Өсімдіктер физиологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы


Кіріспе
«Өсімдіктер физиологиясы арнайы практикумы» курсы өсімдік жасушалары органоидтарының құрылысы мен қызметін, фотосинтездің жарық пен қараңғы фазаларының маңыздылығы мен механизмін, тыныс алу субстраттарының тотығу жолдарын, фото жасанды және тотықтырғыш фосфорирлеу, өсімдіктердегі минералды элементтердің рөлі мен олардың метаболизмі, өсімдіктер физиологиясы дамуының нысандары мен кезеңдері, өсімдік жасушаларының негізгі құрылымдық элементтерін; өсімдіктер жасушаларында жүретін, физиологиялық процестер; өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуға, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жоғарылатуға бағытталған, қабылдау жүйелері үшін теориялық негіз ретінде өсімдіктер физиологиясының мүмкікдіктерін; негізгі физиологиялық процестерді меңгеру бойынша тәжірибелер жүргізудің дағдыларын алуды меңгеруге негізделеді.
Пәнді оқытудың мақсаты: өсімдіктерде негізгі фотосинтез, тыныс алу, су режимі және тіршілік негізін құрайтын басқада жағдайларды зерттеу, талқылау, оларды адамзатқа пайдалы жағына өзгерту болып есептеледі.
Пәнді оқытудың міндеттері: өсімдік клеткасы органоидтарының құрылысы мен атқаратын қызметтерін, фотосинтездің жарық пен қараңғы сатыларының мәні мен механизмдерін, тыныс алу құбылысында өтетін тотығу процестерін, фотосинтез бен тыныс алу процесіндегі фосфорлануды, минералдық элементтерінің физиологиялық мәнін және метабализмнің, су және минералдық заттардың клеткаға енуін және өсімдік бойы тасымалдануын, өсу мен даму заңдылықтарын, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігінің негіздерін білуге міндетті.
- өсімдік клеткаларын іn vіtro жағдайында өсіру туралы және оларды биотехнологияда пайдалану жөнінде білуге
- Өсімдіктің клеткаларын, ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіру әдістерін қолдануға
- негізгі физиологиялық процестерді меңгеру бойынша тәжірибелер жүргізу дағдыларына ие болуға
-Өсімдіктер өмір сүруінің жалпы заңдылықтары туралы білімінің заманауи жағдайын білуге
- Өсімдіктер өмір сүруінің жалпы заңдылықтары мен механизмін түсінуге
- Ағзалардың әртүрлі жүйелеріндегі және олардың құрлымдық элементтердің өзіне тән ерекшеліктерін анықтауға міндетті.
Пәннің пререквизиттері: Өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтау, Өсімдік шикізаттарын өңдеудің физико-химиялық негіздері және жалпы принциптері, Өңдеу өндірістері өнімдерінің биохимиясы.
Пәннің постреквизиттері: Диплом алды практика, Диплом жұмысы
Пәннің оқыту нәтижелері: - өсімдіктердің тіршілік әрекетінің заңдылықтары, биохимиялық, молекулалық негіздегі күрделі қызметтер мен олардың тұтасағзалар жүйесіндегі реттелу механизмдерінің өзара тәуелділігінің заңдылықтары туралы түсіну
- теориялық дайындық деңгейін әрі қарай жоғарылату үшін алынған білімді қолдану
- өсімдіктер ағзаларын зерттеу барысында практикалық және тәжірибе қоюдың кәсіби алғашқы дағдыларын талдау
- Өсімдіктердің өсуі мен дамуы, өсудің жеке көрсеткіштері, өсімдіктер тұрақтылығына әр-түрлі минералды элементтердің әсер етуін талдау жасау
1. Курстың мазмұны
Негізгі және
қосымша
Модуль 1. Кіріспе. Өсімдік жасушасының физиологиясы.
1 апта
31- 4 қаңтар-ақпан
1 тақырып . Өсімдіктер физиологиясының зерзаты.
Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясының зерзаты - өсімдік жасушасы. Өсімдік жасушасының құрылымдық бөліктері: ядро, пластидалар, митохондриялар, рибосомалар, вакуоль, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, микротүтіктер, пероксисомалар т. б.
НӘ:1-5, 8, 12
ҚӘ: 2-8, 15
Зертханалық сабақтың тақырыбы:
Өсімдік физиологиясы зертханасының жабдықталуы. Электрондық микроскоптың құрылысымен танысу
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
2 апта
7-11 ақпан
2 тақырып . Клетка органоидтарының физиологиялық қызметтеріне байланысты құрылымдық ерекшеліктері.
Жасуша қабығы, жасуша органоидтарының құрылысы және физиологиялық қызметтерінің ерекшеліктері
Зертханалық сабақтың тақырыбы:
Өсімдік жасушаларының құрылысын микроскопирлеу
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
3 апта
14-18 ақпан
3 тақырып . Өсімдіктегі су алмасуы
Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Судың молекулалық құрылысы жəне қасиеттері. Өсімдік жасушасына судың ену заңдылықтары . Осмостық қысым.
Зертханалық сабақтың тақырыбы:
Клетка сөлінің осмостық қысымын плазмолиздік әдіспен анықтау. (Де-фриз бойынша)
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
4 апта
21-25 ақпан
4 тақырып . Фотосинтез
Фотосинтез жəне оның маңызы туралы жалпы ұғым.
Жапырақ - фотосинтез процесі жүзеге асатын негізгі мүшесі. Хлорофилл молекуласының энергетикалық күйлері және электроңдық қозу энергиясының жұмсалу жолдары
Зертханалық сабақтың тақырыбы:
Фотосинтез. Фотосинтез кезіндегі оттегінің бөлінуі
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
5 апта
28-04 ақпан-наурыз
5 тақырып . Фотосинтез жарық және қараңғы сатысы
1. Фотосинтездің сатылары:жарық және қараңғы
Фотосинтездің қараңғы сатысының бағыттары
Жарықтың, температураның, сумен қамтамасыз етуі, минералдық қоректенуі, өсімдіктің жасының фотосинтезге əсері
Зертханалық сабақтың
Фотосинтез оттегінің қысымын өлшеу (кобра 3)
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
6 апта
7-11 наурыз
6 тақырып . Судың өсімдік денесінде жылжыуының жолдары жəне механизмдері.
Тамырға судың сіңірілуіне сыртқы жағдайлардың әсері
Топырақтағы судың күйлері, олардың өсімдікке сіңу деңгейі
Зертханалық сабақтың тақырыбы
Өсімдіктің сабағы арқылы судың және минералды заттардың жылжуы
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
7 апта
14-18 наурыз
7 тақырып . Транспирация
Өсімдік бойымен судың жылжуы. Транспирация (Булану процесі)
Зертханалық сабақтың тақырыбы
Өсімдіктің булануы. (КОБРА 3 аппараты) .
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
8апта
21-25 наурыз
8 тақырып . Өсімдіктердің тыныс алуы
Тыныс алу туралы жалпы ұғымның даму тарихы. Тыныс алу мен ашу процестерінің байланыстығы
Зертханалық сабақтың тақырыбы
Өсімдіктердің тыныс алу процесін зерттеу
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
9 апта
28-01 наурыз
сәуір
9 тақырып . Өсімдіктердің минералдық қоректенуі
Минералды қоректену туралы жалпы ұғым. Өсімдіктерге минералдық элементтердің қажеттілігі жəне олардың мөлшері.
Зертханалық сабақтың тақырыбы
Өсімдіктерге тұзды топырақтардың әсері
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
10 апта
4-8
сәуір
10 тақырып . Өсімдіктердің минералдық қоректенуі
Жеке элементтердің физиологиялық маңызы. Макроэлементтер. Иондардың өзара əрекеттесуі. Азот, маңызы жəне табиғаттағы айналымы
Зертханалық сабақтың тақырыбы
Өсімдік күліне микрохимиялық анализ жасау
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
11 апта
11-15 сәуір
11 тақырып . Тыңайытқыштардың өсімдіктердің өсуіне әсері
Минералды тыңайытқыштар. Синтетикалық тыңайытқыштар. Дәстүрлі емес тыңайытқыштар.
Зертханалық сабақтың тақырыбы
Өсімдіктердің (қызанақтың) өсуіне өсу реттеуіштердің әсерін зерттеу
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
12 апта
18-22 сәуір
12 тақырып . Өсімдіктерге фитогормондардың әсері
Фитогормондар өсімдіктер гормондар. Өсу жəне даму деген ұғымдардың анықтамасы. Өсімдіктер өсуінің ерекшеліктері. .
Зертханалық сабақтың тақырыбы
Топырақ микроорганизмдерінің өсімдіктің өсуіне әсері
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
13 апта
25-29 сәуір
13 тақырып . Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктерді жасанды ортада өсіру.
Зертханалық сабақтың тақырыбы
Өсімдік материалын дайындап, эксплантты бөліп алу әдісі
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
14 апта
2-6 мамыр
14 тақырып . Өсімдіктердің көбеюі
Вируссыз өсімдіктерді алу.
Зертханалық сабақтың тақырыбы
Вируссыз өсімдіктерді алу.
НӘ:3, 5
ҚӘ: 1-2, 8
15 апта
9-13 мамыр
15 тақырып Өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі
Өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі - тіршілік жағдайларына бейімделушілік белгілері. Өсімдіктердің қолайсыз температуралық жағдайларына төзімділігінің физиологиялық негіздері.
НӘ:1-5, 8, 12
ҚӘ: 2-8, 15
Зертханалық сабақтың тақырыбы
Қорытынды
НӘ:1-5, 8, 12
ҚӘ: 2-8, 15
2. Оқу сабақтарын өткізу түрлері:
Зертханалық сабақтар : виртуалды зертханалық жұмыстар, зерттеу, эксперименттік, зертханалық жұмыстарды жеке орындау, зертханалық жұмыстарды топтық орындау.
Практикалық (семинар) сабақтар : практикалық жағдайларды талдау, виртуалды практикалық тапсырмаларды орындау, миға шабуыл, диалог, рольдік ойын, полемика, диспут.
СӨЖ: Тапсырмаларға жатады: тест тапсырмаларын жасау, бақылау жұмыстарын орындау, эссе, реферат, интеллект карта, презентациялар дайындау және т. б.
3. 1 Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімдерін бақылауды қамтиды: лекциялардағы сұрау, практ / семин. сабақтарындағысұрау және сабақ айту, үй тапсырмасын орындау, зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау, СӨЖ және курстық жұмысты (жобаны) қорғау;
3. 2 Аралық бақылау -коллоквиумдарды тапсыру, ауызша сұрау жүргізу, жазбаша жұмыстарды, тест тапсырмаларын қорғау және т. б. үлгілер. (оқытушының қалауы бойынша) ;
4. 1 Оқытушының талаптары:
4. 1. 1 Студент өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкескафедра анықтайды.
4. 1. 2 Дедлайнның бұзылуымен тапсырылған тапсырмалар белгіленген бағадан 20% төмен бағаланады;
4. 1. 3 Сабаққа қатаң түрде кесте бойынша қатысу;
4. 1. 4 Ауырған жағдайда сабақта болмағаны үшін анықтама ұсыну;
4. 1. 5. Жіберілген сабақтарды студент кафедрада бекітілген ОСӨЖ кестесі бойынша тапсырады.
4. 1. 6 Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау;
4. 1. 7. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда оқытушы студентті аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар кезінде - студентті осы сабақтанблоктайды) және сабақтан себепсіз қалу фактісін тіркейді.
4. 1. 8 Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды ұсыну кезінде плагиатқа, көшіріп алу және алдаудың өзге де түрлеріне жол бермеу;
4. 1. 9 Жазбаша емтихандарда плагиатқа тексеруден өтпеген жауаптар есептелмейді, бұған қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады;
4. 1. 10 Білім алушы сабақ барысында міндетті түрде маска тағуы керек және антисептигінің болуы қажет;
4. 2 Курстың саясаты мен рәсімдері:
Курстың саясаты мен рәсімдері пәнді оқу барысында студентке қойылатын келесі әкімшілік талаптарды көрсетеді:
4. 2. 1 СӨЖ тапсырмалары семестрдің 1-ші аптасында беріледі
4. 2. 2 ОСӨЖ барысында оқу пәнінің неғұрлым күрделі мәселелері, үй тапсырмалары, есептер, СӨЖ және т. б. орындау және қорғау бойынша он-лайн кеңестер өткізіледі.
4. 2. 3 Емтиханға кемінде 25 балл жинаған студенттер жіберіледі.
4. 2. 4 Аралық аттестаттау (емтихан) кезеңіндегі қорытынды бақылау бағасы 40% құрайды.
4. 3 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету*
4. 3. 1. Оқу процесін ұйымдастыруда жеке сараланған тәсіл
4. 3. 2. Сабақтың барлық түрлеріне жеке сараланған тәсіл
5 Студенттің өзіндік жұмысы бойынша тақырыптар мен тапсырмалар (оқу форматын ескере отырып)
Дереккөздер,
бет
1 модуль бойынша
1 межелік бақылау
Коллоквиум
Тест алу ауызша сурау
2 модуль бойынша
2 межелік бақылау
Коллоквиум
Тест алу ауызша сурау
6. 1 Студенттің оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау жүйесі (ұсынылады: оқытушыға пәннің ерекшелігін, сабақтың түрі мен СӨЖ ескере отырып, өзіндік бағалау жүйесін жасау қажет)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz