Футболдың даму кезеңі мен ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І-Бөлім. Отандық футболдың даму кезеңі мен
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.1 Футболшыларды оқыту — жаттығу процесінде шыңдаудың педагогикалық
қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Жаттықтырушы оқытушының психо-педагогикалық
мінездемесі ... ... ... ... ... 12
1.3 Футболдың оқуындағы процестің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...17
1.4 Жаттықтырушы педагог және тәрбиеші
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
1.5 Жас футболшылардың дене күшінің
дайындығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. Футбол — тұрғындардың кең көлемдегі
денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын
құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам
айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер,
жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футбол - атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдық-тың,
ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-
жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте
екеуінің де мақсаты бір ғана — жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды
коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді
тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс — қабілетін
көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы
командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан,
климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің
шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін
кеңейтуге септігін тигізеді.
Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт
түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің
дамуына ерекше әсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы
дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы
бір күрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгертіп жүгіру, түрлі
секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып
жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой — осының
барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.
Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы. Олимпиадалық ойындардың қатарындағы
футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене-күш, техникалық және
тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі
пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты.
Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-жаттығу
жүктемесіне жеке бейімделуі.
Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және
метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп,
соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігн
арттыруды қажет етеді.
Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын
үлкен спорт түрі.
Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде.
Қазақстан құрама командасы Азия құрылығы федерация құрамынан шығып, бүкіл
әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып
енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық,
тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа
әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90-шы
жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында
футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер
спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-
күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.
Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылар-дың
дене-күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі
тиіс.
Сондықтан да оқу-жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы
ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында
жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып
саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігін
қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дәрігер
және психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.
Зерттеудің тәжірибеге қажеттігі. Жиналған мәліметтер бойынша
шұғылданушылардың берілген жүктемеге бейімделуі олардың оқу-жаттығу
процесінде және жарыстарда түрлі іс-әрекеттерді, күшті жылдамдықты,
ептілікті қажетті жерде қажетті мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл
жұмыста автордың әдістемелік эксперименталды зерттеулерінің тәжірибесі
көрсетілген.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жаңалығы футбол ойынындағы
ойыншылардың жүктемелерін орнықтыру, спорттың жаттығу әдістемелеріне
кіргізіле отырып, дене тәрбиесінің жаңа қолайлы түрлері мен жолдарын
іздестіру болып табылады.
Зерттеу барысында жоғары дәрежедегі футболшылардың және жаңадан
бастаған шұғылданушылардың жүктемеге бейімделу тәсілдерін тәжірибеде
қолдану жиілігі мен ол тәсіл туралы бар білімдері анықталады.
І-бөлім. Отандық футболдың даму кезеңі мен тарихы
Біздің елімізде футбол 18-ғасырдың 70 жылдарынан бастап пайда болды.
Ресейдегі алғашқы футбол ойындарын ұйымдастырушылары ағылшын жұмысшылары.
Сол уақытта ағылшын жұмысшылары мен алғашқы футбол клубтары құрылды:
Нева, Невка, Невакий, Виктория. Одан кейін Харьковтегі
ауылшаруашылығы машиналары заводында Гальферах — Саде, Одессада Британ
атлетикалық клубы құрылды.
1887 жылы Петербургте алғашқы футбол командасы құрылды Кружок
любителей спорта. 1901 жылы Петербург футбол лигасы құрылды, олардың
мүшелері арасында біріншілік өткізіле бастады. Москвада футболдың пайда
полуы Сокольскийдегі футбол үйірмесімен байланысты. 1909 жылы Москва
футбол лигасы құрылыды.
1911 жылы бүкіл Россиялық футбол одағы ұйымдастырылды. Келесі жылы-ақ
оның құрамына Петербург, Москва, Киев, Одесса, Харьков, Тверь, Севастополь
және Николаев кірді. 1912 жылдың аяғында бұл одақ 52 клубтың одағын
біріктірді, ал бір жыл өте — 138 клубты құрады.
1912 жылы Ресей Халықаралық футбол федерациясына мүше болып енеді.
Ресейдің футбол тарихында Петербург пен Москва қалаларының кездесуі ерекше
орын алады. Осы қалалардың арасындағы алғашқы ойын 1907 жылы 2:0 есебімен
Петербург командасының жеңісімен аяқталды. 1917 жылға дейін көптеген
кездесулерді Петербург командасы жеңіп келді. 1912-1914 жылдары Ресейде
күшті командалар болып: Уштобе, Коломяги, Нарва, Спорт (Петербург),
Клуб спорта — Орехово, Сокольнический клуб спорта, Новотреева,
Мамантовка (Моссква), Харьковтың, Одессаның, Тверьдің және Киевтің
жекелеген командалары болып саналады.
1912-1914 жылдары Владивостокта, Ириутсиде, Омекус-Казаньда, Саратовта,
Самарада және басқа қалаларда футбол командалары пайда бола бастады. 1912
жылы Ресей біріншілігінің бірінші ойыны өткізіліді. Финалда Москва мен
Петербург командалары кездесті. Кездесу жеңімпазды анықтай алмады. Есеп
(2:2). Ойынды қайта ойнауда 4:1 есебімен Петербургтің құрама командасы
жеңіске жетті.
Орыс футболшылары алғаш халықаралық аренаға 1910 жылы шықты. Праганың
Коринтиакс командасы қонаққа келген болатын. 1911 жылы Москваға Берлиннің
командасы, ал Петербургке Англияның олимпиадалық командасы келді. Ол
уақытта футболдың техиикасы мен тактикасының қыр-сырын білмейтін орыс
футболшылары шетелдіктерге өз дәрменінде қарсылық көрсете алмай, көбінше
қонақтар ұтысқа жетті.
1912 жылы Ресей футболшылары Олимпиадалық ойындарға қатысты. Бірақ
Ресей футболшыларының Олимпиадаға дайындықтары нашар болатын. Команданың
құрылысы Москва және Петербург командаларынан іріктеп алынған 18 ойыншыдан
тұрды. Ресейден шығар кезде бірде бір оқу жаттығу житынын өткізбеді, ол аз
десе көптеген ойыншылар бірін бірі танымайтын еді. Нәтижесінде бірінші
олимпиадалық ойында Ресей футболшылары футболшыларына 1:2 есебімен ұтылып
қалды. Осы жылдың күзінде Ресей құрамасы Венгрияға 0:12 есебімен ұтылды.
Шетел футболшыларына осылай жеңілуіне қарамастан, бұл кездесулер орыс
футболшыларының тәжірбиесінің өсуіне септігін тигізді. Олар сол кездегі
ойынның техникасы мен тактикасының мейлінше жетілгендігімен танысты, осының
нәтижесі келесі халықаралық ойындарда байқала бастады. 1913 жылы Ресейге
келген Норвегия командасы Москва командасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалып,
Ресей құрама командасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Спорт Ресей командасы
Будапешттің құрама командасын 3:2 есебімен жеңді. 1913 жылы Ресей құрама
командасы Швеция және Норвегия құрама командаларымен 2:2, 1:1 есебімен тең
ойын көрсетті.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін футболдың бұқаралығын арттыруға көп
жағдайлар жасалынды. Кіші қалалар мен ауылдарда жаңа командалар пайда бола
бастады.
Футбол жарыстары дәстүрлі футбол қалаларында ғана өтпелі ауылдарда да
өте бастады. Тверь, Орел, Воронеж, Смоленск, Саратов қалалары арасында қала
аралық жарыстар өткізіліп отырды. Сол кездегі командалардың ешқайсысында
жаттықтырушы болған емес, оның қызметін футбол секциясының төрағасы немесе
команда капитаны атқарып отырды. Жаттығудың барлығы қақпаға доп тебумен
шектелетін, дене-күш дайындығы қолданылмайтын, ал тактикалық жаттығу жоқ
болатын.
1922 жылы Поволжья, Урал, Украина және Москва құрама командаларының
қатысуымен арнайы ел біріншілігі өткізілді. Финалдық ойында Москва
командасы Украина командасын 8:0 есебімен тізе бүктірді. Сол жылы бірінші
рет халықаралық кездесу өтті. Замоскворецкого клуб спорта командасы
Финдердің жұмысшы спорт одағының (ТУЛ) комадасын қабылдап 7:1 есебімен
ойсырай жеңді.
1923 жылы дене тәрбиесі Кеңесі құрылғаннан кейін қалалардың футбол
біріншілігі ұйымшылдықпен өткізіле бастады. Футбол командаларының саны да
өсе бастады. Петроградта 46 ұйымның өз командалары болса, Москвада 30-ға
жетті. 1923 жылы 1-ші Бүкіл Россиялық дене тәрбиесі мерекесінде үлкен
қалалармен қатар Башкирия және Закавказье, Иркутск, Иваново, Гомель,
Ярославль командалары да қатысты. Сол жылы Кеңес футболшылары Москва және
Ленинград командалырының ойыншыларынан құралған команда күшті кәсіпқой
Норвегия және Швеция командаларына емтихан тапсырды. Ресей Федерациясының
бірінші шет елге шығуы ойдағыдай болды. Олар Норвегия командасын 3:2
есебімен жеңіп және сол кездегі күшті клубтардың бірі Ослоны 4:1,
Швецияда Стокгольм құрамасымен 5:5 тең ойнап Швеция құрама командасын 2:1
есебімен жеңді.
1924 жылы алғаш рет РСФСР біріншілігі өткізілді. Ақтық ойында Ленинград
командасы Москваиы жеңді. Осы маусымда II Бүкілодақтық дене тәрбиесі
мерекесінде футбол ойыны үлкен қызыққа бөледі. Бұл жарыста Украина құрама
командасы ойынның жоғары деңгейін көрсетті. Жартылай финалда олар
Закавказье құрама командасын 4:0, ақтық ойында РСФСР -ді 2:1 есебімен
жеңді.
И.Беца, шабуылшылар Б.Татушин, А.Исаев, Н.Симонян, С.Салонников,
А.Ильин, Э.Стрельцов, В.Иванов және Р.Рыжнин сияқты футболшылар болды. 1957
жылы КСРО құрама командасы. Кубок Жюля Рим кубогі жолындағы жарысқа түсті
(Элем чемпионаты).
Алдын-ала өткізілген ойындарға 48 команда қатысты. КСРО құрама
командасы Польша және Финляндия құрама командаларымен бір топта ойнады. Бұл
командаларды жеңіп, біздің футболшылар 1958 жылы 16 команда қатысатын
финалдық турнирге жолдама алды.
Финалдық ойын ережесі бойынша бірінші ойындар төрт командадан тұратын
топтарда айналым жүйесі бойынша бір айналымнан тұратын. Әр топтан жеңіп
шыққан екі команда ширек финалға жолдама алатын. Ширек финалдан бастап ойын
шығып қалу жүйесі бойынша ойналатын.
КСРО құрама командасы Австрия, Англия, Бразилия құрама командаларымен бір
топта өнер көрсетті.
Алғашқы Англия командасымен ойында біздің футболшылар 2:0 есебімен
жеңіп тұрып ойын аяғында қарсыластарына ойынды теңестіруге мүмкіндік беріп
қойды. Есеп 2:2. Австрия құрама командасын 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін
КСРО құрама командасы ең күшті қарсыласы Бразилия құрама командасымен
кездесті. Ойын 2:0 есебімен Бразилия футболшыларының пайдасына шешілді.
Қорытындысында IV топта Англия және біздің футболшылар 3 ұпайдан жинады,
доп айырмасы да 4:4 бірдей болып қосымша ойын өткізілді. Ширек финалға
жолдама алу үшін ойын Гетеборгте жалғасын тапты. Тоғыз күннің ішінде өте
күшті командалармен төрт ойын өткізгеніне қарамастан КСРО футболшылары
Англия командасын 1:0 есебімен жеңіп ширек финалға шықты. Ширек финалда
КСРО командасы Швеция командасына 0:2 есебімен ұтылды.
Әлем чемпионы болып бірінші рет, бүкіл дүние жүзін өздерінің жоғары
техникасымен және өздеріне ғана тән ойындарымен тамсандырған Бразилия
командасы жеңіп алды. Әлем бірінші рет Пеле, Диди сияқты былғары доптың
үлкен шеберлерін өз көздерімен көрді. Бразилиялықтар бұл чемпионатта барлық
командаларға таңсық 1+4+2+4 жүйесін қолданылды. Бұл жүйе футбол тактикасына
төңкеріс жасап, әлем командаларының барлығы осы жүйеге көше бастады.
Спорттық дайындық процесі барысында футболшыларда дағдыларды игеру мен
меңгеру сапалары қалаптасады. Жаттығуларды көп рет қайталау арқылы ағзаның
барлық жүйелеріне әсер етуге болады. Спорттық дайындық дегеніміз —
құралдарды және әдістерді пайдалана отырып футболшылардың жоғары спорттық
көрсеткіштерге жетуін атаймыз.
1.1 Футболшыларды оқыту - жаттығу процесінде шыңдаудың педагогикалық
қағидалары
Спорттық дайындықтың барлық процесін оқыту және жаттығу деп бөлуге
болады. Оқыту деп — шұғылданушылардың қозғалыс пен дағдылардың арнайы білім
беру жүйесінің бастапқы кезеңін меңгеруін атаймыз. Ойынның техникалық
элементтерш, жекелей немесе топтық тактикалық іс-әрекеттер, қозғалыс
дағдыларын қалыптастыруды меңгеру — оқытудың негізігі мазмұны — техникалық
әдістердің, жеке, топтық және командалық тактикалық іс-әрекет, дене күш
дамуы, ерік-жігер сапаларын жетілдіру. Спорттық жаттығу бұл — басқару
әдістеме негізінде құрылған спортшының дайындығы. Оқыту және жаттығу
процесінің тәрбиелік бағыттағы сипаты болуы тиіс. Сондықтан да оқу-жаттығу
сабағына үлкен талап қойылады. Оқу-жаттығу сабағы шұғылданушыларды жан-
жақты дайындауға лайықты құрылуы қажет.
Футбол шеберлігін меңгерудің негізгі тірегі болып футболшылардың денсаулығы
болып саналады, олардың жақсы дене-күш дайындығы, жоғары ерік-жігер
сапалары.
Футболшыларды оқыту-жаттығу процесінде төмендегі қойылатын талаптарды
шешеді:
а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапаларын жетілдіру
э) Спортшылардың функционалды мүмкіншілігін кеңейту (тыныс алу, жүрек
қан тамырлары және басқа да жүйелері)
б) Спорттық жұмыс қабілеттілігін сақтау және көтеру.
в) Спорттағы білімін көтеру, тәртіптілікке, сезімталдыққа,
белсенділікке тәрбиелеу.
Осы талаптарды жаттығу процесінде ретімен шешу адам ағзасының мол
мүмкіншілігін жоғары спорттық көрсеткішке жету үшін барынша көп пайдалануға
болады. Қарсылас командалардың шеберлігінің деңгейін үнемі өсіп отыруы
футболшылардың жан-жақты дайыдығына қойылатын талаптарды жыл сайын күшейтіп
отырады. Осы қойылатын талаптардың жағымды әсері педагогикалық қағидаларды
ретінен іске асыру арқылы шешіледі.
Дағдылардың қалыптасуы мен жетілуі дене жаттығуларын жүйелі түрде
орындауда ғана жүзеге асады. Олар көп жақты болып келеді, оларды таңдау оқу-
жаттығу процесінің талаптарына сай болады. Дене жаттығулары дене тірегіне,
күштің көбеюіне, жылдамдық,төзімділік және ептіліктің жақсаруына әсер
етеді. Сондай-ақ жүрек қан тамырларының жұмысына, тыныс алу және басқа да
ағза жүйелерінің, спорттық жұмыс қабілетінің өсуіне жүктемеден кейін қайта
қалпына келтірудің жылдам жүруі жетілдіреді. Әрбір жаттығу дағдының және
сапаның өсуіне әсерін тигізеді. Сондықтан да дене-күш жаттығуларын басымды
әсер етуіне қарай іріктелінеді.
Футболшының оқу-жаттығуындағы барлық жаттығулар шартты түрде үш топқа
бөлінеді: 1) жарыстық, 2) арнайы дайындық, 3) жалпы дайындық.
Жарыстыру жаттығулары — бұл ережеге толық сәйкес футбол ойынының біртұтас
қозғалыс іс-әрекеттері.
Арнайы дайындық — жарыстыру қимыл-әрекеттің элементтерінен тұратын
нұсқаулары, сондай-ақ сипаты жағынан ұқсас жаттығулар жиынтығы.
Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы футбол дайындығы жаттығуларымен
анықталады. Олар футболшыларға қажет дағдылар мен сапаларды дамытуға ықпал
жасайтындығын есептей отырып іріктеледі.
Өз кезегінде арнайы дайындық жаттығулары жуықтатылған және дамытушы болып
екіге бөлінеді. Жуықтатылған жаттығулар негізінен қозғалыс ...
Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері
Футбол ойынында допты тоқтау тәртіп бойынша қалыпты қозғалыстардың бірі
болып саналады. Допты тоқтату толық болып саналады, егер доп тоқтап,
қимылсыз жатса, толық емес болады, егер тоқтамай, тек жылдамдығын ғана
азайтса. Ойында көбінесе толық емес тоқталулар қолданылады. Допты тоқтатуда
табанның ішкі жағы қолданылады.
Домаланған допты ішкі табанмен тоқтату ойында көбірек қолданылады. Бұл
әдіс ыңғай және оңды болып табылады. Допты өзіне қабылдаған футболшы сол
мезетте-ақ допты бағыттауға дайын болып тұрады.
Оқыту барысында:
1.Соққы бер және тоқтат. Қабырғадан 5м қашықтықта тұрып, қабырғаға
соғылып кері қайтатындай етіп лақтыру керек. Допты тоқтатып, қайтадан
қабырғаға лақтыру т.с.с.
2.Қабылдау және беру. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Олар бір-біріне
қарама қарсы 6м қашықтыққа орналасады. Бір-бірне допты кезекпен беру арқылы
допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға жаттығады.
3.Доп ортаға. Жаттығушылар шеңбер бойымен тұрады. Диаметрі 12-14м .
ойыншылардың біреуі ортаға тұрады. Ол допты басқаларына кезекпен беріп
отырады. Соңғы ойыншы ортамен орын алмасады.
4.Шеңберден-шеңберге. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Олардың саны тең.
Команда әр-әр жерде орналасады. Олардың алдына 2м диаметрлі шеңбер
сызылады. Команданың біріншісі шеңбер ішінде доппен бірге тұрады. Ол допты
өз командасына береді. Олар кері бағытта команда соңына барып тұрады.
Осылайша қайталана береді. Үш реттен кейін орын алмасады. Топтың бір-
бірінен қашықтығы 5-6м.
5.Қозғалыста ойыншылар қос-қостан бөлініп бір-бірінен 7-8м қашықтықта
тұрады. Алға жылжып, олар допты бір-біріне төмендетіп жіберіп, аяқпен
тоқтатып отырады. Қозғалыс темпі біртіндеп арта бастайды.
Бастауыш ойыншыларда кездесетін қателердің көпшілігі допты қатты
серпілту болып табылады. Бұл кемшілікті болдырмас үшін жаттығу кезінде
әлсіз желдетілген доппен жаттығу керек.
Домаланған допты табанмен тоқтату. Бұл доп ойыншыға қарама қарсы кезде
орындалады. Бұл қабылдаудың техникасы оншалықты күрделі емес. Тоқтатушы аяқ
кішкене тізесі бүгіліп, жақындаған допқа қарсы тұрады. Допқа аяқ тиген
кезде, тізе кішкене артқа жылжиды, бұл кезде доп жерге қысылады.
Оқыту барысында:
1.Доп әріптеске. Ойыншылар екі-екіден бөлініп, бір-бірінен 5м
қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесі лақтырған допты табан арқылы тоқтатады.
Осылайша қайталана береді.
2.Сигналмен. жаттығу қос қостан жасалады. Әріптестер бір біріне 6-7м
қашықтықтықта орналасады. Біреуінде доп, екіншісінде оған теріс қарап
тұрады, біріншісі оған допты тебеді. Доп жақындаған кезде дыбыс беріледі.
Теріс тұрған ойыншы тез бұрылып допты табанымен тоқтатады, соңынан орын
алмасады.
3.Үштік. Бір мезгілде үш ойыншы жаттығады. Екі ойыншы бір-бірінен 5-6
қадам қашықтықтықта кезекпен допты үшінші жаққа домалатады. Период бойынша
орын алмасады.
Бастауыш ойыншылар бұл кезде көбінесе тоқтатушы аяқты өте жоғары
көтеріп жібереді. Қателіктерді болдырмас үшін жоғарыдағы жаттығуды көбірек
жасау керек.
Ойын барысында көптеген ойыншылар допты табанның ішкі жағымен
тоқтатады. Сонымен қатар табан арқылы. Бірінші жағдайда тірек аяқ доп
тұсымен 40см алда орналасады.
Оқыту барысында:
1.Допты лақтыр. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты лақтырады. Екіншісі
аяқпен табанның ішкі жағымен немесе табанмен допты тоқтатады. Әріптестер
ара қашықтығы 3-4 қадам. Әрқайсысы 10-15 доптан тоқтатады.
2.Серпілістен кейін. Допты, бастан жоғары тастау және серпілгеннен
кейін ішкі табанмен немесе табанмен допты тоқтатады. Жаттығу 10-15 рет
жасалады.
3.Тоқтат та бер. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты әріптесінің сол
жағына лақтырады. Ол сол аяғының ішкі табанымен допты тоқтатады да кері
қайтарады. Сонан соң оң аяғымен 10 реттен соң орын алмасады.
4.Жүгірумен. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Бірінші ойыншы допты
әріптесінің алдына лақтырады. Әріптесі ұмтылып, допты тоқтатадыда, соққы
арқылы кері қайтарады. период бойынша орын алмасады.
5.Бұрылыс арқылы. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Олар кезекпен бір-
біріне допты 45°-қа сонан соң 90°-қа лақтырады. Қарсы тұрған ойыншы бұрылып
допты тоқтатады.
6.Жанына ұмтылыстан соң. Екі ойыншы бірінен 10-12 қадам қашықтықта
тұрады. Біреуі әріптесіне допты лақтырады. Ол ұмтылып допты тоқтатып, кері
қарай лақтырады. Бірінші ойыншы допты тоқтатады.
7.Соққыдан соң. Екі ойыншы жаттығады. Олар бір-бірінен 20 қадам
қашықтықта тұрады және бір-біріне допты бағыттайды. Серпілістен соң допты
ішкі табанмен немесе табанмен тоқтатады.
Аяққа тигенде доп ойыншыдан кері серпіледі. Бұл қателік көп кездеседі.
Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі орындау керек.
Допты тоқтатқанда табанның сырқы жағымен де тоқтатады. Мұны көбіне
тәжірибелі ойыншылар орындайды.
Оқыту барысында:
1.Имитация. Бұл допсыз қозғалыспен орындалады.
2.Допты лақтырып. Доп лақтырылған соң оң және сол аяқпен тоқтатылады.
3.Допты асыра. Екі-екіден ойналады. Әріптестер бір-бірінен 6м
қашықтықта орналасады да допты лақтырады. Допты табанның сыртымен
тоқтатады. Қашықтық біртіндеп алыстайды.
4.Бұрылыспен. Екі ойыншы жаттығады.Біреуі әріптестің сол жағына
тастайды. Ол допқа ұмтылып допты оң аяғымен тоқтатады да кері қайтарады.
Период бойынша орын алмасады.
Бастауыш футболшыларға мұнда кездесетін қиындық - ұшып келе жатқан
допты тоқтату болып табылады. Бұл жағдайда доп табанның ішкі жағымен немесе
аяқ өрінің ортасымен тоқтатылады. Бұл жағдац домалап келе жатқан допты
тоқтататын қабылдауға ұқсас келеді. Өте жоғарыда ұшып келе жатқан допты да
осы қабылдаулармен, бірақ секіріп тоқтатуға болады.
Оқыту барысында:
1.Ілінген доп. Бағанаға жерден 40см биіктікте болатындай етіп доп
ілінеді. Ойыншы допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға тырысады. Доп 10см
биіктікке ілініп, аяқ өрімен тоқтатуды жаттығады.
2.Шам. допты алдына лақтырып, түскен кезде, аяқ өрімен және табан
ішімен тоқтату.
3.Қисық траекториямен. Жаттығу жоғарыдағыдай. Ерекшеклігі, екі ойыншы
бір-біріне допты қисық траекториямен лақтырады. Қашықтық 8 м.
4.Жоғарыға лақтыр. Аяқ өрінің ортасымен жонглер жасау.
5.Соққыдан соң. Екі ойыншы бір- бірінен 15-20 қадам қашықтықта тұрады.
Бір-біріне доп лақтырады да тоқтату әрекетін жасайды.
6.Бұрылыспен соққыдан соң. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек ойыншылар 45°-90°-
қа бұрылып жасайды.
Мұнда кездесетін қателер ұшып келе жатқан допты тоқтатуда аяқты тез
доппен соқыстыра алмау болып табылады. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды
жиі жасау керек.
Футбол біртіндептездетіліп бастайды. Осындай тездікте ойыншылар аяқты
көтеріп допты тоқтата алмайды. Бұл жағдайда олар баспен де, санмен, ішпен
де, кеудемен де тоқтата алады.
Оқыту барысында:
1.Екеулеп. Ойыншылар екіден бөлініп 4м қашықтықта тұрады. Олар допты
бір біріне лақтырып,и тоқтатуға әрекет жасайды.
2.Траекторияны өзгертіп. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек доптың ұшу
траекториясы өзгеріп отырады.
3.Допқа қарсы. Екі әріптес жаттығады. Олар бір-бірінен 10м
қашықтықтықта орналасады. Бір-біріне доп лақтырады, кеудемен ұмтылыс жасап
тоқтатады.
4.Қозғалыспен тоқтату. Жаттығушылар екеуден бөлінеді. Дыбыс бойынша
олар алаңда алға, артқажүріп отырады. Біреуі допты лақтырады. Ал оны
кеудемен тосып, аяққа түсіреді. Осылайша қайталай береді т.с.с.
5.Соққыдан соң. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек мұнда доп қолмен емес аяқ
соққысымен беріледі.
6. Серпілістен кейін. Ойыншылар екіден жаттығады. Олар жерден серпілген
допты кеудемен тосу арқылы тоқтатады.
7.Допты көтеріп тебуде. Шабуылшы А және В, қорғаушы С және Д барлығы
қақпа аймағына жақын орналасқан. А допты төбеден асырып В береді. Ол допты
кеудемен тоқтатып, айып алаңына кіреді де , допты қақпаға соғады. С және Д
бірінші әрекетсіз тұрады, кейін ойынға араласады.
8.Үшбұрыш. үш ойыншы жаттығады. Олар алаңда үшбұрыш түзе орналасады.
Екі ойыншыда доп бар. Олар допты 3-ші ойыншыға лақтырады. Ол кеудесімен
тоқтатып отырады.
9. Бұрылыспен. Дәл жоғарыдағыдай орындалады. Тек допты тоқтатуда ойыншы
90-45°-қа бұрылыс жасайды.
1.2 Жаттықтырушы оқытушының психо-педагогикалық мінездемесі.
Қазіргі футболда дриблинг өте кеңінен қолданылады. Дриблинг еркін
позицияға шығу үшін қолданылады. Ал ендіру өрдің ішкі және сыртқы
бөлігімен, табанның ішкі және сыртқы бөлігімен, табанның ішкі бөлігімен
беріледі.
1.Жай дриблинг. Допты түзу бойымен жай темппен әр қадам сайын аяқпен
түртіп отырып беріледі.
2.Аяқпен кезектесе. Дәл жоғарыдағыдай. Тек аяқты кезектестіріп отырып
беріледі.
3.Шеңбермен. алңда 5-6м шеңбер сызылады. Ойыншылар допты алып жүруде
жаттығуды сағат тілімен – ішкі өрмен, сағат тіліне қарсы-сыртқы өрмену
жасайды.
4.Коридормен. Алаңда 25 м ұзындықта коридор белгіленеді. Ені 1 м.
Осыдан шықпай допты алып жүру.
5.Шеңбер ішінде. Алаңда 7 – 8 м диаметрлі шеңбер созылады. Оның ішіне
тағы бір шеңбер. Екі шеңбердің арасы 1м. Ойыншы осы 1м арасынан шықпай,
допты алып жүру керек. Жылдамдығы біртіндеп артылып отырады.
6.Басты көтер.Жаттығушылардан 20м қашықтықта бағана орнатылады. Дыбыс
бойынша олар 5-6м интервалмен допты алға апарады.
7.Бағытын өзгерте. Алаңда бөлімше құрылады. Ойыншылар сигнал бойынша
бір-біріне соқтықпай допты алып жүре бастайды, ол үшін ойыншылар үнемі
бағыттарын өзгертіп отырулары керек.
Мұнда негізгі қате болып доп аяқтан қатты серпілуі және көзді доптан
алмау. Мұны жою үшін 6-шы жаттығуды жасау керек.
Ойын барысында футболшылар жалған қозғалыстар да жасайды. Оның
мақсаты- допты қарсыласынан сақтап қалу. Финт мағынасы футболда ерекше орын
алады.
Бастауыш футболшыларға мұны үйретуде допсыз жасалатын жаттығулардан
бастаған жөн.
1. Жай жүгірістен соң оңға (солға) ұмтылыс жасау.
2. Қатты жүгірістен соң бірден тоқтап ұмтылыс жасау.
3. Қозғалыс бағытын үнемі өзгерте отырып ағаштар арасымен жүру.
4. Ұмтылыс жасау, жанына құлау т.с.с.
5. Бағаналар арасымен жүру.
6. Квадратта жүгіру. Алаңда 4 метрлік квадрат сызылып оның ішіне 8-10
жаттығушы кіреді. Сигнал бойынша барлығы араласа бастайды. Жаттығу
ұзақтығы 20-30 с.
7. Кеудемен жалған қозғалыс жасап үйретеді.
8. Бағана жанында. Екі ойыншы жаттығады. 2м диаметрлі шеңбер ортасына
бағана қойылады. Ойыншының бірі аталған қозғалыс арқылы із кесушіден
өтіп кетуге ұмтылады, бірақ шеңберден шығуға болмайды. Период бойынша
орын алмасады.
Финт допты тебуге аяқпен алдамшы серпіліс бұл финтті қарсыласпен және
қарсылассыз үйренуге болады (бағана, жалау, доп қажет). Футболшы допты алып
келе жатып едергіге жақындағанда 2-3 м қалғанда допты оңға қарай тебу
әрекетін жасай, өзі доптың қозғалысын тоқтатпай сол жаққа қарай алып
кетеді, немесе керісінше.
Финт жалған тоқтату. Бұл қабылдау екеуден жасалады. Әріптестер 8 м
қашықтықта тұрады. Біреуі допты жолдасына бағыттайды. Оған 1,5-2 м жетпей,
ол бірден тоқтап, допты табанмен жерге тірейді. Ары қарай тез арада аяқты
көтеріп қозғалысты жасай береді.
Финт допты таста. Жаттығу екеуден орындалады. Қарсыласына жақындаған
ойыншы допты оның оң жағына жүгіртіп жіберіп, өзі сол оң жағынан өтеді.
Финт денесімен көрсету. Ойыншы орташа темппен допты қарсыласына
әкеледі. Одан 2-2,5 м қашықтықта ол денесін бірден оңға бұрып, допты
керісінше солға жібереді.
Финт доппен бірге өту. Бұл қарсыластан құтылуға тиімді. Қарсыласқа
жақындай беріп, ойыншы аяқты көтеріп, кеудені сонда бұрады. Ал допты басқа
аяқтың өрімен өткізіп жібереді.
Финт шетке қарай ұмтылу. Допты алып келе жатып қарсыласқа 2 м
қалғанда сол аяқпен серпіле оңға алға қарай ұмтылып қарсыластың да солай
қарай ұмтылған әрекетін байқағаннан кейін аяқ өрінің сыртқы жағымен
қарсыластың жанынан допты алып өту, допты ары қарай алып жүруді жалғастыру.
Оқыту педагогикалық процесс. Қозғалыс әрекеттері оқыту пән ретінде.
Футбол – тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын
дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазіргі
кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халықтық ойын,
онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футболшылардың түрлі қозғалыстарының тәсілдері, әдістері жиынтыгы
техника ұғымын құрайды. Футбол ұғымындағы техника қозғалыстарды, аялдауды,
қайырылуды, секіруді, финтті, допты алуды, сонымен қатар спецификалық-
техникалық қабылдауларды ұсынады. футболда ойыншының техникалық шеберлігі
оның алаңдағы әріптестерінің қарсылығына төтеп беруді, техникалық
қабылдауларды дұрыс орындауы қабылдаулар мөлшерімен сипатталады. Қазіргі
футболға ойыншының техникалық дамуы, универсалдығы тән. Бұл бірінші кезекте
барлық техникалық қабылдауларды меңгеруі және жоғары деңгейде орындай алуы
керек. Жоғары класста ойыншыларды дайындау үшін футболдың барлық техникалық
арсеналын балалық шақтан бастау қажет. Мұнда үйрету әдістері ұл балалар мен
қыз балалар үшін бірдей.
Техникалық қабылдауларда оқыту практикада келесі түрде күрделеніледі.
Алдымен аяқпен допқа соққы беру және допты тоқтатумен танысады. Осы
қабылдауды жүзеге асырып меңгерген соң 3х3, 4х4, 5х5, 6х6 ойындарына
қатысуға болады. Әрі қарай үйренілген қабылдаулар негізінде әр түрлі
техникалық қабылдауларды уйренуге кіріседі.
Техникалық қабылдауларды меңгермеген ойыншы футбол ойнауға жіберілмеуі
керек.
Алдымен, бар күшімен әдіс үйренуге кіріседі. Баспен соққы беруде әлсіз
жел берілген допты қолдану керек.
Оқытылып отырған техникалық қабылдаулардың дұрыс орындалуын қамтамасыз
ету үшін, қозғалыстың әрбір деталін білу қажет.
Табанмен допты тебуде соққы беретін аяқ табаны жанына бұрылып тұру
қажет. Табанның ішкі жағымен берілген соққы табысты болып табылады. Бұл
соққылар күшті емес, бірақ дәлдігімен ерекшеленеді. Қабылдаулармен
танысқаннан кейін оны практикада жасап көрумен аяқталады.
Техникалық қабылдаулар бірыңғай жинақы және дара әдістер көмегімен
жүзеге асырылады.
Бірыңғай әдіс қабылдауларды оқытуда жетекші әдіс болып табылады. Ал
оқытуда күрделі қабылдауларды үйретуде, мысалы, аяқпен допқа соққы беру,
баспен соққы беру, ұшып келе жатқан допты қағу және қайтару
т.б.қабылдауларды үйренуде дара әдістерді қолдану керек болады. Бұл жас
футболшылар элементарлы қабылдаулардан біртіндеп күрделене беретін
қабылдауларды меңгеруіне септігін тигізеді. Дара әдістерді қабылдау
негізінде қателіктер жіберілуі мүмкін. Бұл жағдайда әрбір қабылдаудың
қимылдарын жеке-жеке үйрену қажет.
Техникалық қабылдаулардың күрделілігін үйретуде алдымен орнында тұрып,
сосын қимылмен, қарсыласпен пассивті, қарсыласпен активті түрде, соңында
ойын алаңында жүргізіледі.
Ойыншының қабылдаулары жүзеге асырып көруі уақытпен шектелмейді, әбден
жаттығып болған соң, ойын алаңында сыңнан өтеді.
Техникалық қабылдауларды үйрету барысында жаттығушының әрбір уақытта
тактикалық есептілігі де қалыптасады. Мұнда келесі тәуелділік орын алады.
Ойыншының техникалық қабылдаулары түрлі болған сайын, оның тактикалық
потенциалы да көп болады.
Техникалық қабылдауларды бекіту жаттығулар мен қозғалыстарды ойын
кезінде жасаумен жүзеге асырылады. Осыған байланысты басты назарда
футболшының ойын қимылдарына көңіл бөлу керек. Олардың үйренген техникалық
қабылдауларды дұрыс жүзеге асыра білуі олардың ептілігін арттыра түседі,
мысалы, бір қабылдау басқа да сапалардың артуына себепші болады. Секіріп
баспен соққы беру, соққы беруді де сонымен қатар, секіргіштікті де
арттырады.
Аяқпен допқа соққы беруді үйрету
Допқа аяқпен соққы беру футбол ойынының басты техникасы болып табылады.
Орындау қабілетіне қарай ол соққылар ішкі табанмен, табан сыртымен, орта,
ішкі және сыртқы т.б. болып бөлінеді. Қабылдауда жаттығу күші бар аяқпен
бастау алады. Одан соң барып әлсіздеу аяққа көшеді. Бұл қабылдауды
жаттығуда келесі әдісте есте сақтаған жөн:қимылсыз тұрған допқа соққы беру,
қадам басып, қимылды допқа соққы беру, жүгіріп келіп қимылсыз допқа,
жүгіріп келіп қимылды допқа соққы беру. Бұл жағдайларда доп бағытының
дұрыстығына назар аудару керек. Сонымен қатар берген соққылардың техникалық
қабылдауларға сәйкес келуін қамтамасыз етуі керек. Қабылдауларды жүзеге
асыруда соққының дәлдігі, сонан соң күші ескеріледі.
Оқыту әдістері: көрнекілік, түсіндіру
Допқа аяқпен соққы беру техникасын жүзеге асыруда алдымен табанның ішкі
жағымен соққы беруден бастау тиімді. Өйткені, бұл ойында жиі қолданылады.
Бұл қабылдау қысқа және жақын қашықтықтан қақпаға соғуда қолданылады.
Былайша соққы беру оншалықты күшті болмағанмен, өте дәл болып келеді. Бұл
соққыны дұрыс орындау үшін тірек аяқты кішкене бүгіп, доптан 10-15 см және
сәл иық тұсына ұстау керек. Тірек аяқтың ұшы соққы берілетін бағытпен дәл
келуі керек.
Оқу барысында:
1.Допсыз. Табанды 90°С-қа бұру арқылы аяқты алға сілкі. Жаттығу
қайталанады.
2.Қабырғада. 5-6м қашықтықта тұрып, 20-25 соққыны жасау керек. 20-25
соққыны бір орында, онан соң 2-3 қадам жүгіріспен жасау керек.
3.Дәл соққы. Қабырға алдына 1 м ендікте қақпа қойылады. Доп қақпадан 1
м қашықтықта беріледі. Соққының дәлдігі басты назарда болады.
4.Дәл қағыс. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Әріптестер бір-бірінен 5-6
м қашықтықта тұрып, бір-біріне допты соқы арқылы жіберіп отырады. Мұнда
соққы оң және соң аяқтармен кезек беріледі. Бұл допты дұрыс қағып алуды
және соққы бағытын дұрыс жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
5.Колоннада. жаттығушылардың біреуі колоннадан 6 м қашықтыққа барып
тұрады. Сигнал арқылы ол допты колоннаға бас арқылы бағыттайды. Ол допты
кері қайтаррып болған соң орын алмасады.
6.Шеңбердегі доп. Алаңда 18-20 м диаметрлі шеңбер сызылады.
Ойыншылардың біреуі шеңбер ішінде тұрады. Басқалары шеңбер артында бір-
бірден орнығады. Ортадағы ойыншы олардың әрқайсысына допты кезекпен беріп
отырады. 15-20 доп бергеннен кейін орын алмасады.
7.Доп беру. Жаттығушылар шеңбер бойына орналасады(6-7 адам).
Ойыншылардың біреуі әріптесінің біреуіне допты береді де оның орнына
жүгіреді. Ал әріптесі допты жолдасының біреуіне беріп, оның орнына
жүгіреді.т.с.с. Цифрлар арқылы кезек белгіленген.
8.Қозғалыста. Шеңбер бойымен қозғала отырып, допты бір-біріне қарап
тұрады. Бұл жағдайда допты алдыңғы әріптеске беру ұсынылады. Ойын кезінде
ойыншының сыртқы иығы алға, ал тірек аяғы ойыншының допты күткен бағытына
бағытталуы керек.
9.Екі доппен. Екі ойыншы 5-7 қадам қашықтықта бір-біріне қарап тұрады.
Үшіншінің сигналы бойынша олар табанының ішкі жағымен соққы берілген допты
бір-біріне бағыттайды. Сонан соң кері соққы береді. Ойын барасында
доптардың бір-бірімен соққыласуына жол бермеу керек.
10.Әріптестің доп беруі. Жаттығушы бір жағымен тұрып, әріптесіне
табанның ішкі жағымен соққы берілген допты бағыттайды. Ал әріптесіне жүгіре
отырып допты қабырғаға бағыттайды. Период бойынша орын алмасады .
Табанның ішкі жағымен берілетін соққыны үйренуде бастауыш
футболшыларда, келесі типтік қалеліктер болуы мүмкін. Біріншіден, ұратын
аяқтың табаны әлсіз бұрылады, екіншіден соққы беру барысына дайындықта
соққы беруші аяқ барынша артқа созылмайды. Осы қателіктерді болдырмау үшін
жаттығу керек. Ол үшін 3-5 м қашықтықта тұрып, қимылсыз допқа соққылар беру
арқылы жаттығу керек.
Аяқ өрінің ортасымен соққы.
Қақпаны көздеген уақытта көбінесе орта немесе ұзақ қашықтық таңдалып
алынады. Соққы тура жүгіріспен беріледі. Оның орындалу техникасы мынадай:
кішкене тізе бүгіліп , доппен қатар қойылып, аяқ ұшы бағытқа қарай
тураланады. Соққы доптың ортасына беріледі. Допқа соққы бергенде қол алға-
артқа майысады.
Оқыту барысында:
1.Соққыимитациясы. Аяқтың соққы қимылын допсыз орындау.
2.Жай соққы. Қабырғадан үш метр қашықтықта қимылсыз тұрған допқа соққы
беру ұозғалыс жай темппен жасалады, 20-25 соққы беру керек.
3.Дәл соққы. Қабырғада 1х1 м квадрат сызылады. Ойыншы 10 м қашықтықта
көзделген квадрадқа 20 соққы беруі қажет. Соққы қимылсыз тұрған допқа
беріледі.
4.Жалаушалар арасы. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Әріптестестер ара-
қашықтығы 24-26 м. Ортаға жалауша арқылы 1,5-2 м кеңдікте қақпа құрылады.
Әріптестер допты бір-бірінежалаушалар арасы арқылы бағыттайды.
5.Домаланған доппен. Жаттығушылар екі-екіден бөлінеді. Әріптесінің бірі
допты бір жақтама береді, ал екіншісі домаланған допты қақпаға, көзделген
жерге дәлдеп соққы береді. Екі аяқпен де 10 соққы берген соң , допты беріп
тұрған ойыншымен орын алмасады.
6.Алыстан соққы. Алаңда 15 м кеңдікте коридор белгіленеді. Ойыншылар
кезекпен жүгіру арқылысоққылар орындайды. Әрқайсысына 3 ұмтылыстан
беріледі. Коридормен ең алысқа допты кім соқса, сол жеңеді.
7.Мықты соққы. Әріптестің біреуі қақпаға орналасады, екінші ойыншы
қақпадан 12 кв м қашықтықтан оң және сол аяғымен шығып, 5 соққы береді.
Онан соң орын алмасады.
Бұл қабылдауларды меңгеруде бастауыш футболшылар аяқ ұшын максимальді
төмен иеді. Бұл жағдайда доп қисық траекториямен ұшады. Бұл қателікті
болдырмас үшін дұрыс жолмен 8-10 соққы беріп, жаттығу керек. Сонымен қатар
олар тірек аяқты доппен өте алыс қашықтықта ұстап тұрады, ал соққы допқы
допқа әлсіз беріледі. Бұл кемшіліктерді болдырмау жолы ұзақ әрі сапалы
жаттығулар жасау.
Аяқ өрінің ішкі жағымен соққы беру. Былайша соққы беру ойын кезінде
қарсыластың қақпасына, айып соққы бергенде т.б. жағдайларда орын алады. Бұл
қабылдаудың техникалыққолданылуы келесідей. Тірек аяқ доптан артта тұрады.
Ол аяққа дененің ауырлығы түсіріледі, ал соққы беруші аяқ тізеден бүгіледі.
Сонан соң соққы беруші аяқтың табаны ішке қарай кішкене майысады да бекиді.
Соққы доптың төменгі бөлігіне беріледі. Бұл қабылдауларды оқытуда жоғарыда
аталған жаттығуларды жасатады.
Енді осы қабылдауларды орындау барысында жіберілетін қателер жөнінде
айтатын болсақ, тірек-аяқ допқа өте жақын орналасады. Қатені болдырмас үшін
қабырғаға соққыны дұрыс беру жолымен жаттығу керек. Жүгіруді дұға бойымен
емес көзделген бағытқа сай түзу бағытта жүгіру керек.
Аяқ өрінің сыртқы жағымен соққы беру. Былайша соққы беру айып кезінде ,
қақпаға және әріптесіне беру кезінде көп қолданылады. Бұл соққыда доп
айналып ұшады. Бұл қабылдау дұрыс болу үшін дәлдікті арттыру керек, ол үшін
тірек аяқ доп деңгейінде орналасады. Соққы берушіаяқ ішке қарай бұрылып,
соққы беріледі. Ден салмағы тірек аяққа түсіріледі. Әрине бұл қабылдауды
тез үйрене қою қиын, бірақ үйренуді жүзеге асыруғы әбден мүмкіндігі бар. Ең
бастысы қателік болдырмау, болған кезде де тез жөндеу.
Аяқ ұшымен соққы берукөбінесе ылғалды ауа райындағы ойында беріледі.
Бұл қабылдаудың орындалу техникасы аяқ әрі ортасымен соққы техникасымен
бірдей.
Өкпемен соққы. Бұл соққы артта тұртұрған әріптеске допты елеусіз ғана
беруде қолданылады.
Бұл бастауыш футболшыларда дұрыс бола бермейді. Бірақ барлық футбол
шеберлері оны ойында дұрыс қолдана біледі. Бастпқы кезеңде қабылдаулардың
дұрыс орындалуына ерекше көңіл бөлу керек. Бұл қабылдауды жүзеге асыруда
тірек аяқты доптан сәл алдын қою керек және тізені бүгеді. Сонан соң соққы
беруші аяқты өзінен артқы бағытта өкшемен береді.
1.3 Футболдың оқуындағы процестің ерекшеліктері
Оқыту барысында:
1. Қадаммен арқамен. Қабырғаға тұру. 1,5 м қашықтыққа алдына доп қояды.
Қадам жасап допты өкше арқылы қабырғаға соққылайды.
2. Жүгірумен. Түзу сызық бойына әр 3-4 қадам сайын 5-6 доптан қояды. Әрі
қарай жүгірумен әр допқа өкше арқылы соққы береді. Басында жүгіру,
жаймен басталып жаймен жеделдейді.
3. Екулеп. Жаттығушылар екі-екіден бөлінеді. Бір-бірінен 5-6метр
қашықтықта орналасады. Допқа ие әріптес допқа өкшесі арқылы соққы
беріп, арттағы әріптестеріне береді. Осылайша әрқайсысы 15-20 соққыдан
береді.
4. Домаланған доппен. Екі ойыншы бірінен соң бірі тұрады. Біріншісі допты
жаймен алға домалатады. Артқысы допқа қуып жетіп, онымен соққы беру
арқылы кері қайтарды. 4-5 ұмтылыстан кейін орын алмасады.
5. Өкшемен көздеу. Екі бағанмен 1 м ендікте қақпа құрылады. Екі ойыншы
екі жақтан орын алады. Олар кезекпен өкше арқылы қақпаға доп соғады.
Қақпамен қашықтық 6-7 м.
6. Қуып жет те ал. Қос-қостан ойналады. Біреуі доппен алда қозғалыста, ал
әріптесі оның соңынан 5-6 қадамда аеледі. Алдыңғысы допты өкшемен
артқа бағыттайды, артындағысы допты қағып, алға түседі де, оны
қайталайды.
Бұл қабылдауды орындау барысында көбінесе кететін қателіктер де
кездеседі. Бұл қабылдауды үйренуде бұл қабырғаға допты өкшемен беру арқылы
жаттығу керек.
Бөлшектелген соққы деп, доп ұшып бара жатып өз өсімін айналуын айтады.
Былайша жасау үшін допты доптың ортасынан емес, жерге қойып бір жағынан
соққы беру керек.
Аяқ өрінің ішкі жағымен бөлшек соққы беру . Бұл кәдімгі соққы берумен
бірдей, айырмашылығы доптың ортасынан емес,жанынан соққы беріледі. Доп өз
өсінде қатты айналған сайын оның доғасы да көбірек болады.
Оқыту барысында:
1.Бір-біріне. Жаттығушылар қос-қостан жаттығады. Олар бір-бірінен 12-14
м қашықтықта тұрып, бір-біріне аталған түрде доп беріп отырады.
2.Қақпа арқылы. Бағаналардан 2м кеңдікте қақпа құрылады. Екі ойыншы
қақпаның екі жағына 10м қашықтықта орналасады. Ойыншылар допты бір-біріне
бағыттап кезекпен қақпаны соғады.
3. Домаланған доппен. Жаттығуда үш ойыншы қатысады. Біреуі қақпаға
орналасады, екіншісі қақпа жанына, үшіншісі екінші ойыншы берген допқа
соққы беріп қақпаға бағыттайды. Әріптестер орын алмасып ойнайды.
4.Бағана арқылы. Соққы сызығынан 17-18м қашықтықта 2,5 диаметрлі шеңбер
сызылады. Соққы сызығы мен шеңбер арасына бағана қойылады. Ойшылар алдымен
қимылсыз тұрған допқа соққы береді,онан соң домаланған допқа соққы беріп,
шеңберді көздейді.
5.Флангтан беру. Алаңда бір шетінен соққы беру нүктесі белгіленеді.
Айып алаңының 11метрлік аумағында диаметірі 5метр болатын шеңбер сызылады.
Шеңберге түсіру үшін допқа 10соққы беріледі. Мұнда 5 соққы аяқ өрінің ішкі
жағымен, ал 5 соққы сырқы жағымен.
Бастауыш футболшыларға бұл қабылдауларды оқытуда, олардың көбінесе
жіберілген қателігі допты дәл ортасынан соққы бермейді,ауытқиды. Бұл
кемшілікті жою үшін допқа соққы беріп, қабырғаға ұру жаттығуын жасау
керек.
Ұшып келе жатқан допқа соққы беру-техникалық күрделі қабылдаулардың
бірі болып табылады. Бұл қабылдауды үйренуде, соққы беруші аяқтың допқа
дұрыс тиюіне назар аудару керек. Ойыншы қақпаға ұшып келе жатқан допты
бағыттауы керек болса, онда аяқ өрінің ортасы арқылы доп орталығын көздеп
соққы беру керек. Тәртіп бойынша соққы дұрыс берілсе, доп көзделген жерге
тиеді. Бұл жағдай көбінесе табанның ішкі жағымен немесе аяқ өрісінің ішкі
жағымен соққы бергенде дұрыс орындалады. Соққылардың ішіндегі ең күрделісі
болып, баспен соққы беру саналады.
Оқыту барысында:
1.Допты лақтыру. Қабырғадан 10-12 м қашықтықта тұру. Допты алдына
тастау. Доп кері серпіліп, тізе тұсына жеткенде ұшып келе жатқандағы
соққыны береді. Алдымен соққылар табанның ішкі жағымен беріледі. Сонан соң
ортасымен және өрдің сырқы жағымен беріледі.
2.Допты тастау. Жаттығулар екі-екідне бөлінеді. Бір ойыншы әр қосақтың
сол жағынан қабырғадан 10м қашықтықта тұрады. Оның орындайтыны-кеудесін
тірек аяққа иіп әріптесі лақтырған допты кері қабырғаға қайтарады. Период
бойынша, ойыншылар орын алмасады.
3.Бір-біріне. Футболшылар қос-қостан жұмыс жасайды. Әр қосақта
ойыншылар бір-бірінен 15м қашықтықта орналасып, кезекпен допқа соққы бере
бастайды. Мұнда доп бағыты әріптес алдына бағытталады. Әріптесі допқа ұшып
келе жатқандағы соққыны береді.
4.Қақпаға соққы бер. Жаттығушы үш ойыншы. Біреуі қақпаға тұрады,
екіншісі қақпадан 15 қадам қашықтықта, ал үшіншісі қақпа сызығынан 15-20м
қашықтыққа орналасып, допты екінші ойыншыға береді. Ол ұшып келе жатқан
допты қақпаға бағыттайды. 10 соққыдан соң орын алмасады.
5. Бас арқылы. Допты жерге тастау және бірінші серпілісінде аяқ өрінің
ортасымен бастан асыра соққы береді. Тез бұрылып түскен допқа осны
қайталайды т.с.с.
6.Доп ортанғыға. Жаттығушылар 3-3-тен ойнайды. Екі ойыншы бір-бірінен
12-14 м қашықтыққа орналасады, ал үшіншісі олардың арасында. Бірінші ойыншы
ортадағыға береді, ал ол бас арқылы аяқ өрі ортасымен соққы беру арқылы
екінші допты үшінші ойыншыдан алады. Дәл осылайша бірінші ойыншыға береді.
Период бойынша орын алмасады.
7. Қақпаға. Екі ойыншы қақпаның екі шетіне тұрады. Кезекпен қақпа
сызығына айып алаңы арқылы қақпаға бағыттайды. Екінші ойыншы ұшып келе
жатқан допты қақпаға бағыттайды. Период бойынша орын алмасады. Енді
жіберілетін қателер жөнінде көбінесе бастауыш футболшылар келесі
кемшіліктерді көп жіберді. Аяқтар жерге параллельді немесе аяқ допқа өте
жақын орналасады. Нәтижесінде әлсіз, дәл емес соққы беріледі. Бұл
кемшіліктерді жою үшін жерден серпілген допқа қабырғаға бағыттап 8-10 соққы
беру арқылы жаттығу керек.
Жартылай ұшпалы допқа соққы. Доптың жерден серпілуі кезінде орындалады.
Мұндай соққылар әдетте өте күшті соққылар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz