Алаш партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Орындаған: МФК-214 студенті Биманова Мерей
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Алаш партиясы
Кіріспе
Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Алаш партиясы құрылғаннан бастап, яғни 20-30 жылдарда көптеген пікірталастар болған, ол туралы көптеген ғалымдар, тарихшылар зерттеу жүргізген. Мәселен, А.Бочагов кезінде Алашты - ұсақ ұлттық буржуазиялық партия десе, С Брайнин мен Ш.Шафиро - Бүкіл байлардың саяси ұйымы деді, ал Құрамысов - Жартылай феодалдық байлардың партиясы деп өз ой-пікірлерін білдірген. М.Қ. Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілқазақстандық екінші сьездің құжаттарын талдай келіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екенін айтты. Пікір алысуға қатынасушылардың біразы: М.Қ. Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Қ.Нұрпейісов, Ә.Тәкенов 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ интелегенциясының тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын көрсетті. Алаштың ақиқатын кім айтады деген жалпы тақырыпта зертеушілер А.Григорьевтің, К.Нұрпейісовтың, Т.Кәкімевтің мақалаларында жазылады. Зерттеушілер мұнда Алаштың партия ретінде қалыптасуы, оның әлеуметтік тірегі қазақ қауымының қандай топтарынан тұратындығына басты назар аударады.Григорьев мақалада Алаштың қалыптасуы 1917 жылы аяқталған және кадеттер жолын қуған буржуазиялық-ұлтшыл партия деп анықтап, ал партия жетекшілерінің басты тірегі қазақ байлары болды деген өзінің пікірін қайталаған.Міне осы сияқты көптеген зерттеулер мен ой-пікірлер ХХ ғасырдың бас кезінде құрылған Алаш партиясының жоғарғы дәрежеде зерттелгендігін көрсетеді. Менің де осы тақырыпты тандағандағы басты мақсатым:Алаш партиясының шын мәнінде қандай партия болғандығы туралы өз тұғырымнан зерттеу.Ал оны білуде алға қойған міндеттерім:Алаш партиясының құрылуын, оның не мақсатпен құрлығандығын;Партия өмір сүргенінде қандай қызмет атқарды;Өз алдына қойған мақсатына жетті ме;Партияның бағдарламасын толыққанды зерттеу.
Негізгі бөлім
Алаш партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі.
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық - демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жқнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов кейінірек Қазақ газетінің 1917 жыылғы 23 желтоқсандағы 256-санында жарияланған Мен кадет партиясынан неге шықтым? деген ашық хатында (хат Сарыарқа газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы №29 санында басылды) жан-жақты негіздеді. Осы сұраққа кадет партиясынан неге шықтым деген сұраққа жауабында Ә.Бөкейханов негізгі үш мәселеге оқырмандардың назарын аударған: кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса. Башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытырылып қалады. Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молда үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болмақ. Жалование алған молдалар хүкіміетке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Мұны орысша отделение церкви от государство дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды. Х. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Ә.Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың саяси партиясынын құру проблемаларына аударды.
Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінеді: Қазақ халқынаң өз алдына саяси партиясы болды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жіберді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді.
Жаңадан құлған партия Алаш деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды.
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік идеологияны, таптық прициптерге негізделген күрес бағдарламассын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайратерлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да, олар өз күресін жалпыұлттық мүлдеге негізделген қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін деген ұранныңң астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы - бірінші жалпықазақтық сьезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді.
Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы ҚАЗАҚ газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.
ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында Ә.Бөкейханов пен оның пікірлестері қазақттың ұлттық партиясын әуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған либералды орыс буржуазиясының партиясы - кадеттердің үлгісінде құруға бейім тұрды. Сондықтан да 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн.
Сөз жоқ, бірінші жалпықазақтық сьезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның дәстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы және аса маңызды қадамы болды. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған қысқа ғұмырында шын мәнінде саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеді. Ол құрылған 1917 жылдың шілде айында оның нағыз саяси партияға тән Жарғысы да, Бағдарламасы да болмады. Оның мүшелеріне партиялық билеттер берілгендігі жөнінде де архивте сенімді деректер кездеспейді. Осы күнге дейін Алашқа мүше болғандардың саны туралы айтылып және жазылып жүрген мәліметтер тек жорамалдар ғана. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Көлбай Тоғысовтың қызметі
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында
Партия мүшелерінің әрекеті мен бағдарламасы
Алаш партиясының бағдарламасы мен тактикасы
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Күнбатыс Алашорда қайраткерлері
Алаш тағылымы - тәуелсіздік негізі
Пәндер