Нивелирлеу әдістері және аспапты тексеру мен түзету тәсілдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: НИВЕЛИРЛЕУ

Жұмысты орындау сапасы
Баға диапазоны

Орындалған

%

№: 1
Жұмысты орындау сапасы: Орындалған жоқ
Баға диапазоны: 0%
Орындалған%:
№: 2
Жұмысты орындау сапасы: Орындалды
Баға диапазоны: 0-50%
Орындалған%:
№: 3
Жұмысты орындау сапасы: Материялдық өзіндік жүйелендіру
Баға диапазоны: 0-10%
Орындалған%:
№: 4
Жұмысты орындау сапасы: Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау
Баға диапазоны: 0-5%
Орындалған%:
№: 5
Жұмысты орындау сапасы: Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану
Баға диапазоны: 0-5%
Орындалған%:
№: 6
Жұмысты орындау сапасы: Орындаған тапсырманың ерекшелігі
Баға диапазоны: 0-10%
Орындалған%:
№: 7
Жұмысты орындау сапасы: СӨЖ-ді қорғау
Баға диапазоны: 0-20%
Орындалған%:
№:
Жұмысты орындау сапасы: Қорытынды:
Баға диапазоны: 0-100%
Орындалған%:

Оқытушы: Мынгжасаров Бахытжан

Студент: Уалиханова Динара

Мамандығы:Көлік құрылысы

Тобы: ТС 20 3К

НИВЕЛИРЛЕУ

Нивелирлеу деп өлшеу нəтижесінде екі немесе бірнеше нүктелердің бір-бірінен өсімшелерін (биіктігін немесе төмендігін) анықтауды айтады. Бір нүктенің абсолюттік биіктігі (деңгей беттен биіктігі) белгілі болса, сол арқылы басқа нүктелердің абсолютті биіктіктерін нивелирлеу (нивелир аспабын пайдалана отырып) арқылы оңай табуға болады. ТМД елдерінде абсолюттік биіктік ретінде Кронштадт футштогінің нөлі алынған. Бұл нөлдік шама көп жылғы бақылау нəтижесінде белгіленген.

Биіктік өсімшесінің қандай əдіспен анықталуына байланысты, нивелирлеу бірнеше түрге бөлінеді: геометриялық, тригонометриялық, физикалық, механикалық жəне стерофо тограмметриялық нивелирлеу əдістері.

Геометриялық нивелирлеу. Геометриялық нивелирлеу жақын екі нүктенің бір-бірінен биіктігін, аспаптың жазық көздеу осі арқылы анықтау болып саналады. Барлық нивелирлеу түрлеріне қарағанда геометриялық нивелирлеу ең дəлірегі. Бұл нивелирлеу түрі жер бетін тік жазықтықта түсіруде, ізденіс жұмыстарында, жобалауда жəне əртүрлі инженерлік құрылыстарды салуда, құрылыс конструкцияларын, технологиялық жабдықтарды, с. с. монтаждау (құрастыру) кездерінде кеңінен қолданылады.

Тригонометриялық (геодезиялық) нивелирлеу. Бір-бірінен биіктігі анықталмақшы екі нүкте, арақашықтықты жəне осы екі нүкте арасындағы көлбеу бұрышты өлшеу арқылы, сол екі нүкте арасындағы өсімшені анықтау болып табылады. Тригонометрялық нивелирлеу жер бетінің бедерін (рельефін) түсіру үшін, сол аймақтағы биіктік түсіру негіздерін құру кездерінде пайдаланылады. Сонымен бірге тригонометриялық нивелирлеудің дəлдігі, құрылыс-монтаждау жұмыстарын геодезиялық жұмыстармен қамтамасыз етуге де жарайды.

Физикалық нивелирлеу барометрлік, гидростикалық жəне радиолокациондық болып үш түрге бөлінеді. Барометрлік нивелирлеу кезінде нүктенің абсолюттік биіктігін, атмосфераның қысымын əртүрлі барометр аспаптарымен өлшеу арқылы табады.

Барометрлік нивелирлеу дəлдігі жағынан геометриялық, тригонометриялық нивелирлеулерден төмен. Сондықтан барометрлік нивелирлеу əртүрлі шолу, бақылау (рекогносировка) жұмыстары кезінде қолданылады.

Гидростатикалық нивелирлеу бір-біріне жалғасқан екі түтік (құбыр) ішіндегі сұйық деңгейлерінің айырмасын анықтауға негізделген. Арнаулы жабдықпен жəне ыңғайлы жағдай туғызған кезде гидростатикалық нивелирлеу үлкен дəлдікті береді. Технологиялық жабдықтарды орнату, əртүрлі ғимараттардың шөгуін анықтау кездерінде гидростатикалық əдіс жұмысты анағұрлым тездетуі мүмкін.

Радилокациондық нивелирлеу кезінде нүктелердің абсолюттік биіктіктерін ұшу аппаратарының (ұшақ, тік ұшақ, жер серігі, ауа шарлары, т. т. ) ішінде орналасқан радиолокациондық аспаптардың көмегімен анықтайды. Бұл нивелирлеуді аэрорадионивелирлеу деп атайды. Нивелирлеу дəлдігі жоғары емес, орташа ойлы-қырлы жерлерді нивелирлеуде ± 5 - 10 м қателік жіберуі мүмкін. Механикалық нивелирлеу кезінде арнаулы аспаптың көмегімен жер бетінің профилін механикалық əдіспен салып отырады. Бұл аспапты велосипедте, автомобилде, жəне сондай көліктерде орнатылуы мүмкін. Көлікті жылжыту кезінде, оған орнатылған аспап арақашықтықты, биіктікті есепке ала отырып, жер бетінің профилін қағазға түсіреді. Бұл нивелирлеу түрі көбінесе ізденіс жұмыстарында жəне темір жолдарды тексеру кездерінде қолданылады. Нивелирлеу дəлдігі 1 шқ жүріске ± 0, 2 - 0, 3 м.

нивелирлеу кезінде жер бетінің аспаннан немесе жер бетінен түсірілген егіз екі суреті арқылы жазық координаталарымен бірге салыстырмалы биіктіктерін анықтайды. Бұл нивелирлеу түрі аэрофото жəне фототеодолиттік түсіріс нəтижелері негізінде топографиялық пландар жəне карталарды жасауда кеңінен қолданылады.

Нивелирді тексеру және түзету.
Бірінші тексеру. Дөңгелек деңгейді тексеру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геометриялық нивелирлеу: әдістері, нивелирлік жүйелер, аспаптар және тексеру-түзету
Геометриялық нивелирлеу тәсілдері
Геометриялық нивелирлеу: әдістері, аспаптары, тексеру, ғылыми өңдеу және профиль салу
Далалық геодезиялық практика есебі: теодолитті тексеру мен түзету, тұйық теодолиттік жүріс және GOL 26D нивелирлеу
Нивелирлеу әдістері мен технологиялары: геометриялық нивелирлеу, аспаптық қамтамасыз ету және нәтижелерді өңдеу
Геометриялық нивелирлеу тәсілдері және нивелирлік аспаптар
Геометриялық нивелирлеу тәсілдері: әдістер, аспаптар және ғылыми өңдеу
Трассаны нивелирлеу: геометриялық нивелирлеу әдістері мен орындау тәртібі
Теодолиттің геометриялық осыларын тексеру және түзету әдістері
Электронды теодолиттер мен тахеометрлер және нивелирлеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz