Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғам көзқарасының дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасының дамуы
Орындаған:Мұхтар Аяулым
Қабылдаған:Қалматаева Айман

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасының дамуы.
Адам болмысынын даму тарихында мүмкіндігі шектеулі адамдарға
қоғамның қатынасы тіршілік әрекетінде әр кезеңнін әлеуметтік деңгейіне сәйкес сөйлеу әдеттерінің формасымен сипатталды. Мұндай түсініктерді қазіргі таңдағы адамдардың пікірлері мен көзқарастарынан жиі ажыратуға болады. Демек, әрбір кезеңнің моделі бар.
Сырқат адам моделіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлға сырқат адам болады. Бұл сырқат адамның емдеу үрдісін жүргізетін объект ретінде қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық көмек көрсетудің маңызы зор, бірақ мұндай балалардың білім алуындағы мүмкіндіктерінің шектеулігі оқыту мен әлеуметтендіруді оңайлықпен меңгерілмейді. Сондықтан да білім беру бағдарламалар медициналық ем көрсетумен бірдей қарастырылуы қажет. Қоғам мүмкіндігі шектеулі баланы - сырқат адам деп қабылдағандықтан, оларға тек медициналық көмек көрсетіп, білім беру жүйесін тысқары қалдырады. Қоғамның белсенді дамуымен бұл модель адамның мүмкіндіктерін шектейтін ауытқушылықтың себептері мен пайда болуын клиникалық ғылыми зерттеуге және қажетті алдын алу шаралары мен жеке ауруларды емдеуге ынталандырды. Дегенімен, қазіргі таңда өз маңыздылығын төмендетті.
Қоғамға қауіп төңдіретін модель дамуында ауытқушылығы бар тұлғалардың кейбір категорияларына (ақыл-ойы кем, естімейтін, психикалық ауытқушылығы бар) байланысты пайда болды. Әлеуметтік орта адамдардың пікірінше осы категориядағы балалар ауруды тасушы бақытсыздықты тасушы материалды және моральды шығын келтіреді деген. Аталған мәселеге байланысты қоғам өзін қауіп-қатерден сақтау үшін әлеуметтік ортадан алшақ орналасқан, кейде қатаң тәртіп негізінде жабық мекемелер мен интернаттар ашыла бастады. Мұндай жағдай да оқыту мүлдем болмады немесе жеткіліксіз деңгейде болды.
Аяушылық білдіру моделі адамның жеке тұлғасының дамуына, өз-өзіңе қызмет көрсетуге ынталануына кедергі келтіреді. Модель мүмкіндігі шектеулі адамның өмір бойы балалық жаста қалатын адамдарға (мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балаларға кеңінен таралған) тән. Бұл модельдің негізгі міндеті - бұл білім беру мен дамытуға көмекпен қамтамасыз етпей, керісінше, қоғамнан жекелеу арқылы қоршаған ортадағы жамандықтан мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау, тіршілік етудің қолайлы ортасын құру болып табылады.
Дамыту моделі мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы мен даму қабілеттілігінің деңгейін көрсетеді. Бұл модельге сәйкес қоғам мүмкіндігі шектеулі баланың толыққанды дамуына жауапты; қоғам мұндай балаларға педагогикалық түзету мен дамыту үшін тиімді жағдайлар жасауға міндетті. Бұл модельдің талаптарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның мүшелері сияқты барлық құқықтарға ие: өзінің тұрғылықты жерінде өмір сүруге, оқуға, жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, өз еркімен достарды таңдауға және достық қатынас пен барлығымен тең болуға құқылы. Мұндай модельді жүзеге асыру қалыпты жағдайға ұмтылу қағидасына сәйкес келуі мүмкін. Мүгедектік тек медициналық аспектімен шектелмейді, оған қоса барлығымен тең құқықтарға ие болмауымен әлеуметтік проблема болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың басты проблемасы - қоршаған ортамен байланысының болмауы, құрдастарымен қарым-қатынас жасауының жиілігімен, табиғатпен қарым-қатынасының шектеушілігі, мәдени құндылықтарының қолжетімді болмауы, кейбір уақытта білім алуға мүмкіндіктерінің болмауы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың жеткіліксіздігі оңашалауға және толыққанды дамымауына әкеп соғады. А.Р.Малер бұл қиындықтардың туындаудың себебі әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісі баланың талаптарына сәйкес келмеуімен және қарым-қатынас жасауға дайындығының болмауымен түсіндіріледі. Нәтижесінде қалыпты деңгейдегі әлеуметтік қатынастан тысқары қалады, сол себептен әлеуметтік көмек көрсетуді мұқтаж етеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеру, қоғамдық қатынастың жүйесіне енгізу қоғамнан қосымша шаралар, құралдар мен күштерді талап етеді: (олар арнайы бағдарламалар, оңалту бойынша арнайы орталықтар болуы мүмкін). Әлеуметтік жұмысты баланы әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағыттау қажет, егер де баланы қоғамға бейімдеуде кедергілер мен әлеуметтік маңызы бар байланыстар қалыптаспаса, онда мұндай жағдай да әлеуметтік оңалту - әлеумет пен баланың жоғалтқан байланысын қалпына келтіруге бағытталған арнайы шараларды ұйымдастыруға міндетті.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік философияда интеграция - бұл қоғамның және оның жүйелеріне (сонын ішінде білім беру институттарының жүйелерін) қолдау көрсетіп дамытатын барлық қоғам мүшелері қатыса алатын таңдау құқығы бірдей мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қалыпты дамитын адамдардың өмірәрекетінде бірлескен болмысының формасы ретінде түсіндіріледі.
ХІХ ғасырда педагогика тарихында (1746-1827) И.Г.Пестолоцидің педагогикалық идеясымен европалық білім беру тәжірибесіне қалыпты балалалар мен дамуында ауытқуы бар балаларды біріктіріп оқыту феноменінің енгізу (ол бастапқыдай интеграция термині сияқты аталмады) үлкен дайындықпен жүргізілді. Интегарция әлеуметтік-тұрмыстық формасы ретінде қарастырыла отырып қалыпты дамыған адам мен ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдардың бірдей әлеуметтік үрдіске, барлық білім беру сатыларына, күнделікті бос уақыттарына, жұмыстарына, әртүрлі әлеуметтік функциялар мен рөлдерді жүзеге асыруға тең құқылы екені барлық дамыған елдердің заңдарында заңды түрде бекітілген.
Педагогика терминінде әлеуметтік интеграция ХХ ғасырда пайда болған. Ол АҚШ-та нәсілдік, этникалық азшылықтардың мәселелерінде, кейіннен эмигрант балаларға және тек қана соңғы жиырма жылдықтарда (ХХ ғасырдың 60 жылдары) мүмкіндіктері шектеулі балалардың мәселелер контексінде қолданыла бастады.
Л.С.Выготский дамуында ауытқуы бар балалардың қалыпты дамыған балалардан, яғни қоғамдық ортадан шектелмейтіндей білім беру жүйесін құру керек екенін айтты. Ол арнайы мектептердің жетістіктерімен қоса негізігі кемшілігін көрсетті. Ол өздерінің тәрбиеленушілерін - естімейтін, көрмейтін немесе ақыл-ойы кем балалардың мектеп ұжымының ішінде тұйықталған ортаны құрып, өз бойындағы жетіспеушілігіне көңіл аудартып, оның шынайы өмірге бейімделуіне кедергі келтіреді. Арнайы мектеп ауытқуы бар балаларды бөлектенген ортадан шығарудың орынан, керісінше балада оңашалануға ұмтылу дағдыларын дамытады. Сол себептен Л.С.Выготский дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеудің міндетті - баланы өмірге кіріктірудің немесе бойындағы ауытқуды компенсациялаудың басқа да жолдарын іздестіру керек деп есептеді. Л.С.Выготский мұндай мәселелерді шешуде бала бойында пайда болатын сапалық өзгерістерді өзі өмір сүрген ортаға және сыртқы жағдайға бейімдеу заңдылықтарына сүйене отырып шешуге болады дейді. Өйткені мұндай заңдылық қалыпты дамыған балалар мен кеміс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктер
Қарапайым топтар variant Арнай топтар variant Күрделі топтар variant Уақытша топтар variant Аралас топтар
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасының дамуы
Арнайы білім беру жүйесін регламенттейтін құжаттар
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Қазіргі Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау жүйесін ұйымдастыру
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісін ұйымдастыру
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері
Пәндер