Қазақстандық және шетелдік педагогикалық технология авторларына салыстырмалы талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Педагогика және пихология факультеті
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандық және шетелдік педагогикалық технология авторларына салыстырмалы талдау

Орындаған: Темирбаева Алия

Алматы, 2022

Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда Ұлы дидактикасында айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны субъект ретінде тануға бағытталды.
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай сілкіністер бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу дейді. Әркім қолда барын ұсынады деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз - алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы - мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бей-жайлық танытқанда, ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Мұғалімнің біркелкі кезіккендейсің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар ма? Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Оқушының дара тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма? Міне, арманға жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс қажет.
Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект - оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, дамыта оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,-деп түсіндіріледі.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық журналистика төңірегіндегі құқықтық мәселелер
Оқытудағы компьютерлік технологиялар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу
Авторлық меншік және оның құқықтық белгілері
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Корпус лингвистикасы
Пәндер