Әлеуметгік - психологиялық тренинг әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік-психологиялық тренингке тапсырыс.
Интерперсоналдық қарым-қатынас мәні.
Аутогенді жаттығу. Әлеуметгік-психологиялық тренинг әдістері.

Әлеуметтік психологиялық тренинг - практикалық психологияның қарым - қатынастағы біліктілікті дамыту мақсатында топтық психологиялық қызметтің белсенді тәсілдерін пайдалануға бағдарланған практикалық психология әдісі. Әлеуметтік психологиялық тренинг көмектесу шеңберінде топ деңгейіндегі психологиялық ықпал ретінде қарастырылады. Оған: Сензитивтілік тренингін, тұлғалық өсу топтарын және тренинг топтарының басқа да түрлерін жатқызады. Ол белсенді әлеуметтік психологияны оқыту сынды басқаша да аталуы мүмкін. Белсенділік және ашық кері байланыс принциптері әлеуметтік психологияық тренингтің негізгі принциптері ретінде бекітілген. Белсенділік жаңа білімдердің емес жаңа қатынасушы дағдылардың дербес жасалуын болжайды. Кері ақпараттың ұсынылуы әлеуметтік реакцияларға деген сезімталдықтың және біліктіліктің ӛсуінің негізгі шарты болып табылады. Әлеуметтік психологиялық тренинг басшыларды, педагогтарды, сауда қызметкерлерін, практикалық психологтарды және іс - әрекетті арым - қатынасқа негізделетін басқа да мамандарды даярлау жүйесінде кеңінен таралды. Қазіргі кезеңдегі тұлғаны жан-жақты дамытып, олардың психологиялық әсер алуында қарым-қатынас әдістерінің ішіндегі қолданылуға тиімдісі әлеуметтік-психологиялық тренингтер болып саналады. Тренинг өткізуде міндетті түрде тренер сабақтың жоспарын құрады, ол негізгі үш бӛлімнен тұрады: Кіріспе бөлім Жұмыс барысы Тренингтік жаттығулардың қортындыларын талдау Кіріспе бӛлімі тренинг өткізу уақытының тӛрттен бірін алуы керек. Бұл бӛлімде тренер топ мүшелерін бірі-бірімен таныстырады, жұмыстың ережелерін түсіндіреді. Топ мүшелеріне тренингтің осы бөлігі үлкен роль атқарады, осы бөлім қалай басталса, тренингте осы мазмұнда өтеді. Тренингтің әрбір сабағы ритуалмен басталып, ритуалмен аяқталады, яғни ән салу, қатысушылардың бірі-біріне тілек айтуы, т.б. Әрбір сабақты бастағанда тренер өткен сабақ бойынша шолу жасайды. Қатысушылардан өткен сабақ жӛнінде өздерінің сезімдері мен пікірлерін сұрау өте маңызды . өткен кездесудегі ең маңызды сәттерді еске түсірудің өзі топ мүшелерінің арасындағы қарымқатынасты қалыптастыруға көмектеседі. Тәжірибелі тренер психология саласында теориялық білімге ие болып, адамдармен олардың өмірдегі қиын мәселелерін дұрыс шеше алуы керек. Психологтренер өз тәжірибесінде жаттығудың белсенді әдістерін қолданады, сонымен қатар ол өзіне оқытушылық, жаттықтырушылық, экспериментаторлық міндеттерді жүктейді. Психолог-тренердің жұмысының ең негізгі формасы - топтық психологиялық тренингтерді түрлі бағыттар мен формаларда өткізу. Тренингті топтық дискуссия, ойын түрінде өткізуге болады, ең бастысы - оның шын көңілден өткізілуі керек. Әрбір тренинг 3-15 сабақтан, олар бірнеше жаттығулардан тұрады, қатысушы адамдардың саны 10-12-ге дейін болуы керек. Тренинг өзінің мазмұнына және өткізілу бағытына қарай 2-2,5 сағат жүргізіледі, оны аптасына 1-2 рет өткізеді. Ойын тренингінің жаттығуларын 2-4 адамдар тобымен де өткізуге болады, ол кейбір адамдардың өтінішіне байланысты, мысалы, кейбір адамдар бірнеше адам қатысатын тренингтерде өздерін тұйық ұстайды, өзін толықтай аша алмайды, осындай себептерге байланысты тренингке қатысушы адамдардың санын азайтуға болады. Тренингті оқытудың бір формасы, деп қарастырғанда, оның тиімділігі бірлескен пікірлік, танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуымен анықталады. Психологиялық тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі, өз бейнесін басқалардың қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндіктерін көруге, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды. Психологиялық тренингтер адамдар арасындағы қарым-қатынастың жаңа мазмұнының қалыптасуына жағдай жасай отыра, психология ғылымының түрлі салаларында, психотерапияның элементтерінде, ақыл-ой еңбегін шығармашылықпен ұйымдастыруда, ұстаздың оқу-тәрбие процесін ұтымды дамытуына, жалпы қандай ортада да адамдардың көңіл-күйінің жағымды реттелуіне әсерін тигізеді. Сонымен қатар, тренингтерді сауатты өткізе білу болашақ психолог-мамандардың теориялық білімін тәжірибемен байланыстыра білуіне, адамдар арасындағы қарымқатынас психологиясын меңгеруіне, өндіріс психологтарына адамдардың қоғамға, оның өзгерістеріне, еңбекке көзқарастарын анықтауға, олардың іскерлік сапаларын шыңдауға, өндіріс ұжымы арасында бірін-бірі түсіну арқылы жағымды психологиялық ахуалды орнатуға жағдай жасайды. Тренингтің жай жаттығудан айырмашылығы - тренинг біліктілігі жоғары маманның басшылығымен өтеді. Психологиялық тренингтерді жүргізуші тренердің есіне! Сіздің басты әрекетініз - алғашқы және кезекті жаттығуларды әрбір адамға, топ мүшелерінің барлығына әсер ететіндей етіп өткізу. Сіздің топқа көмегіңіз: 1.Жаттығу өткізетін орынды даярлау, ойынды әуенмен жабдықтау, сурет салуға арналған альбомды, жазуға арналған қағаз, карандаш, тапсырмалар мен жаттығулар жиынтығын даярлау.
2. Сабаққа қатысушыларды тренингтің ереже-нұсқауларымен таныстыру.
3. Жаттығуларды бірігіп талдау жасауға үйрету.
4.Тренингтің ритуалдарын дұрыс ұйымдастыру және сақтау.
5.Әрбір адамның атын біліп, онымен СЕНдеп пікірлесу.
6.Әрбір сабақты қортынды анкетамен аяқтау үшін топ мүшелерінің алған әсерлерін анықтауға арналған анкеталық сұрақтар дайындау.
7.Алдын-ала үйге тапсырмалар жинағын даярлау.

Аутогенді жаттығулар негізінде өзін- өзі сендіру болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, босаңсу жағдайында айқын елестетулер болады екен. Осыған сәйкес аутогенді жаттығудың пайдалырақ болатын кезі таңертең ұйқыдан оянғанда және ұйқыға жатқан уақытта. Ол үшін бастапқыда оянған уақытта ең бір жақсы нәрсе туралы ойлансаңыз -көресіз - сіздің көңіл - күйіңіз күні бойы жоғары дәрежеде болады. Кешке және таңертеңнен басқа аутогенді жаттығуларды күніне 2-3 рет өткізуге болады, әрине, ол сіздің өмір ритмі мен күн тәртібіңізге қарай. Есіңізде болсын: жоғары дәрежеде нәтижеге жету үшін, көңіл - күйіңізге қарамастан күнде жаттыққан дұрыс.
Психикалық релаксацияға үйрену үшін, әрине, босаңсу қажет. Ең ыңғайлысы шалқаңнан жатып, жаттыққан дұрыс. Қолдар сәл бүгілген, алақан төмен, дененің бойымен қойылған, аяқтар 20-30 см . аралықта қойылады.
Екінші жағдай- жұмсақ креслоға басыңды тақап қойып, шынтағыңды шынтаққойғышқа қойып, босаңсу қажет. Бірақ бұндай мүмкіндіктер әр кезде бола бермейтін болғандықтан, кез келген жерде осындай жаттығуды жүргізу үшін, ыңғайлысы ат айдаушының отырысы (поза кучера). Ол үшін орындыққа арқаны тік ұстап, тік отыру. Бұлшық еттерді босаңсыту, басты сәл кеудеге қарай еңкейтіп, көз жұмылған, тізе бүгілген, қол сәл бүгіліп, тізеге қойылған, қысқаша айтқанда ат айдаушы адам күтіп отырғандағы отырысы осындай болады.
Аутогенді жаттығуларды жасауға ұйқы кедергі жасауы мүмкін. Ұйқыны қуу үшін 3-4 рет терең тыныс алып, 3-4 рет көзді қатты жұмып, көзді ашпау керек. Осылай ете отырып, өзің ді ұйқы кетіп бара жатыр деп сендіру керек, тыныштық орнады, босаңсып, жаттығуды бастауға болады.
Аутогенді жаттығулар арқылы өзіңізге жаңа нәрсе ашпайсыз, бірақ бойығыздағы жақсы нәрселерді дамытасыз.
Аутогенді жаттығуды жеке де топпен де жасауға болады. Оны еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру үшін, шаршаған кезде, эмоциялық жағдайды қалпына келтіру үшін, ерікті жаттықтыру үшін жасайды.
Жаттығуды жасауға кірісуге бел бусаңыз, онда есіңізде болсын, сіздің табысқа жетуіңіздің кепілі өз күшіңізге деген сенімділік және соңғы нәтижесінде күдік ойлардан арылып, берілген нұсқауларды толығымен орындауға ішкі дайындық пен шынайы талпыныс.
Есіңізде болсын: әр жаттығуды толық үйрену үшін 2 апта ішінде күніне 3 рет 5-10 минут жаттығу керек. Егер бастапқыда шамаңыз келмесе, 15- минут және одан да көбірек жаттығуға тура келеді.
Берілетін өзін - өзі сендіру формулалары сол жаттығуды сезіндіретін нақты эмоционалды образдармен үйлесуі керек. Формулаларды іштей, ойша қайталап, деміңізбен үйлестіріп отыру керек. Дем шығарғанда айтылатын формула босаңсуға көмектеседі. Егер формула ұзақ болса, және сіз оны дем шығару кезінде айтып үлгермесеңіз, оны 2 ретке созсаңыз болады.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг барысында басты механизм кері байланыс болып табылады. Тренинг жүргізуші студент қазақ жастарының психологиялық ерекшеліктерін, мәдени құндылықтарын ескере отырып, кері байланыстың небір тиімді түрлерін, жолдарын ойластыра алуы қажет. Сондай кері байланыстың қосымша бір каналы - видеожазба. Кері байланыс жасаудың осы формасы арқылы студенттерге арналған тренинг міндеттері сәтті шешіледі.
Топтық тренингтің әсері әлеуметтік-перцептивтік салада пайда болатын қатысушылардың келіспеушілік сәттеріне фиксация жасау арқылы күшейеді. Ондай келіспеушілікке 1) сезімі мен қалпы жайлы өз түсінігі мен видеожазбадағы бейнесі немесе басқа топ мүшелерінің қабылдауы арасындағы сәйкессіздік; 2) партнердің эмоциясын және қылықтарын өзінше интерпретациялау мен оған партнердің реакциясы арасындағы сәйкессіздік және т.б. мысал бола алады.
Қазақ студенттерін тәжірибелік бағытта психологиялық дайындау мақсатымен қолданылатын әлеуметтік-психологиялық тренинг процесінде топқа қатысушылардың рефлексия механизмі барынша белсенді болуы қажет. Әсіресе видеожазба топқа қатысушының өткен жайтты рефлексиялауға қабілетін арттырады. Рефлексия келіспеушіліктерді фиксациялау сәтінен басталады. Одан кейін кері байланыс негізінде әркім өзі және басқа топқа қатысушылар жайлы түсінігіне коррекция процесі басталады. Ал кері байланыс тиімді болуы үшін 1) топта оң және теріс кері байланыстар балансы; 2) топқа қатысушылардан, тренинг жүргізушіден және видеожазбадан алынатын кері байланыстар арасында баланс сақталғаны жөн болады.
Топтық тренингтің негізгі құрамдас компоненттерінің бірі нақты жағдайларға талдауды жүзеге асыру болатындығы белгілі. Нақты жағдайларға талдау жасау арқылы психологиялық әсерді тиімді ету үшін біраз жайттарды қатаң ескеру керек. Атап айтқанда, тренингтік топта талданатын жағдайлардың мазмұны:
1) әрбір студенттің өз сезімі, жағдайы және қатынасы жайлы ойы басқа топқа қатысушылардың сол адамның сезімі жағдайы және қатынасы жайлы түсінікпен сәйкестендіріледі;
2) әрбір студенттің өз сезімі, жағдайы және қатынасы жайлы түсінігі басқа топқа қатысушылардың да өз сезімі жағдайы және қатынасы жайлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психология пәніне түсініктеме
Әлеуметтік –психологиялық тренинг (ӘПТ) ұғымы,мақсат,міндеті,түрлері,принциптері
Ұжым психологиясы мәселесі
Социология және әлеуметтік психология: жалпы және ерекше
Педагогика ғылымында әлеуметтік педагог іс-әрекетінің теориялық негіздері
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейін қасиеттерін дамыту
Мектеп алды кезеңдегі дағдарыс
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
Пәндер