1958 жылдан бастап тірі табиғат мүйісі жұмыс жасайды. Мекеменің тірі табиғат мүйісінде тауыс құсы, тотықұстар, кептер, тритон, аквариум балықтары, теңіз шошқалары, теңіз шаяны, тасбақа, қызыл құлақты теңіз тасбақасы, кірпі, қояндар мекендейді. Сондай-ақ, мекеменің бауында алма, шие, жаңғақ, алхоры, інжір, жұзім, шабдалы, өрік, құрма, банан секілді жемістер мен алуан түрлі гүлдер өсіріледі. Қылқан жапырақты сәндік өсімдіктер қарағай, арша, көр шырша, қайың, жылқы каштаны және т. б. кездеседі.

C:\Users\User\Desktop\тірі табиғат мүйісі жануарлар\IMG-20211020-WA0147.jpg C:\Users\User\Desktop\тірі табиғат мүйісі жануарлар\IMG-20211020-WA0269.jpg

C:\Users\User\Desktop\тірі табиғат мүйісі жануарлар\IMG-20211020-WA0277.jpg C:\Users\User\Desktop\тірі табиғат мүйісі жануарлар\IMG-20211020-WA0279.jpg

Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру өте маңызды ізденісті талап етеді. Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып педагог балалардың білімін толықтырады, тереңдетеді, сондай-ақ практикалық машық пен дағды қалыптастырады. Тірі табиғат мүйісін ұйымдастыру үлкен материалдық тұрғыда қаражатқа байланысты.

Тірі табиғат бұрышын жасауға арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме өсімдіктерін, жер шарының әр бұрышындағы өсімдіктер түрлерін өсіріп, балаларды сол өсімдіктердің ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте этикетка іліну керек, мұнда өсімдіктің аты, тұқымдасы, отырғызылған уақыты жазылады. Әр өсімдіктің жарыққа, ылғалға температураға байланыстылығын, гүлдеу мерзімдерін бақылайды. Тірі табиғат бұрышындағы тірі организмге жекелей талаптар орындалу керек. Ол талаптар арнайы кітаптарда жазылады, ең алдымен мұқият танысып алу қажет. Тірі табиғат бұрышын тиімді әрі сай қолдана білу дегеніміз - педагог шеберлігімен айқындалатын жағдай.

Шымкент қаласы білім басқармасының

«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ

әдіскері Нажмідін Ақмарал Дәуітханқызы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірі табиғат мүйісі және оны ұйымдастырудың маңызы
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Мектепке дейінгі ұйымдарда өлі және тірі табиғат құбылыстарымен таныстыру
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері
Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Мектептегі биология кабинеті және зертханалық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтармен танысу. Әрбір қажетті құрал жабдықтардың сипаттамасын жасаңыз
Оңтүстік Американың физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктері
Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау жасау
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz