Ұжымдық тәрбие негіздері


Ұжымдық тәрбие негіздері. И. П. Иванов бойынша ұжымдық шығармашылық істердің сипаттамасы.
1. Ару Оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олар-дың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұынын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
“Тәрбие шарасы”. Топтық, ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырыл-ған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады (Н. Е. Шуркова бойынша)
“Тәрбиесі” ұжымдық шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысы-нан қарастырылады - үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар жәй қатысушы-лар) және тәрбиеленушілердің (И. П. Иванова бойынша) .
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық-бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылы-ғы, мәні мен мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйым-дастыру формасына тікелей қатысты, оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді- белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т. б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лек-тория, саяхат, мектеп балы т. с. с. Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, “Адамға музыка не үшін қажет?”- пікірталас, “Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды? ”- тәрбие сағаты, “Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым”- дөңгелек стол, “Батыл да, күшті, епті-лер”- спорттық ойын т. с. с. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.
Жеке топ және шығармашылық әрекет түрінде атқарылады. Соның ішінде ұжымдық жұмыстарды ұйымдастырудың нәтижелі формасына - жеке топ болып әрекет етуді жатқызамыз. Ол барлық балаларды ұжымдық істерге қатысуға, олардың жеке мүмкіншілігін, қажеттілігін ескеруге жағдай тудырады.
1. Ұжымдық шығармашылық
Шығармашылық іс-әрекет оқушылардың бейімін шығармашылық, қызығушылығын дамы-туды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығарма-шылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркем-сөз оқу, қолөнер шеберлігі және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу мін-деттері атқарылады.
Ұжымдық шығармашылық әрекет формасы басқалардан тәрбиелік мін-деттерді қою және оқушылардың тәжірибе жинақтау сипатымен ерек-шеленеді. Оның негізін ұжымының барлық мүшелерінің өзара бірлескен әрекеттері, ынтымақтастығы жағдайы құрайды. Мұндай жағдайда олар сы-ныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты жоспар құруды, тәрбие шара-ларын дайындау және өткізуді бірлесе атқарады.
3. Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу бары-сында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынан-дай болып келеді.
2-Арайлым . Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат - педагогтрадың ұйым-дастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, “Жаңа жыл бал-маскарады”, “Қайырымдылық акциясы”, “ғылыми апта-лық”т. с. с.
Мақсат - тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, “Адамға музыка не үшін керек ?” - тақырыбының мақсаты оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:
1) оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау (сауалнама, әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы т. с. с) .
2) музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдас-тыру) ;
3) әр түрлі музыка жанрларына белгілі бір қатынастарын орнықтыру (мұ-ғалімнің сөзі, оқушылардың пікірі, әңгіме жүргізу, мәдени жорық, кездесу өткізу) .
2. Тәрбие жұмысының формасын таңдау, шараның тақырыбын анықтау. Мысалы, пресс-конференция, оқырмандар конференциясы, тақырып-тық сағат, демалыс кеші, көңілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөңгелек стол т. с. с.
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан даярлау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері:
- шараның басталуы, психологиялық көңіл-күйді орнықтыру, әдеби-музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күйтабақ немесе үнтас-па ойнату;
- ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақса-тын, барысын баяндау;
- негізгі бөлім: шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әрекеттері,
- қорытынды бөлім: шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсе-рін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру т. с. с.
5. педагогикалық талдау жұмысы: шараның өту нәтижесін және оқушы-лардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал-тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу т. с. с.
біз жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын кел-тірдік. Бірақта оларды тәртіпке салу мақсатында кейінгі кезде педагоги-калық әдебиеттерде оқушылардың сабақтан тыс әрекеттерін ұйымдас-тыру формасының картотекасын құру ұсынылуда. Атап айтсақ:
- Таным әреетін ұйымдастыру: ауызша жорнал, білім байқауы, викто-рина “Не? Қайда? Қашан?”, ғылыми-апталық, психологиялық прак-тикум т. б.
- Құндылық-бағдарлық әрекет: қызықты кездесулер, түрлі бағыттағы конкурстар, шығармашылық кештер, тәрбие сағаттары, интеллек-туалдық шоу, дебаттар т. б
- Еңбек әрекеті: мектептегі кезекшілік, техникалық шығармашылық көрмесі, көгалдандыру жұмыстары, сембіліктер, сынып бөлмелерін жөндеу жұмыстары, мектеп участкелеріндегі жұмыс.
- Қоғамдық пайдалы еңбек: дәрі-дәрмек шөптерін, қағаз, темір қал-дықтарын жинау, қайырымдылық, ынтымақтастық акциясын ұйым-дастыру, балалар бақшасын және үйін қамқорлыққа алу т. с. с.
Көркемөнер - шығармашылық әрекет: жаңа жыл, күгі және көктемгі бал кеші, көркемөнернпаздар кеші, этикалық театр, әдеби-музыкалық композиция, авторлық өлең кеші, театр, мұражай, көрмелерге бару, пікірталас және т. б.
Физкультура - спорттық әреет: денсаулық күні, туристік слет, туристік жорық, “Жүгірушілер күні”, “Көңілді старт”, “Кіші олимпиадалық ойындар”, ауызша журнал “Спорттық колидоскоп”, “Спорттық огонек”, “Салауатты өмір салты” т. с. с.
Ерікті қарым-қатынас әрекеті: авторлық өлең кеші, табиғат аясында немесе қала бойынша саяхат, концерт, байқау “Алло, біз талантты іздейміз”, поэзия кеші, психологиялық тренинг, мектеп балы.
Кейбір оқудан тыс тәрбие формалары бірнеше әрекетті өзіне қосуы мүмкін: фестиваль, жарыс, метеп мейрамдары, кездесу кеші, ғылым апталығы т. б. Мұндай оқудан тыс әрееттің әр түрлері ұжымдық ойлауды, ақылмен ойланып істелген жоспардың үлгісін құруды талап етеді.
Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергекетік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді.
4. Жеке топтық жұмыс тұлғаның қажеттілігін және қызығушылығын жүзеге асыру барысында оның дамуына мүмкіншілік тудырып қана қой-майды, сонымен бірге қабілетін де шыңдап, басқа да топтардың өзара әрекеттесуі барысында жалпы сынып ұжымының дамуына ықпал етеді.
3-Ақнүр Ұжымдық шығармашылық істі ұйымдастыру негізінен 5 кезеңнен тұрады:
1. Дайындық жұмысы. Мұғалімдер сынып ұжымымен болашақта атқарылатын шығармашылық істің жоспарын алдын-ала бел-гілейді, оның нақты тәрбиелік міндеттерін анықтайды, балаларға оның әртүрлі жобасын талқылау ұсынылады, олардың пікір-лерімен санаса отыра, жоба нақтыланады, соның барысында әрбір оқушының оған белсенділік қатысын орнықтыратын тәсілдері қарастырылады.
2. Ұжымдық жоспарлау. Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни, олар қойылып отырған мәселеге сай оның шешімін ұжым болып немесе топ-топ болып бірлесе қарастырады. Шараның құрылымын белгіліп, нақты жоспарын құрады. Белсенді топ құрылып, жауапты адамдар тағайындалады. Басшысы сайланады.
3. Ұжымдық іс-қимыл. Ұйымдастыру тобы дайындық жұмыстары-ның жоспарын құрып, оны нақтылап, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. Оны ұйымдастыру барысында жекелеген оқу-шыларға немесе топқа тапсырмалар бөлініп, олардың барысын қадағалап отырады. Сынып жетекшісі бұл кезеңде оқушылардың бастауларына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық пен ын-талы жұмыс ітеуіне себепкер болады. Кейбір жекелеген оқу-шының бастамасы мен белсенділігін басқаларға үлгі тұтып оты-рады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz