ХХІ ғасырда шет тілі мұғалімінің рөлі


ЖОСПАР
- Кіріспе
ХХІ ғасыр мұғалімі
- Негізгі бөлім
- ХХІ ғасырда шет тілі мұғалімінің рөлі
- Заманауи шет тілі мұғалімінің кәсіби шеберлігі
- Қорытынды
Табысты мұғалім - табысты оқушы
КІРІСПЕ
Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, ақыл-ой және шығармашылық әлеуеті қалыптасқан, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл ұстаз қажет. ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде маңызды рөл атқарады. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі, сондықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. «Білім беруді дамыта алмаған ел ХХІ ғасырда күйреуге ұшырайды» деп Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» Жолдауында атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының білім жүйесі дүниежүзілік білім жүйесіне сәйкес болуы тиіс. Біз соған ұмтылуымыз керек. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы да осыны меңзеген.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі - жастарға терең білім беру және білім сапасын көтеру. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Жаңа бастамалардың бірі - Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін педагогтар біліктілігін арттырудың деңгейлік курстары. Бұл курс бағдарламасында оқытудың 7 модулі төңірегінде, яғни білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, білім беруде АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту оқыту, оқушыларды жас ерекшелеріне сәйкес білім беру, білім берудегі басқару және көшбасшылық жүйеленген. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушыларға терең де жүйелі білім беруде мұғалімнің жан - жақты білімді және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Ғұлама ғалым әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі», - деп ең алдымен, балаға тәрбие берілуі керектігін алға тартады. Демек, тәрбие мен оқыту - біртұтас үрдіс. Олай болса, жаңашыл ХХІ ғасыр ұстазының басты міндеті - оқушыларды тәрбиелей отырып, сапалы білім беру.
ХХІ ғасыр - ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Сапалы білім беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз іздену - бүгінгі таңда барша ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Барлық ізденімпаз мұғалім өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуға тырысуы қажет. Яғни, бүгінгі сабақ кешегі өтілген сабақтан өзгеше, ал ертеңгі берілетін сабақ бүгінгі сабақтан деңгейі жоғары деңгейде өтілуі тиіс.
Қандай да болмасын әдіс-тәсіл қолданған мұғалім үздіксіз іздену үстінде болса, сол мұғалімнің жаңашылдыққа деген талпынысы. Әрбір мұғалім Л. Толстойдың: « . . . мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақты жан-жақты ойластыра және оны оқушының шама-шарқымен салыстыра алатын болса, оқушының ой-өрісін көбірек қадағалайтын болса, жауаптар мен сұрақтар беруге көбірек шақырып отыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл соғады» деген сөзінің мәні жойылмағанын түсіну керек. Оқушыны оқыта отырып, қабілетсіз оқушы болмайтынын, оқушылардың дара қасиеттерін танып-білуде мүмкіндігі шектеулі әдістеме барын жаңашыл ұстаз түсінеді және ұстаз өзінің жас ұрпақ бағбаны болатындығын сезеді. Сондықтан, ұрпақ болашағы - ұстазға байланысты. Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген болатын. Сондықтан мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп, үйренумен қатар, сол білімді күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейеді. Мұғалім қай пәннен бермесін ол баланың өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
- ХХІ ғасырда шет тілі мұғалімінің рөлі
Жаһандық әлемде қарым-қатынастың басым бөлігі ағылшын тілінде жүргізіледі. Барлығымыз білетіндей қазіргі таңда ағылшын тілі әлемдік тілге айналды және басқа тілдермен бірге жақсы қарым қатынас жасауға мүдделі. Ағылшын тілін үйретуде, әсіресе мектеп оқушыларын оқытуда олардың барлық зейінін тілге бұру маңызды рөл атқарады.
Браун мен Х. Дуглас “Мұғалімдер оқыту процесінде көп рөл атқара алады және бұл оқуды жеңілдетеді. Олардың өз рөлдерін тиімді орындау қабілеті олардың өз оқушыларымен қарым-қатынас орнатуына және, әрине, олардың білім мен дағдыларының деңгейіне байланысты болады” деген. Ағылшын тілі мұғалімдерінің сыныптағы ең танымал рөлдерінің кейбірін атап өтейік.
- Бақылаушы:оқушылардың іс әрекетін, сөйлеуін және олардың қалай сөйлейтінін мұғалім толық бақылауда ұстайды. Мұғалім бұл рөлді ағылшын тілін жаңадан үйрете бастағанда және оны үйретуде сөздің дыбысталуы мен оны қайталауда нақты тиімді әдістер қолдану керек болғанда атқарады. Бұндай сабақта мұғалім басты назарда болады. Мұғалім тілді оқытуда өзінің білімі мен тәжірибесі арқылы оқушыларды шабыттандыра алуы мүмкін, бірақ бұл оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту үшін жеткіліксіз.
- Суфлер немесе сыбырлаушы:мұғалім оқушыларды сабаққа белсенді қатысуға ынталандырады және оларға тілді үйренудің тиімді жолдарын ұсынады. Оқушылар кейде сөйлеу барысында сөзден шатасып немесе айтар сөздерін ұмытады сондай жағдайларда мұғалім сыбырлаушы рөлінде оқушыларға демеу беріп, көтермелеуі мүмкін. Оқушылар кейде қалай әрекет ету керектігін білмей, өз өзіне сенімсіз болады, сол кезде мұғалім әрқашан қолдау мақсатында кеңестер айта алады.
- Ресурс:мұғалім - бұл қажет болған жағдайда көмек ұсынуға немесе қарым қатынас жасау кезінде оқушыларға білмей тұрған жерін жеткізуге дайын жүретін ресурстық орталық іспетті. Мұғалім оқушыларға қажет болған кез келген уақытта қасынан табылуы керек. Ресурс орталығы ретінде мұғалім оқушыларды қол жетімді ресурстарды мысалға, интернетті пайдалануға бағыттай алады, алайда оқушыларды қасықпен тамақтандырған сиякты дайын нәрсеге үйретудің қажеті жоқ, себебі мұның кері жағы болуы мүмкін.
- Бағалаушы:мұғалім бұл рөлді оқушылардың тапсырманы қаншалықты жақсы орындағанын байқау үшін атқарады. Ол үшін кері байланыс және түзету жұмыстарын ұйымдастырады. Оқушыларды бағалаудың көптеген тәсілдері бар. Бағалаушының рөлі мұғалімдерге оқушыларды түзету мүмкіндігін береді. Алайда, оқушыларға баға қоюда оған түсіністікпен қарамай, қолдау білдірілмесе, онда ол оқушының өзін-өзі бағалауына кері әсер етіп, мақсатты түрде тілді үйренуде сенімділігін жоғалтуы мүмкін.
- Ұйымдастырушы:мұғалім атқаратын ең күрделі және маңызды рөл. Көптеген іс-әрекеттердің табысты болуы оның жақсы ұйымдастырылуы мен оқушылардың не істеу керектігін дәл білетіндігіне байланысты. Бұл рөлді атқаруда нақты нұсқау беру - іс-әрекеттерді ұйымдастыру секілді өте маңызды. Бұл рөл мұғалімге сөйлеу, оқу іс әрекеттеріне немесе ойынға оқушылармен бірге қатысуға мүмкіндік береді. Мұғалім, сондай-ақ жүргізілген іс әрекетке кері байланыс береді.
- Қатысушы:бұл рөлде мұғалім сабақ барысында тапсырмалар орындауға, ойынға қатысады және бұл сынып атмосферасын жақсартуға септігін тигізеді. Бірақ осы рөлді атқару барысында мұғалімнің басымдылық (доминанттық) таныту қауіпі бар. Ал егер мұғалім өзі шетке шығып, өзіне көп назар аудартпай іс әрекетке қатысса, мұғалім сыныпты жандандыра алады және бұл оқушылармен өзара әрекеттесудің тамаша тәсілі болуы мүмкін.
- Жетекші:оқушылар өзіндік жұмыс жасағанда немесе жобалық жұмысқа қатысқан кезде мұғалім жаттықтырушы ретінде әрекет етеді. Мұғалім оқушыларға кеңес мен ұсыныстар береді, оларға негізгі ойды (идеяларды) анықтауға көмектеседі. Бұл рөл оқушыға ерекше көңіл бөлудің тамаша жолы болуы мүмкін. Бұл сондай-ақ мұғалімге оқушыға ағылшын тілін үйретуді оның нақты қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Алайда, бұл оқушыны бір мұғалімге тәуелді болуына және бір ғана әдіске немесе бір ғана оқыту стиліне үйреніп қалуына әкелуі мүмкін.
Ал енді мұғалімнің бірнеше рөлдерімен танысқаннан кейін шын мәнінде сабақ барысында оның қалай орындалатынына көз жүгіртейік. Сыныпта әр түрлі жаттығулар орындау барысында, мысалға, топтық ойын кезінде мұғалім оқушыларды жігерлендіруші, ынталандырушы, әділ мұғалім рөлін атқарады. Ал рөлдік ойын ойнау барысында қолдаушы, айқындаушы, ынталандырушы рөлін атқарады. Мәтінді дауыстап оқу кезінде мұғалім әсерлі, бұйырушы болуға, қызықты етіп оқуға тырысады. Бүкіл сыныппен тыңдалым жасау барысында нәтижені айқындаушы, демеуші қызметін атқарады. Бұдан мұғалімнің атқаратын рөлдерінің өзара жиі ауысатынын байқаймыз. Бір жаттығу жасау барысында бір рөлден екінші рөлге біртіндеп көшетінін байқаймыз. Мұғалімнің рөлі ешқашан тұрақты болмайды. ХХІ ғасыр оқушыларына білім беруде олардың осы жаһандық ортада өмір сүру талаптарына және өз орнын табу мүмкіндігіне байланысты мұғалімнің де өзгеру керектігін байқауға болады.
Интербелсенді мұғалім сыныптың топтық динамикасын толық түсінеді. Бүгінгі күні оқушыларды табысты оқыту көбінесе олардың бір-біріне және мұғалімге деген көзқарасына, сыныптағы жағымды ортаға, оқушылардың бір-бірімен қаншалықты тиімді қарым-қатынас жасайтынына, сыныпта мұғалімнің рөліне де байланысты.
- Заманауи шет тілі мұғалімінің кәсіби шеберлігі
Шет тілдерін іс жүзінде меңгеру, сонымен қатар мектеп оқушыларының коммуникативті мәдениетін қалыптастыру және дамыту - бұл шет тілдерін оқытудың басты мақсаты. Қазіргі заман мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұр, олардың басымдығы: әр оқушының алған білімін практикада қолдана алатындай жағдай жасау; әр оқушының өз белсенділігін көрсете алатын, шығармашылық қабілетін дамыта алатын, сондай-ақ шет тілдерін оқыту процесінде танымдық белсенділікті арттыра алатын осындай оқыту әдістерін таңдау.
Шетел тілінің қазіргі заманғы кез-келген мұғалімі меңгеруі керек негізгі қасиеттерді шартты түрде төрт топқа бөлуге болады: адамның әлеуметтік сапалары, педагогикалық құзыреттілігі, пәнді білу және мұғалімнің жеке қасиеттері.
Әлеуметтік сапалар
Мұғалімнің профиліне қарамастан, оқушылар мен студенттермен қарым-қатынас жасау қабілеті ол үшін әрқашан маңызды, сол арқылы педагогикалық процесті тиімді басқарады. Бұл дағдыларға студенттерді ынталандыру мүмкіндігі де кіреді; студенттерге көмек қажет болған кезде уақыт беру; оқуға ынталы болу; оқушыларға салауатты сынып ортасын құру арқылы оң көзқараспен қарау. Көптеген ғалымдар қазіргі заманғы мұғалімнің маңызды сипаттамаларының бірі - оқу процесін тиімді ете отырып, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас құра білу деп тұжырымдайды.
Тағы бір айта кететін жайт, бүгінде мұғалім оқу үдерісі оқушыларда қандай сезімдер туғызатынын көруі керек және қажет болған жағдайда олардың алдын алады. Оқушылардың бойында мазасыздық, қорқыныш, белгісіздік сияқты жағымсыз эмоциялардың болуы заңды, сондықтан мұғалім сыныпта әр оқушы өзін еркін сезінетін, сенімді және эмоционалды деңгейге назар аудара алатындай жағдай жасауы керек.
Кәсіби құзыреттілік
Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап «кәсіби құзыреттілік» термині көптеген ғалымдардың, соның ішінде Н. В. Кузьминнің, А. К. Марковтың, Т. И. Рудневаның, Г. Н. Стаиновтың және басқаларының зерттеу объектісіне айналды, педагогика теориясындағы өз позициясын бекітті.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі деп табысты педагогикалық іс-әрекетке қажетті кәсіби және жеке қасиеттер жиынтығы түсініледі.
Кәсіби құзыретті мұғалімді жеткілікті жоғары деңгейде педагогикалық іс-әрекетті, педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыратын және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде үнемі жоғары нәтижелерге қол жеткізетін мұғалім деп атауға болады.
Кәсіби құзыреттіліктің дамуы дегеніміз - шығармашылық даралықты дамыту, педагогикалық инновацияларға рецептивтілікті қалыптастыру, өзгеріп отыратын педагогикалық ортаға бейімделу қабілеті. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуы мұғалімнің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты.
Қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мұғалімнің біліктілігі мен кәсібилігін, яғни оның кәсіби құзыреттілігін арттыру қажеттілігін туғызады. Заманауи білім берудің басты мақсаты - жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, қоғамдағы әлеуметтік бейімделуге қабілетті, өз елінің азаматының әртараптандырылған тұлғасын дайындау, еңбек қызметінің бастауы, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру. Өз іс-әрекетінің нәтижелерін болжай отырып және оқу процесін модельдей отырып, еркін ойлай отырып, мұғалім қойылған мақсаттарға жетудің кепілі болып табылады. Сондықтан қазіргі кезде қарқынды өзгеріп жатқан әлемде жеке тұлғаны тәрбиелеуге қабілетті, білікті, креативті ойлауға қабілетті, бәсекеге қабілетті тұлғаға деген сұраныс күрт өсті.
Тәртіп туралы білім
Барлық оқушыларды бүгінгі стандарттарға сай оқыту үшін мұғалімдер оқушыларға ақыл-ой карталарын құруға, бір идеяны екінші идеямен байланыстыруға және қате түсініктерді түзетуге көмектесу үшін оқытылатын пәнді терең түсінуі керек. Мұғалімдер идеялардың басқа пәндерге және күнделікті өмірге қаншалықты сәйкес келетіндігін көруі керек. Мұндай түсінік мұғалімдерге басқаларға қол жетімді етіп ойларын айтуға мүмкіндік беретін оқытылатын пән бойынша педагогикалық білімнің негізі болып табылады.
Ең алдымен мұғалімнен өз пәнін қазіргі ғылыми деңгейде терең және жан-жақты білуі талап етіледі. А. С. Макаренко студенттер мұғалімдеріне қаттылықты, еркелікті кешіретінін, бірақ өз пәнін нашар білетіндігін кешірмейтіндігін атап өтті. Егер сіз өз мамандығыңызды жетік меңгермесеңіз, сіз жақсы мұғалім бола алмайсыз: «Өзіңде жоқ нәрсені басқаларға беру мүмкін емес», - деп жазды А. Дистервег.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz