Қазіргі педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Модуль 1. Қазіргі педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар

1 тақырып. Педагогикалық парадигманың мәні және теориялық-тәжірибелік маңызы
1. Парадигма ұғымы.
2.Парадигма білім берудің концептуальді моделі ретінде.
3. Білім берудегі парадигмалдық тұрғының теориялық және тәжірибелік маңызы.

Парадигма (латын тілінен аударғанда) үлгі немесе мысал, алгоритм, нобай дегенді білдіреді.
Білім беру парадигмасы - білім берудің тұжырымдамалық нобайы. Бұл ұғымды Колесникова енгізген.
Білім беру парадгмаларын қалыптастыру адамзаттың әлеммен өзара әрекеттесудің әр түрлі тәсілдерін игеру барысында жүзеге асып отырған. Әр парадигма дүниені, педагогикалық нысандарды қабылдаудың, олардың мәнін түсінудің әр түріне сай келеді. Мәдениетке деген үш амал және білім берудің тұжырымдамалық үш үлгісі бар.
Мәдениетке деген үш амал:
1)аксиологиялық - мәдениет құндылық ретінде қарастырылады;
2)әрекеттік - материалдық немесе рухани құнылықтарды игеру, жасау бағытындағы белгілі бір іс-әрекет;
3)тұлғалық - мәдениет тұлғаның белгілі бір типтерінде, оның қасиеттерінде көрініс табады.
Осы мәдениетке деген үш амалға сәйкес білім берудің тұжырымдамалық үш үлгісі немесе үш парадигма бар:
1.Дәстүрлі-консервативті (аксиологиялық амалға сай) білім беру арқылы мәдениетті сақтау, оң мәні бар.
2.Рационалистік (әрекеттік амал) - баты назарда білім емес, әрекет ету тәсілдері.
3.Феноменологиялық (тұлғалық амал) - мәдениет құбылысы, білім беру субъектісі ретінде адамға деген ізгілікті қарым-қатынас.
Парадигмалар мыналар бойынша ерекшеленеді:
-білім беру мақсаттары бойынша,
-мектеп функцияларын түсіну бойынша;
-мақсатқа жету жолдары бойынша;
-педагогикалық әрекеттесу сипаты бойынша;
-оқушының білім берудегі позициялары бойынша.
Негізгі құндылықтарды таңдау білім беру парадигмасын айқындайды.

2-тақырып. Педагогикалық парадигмалар эволюциясы

1. Ғылымға парадигма ұғымының енуі.
2. ХХ ғасырдағы таным әдіснамасындағы маңызды өзгерістер. Көп парадигмалық тұғыр. 3.Педагогикалық теория мен тәжірибедегі парадигмалдық тұғырды сипаттайтын категориялар.
4. Білім беру мен педагогика дамуы тарихында парадигмалық тұрғылар (Ш.А.Амонашвили, Е.А.Ямбург, Г.Б.Корнетов, Г.П.Щедровицкий т.б.).

Парадигма ұғымы педагогикада философиядан алпы пайдаланылған. Антикалық және ортағасырлық философияда парадигма мәнгі идеялар, алғашқы бейне, үлгі саласын сипаттаған. Қазіргі ғылымда парадигма шешім үгісі ретінде ғылыми қауымдастықтың барлық мүшелері қабылдаған теориялық, методологиялық, аксиологиялық нұсқаулардың жүйесі. Алғаш оны позитивист Г.Бергман енгізген.
Америкалық физик, философ Т.Кун Ғылыми революциялардың құрылымы (1962) кітабында парадигманың екі аспектісі көрсетілген: эпистемикалық және әлеуметтік. Эпистемикалық тұрғыдан парадигма ғылыми іс-әректің үлгісі ретінде қабылданған фундаменталдық білімдер, құндылықтар, сенімдер және техникалық білімдердің жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік тұрғыдан - осы парадигманы мойындаған нақытылы ғылыми қауымдастық арқылы сипатталады.
Т.Кун кез келген тиімді зерттеуді, әмбебаптықты құрайтын зерттелетін болмыстардың табиғаты қандай екендігіне негізделген жауап табылды деп ғылыми қауымдастық шешпейінше, ғылыми зерттуеді бастау мүмкін емес деп білді.
Т.Куннің зерттеуне сүйенсек, парадигма - қарастырылып отырған кезеннің нақты ғылыми зерттеулерін білімін анықтайтын алғышарттардың жиынтығы.
Педагогика ғылымында парадигма өзгеше сипатталады. Мәселен, қазіргі кезде білімді адам парадигмасынан өмірлік іс-әрекетке дайындалған адам парадигмасын көшу орын алып отыр. Жаңа парадигманың артықшылығы - адам еркін ойлана алады, өз ойын шығармашылыққа ұштастыра алады, өз бетінше дами алады, интеллектуалдық, және адамгершілік тұрғыда өзін қалыптастыра алады.
Білім берудің парадигмасы - ғалымдар мен практиктердің айтарлықтай көпшілігі қабылдаған және педагогикалық теория мен білім беру практикасының одан әрі дамуына қызмет ететін бастапқы теория, теориялық қағидалар, идеялар, сенімдер мен көзқарастар. Педагогикалық парадигма - әдетке айналған көзқарастар, белгілі педагогикалық мәселелерді шешудің үлгісі ретінде қабылданған модель.
Педагогикалық парадигма - тұрақты, әдетке айналған көзқарас, белгілі бір топтағы педагогикалық міндеттерді шешудің үлгі-қалпы; педагогика ғылымында және озық педагогикалық іс-тәжірибеде көпшілік қабылдаған ой-пікірге күмән тудыратын фактілер болғанымен пайдалану жалғасып отырған идеялар, көзқарастар.
Қазіргі таңда білім беруде негізгі төрт педагогикалық парадигма мәлім:
Бірінші парадигма - оқушыларда алдын-ала терең және берік білімдерді қалыптастыру, тек соңынан оларды шығармашылық мәселелерді қоя білу мен шешуге үйрету керек. Мектептегі және ЖОО-ғы көптеген дәстүрлі оқыту әдістемелер осыған бағдарлайды. Бірақ эмпирикалық және теориялық жалпылау кезеңінде, сондай-ақ практикалық пайдалануда оқушылар мен студенттердің оқу-шығармашылық іс-әрекеттерін белсендіру және интенсификациялауға кең мүмкіндіктер ашылады.
Екінші парадигма - оқушыларға тек қана қолжетімді білімдер берілуі тиіс. Қолжетімді білім алушылардың жас ерекшеліктерін есепке алуды, оқу материалының мазмұны оларға түсінікті болуы, олардың ақыл-ой дамуы деңгейіне сәйкестігі, қалыптасқан білімдері мен түсініктеріне негізделуін қажеттейді. Тек соның негізінде білім алушының білімдерінде алға жылжу болады. Дегенмен, не қол жетерлік болса, дамымайды? Мысалы, егер спорт саласында қолжетімділік принципін қолдағанда, ешбір спортшы рекордқа қол жеткізбеген болар еді. Өз дамуының белсенді (табысқа жеткен) деңгейінен асу (басым болу) үшін, өз қабілеттері шекарасынде еш болмағанда кіші білімдердің элементтерін меңгеру үшін, оқушы жұмылдырылуы, өз күш-жігері мен қабілеттерін күшке салуы керек. Бұл жағдайда оқыту мен тәрбиелеудің дамытушылық тиімділігіне қол жеткізуіміз мүмкін.
Үшінші парадигма - білімдер мен шығармашылық қабілеттерді теңестіру. Білімдер қалыптастыруға басымдық беріліп, оның өзі шығармашылық қабілеттерді дамытады, деп есептеу.
Төртінші парадигма - теориялық білімдерді басымды деп есептеп, практикалық ойлаудың рөлін азайту. Теориялық ойлауды қалыптастыруға көбірек мән беру. Дегенмен, шығармашылық тұрғыдан ойлау, теориялық ойлаудан гөрі (чем) объективті шындықты кең және терең бейнелейді. Шығармашылық ойлау теориялық және практикалық тұрғыдан ойлаудың бірыңғай диалектикасын бейнелейді. Оқу-тәрбие жұмысында практикалық компоненттің рөлін азайту - төртінші педагогикалық парадигмаға жатады.
Сондықтан жаңа педагогикалық парадигмалар құрастыруға қажеттіліктер туындайды.
Ш.А.Амонашвили білім берудің ізгілікті парадигмасын ұсынады. Е.А.Ямбург парадигманы когнитивтік (зиятты даму) және тұлғалық (эмоционалды және әлеуметтік даму) парадигмалары ретінде ажыратады. Бүл екі парадигма да тұлғаның жеке басының ерекшеліктерін тануға бағытталады, педагогикалық феноменді тарихи кезең және мәдениетпен бірлікте қарасытра алады.


3-тақырып. Әлемдік тәжірибедегі білім берудің негізгі парадигмалдық модельдері

1.Қазіргі әлемдік білім беру жүйелеріндегі парадигмалар.
2. Әлемдік білім беру мен педагогика тарихында педагогикалық парадигмалардың өзгеруі. 3.Білімдік, мәдениеттілік, технократтық, ізгілік, әадами бағыттылық, педоцентрік, кәсіптік парадигмалар.

Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай өскелең ұрпаққа берілетін білім мен ұстанмыдар негізінде ұйымдастырылады. Егер ХХ ғасырда білім беруді ұйымдасытру қоғамның Ғылым - Өндіріс - Білім мәдени макромоделі аясында жүрсе, ХХІ ғасырда Мәдениет - Білім - Тарих макромоделі ұсынылғандықтан, білімге деген жаңа көзқарас туды. Білім мәдениеттің бөлігі ретінде бес жақты жаңа сипатқа ие болды: білім беру - құндылық; білім беру - жүйе; білім беру - үдеріс; білім беру - нәтиже; білім беру - қызмет.
Парадигма - латынның мысал деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес. Оларға мыналар жатады:
1. Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы);
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);
4. Технократтық;
5. Эзотерикалық.
Әрбір парадигма не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз деген сұрақтарға жауап береді.
Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім. Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.
Жоғары білім берудегі педагогикалық парадигмалар;
1. Тұлғалық-бағдарлы білім беру парадигмасы.
2. Аксиологиялық парадигмалар.
3. Ғылыми-технократиялық парадигмалар.
4. Гуманистикалық парадигмалар.
5. Эзотериялық парадигмалар.
6. Полифониялық парадигмалар.
Болашақ маманның кәсіби дайындығы үрдісі әр түрлі парадигмалық нұсқауларға бағдар алады. Жоғары білімнің стратегиялық және тактикалық міндеттерін шешуде педагог әр түрлі парадигмаларды басшылыққа алады.
Тәрбиенің қозғаушы күштерін және оның құрамдастарын іздену барысында педагогика ғылымының бөлімі - тәрбие теориясы пайда болды. Бұл бөлімнің негізін қалаушы XIX ғасырда өмір сүрген ұлы педагог К.Д.Ушинский болып табылады. Оның ізінен XX ғасырда тәрбие теориясының дамуына А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинскийдер үлкен үлес қосты.
Қазіргі тәрбие теориялары мен тұжырымдамалары жеке тұлғаны қалыптастыру, педагогтың баланы тәрбиелеудегі рөлі саласында зерттеу жұмыстары жүргізген көптеген авторлардың еңбегінің арқасы. Қазіргі тәрбие теориялары мен тұжырымдамалары бірнеше негізіг теорияларға сүйенеді. Олардың негізін қалаушылар әйгілі философтар мен психологтар:
гуманистическалық психология (К. Роджерс, А. Маслоу);
мінездік (бихевиористскалық) теория (Д. Уотсон, Д. Локк, Б. Скиннер);
когнитивтік теория (Д. Дьюи, Ж. Пиаже);
биологиялық (генетическалық) теория (К. Лоренц, Д. Кеннел);
психоаналитикалық теория (З. Фрейд, Э. Эриксон).
Социоэнергетикалық (мәдені-рулық) теория ( Л. С. Выготский, П. А. Флоренский, Д. Радьяр).
XX ғасырдың 60-70 жылдарында оқыту мен тәрбиелеуге технологиялық тұрғыдан келу пайда болды. Оның мәні тәжірибеге алдын ала жоспарланған оқу-тәрбие үдерісін жүйелі және дәйекті түрде енгізу. Осының арқасында көптеген қазіргі тәрбие теориялары мен технологиялары тәрбиеленуші мен өзара әрекеттесуде өзіндік ерекше сипатқа ие болды. Яғни:
- тәрбиеленушінің іс-қимылдары мен қатынастары сипатталған оқытутәрбиелеу мақсаттарын қою (білім, ұғыну, қолдану);
- оқытутәрбиелеу үдерісінің барша компоненттерін қайта өндіру (елестету,жаңғырту) мүмкіндігі: білім мен дағдылар қалыптасқандық деңгейін алдын-ала бағалау; тәрбиеленуші мен педагогтің теріс байланысына сәйкес коррекциялау, нәтижелерді қорытынды бағалау және жаңа мақсаттарды қою);
- тәрбиеленуші мен теріс байланыс, оның білімі мен дағдыларын бақылау және тәрбие үдерісінің кез келген кезеңінде дер кезінде коррекциялау.

4-тақырып. Қазақстанның жаңа білім беру парадигмасы

1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің Келешекке бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы.
2. ХХІ ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесінің парадигмасы.
3.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
4.Жаңғырытылған білім беру мазмұнына өту. Мәдениет-Білім-Тарихқа негізделген ізгілік парадигмасы.

Елбасымыз өз халқына жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажетдеп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселе. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
Қазақстанның жаңа білім беру парадигмасы Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан-2050 Стратегиясы, ҚР Білім туралы заңы, ҚР 2011-2020 жж. білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, ҚР 2016-2019 жж. білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қалыптасты.
ХХІ ғасырда Қазақстанның білім беру парадигмасы өзгерді. Бұрынғы Ғылым-өндіріс - білімге негізделген парадигмасының бір арнасының орнына Мәдениет - білім-тарихқа негізделген ізгілік парадигмасы келді. Жаңа парадигма жаңа білімге және ойлаудың жалпы әлемдік ұстанымдарына сүйенеді. Машиналық технологиядан әлеуметтік технологияларға өтуді көздейді, күтілетін нәтиже ғылыми білімдерді меңгеру ғана емес, оны өмірде пайдалану іс-әрекеттік әдіснамасы болып табылады.
Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмаларына модульдік сабақ жатады. Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді. Біріншіден, оқушыларға мұғалім алдын-ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын таратып береді.Онда сабақтың әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. Сондықтан оқушы өзінің не істеу керектігін, яғни сабақ соңында нені біліп шығуы керектігі жөнінде мағлұмат алады. Екіншіден, ұжым болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Онда оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, қателігін мойындап және жолдасының пікірінің дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалай алады. Үшіншіден, жеке басының қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын жасауды жоапарлайды. Төртіншіден, әр оқушының білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі деңгейде алуға болады.
Сонымен бірге модульдік сабақ оқушының білімін тексеріп бағалауға зор мүмкіндік береді.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе - білім беру мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру және оларды жүзеге асыратын болашақ мамандарды даярлау. Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты - білімді сапалы ету, оқушының толыққан жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Жалпы білімнің 3 міндеті бар, олар - баланың өзіндік жалпы дамуы, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты: жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жақсартуды көздейді. Бұл бағдарламаның негізгі міндеттері - сапалы білімге қол жеткізу, білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу бағамын жетілдіру, қазақстандық ұлтжандылыққа, төзімшілдікке, биік мәдениетке, мемлекеттік тілді басым дамытуға бағытталған отандық дәстүрлерді әлемдік тәжірибе мен тұрақты даму қағидалары негізінде білім берудің мазмұнын, құрылымын жаңарту.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты - экономикалық өсім және азаматтардың әл-ауқатын тұрақты дамуын қамтамасыз етуге білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін түбегейлі жаңғырту. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама мына міндеттерді көздейді:
жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесін әзірлеу және оны білім беру ұйымдарына жеткізу;
білім берудегі менеджментті жетілдіру;
педагог мамандығының мәртебесін көтеру;
оқу үрдісін автоматтандыруды енгізу;
мектепке дейінгі ұйымдардың желісін арттыру;
шағын жинақты мектептердің санын қысқарту;
мектепте инклюзивті білім беруді жетілдіру;
техникалық және кәсіптік білім беруді еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес кадрлармен қамтамасыз ету;
еліміздің индустриалды-инновациялық даму жобаларын жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білімді кадрлармен қамтамасыз ету;
еуропалық аймаққа жоғары білімнің кірігіуін қамтамасыз ету;
білім мен ғылымның кірігіуін қамтамсыз еті;
интеллектуалды меншік өнімдерін коммерциялизациялау үшін жағдайлар жасау.
Жаңа қоғамға жаңа адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру - қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Демек, Елбасының ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық деген қағидасына сүйенсек, қазіргі қоғамдағы дамудың басты факторлары: білім, ғылым, саяси тұрақтылық екенін, яғни заман өзгергенімен, мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуі білім-ілімсіз әсте мүмкін емес екеніне көз жеткіземіз.
Дауылпаз ақын М.Дулатов айтқандай Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда... Надан жұрттың күні - қараң, келешегі - тұман дегендей, ендеше, егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы, білімді ұрпағы саналатын шәкірт тәрбиелеу - біздің ұлы мұратымыз.
Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсаринның Мұғалімнің жұмысы - балалар. Ендеше балалар түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны. Ол өзін-өзі кінәлауы тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеп, шыдамдылық көрсетуі тиіс, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдер пайдаланбау керек деуінде мән-мағына жатыр. Бұл, сөз жоқ, қазіргі мұғалім бойынан табылмағы ләзім.

5-тақырып. Білім беру мен тәрбиедегі көп парадигмальды тұрғылар

1.Көп парадигмалы тұғырлардың себептері, өзектілігі мен ерекшіліктері.
2.Қазіргі білім беру мен тәрбиелеу парадигмаларының көп қырлылығы.
3.Негізгі парадигмалық тұрғылар, оларға жалпы сипаттама.
4.Ғылым мен тәжирібедегі парадигмалардың жіктемесі.

Әдіснама - ғылыми таным әдісі; ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Методология (методос грек. зерттеу жолы, логос - ілім).
Педагогикадағы әдіснамалық принциптер:
а) Тұлғалық-бағдарлық көзқарас - адамның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы принципті баяндайды. Педагогикалық процесті жобалап, бағдарлауда тұлғаны мақсат, субъект, оның нәтижесі және негізгі өлшемі ретінде қарастырады. Бала жайында терең білім, оның тұлғаның өзіндік қасиеттері мен мүмкіншіліктерін, қабілеттерін жетік білу.
ә) іс-әрекеттік көзқарас (іс-әрекет тұлға дамуының негізгі факторы болып есептелінеді);
б) мәдениетшілік көзқарас (жалпы адамзаттық мәдени құндылық жайында оқу, оған негізделу, оған қайшы келмейтін ұлттық және аймақтық дәстүрлерді меңгеру).
в) жүйелі көзқарас (тәрбие мен білім беру үдерістерінің жекелеген элементтері бір-бірінен оқшау қарастырылмайды, керісінше олардың бір-бірімен өзара байланысын қамтамасыз етіп, бірыңғай жүйе құрады);
г) ықпалдастық немесе біртұтастық (интегрированный подход) - тұлғаны қалыптастыру тәрбие әрекетінің негізгі компоненттерінің өзара тығыз байланысын қамтамасыз етуді қарастырады);
д) этнопедагогикалық көзқарас;
е) антропологиялық көзқарас (барлық ғылым салаларында адам жайында деректерді жүйелі түрде пайдалану, оны есепке алу және педагогикалық процесте жүзеге асыру).
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негізі - философиялық ережелері.
Жоғары мектеп педагогикасының жетекші әдіснамалық ережелеріне мыналар жатады:
А) зерттеулердің педагогикалық құбылыстарды тарихи контексті қарастыру (тарихи генетикалық тәсіл);
Б) педагогикалық шындықты зерттеуге жүйелі тұрғыдан келу;
В) жоғарғы оқу орнында маманды даярлауды кәсіби болашақ маман тұлғасын қалыптастыру процесінің элементі деп қарастыру;
Г) студентті дамытудың көзі - ішкі және сыртқы факторлары екенін ескерту;
Д) студент тұлғаның кәсіби қалыптасуында (таным, оқу, қарым-қатынас) жетекші рөл атқарады;
Ж) маманның кәсіби дайындығының жемісті болуы, оның өзіндік белсенділігіне тәуелділігі;
3) студент жастарды даму динамикасында (үрдісінде) зерттеу;
Е) студенттік ұжым болашақ маман тұлғасын қалыптастыру үшін ең ыңғайлы орта;
И) жоғарғы оқу орнының тәрбиесі, жоғарғы мектеп педагогикасының дамуының көзі болып табылады;
К) болашақ маманның дүниетанымдық ұстанымның қалыптасуында жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтардың маңызды рөл атқаруы.

6-тақырып. Аксиологиялық парадигмалдық тұрғы

1.Педагогикалық қызметті аксиологиялық тұрғыдан зерттеу. Педагогикалық құндылықтар.
2.Педагог-ғалым және жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық құндылықтары, оларды қалыптастыру.
3.Білім берудегі құндылықтар мәселесі.
4. Педагогикалық құндылықтарды топтастыру, олардың сипаттамасы.

Педагогикалық қызметті аксиологиялық аспектіде қарастыру оның мазмұнын педагогикалық құндылықтарға негізделіп анықтайды. Педагогикалық құндылықтар тарихи қалыптасқан. Қоғам мен білім берудің дамуы барысында олар объективті сипатқа ие болады.
ЖОО оқытушылары педагогикалық құндылықтарды университетте оқу үрдісінде меңгере бастайды, ал тәжірибе барысында олар дамиды. Қалай-да бір педагогикалық идея құндылық сипатқа ие болуы үшін, оны жалпыланған бейнемен салыстыру және бағалау керек.
XX ғасырда педагогикалық құндылықтар мәселесіне қызығушылық артқаны байқалады. М.В.Богуславский, Н.Д.Никандров, Б.Т.Лихачев, Е.Н.Шиянов, И.Ф.Исаев, Г.К.Нургалиева педагогикалық іс-әрекетте құндылықтар мәселесінің тұрғыларын зерттеді.
Педагогикалық құндылықтарды 3 топқа бөлу мүмкін (И.Ф.Исаев):
1) педагогтың еңбегіне қатынасын анықтайтын құндылықтар:
қоғамдық-педагогикалық құндылықтар;
кәсіби-топтық құндылықтар;
даралық-тұлғалық құндылықтар.
Даралық-тұлғалық құндылықтар мына топтарға бөлінеді:
педагогикалық іс-әрекетті аксиологиялық қабылдау;
жалпы білімдік және кәсіби білімдер;
кәсіби ар-намыс және қадір-қасиет;
педагогикалық борыш;
кәсіби қиыншылықтарды жеңуге даярлық.
2) педагогикалық іс-әрекет субъектілеріне қатынасты анықтайтын құндылықтар:
- балаға деген махаббат;
- студент тұлғасын құрметтеу;
- қоғамдық студенттік ұйымдармен ынтымақтастық;
- педагогикалық пікірлестік және ұжымшылдық.
3) педагог тұлғасының маңызды қасиеттерін анықтайтын құндылықтар:
- студенттерді бағалаудағы шынайлық;
- педагогикалық үдеріс субъектілерімен қатынастағы табандылық (принциптілік)Ң
- гуманизм;
- педагогикалық оптимизм;
- креативтік;
-дербестік;
- төзімділік.
4) педагогтің педагогикалық үдерістің басқа субъектілерімен қарым-қатынас стилдерін анықтаушы құндылықтар:
- диалогтық ойлау;
- өз мақсаттарын студенттердің мақсаттарымен сәйкестендіру;
- педагогикалық үдеріс қатысушыларымен өзара әрекеттестік құндылықтары.

7-тақырып. Іс-әрекеттік және тұлғалық парадигмалық тұрғылар
1. Іс-әрекеттік білім беру парадигмасы, оған сипаттама.
2. Іс-әрекет материалдық және рухани құндылықтарды жаратудың тәсілі ретінде.
3. Іс-әрекет түрлері.
4. Білім беру мен тәрбиелеудегі тұлғаға бағдарланған парадигмалар.

Педагогикалық іс-әрекеттер мынадай құрылымдардан тұрады: іс әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланыста комплексті жүзеге асырылып іс-әрекеттің компоненттері де болады.
Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекет мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: Іс-әрекет мақсаты - жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруды қажет етеді.
Комплексті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық экология, ақыл-ой тәрбие түрлерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушілердің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметше де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі: өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.
Іс-әрекет объектісі - адамдардың қалыптасуынын, объективтік негізін - қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдык. Қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды.
Адам жанасқан нәрселерінің бәрі - адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам коғамның белсеңді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әркайсы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі.
Сондықтан адамға арналған педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді.
Баланың тәрбиесіне педагогтық іс-әрекеттің объективтік жағдайлары, қоршаған өмірде әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын айналадағы объективті өмірмен байланысты үйлестіре жүрізген жөң.
Іс-әрекет субъектісі - Тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге тәрбие жөнінен әсер етушілер: педагогтар, жанұя, педагогикалық коллектив және жұртшылықтар болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің субъектілері дегеніміз - бұл іс-әрекетті жүзеге асыратын адамдар мен адамдардың тобы. Оған:
- қоғам - адамдарға педагогикалық әсер етілетін әлеуметтік орта (мемлекеттер, ұлттар, таптар, діни конфессиялар т.б.);
- топ - педагогикалық қызметті іске асыратын саны жағынан оңша үлкен болмаған адамдардың қауымдастығы;
- педагог - педагогикалық қызметі ұйымдастыратын және басқаратын адам.
Педагогикалық іс-әрекеттің қызметтеріне оны іске асырудың басты механизмдері жатады:
А) басқару - педагогикалық қызметті ұйымдастыру және іске асыру;
Б) тәрбиелеу - адамдарда айналадағы шындыққа және қоғамдағы өмірге тұрақты көзқарастарды қалыптастыру;
В) оқыту - қазіргі кездегі өмір және қызметтің талаптарын ескере отырып білімдерді, ептіліктер мен дағдыларды дамыту;
Г) дамыту - адамдардың қызметы салалары мен өмірлік жағдайлары талаптарына сай олардың ақыл-ой және дәне белсенділіктерін функционалді жетілдіру процесі;
Д) психологиялық дайындық - адамдарда қиыншылықтарды жеңуге ішкі даярлықты қалыптастыру.
Педагогикалық іс-әрекеттің компоненттері:
oo жобалаушы - педагогикалық іс-әрекеттің нақтылы мақсаттары мен міндеттерін қоюды көздейді, оларға қол жеткізу нәтижесінде адамда белгілі тұлғалық сапалар қалыптасады;
oo ұйымдастырушылық - педагогтік қызметті ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтайды. Одан педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы тәуелді болады;
oo танымдық, педагогикалық іс-әрекеттің субъектілері мен объектілері ақыл-ой-танымдық белсенділігінің мүмкіндігінше ең жоғары табысты қамтамасыз етеді;
oo коммуникативті - педагогикалық іс-әрекеттің барысында оның объектілері мен субъектілері қарым-қатынастары мен өзара әрекеттесуінің ұқыпты ұйымдастырылуы мен тиімді жүзеге асуын көздейді.
oo Зерттеушілік - педагогикалық іс-әрекеттің өзін зерделеу және жетілдіруді көздейді.
Педагогикалық іс-әрекеттің объектілері - даралық және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерімен сипатталатын адамдар және олардың топтары (ұжым; бала тұлғасы).
Мектеп ішінде балаларға тәрбие және оқу жұмысын ұйымдастыратын негізгі тұлға мұғалімдер. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері, оның білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс-тәсілдері үлкен әсер етеді. Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін педагогтарды өзін-өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік-ізгілік қасиеттері мол тәжірибелі шебер педагогтар деп айта аламыз.
Педагогикалық іс-әрекет құралдарына: оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынастар жатады.
Әрбір педагогтар өзінің қалауынша осы аталған құралдарды тәрбие жұмысында басшылыққа алады.

2 модуль. Білім берудің және тәрибелеудің заманауи парадигмалары

8-тақырып. Қазіргі әлемдік озық білім беру жүйелеріндегі парадигмалар

1. Шетелдік педагогикада қолданылып жүрген білім беру парадигмалары. Ғылым-өндіріс-білім беру қоғамдық макромоделі.
2.Мәдениет-білім беру-тарих мәдени-әлеуметтік негізі бар үштік жүйе.
3. Әлемнің дамыған елдеріндегі білім беру жүйелерінің парадигмалдық модельдері (АҚШ, Ұлы Британия, Финляндия, Германия, Оңтүстік Шығыс Азия елдері).

Шетелдегі психологиялық-педагогикалық ғылыми көзқарастарға талдау жасайтын болсақ, онда қолданылып жүрген білім беру парадигмасы әртүрлі тұжырымдамалар түрінде беріледі:
oo дәстүрлі немесе білім беру парадигмасы;
oo технократты немесе прагмативті парадигма;
oo теологиялық парадигма;
oo биопсихологиялық парадигма.
Әрбір елдің тәрбие мен білім беру жүйесі әртүрлі парадигмаға арқа сүйейді. ЮНЕСКО (мамыр 1997 жыл) мен Ашық қоғам институты бірлесіп ұйымдастырған конфренцияда бірнеше жылдар бойы қалыптасқан Ғылым-Өндіріс-Білім беру қоғамдық макромодельдің орнына Мәдениет- Білім беру- Тарих мәдени-әоеуметтік негізі бар жаңа үштік жүйесін қабылдануы кездейсоқ емес.
Ресейде төмендегі парадигмалар пайда болды:
1) либералды-рационалистік ағым (жақтаушылар: Г.П.Щедровицкий және басқалар. Олардың пікірінше қазірде Ресейде білім беру саласында дағдарыс орын алып отыр. Жаңа формация орнығып келеді. Бұл формация адамзаттың 2000 жылдық дамуында төртіншісі болмақшы. Ал құралдық-технологиялық парадигма қазіргі уақыт талабына ілесе алмайды;
2) мәдениетке шоғырланғандық ағымы (жақтаушылар: А.П.Валицкая және басқалары. Оған сәйкес, дағдарысдан шығудың бірден-бір жолы - білім беруге мәдени-шығармашылық бағыт беру. Білім берудің ізгілікті парадигмасының мағынасын аша түседі. Баланы мәдени әлемді тасымалдаушы ретінде ұғыну. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Педагогика ғылымының әдістері
Педагогикалық технологиялар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайлы мәлімет
Білім беру жүйесін басқару ерекшеліктері
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі – жас ерекшелігі физиологиясы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Пәндер