Сумен жабдықтау жүйелері. Дәріс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 2. Сумен жабдықтау жүйелері

1. Сумен жабдықтау жүйелерінің негізігі ғимараттары

Сумен жабдықтау жүйелері кез келген мекенжайды сумен қамтамасыз ететін құрылыстардан тұрады және олардың мақсаты суды табиғи су көздерінен қабылдап, оны тазалап және тиісті жерлерге жеткізіп беру болып табылады.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау үшін Сумен жабдықтау жүйелерінің құрамына мынадай ғимараттар кіреді:
а) табиғи су көздерінен суды қабылдау ғимараттары:
б) суды белгілі қысыммен тиісті биіктікке немесе белгілі бір жерлерге жөткізіп беретін сорғыштар станциялары:
в) судың сапасын өзгертетін, жақсартатын және тазартатын ғимараттар:
г) су өткізгіш (водоводы) және суды таратып беретін құбырлар:
д) суды сақтаушы және реттеуші сыйымдылықтар.
Төменгі суретте Сумен жабдықтау жүйесінің негізгі ғимараттарының орналасу сұлбасы көрсетілген.

1 - су қабылдағыш; 2 - бірінші су көтергіш бекеті; 3 - су тазарту бекеті; 4 - таза су резеревуары; 5 - екінші су көтергіш бекеті;
6,7 - су өткізгіш және таратып беруші құбырлар; 8 - арынды мұнара.
сурет. Сумен жабдықтау жүесінің сұлбасы

Суреттегі ғимараттардың орналасу орнын өзгертуге де болады. Мәселен, бірінші мен екінші сорғыш станциялары біріктірілуі мүмкін. Кейбір жағдайда олар тіпті бір-бірінен өте алыс орналасуы да мүмкін.
Сумен жабдықтау сұлбасына табиғи су көздерінің сипаты, сапасы және су көлемі әсер етеді. Егерде суды тұтынушыларға тазаламай беру мүмкін болған жағдайда, онда су тазалау ғимараттарын салып жатудың қажеті жоқ. Мұндай, әсіресе жер асты суларын пайдаланатын жүйелерде жиі кездеседі (сурет).

1 - артезианды құдық; 2 - жұмыс павильоны немесе сорғыш бекеті; 3 - жинаушы құбыр; 4 - таза су резеревуары; 5 - екінші су көтергіш бекеті; 6,7 - су өткізгіш және таратып беруші құбырлар.
сурет. Жер асты су көздерін пайдалану сұлбасы

Қабылданған су көзі судың аздығынан мекенжайды толығымен сумен қамтамасыз ете алмайтын болса, онда әр түрлі су көздерін пайдалана отырып елді мекендерге су жеткізіп беруі мүмкін.
Жер бедерінің де су жүйесінің сұлбасына әсері бар. Мәселен, табиғи су көздері су жүйесі құрылып жатқан мекенжайдан жоғары жерде орналасқан болса (мәселе, таулы жерлерде), онда суды сорғыштарсыз да жөнелтеуге болады.
Кейбір жағдайларда, табиғи су көздері су қолданылатын жерден едеуір алыста болады. Сол себептен су өткізгіштердің ұзындығы ондаған, кейде жүздеген шақырымға дейін созылуы мүмкін.
Су тазалағыштар қабылдағыштарға немесе қалада жақын жерге орналасуы мүмкін. Жалпы айтқанда, сумен жабдықтау жүйелерін және олардың сұлбаларын жергілікті жағдайға сәйкестендіре отырып тандаған жөн.
Арынды мұнаралар жер қыртысының ең биік жерлеріне орналасатындықтан, оның су құбыры торабының бас жағында (сурет), соңында немесе кез келген нүктесінде болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылған сумен жабдықтау жүйелері үлкен немесе шағын қалаларда және өнеркәсіп орындарында кездесуі мүмкін. Дегенмен, өнеркәсіп мекемелерінде су жүйелерінің өзгеше және науаулы түрлері де кездеседі.
Егер өндіріс мұқтажына жұмсалатын су онша ластанбаған немесе сәл ғана жылыған болса, ондай суды оңай тәілдермен тазалап немесе салқындатып. Мұндай жүйені айналмалы деп аталамыз (сурет).
Бір өнеркәсіп орнынан немесе цехтан шыққан суды екінші бір өнеркәсіп орнында немесе цехта пайдаланған жағдайда қайтадан беру (тіөбектелген) су жүйесін қолданған жөн. Осы аталған жүйелерді қолдану арқылы табиғи көзлерінен алынатын су шығынын азайтуға болады.
Егерде бір - бірінен әр түрлі қашықтықта орналасқан көптеген елді мекендер (аудандар) жер жағдайына байланысты бір табиғи су көзінмен қамтамасыз етілетін болса, ал енді кейінгі кездерде жиірек қолданылып келе жатқан топтастырылған (ауданаралық) жүйелер құрылуы мүмкін. Топтасқан жүйенің құны әр мекенжайда құрылған жеке су жүйелерінің далпы бағасынан әлдеқайда төмен болады. Осындай жүйелер арқылы көптеген елді мекендер оңай және арзан жолмен сумен қамтамасыз етілуі мүмкін.

1 - қосымша су қабылдағыш; 2 - салқындатқыш (тазалағыш);
3 - айналмалы циклдің сорғыш бекеті; 4 - өнеркәсіп орны;
5,6 - құбырлар.
сурет. Айналмалы су жүйесі

Сумен жабдыктау жүйелері мекенжайды сумен үзіліссіз және сенімді түрде қамтамасыэ етуі шарт. Бірақ жүйелердің.жұмысы әр түрлі құбылыстарға тәуелді болатындықтан (су көздеріне, электр-қуатына т.б.), олар мекенжайға келетін су көлеміи азайтып, сапасын және арынын төмендетулері де мүмкін. Сондықтан жүйелердің жұмыс қабілетім жақсарту мақсатында олардаң басты элементтері қосарланған ( резервтері) болып, ал кейбіреулері кідіріс кезінде өзінен су беде аларындай сыйымдылықтар орматылуы тиіс.

2. Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі

Жоғарыда айтылған сумен жабдықтау жүйелері оларға тек түсініктеме бергені болмаса, олардың түрлері мен ерекшеліктерін түгелдей қамти алмайды.
Сумен жабдықтау жүйелерін мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:
а) тұтынушылардың түрлеріне қарай шаруашылық-ауыз су жүйелері, ауыл-шаруашылық, өндірістік, өрттік және т.б. жүйелер;
б) мекенжайлардың түрлеріне қарай қалаларды, елді мекендерді, өндірістерді сумен жабдықтау жүйелері;
в) мекенжайлардың қамтылу санына байланысты топтасқан немесе ауданаралық; жергілікті - бір мекенжай (меншікті) үшін құрылған жүйе;
г) суды пайдалану ретіне қарай тікелей ағатын, айналмалы, қайтармалы;
д) қабылданған табиғи су көздері бойынша жер бетіндегі су көздерін (теңіздер, өзендер, көлдер, су қоймалар) қолданатын жүйелер;
е) судың жіберілу тәсіліне қарай өзі ағатын (гравитациялық), арынды.

3. Сумен жабдықтау жүйелерін таңдау

Мекенжайлардың қайсысында болмасын (қала, ауыл, өнеркәсіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
«Ғимараттар мен құрылымдардың инженерлік жүйелері»
Сорапты станциялардың құрылымы және жабдықталуы
Рудный индустриялық институты
Электр энергиясының түрлену және тұтыну процесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергияны үнемдеу бағдарламасы
Алматы қаласындағы ғылыми зерттеу орталықтары мен оқу орындарын біріктіретін ветеринарлық клиника жобасы
Қазақстан Республикасында су ресурстарының таралуы және қамтамасыз етілу жағдайларын анықтау және оларды жою шараларынның бағыттарын көрсету
Жұмыс орнындағы ауаның зиянды заттарынан қорғау
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Пәндер