Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына
16-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 205-қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған
География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. География пәні - табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән. Ол табиғи және антропогендік нысандардың арасындағы кеңістіктік-уақыттық өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктерді зерттейді.
3. География пәнінің мақсаты - дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу.
4. Тұлғаның географиялық мәдениеті - тұлғаның бойындағы Жер, қоршаған орта, табиғат туралы, оның алуантүрлілігінің себептері, халқы мен шаруашылық әрекеті туралы білім мен адам - табиғат - қоғам - мәдениет жүйесіндегі өмірлік құндылықтарды меңгеруінің көрінісі.
5. Дүниенің географиялық бейнесі - аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелердің қасиеттері мен заңдылықтары туралы көзқарастар жиынтығы.
6. Географиялық ойлау - географиялық нысандар, үдерістер мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды тану және олардың маңызды қасиеттерін бейнелеу.
7. География пәнінің міндеттері:
1) географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі заманғы адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге мүмкіндік беру;
2) оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды қалыптастыру;
3) қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;
4) оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне ықпал жасау;
5) оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне ықпал жасау;
6) кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру;
7) географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
2-тарау. География пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
8. География оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:
1) 7-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2) 8-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
3) 9-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
9. География пәні оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері
арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
10. Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
11. Оқу пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
1) географиялық зерттеу әдістері;
2) картография және географиялық деректер базасы;
3) физикалық география;
4) әлеуметтік география;
5) экономикалық география;
6) елтану және саяси география негіздері.
12. Географиялық зерттеу әдістері бөлімі Зерттеу және зерттеушілер бөлімшесінен тұрады.
13. Картография және географиялық деректер базасы бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) географиялық карталар;
2) географиялық деректер базасы.
14. Физикалық география бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) литосфера;
2) атмосфера;
3) гидросфера;
4) биосфера;
5) табиғи-аумақтық кешендер.
15. Әлеуметтік география бөлімі келесі бөлімшеден тұрады:
1) халықтар географиясы.
16. Экономикалық география бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) табиғи ресурстар;
2) әлеуметтік-экономикалық ресурстар;
3) дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы;
4) дүниежізілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері;
17. Елтану және саяси география негіздері бөлімі Дүниежүзі елдері
бөлімшесін қамтиды.
18. Пәннің 7-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) географиялық зерттеу әдістері, зерттеу және зерттеушілер, географияны зерттеу нысандары, география ғылымының дамуы, географиялық дерек көздері, географиялық тәжірибелер, далалық зерттеу әдістері, географияда графикалық әдістердің қолданылуы;
2) картография және географиялық деректер базасы, географиялық карталар, географиялық картосхемаларды қолдану, географиялық номенклатура, географиялық деректер базасы, географиялық деректерді ұйымдастыру;
3) физикалық география, литосфера, литосфераның құрылысы мен заттық құрамы, жердің тектоникалық құрылысы, литосфераның тектоникалық қозғалыстары, литосфералық катаклизмдер, атмосфера, атмосфера және оның құрамдас бөліктері, ауа райы және метеорологиялық элементтер, атмосфералық қолайсыз құбылыстар, гидросфера, гидросфера және оның құрамдас бөліктері, су ресурстарының маңыздылығы, дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы, дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері, мұхит суларының қозғалыстары, мұхиттармен байланысты апаттар, дүниежүзілік мұхиттың проблемалары, биосфера, биосфера және оның құрамдас бөліктері, туған өлкенің флорасы мен фаунасы, топырақ, оның құрамы мен құрылымы, Қазақстанның топырақ түрлері, топырақтың экологиялық проблемалары, табиғи-аумақтық кешендер, табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы, табиғи-аумақтық кешендердің түрлері; туған өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу;
4) әлеуметтік география, халық географиясы, дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары, дүниежүзі халқының діни құрамы, дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары, ұлтаралық және дінаралық келісім;
5) экономикалық география, табиғи ресурстар, табиғи ресурстардың жіктелуі, табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемалар, әлеуметтік-экономикалық ресурстар, көлік инфрақұрылымы, әлеуметтік инфрақұрылым, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы, дүниежүзілік шаруашылықтың салалары: ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп;
6) елтану және саяси география негіздері, дүниежүзі елдері, дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы, дүниежүзі елдерінің географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы.
19. Пәннің 8-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) географиялық зерттеу әдістері, зерттеу және зерттеушілер, география ғылымының салалары, географиялық зерттеу әдістерінің түрлері, географиялық деректерді өңдеу және талдау, географиялық модельдер, зерттеу нәтижелерінің ұсыну формалары;
2) картография және географиялық деректер базасы, географиялық карталар, тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттау элементтері, тақырыптық карталарды оқу, тақырыптық географиялық номенклатура, географиялық деректер базасы, географиялық деректер базасын құрастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі;
3) физикалық география, литосфера, жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары, жер бедерінің жіктелуі, материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық объектілері, тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі, пайдалы қазбалардың тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты таралуы, тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері, тау жыныстарының жасын анықтау, геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте, жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері, атмосфера, климат қалыптастырушы факторлар, атмосфераның ғаламдық циркуляциясы, климаттық белдеулер, материктердің климаттық ерекшеліктері, климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері, адам әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері, гидросфера, құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы, құрлық суларының шаруашылық маңызы, өзен аңғарының құрылысы, өзендердің гидрологиялық режимі, көлдер мен мұздықтар, құрлық суларының экологиялық проблемалары, су апаттары, биосфера, табиғат зоналары мен биіктік белдеулер, материктердің табиғи зоналары, мұхиттардың тіршілік дүниесі, өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау, табиғи-аумақтық кешендер, географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы, географиялық қабықтың заңдылықтары;
4) әлеуметтік география, халық географиясы, халық санағы, дайы өсудің түрлері, демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай, демографиялық проблемалар, демографиялық саясат;
5) экономикалық география, табиғи ресурстар, табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау, дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуеті, табиғи ресурстарды өңдеу технологиясы, орталықтары және дайын өнім түрлері, әлеуметтік-экономикалық ресурстар, экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші, өңдеуші және қызмет салалары, ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері, ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары, дүниежүзілік шаруашылық салаларын сипаттау;
6) елтану және саяси география негіздері, дүние жүзі елдері, дүниежүзінің саяси картасы, елдердің саяси типологиясы, саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер, дүние жүзі елдерінің саяси-географиялық жағдайы, саяси интеграция, Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері, бағыттары және бастамалары.
20. Қазақстан географиясы пәнінің 9-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) географиялық зерттеу әдістері, зерттеу және зерттеушілер, қазақстандық географтардың зерттеулері, география ғылымы зерттеулерінің қазіргі заманғы өзекті проблемалары, географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері, қазақтың халықтық географиялық терминдері, зерттеу нәтижелерін ұсынудың академиялық формалары;
2) картография және географиялық деректер базасы, географиялық карталар, географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері, географиялық номенклатура нысандарын көрсету тәсілдері, географиялық деректер базасы, жерді қашықтықтан зерделеу әдістері, геоақпараттық жүйе технологияларын қолдану аясы;
3) физикалық география, литосфера, Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы, Қазақстанның басты орографиялық нысандары, қазақ оронимдері, Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары, минералды ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары, Қазақстанның минералды ресурстарына баға беру, минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар, атмосфера, Қазақстанның климатын түзуші факторлар, Қазақстанның климаттық жағдайы, Қазақстанның климаттық ресурстары, Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар, қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері, гидросфера, Қазақстанның ішкі суларының түрлері, қазақ гидронимдері, Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға беру, су ресурстарының экологиялық проблемалары, Қазақстанның ішкі суларының геосаяси проблемалары, биосфера, Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері, Қазақстанның табиғи мұрасы, табиғи хоронимдердің (ерекше қорғауға алынған аумақтар) мағынасы, ноосфераның қалыптасуы, Қазақстанның ноосфераның дамуына қосқан үлесі, табиғи-аумақтық кешендер, Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары, Қазақтың табиғи хоронимдері (физикалық-географиялық аудандардың атауы), табиғат кешендеріне әсер ететін антропогендік факторлар, антропогендік ландшафтарды жақсарту жолдары;
4) әлеуметтік география, халық географиясы, Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы, дүниежүзі халқының көші-қоны, Қазақстандағы халықтың көші-қоны, көші-қон саясаты, еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы, Қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты, елді мекендердің жіктелуі, елді мекендердің функционалды зоналары, Қазақстандағы ойконимдер, Қазақстандағы елді мекендердің проблемалары, урбандалу үдерісі, Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға беру;
5) экономикалық география, табиғи ресурстар, Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуеті, Қазақстанда жекелеген ресурс түрлерін өңдеу технологиялары, орталықтары және дайын өнім түрлері, табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлері, тұрақты даму, Қазақстанда табиғатты пайдаланумен байланысты проблемалар, Әлеуметтік-экономикалық ресурстар, ғылыми-техникалық революция үдерісі, бағыттары, адам әлеуеті даму индексінің көрсеткіштері, Қазақстанда адамдық капиталды дамыту, Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары, Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы, Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы, Қазақстан шаруашылығының салалары, Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салалары мен мамандануы, дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері, дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілері, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық қатынас түрлері, дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштері, дүниежүзілік шаруашылықтың даму модельдері мен аумақтық құрылымы, дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері, Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны, Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттары, орны;
6) елтану және саяси география негіздері, дүниежүзі елдері, елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы, халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары, Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайы, Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдер, Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары.
3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
21. Бағдарламада оқыту мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау енгізілді. Кодтық белгіде бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар - бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан - оқыту мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында 7 - сынып, 2.1 - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, 4 - оқыту мақсатының реттік саны.
1. Оқыту мақсаттары:
Білім алушылар білуі тиіс:
Бөлім
Бөлімше
7-сынып
8-сынып
9-сынып
1. Геогра
фиялық зерттеу әдістері
1.1
Зерттеулер және зерттеушілер
7.1.1.1
географияның зерттеу нысандарын анықтайды;
7.1.1.2
саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді;
7.1.1.3
географиялық дерек көздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар;
7.1.1.4
географиялық нысандардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды;
7.1.1.5
географиялық далалық зерттеу әдістерін қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтайды, өңдейді, талдайды;
7.1.1.6
географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: сызба, диаграмма, профиль, график
8.1.1.1
география ғылымының салаларға бөлінуін графикалық түрде көрсетіп түсіндіреді;
8.1.1.2
география ғылымы салаларындағы маңызды зерттеулерді анықтайды;
8.1.1.3
далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады;
8.1.1.4
қазақстандық компонентті қосымша қамтумен сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды;
8.1.1.5
географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіреді;
8.1.1.6
зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады
9.1.1.1
география ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың зерттеулері туралы баяндайды;
9.1.1.2
география ғылымының қазіргі заманғы өзекті зерттеу проблема-ларын анықтайды;
9.1.1.3 географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды;
9.1.1.4
қазақ халқының халықтық географиялық терминдерінің мағынасын түсіндіреді;
9.1.1.5
зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады
2. Картография және географиялық деректер базасы
2.1 Геогра
фиялық карталар
7.2.1.1
тақырып бойынша картосхемалар жасай алады;
7.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
8.2.1.1
тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте;
8.2.1.2 географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолданумен тақырыптық карталарды оқиды;
8.2.1.3 географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді
9.2.1.1
маңызды қазақстандық географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көр-сету барысында сипаттайды;
9.2.1.2
Қазақстанның географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
2.2. География
лық деректер базасы
7.2.2.1
географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді
8.2.2.1
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастырады
9.2.2.1
жерді қашықтықтан зерделеудің әдістерін сипаттап, маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндіреді;
9.2.2.2 шаруашылық пен ғылым салаларында геоақпараттық технологияла
рын қолданудың маңыздылығын сипаттайды
3. Физика
лық география
3.1 Литосфера
7.3.1.1 литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды;
7.3.1.2 жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды;
7.3.1.3
жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг;
7.3.1.4
дүние жүзінде және Қазақстанда литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді;
7.3.1.5
литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін қазақстандық компонент негізінде түсіндіреді
8.3.1.1
жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықта рын зерттейді;
8.3.1.2
жер бедері түрлерін жіктейді;
8.3.1.3
жер бедері түрлерін жоспар бойынша сипаттайды;
8.3.1.4
материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстырады;
8.3.1.5
тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктейді;
8.3.1.6
тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасайды;
8.3.1.7
тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін анықтайды;
8.3.1.8
тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсіндіреді;
8.3.1.9
геологиялық жылса
нау мен геохроноло
гиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады;
8.3.1.10
жергілікті компо
нентті қосымша қамту негізінде жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді
9.3.1.1
жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде
Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды;
9.3.1.2 Қазақстанның басты орографиялық нысандарын сипаттайды;
9.3.1.3
қазақ ороним
дерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады;
9.3.1.4 Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды;
9.3.1.5 Қазақстанның минералды ресурстарын өндіру және өңдеудің басты орталықтарын картадан көрсетіп, сипаттайды;
9.3.1.6 Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді;
9.3.1.7
минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды топтастырады және Қазақстанның әртүрлі аймақтары бойынша оларды шешудің жолдарын ұсынады
3.2 Атмосфера
7.3.2.1 атмосфераның құрамын сипаттайды;
7.3.2.2 атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіреді;
7.3.2.3
ауа райы ұғымын түсіндіреді;
7.3.2.4 метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сипаттап, зерттеу маңыздылығын
анықтайды;
7.3.2.5 метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін өлшеп, метеорологиялық құрал-жабдықтарды қолданумен тіркейді;
7.3.2.6
жергілікті жер мүмкіндігі бойынша температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синопти калық графикалық материалдарды жасайды;
7.3.2.7
жергілікті компо нентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфе ралық құбылыс тарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады
8.3.2.1
климат қалыптастырушы факторларды талдайды;
8.3.2.2
атмосфераның ғаламдық циркуля циясын талдап, түсіндіреді;
8.3.2.3 климаттық белдеулерді талдайды;
8.3.2.4
әр материкте орналасқан ұқсас климаттық белдеу лерді салыстырады;
8.3.2.5
жергілікті компо нентті қосымша қамту негізінде
климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді;
8.3.2.6
адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырады, шешу жолдарын ұсынады (қазақстандық компонент негізінде)
9.3.2.1
Қазақстан климатын қалыптастыру
шы факторларды талдайды;
9.3.2.2 Қазақстанның климаттық жағдайын талдайды;
9.3.2.3 Қазақстанның климаттық ресурстарын бағалайды;
9.3.2.4 Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп, сақтану шараларын ұсынады;
9.3.2.5

қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды
3.3 Гидросфера
7.3.3.1
гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды;
7.3.3.2
су ресурстарының маңыздылығын түсіндіреді;
7.3.3.3
дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды;
7.3.3.4
мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды;
7.3.3.5
мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды;
7.3.3.6
мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді;
7.3.3.7
мұхиттар және теңіздермен байланысты апаттарды топтастырып, сақтану шараларын ұсынады;
7.3.3.8 дүниежүзілік мұхит проблемаларын топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
8.3.3.1
құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды;
8.3.3.2
құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын түсіндіреді (қазақстандық компонент негізінде);
8.3.3.3
өзен аңғарының құрылысын түсіндіреді;
8.3.3.4
қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде өзендердің гидрологиялық режимін түсіндіреді;
8.3.3.5
дүние жүзінің және Қазақстанның көлде рі мен мұздықтарын жоспар бойынша сипаттайды;
8.3.3.6

құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады;
8.3.3.7
жергілікті компо нентті қосымша қамту негізінде су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады
9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды: өзендер мен көлдер, мұздық тар мен мәңгі тоң, жерасты сулары;
9.3.3.2
қазақ гидроним
дерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерация
сын үш тілде ұсынады;
9.3.3.3 Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға береді;
9.3.3.4

су ресурстары
ның экология
ық проблемала
рын талдап, шешу жолдарын ұсынады;
9.3.3.5 Қазақстандағы су ресурстары
ның геосаяси проблемаларын жіктеп шешу жолдарын ұсынады:
трансшекаралық өзендер, Каспий теңізінің мәртебесі
3.4 Биосфера
7.3.4.1
биосфераның құрамын, құрылы
мын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды;
7.3.4.2
өлкеге тән өсімдіктер мен жануарларды анықтайды және Қызыл кітапқа енген түрлерін атайды;
7.3.4.3
Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды;
7.3.4.4

топырақ ресурста рына баға береді;
7.3.4.5 топырақтардың экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады
8.3.4.1
табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуын түсіндіреді;
7.3.4.2
өлкеге тән өсімдік тер мен жануарлар ды анықтайды және Қызыл кітапқа енген түрлерін атайды;
8.3.4.3
әр материкте орналасқан ұқсас табиғат зоналар мен биіктік белдеулерді салыстырады;
8.3.4.4
мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын анықтайды;
8.3.4.5
өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады
9.3.4.1 Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау жасайды;
9.3.4.2
қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар
ерекше қорғалатын аумақтардың құрылу мақсатын түсіндіреді;
9.3.4.3 Қазақстанның табиғи мұрасына баға береді;
9.3.4.4 тақырыпқа қатысты қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерация сын үш тілде ұсынады;
9.3.4.5 ноосфераның қалыптасу шарттарын зерттейді;
9.3.4.6 Қазақстанның ноосфера дамуына қосқан өзіндік үлесін бағалайды
3.5 Табиғи-аумақтық кешендер
7.3.5.1 географиялық қабық, материктер мен мұхиттар, зоналар және белдеулер, ландшафт табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын түсіндіреді;
7.3.5.2
туған өлкенің табиғи-аумақтық кешендерін жоспар бойынша сипаттайды және өлкетану деректер базасын әртүрлі формада ұсынады
8.3.5.1
географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын графикалық түрде көрсетіп, түсіндіреді;
8.3.5.2
географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын түсіндіреді
9.3.5.1 Қазақстанның ірі табиғи кешендерін жоспар бойынша сипаттайды;
9.3.5.2
қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіріп, транлитерациясын үш тілде ұсынады;
9.3.5.3
жергілікті компонент негізінде
антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне әсерін зерттейді;
9.3.5.4 антропогендік ландшафттарды жақсарту жолдарын ұсынады: рекультивация, мелиорация, ландшафттық дизайн
4. Әлеумет
тік геогра
фия
4.1 Халық географиясы
7.4.1.1
дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіреді;
7.4.1.2
дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды;
7.4.1.3
халықтың этникалық және діни құрамына байланысты дүниежүзінің тарихи-мәдени өркениеттік аймақтарының қалыптасуын түсіндіреді;
7.4.1.4
қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде
ұлтаралық және дінаралық келісімнің қажеттілігін дәлелдейді және қалыптастыру жолдарын ұсынады
8.4.1.1
халық санын анықтау әдістерін түсіндіреді;
8.4.1.2
дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктейді;
8.4.1.3
елдердің демографиялық жағдайын талдап, басты демографиялық көрсеткіштерін есептейді: халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрам;
8.4.1.4
елдердің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрде ұсынып, түсіндіреді;
8.4.1.5
дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктейді;
8.4.1.6 демографиялық саясат ұғымын түсіндіре отырып дүниежүзінің жекелеген елдеріне қатысты демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады
9.4.1.1
Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтайды;
9.4.1.2 дүниежүзі халқы миграцияларының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді;
9.4.1.3 Қазақстандағы көші-қон үдерістерді талдап, басты бағыттарын анықтайды;
9.4.1.4
көші-қон саясатының өзіндік үлгісін ұсынады;
9.4.1.5 қазақстандық көрсеткіштерді басқа елдердің көрсеткіштері мен салыстыру негізінде
еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға береді;
9.4.1.6 Қазақстанның демографиялық жағдайын талдап, демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады;
9.4.1.7 Қазақстандағы елді мекендерді жіктейді;
9.4.1.8
елді мекендердің түрлері мен функционалды зоналарын сипаттайды;
9.4.1.9 Қазақстандағы ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерация
сын үш тілде ұсынады;
9.4.1.10 Қазақстанның елді мекендері проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады;
9.4.1.11 урбандалу үдерісінің себеп-салдарын түсіндіру арқылы байланысты проблемалардың шешу жолдарын ұсынады;
9.4.1.12 Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға береді
5. Экономи калық география
5.1
Табиғи ресурстар
7.5.1.1
табиғи ресурстарды жіктейді;
7.5.1.2
жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды;
7.5.1.3
табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді;
7.5.1.4
жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды талдап, шешу жолдарын ұсынады
8.5.1.1
табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды;
8.5.1.2
дүниежүзінің жекелеген аймақтарының табиғи ресурстық әлеуетін бағалайды;
8.5.1.3
қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде жекелеген табиғат ресурстарын өңдеу технологиясын сипаттай отырып, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атайды
9.5.1.1
Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды;
9.5.1.2 Қазақстанда жекелеген табиғи ресурс-тарды өңдеу технологиясын сипаттап, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атайды;
9.5.1.3
табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлерін топтастырады;
9.5.1.4
тұрақты дамудың белгілері мен бағыттарын сипаттайды;
9.5.1.5 Қазақстанда табиғатты пайдалану проблемаларын анықтап, шешу жолдарын ұсынады;
9.5.1.6
жергілікті компонент негізінде
табиғатты пайдалануға байланысты зерттеу жүргізеді
5.2 Әлеуметтік-экономика
лық ресурстар
7.5.2.1

көлік инфрақұрылым элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді;
7.5.2.2

әлеуметтік инфрақұрылымы
ның элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді
8.5.2.1
қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде экономикалық инфрақұрылымның элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді
9.5.2.1
ғылыми-техникалық революция үдерісін, даму бағыттарын талдайды;
9.5.2.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде
адам әлеуетінің даму индексі көрсеткіштерін анықтап, елдерді салыстырады;
9.5.2.3 Қазақстанда адам капиталы-ның әлеуетін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
9.5.2.4 Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағытта
рын анықтап, болжам жасайды;
9.5.2.5 Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жағдайын талдап, дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
9.5.2.6
Қазақстан аймақтарының инфрақұрылы мын талдап, проблемаларды шешу жолдарын ұсынады
5.3
Дүние
жүзілік шаруашы
лықтың салалық және аумақтық құрылымы
7.5.3.1
ауыл шаруашылық, өнеркәсіп шаруашылық салаларын жіктеу арқылы маңыздылығын түсіндіреді
8.5.3.1
өндіруші және өңдеуші, қызмет саласы шаруашылық түрлерін жіктейді;
8.5.3.2
қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын ұйымдастыру түрлерін сипаттайды;
8.5.3.3
қазақстандық компонентті қосым
ша қамту негізінде ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды;
8.5.3.4
дүниежүзі шаруашы
лығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды
9.5.3.1
Қазақстан шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды;
9.5.3.2 Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салаларын анықтап, мамандануын түсіндіреді
5.4 Дүниежүзі
лік шаруашы
лықтың даму үрдістері мен көрсеткіш
тері
9.5.4.1 дүниежүзілік шаруашылық тың субъектілерін сипаттайды;
9.5.4.2 халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің мәнін анықтайды;
9.5.4.3 халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды;
9.5.4.4 дүниежүзілік шаруашылық
тың даму көрсеткіштерін сипаттайды:
жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім оның ішінде жан басына шаққанда;
9.5.4.5 дүниежүзілік шаруашылық
тың модельдері мен аумақтық құрылымын талдайды;
9.5.4.6 дүниежүзілік шаруашылық
тың даму үрдістерін талдайды;
9.5.4.7 Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылық
тағы орнын анықтайды;
9.5.4.8 Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын, орнын анықтайды
6. Елтану және саяси география негіздері
6.1 Дүние жүзі елдері
7.6.1.1
қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді географиялық орнына байланысты топтастырады;
7.6.1.2
қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің географиялық орнын жоспар бойынша сипаттайды;
7.6.1.3
қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді экономикалық-географиялық орнына байланысты топтастырады;
7.6.1.4
қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттайды;
7.6.1.5
қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайына баға береді;
7.6.1.6
қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдердің экономикалық-географиялық жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныс жасайды
8.6.1.1
саяси картаның басты нысандарын сипаттайды;
8.6.1.2
елдерді басқару формасы және мемлекеттік құрылымы бойынша топтастырады;
8.6.1.3
саяси картаның сандық және сапалық өзгерістерін талдайды;
8.6.1.4
елдердің саяси-географиялық жағдайына баға береді;
8.6.1.5
саяси интеграцияның қажеттілігі мен мақсаттарын түсіндіреді;
8.6.1.6
Қазақстанның саяси интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын талдайды
9.6.1.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырады;
9.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде
халықаралық ұйымдарды деңгейі және мақсаты бойынша топтастырады;
9.6.1.3
Қазақстан Республикасы ның әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына кешенді баға береді;
9.6.1.4
Қазақстан
дағы саяси-әкімшілік хоронимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерация сын үш тілде ұсынады;
9.6.1.5 Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты түрлі мақсатты аудиториялар үшін дайындайды
2. Оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
Негізгі орта білім беру деңгейінің
7-9-сыныптарына арналған
География оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
1) 7-сынып:
Бөлімше
Тақырыптар
Оқыту мақсаттары
Білім алушылар:
1-тоқсан
1 Географияны зерттеу тәсілдері
1.1
Зерттеу және зерттеуші
лер
Географияны зерттеу нысандары
7.1.1.1 географияның зерттеу нысандарын анықтайды
География ғылымының дамуы
7.1.1.2 саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді
Географиялық дерек көздері
7.1.1.3 географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар
Географиялық тәжірибелер.
7.1.1.4 географиялық нысандардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды
Далалық зерттеулер әдістері
7.1.1.5 географиялық далалық зерттеу әдістерін қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтайды, өңдейді, талдайды
Географияда графикалық әдістердің қолданылуы
7.1.1.6 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: диаграмма, профиль, график
2 Картография және географиялық деректер базасы
2.1 Географиялық карталар
Географиялық картосхемаларды қолдану
7.2.1.1 тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады
Географиялық номенклатура

2.2. Географиялық деректер базасы
Географиялық деректерді ұйымдастыру
7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді
3 Физикалық география
3.1 Литосфера
Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы
7.3.1.1 литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды
Жердің тектоникалық құрылысы
7.3.1.2 жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды
Литосфераның тектоникалық қозғалыстары
7.3.1.3 жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг
Литосфералық катаклизмдер
7.3.1.4 дүние жүзінде және Қазақстанда литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді
7.3.1.5 қазақстандық компонент негізінде литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіреді
1 Географиялық зерттеу әдістері
1.1 Зерттеу және зерттеушілер

2 Картогра
фия және география

2-тоқсан
3 Физикалық география
3.2 Атмосфера
Атмосфера және оның құрамдас бөліктері
7.3.2.1атмосфераның құрамын сипаттайды
7.3.2.2 атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіреді
Ауа райы және метеорологиялық элементтер
7.3.2.3 ауа райы ұғымын түсіндіреді
7.3.2.4 метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды
7.3.2.5 метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін өлшеп, метеорологиялық құрал-жабдықтарды қолданумен тіркейді
7.3.2.6 жергілікті жер мүмкіндігі бойынша температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық графикалық материалдарды жасайды
Қолайсыз атмосфералық құбылыстар
7.3.2.7 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады

7.1.1.4 географиялық нысандардың, үдерістердің және құбылыстардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды

7.1.1.6 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: сызба, диаграмма, профиль, график

3.3 Гидросфе
ра
Гидросфера және оның құрамдас бөлігі
7.3.3.1 гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды
Су ресурстарының маңыздылығы
7.3.3.2 су ресурстарының маңыздылығын түсіндіреді
Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы
7.3.3.3 дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды
7.3.3.4 мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
7.3.3.5 мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды
Мұхит суларының қозғалыстары
7.3.3.6 мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді
Мұхиттармен байланысты апаттар
7.3.3.7 мұхитар мен теңіздермен байланысты апаттарды топтастырып, сақтану шараларын ұсынады
Дүниежүзілік мұхиттың проблемалары

7.1.1.3 географиялық дереккөздермен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz