Этнопсихология жайлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті

Этнопсихология

пәнінен 050103 мамандығының күндізгі және сыртқы бөлім студенттеріне арналған лекциялар жинағы

2 кредитке

Шымкент - 2010 ж.

1-апта

Лекция№1 Этнопсихология психологияның бір саласы ретінде.

Х-Х Амудария мен ( төменгi бастап, Шыгысында Жетiсу мен Кашарга дейiнгi кең өлкеде екi ғасыр бойына мемлекетi өмир сурдi (астанасы Баласагун каласы) . Алгашқы-феодалдык турiк мемлекеті экономккалық әлеуметгiк, саяси мәдени, ғылым-бiлiм жаксы жолға қойылган едi. Мұндағы акын жазушылар, ғулама ғалымдар, сәулетші, сол сол кезегi түрiк дамуына зор үлес қосты. Осылардың арасында бурынғы кеңес одағын мекендеген турiк тектес халыкгардың тәлім пiкiрлерiнің iркi бастау, түп төркiнi болып табылатын рухани муралардың iшiндегi комақгысы- Ж. Баласагунидің (Хғ) . «Кұдатғу бiлiк» атгы шыгармасы. Бул - дидактикалык және этикалык жанрда жазылған шығарма. «Кудатғу бiлiк» - турiк сөздерi. Мұның бiрiншiсi «Кұдаиғу «кут», «бақыт «құтты деген мағына екiншiсi - «бiлiк» ягни «бiлiм», «кiтал» деген магынаны бiлдiредi. «Кудатғу бiлiктi» казакша <4( бiлiк» - «бiлiмдi кутайтушы кiтап» немесе «бакытка жету ғылымы» деуге болады. Шығарма көшпелi қазактарда айтыс жанрлардың туу жайында да кызық деректер бередi. дастан Қаракан мемлекетiн ныгайту, оның даңқын зорайту мақсатында жасалған. Осы өлке кезiнде шаруашылығы шарыкгап өскен, жазу, сызу енерi дамып, мәдениеті өрге өрлеген зиялы оқымыстылары көп ел болса керек. Мәселен осы каладан келесi бiр ғулама М. Кашқари 1072-1074 жылдары «диуан лұғат - ат турiк> сондай-ак жамал қарши «мүлкамат ул сурах» атты кiталтар жазган. Бул казiргi Шу езенiнің бойындагы тоқма каласынан онша кашык емес, кейiнiректе каңлы тайпасының астанасы болган.

Баласағунидың Жусiптiң моральдық-этикалык, психологиялық кағидалары Ибн сина мен Әль Фараби iлiмiмен сабактасып жатады. Өйткені аталмыш дастаннан да адамдарды мемлекет көздейтiн негiзгi шаралардың бiрi зұлымдық барып тұрған әлеуметгiк ауру, оны оку-тәрбие аркылы ғана жоюға болады. Адамдардың жаксы қылықгары мен қасиеттерiн жетiлдiре берсе қоғамдық да мемлекеттi де жақсартуға болады дейтiн ағартушылық идея аңғарылады. Автордың философиялық кисындарын сөз еткенде ежелгi гректер мен Эль фараби, Ибн синалар iлiмiне теориялық аркау болган букiл әлемдiк үйлесiмдiлiк теориясы ерiксiз еске туседi. Дастаннан әлем төрт турлi элементтен жер, су, ауа, оттан куралған, мемлекет ел билеушiден әдiлет, дәулет, қанағат, парасат сияқты төрт қасиет тугел табылса онда мұндай басшысы бар елдiң қойының устiне боэторгай жумырткалайтын болады, окың дәлдiгi тек барша журтты ғана бакытқа жеткiзбейдi, сонымен бiрге кiмнің озiнде бакыггы етедi, атын букiл әлемге жаяды. Бiлiм мен акыл әдiлетке қосақтасып журуi тиiс. Буларсыз дәл заң шығаруға болмайды

2-апта

Лекция №2 Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары.

Қәзіргі әлеуметтiк (қоғамдық) пснхологнялық ғылыми тусiнiктерiне бiр табан жакын тұтған идея - оның адамның жас ерекшелiктерiне берген сипаттамасы. Жырау әр жастағы адамдардың көңiл-күйi, сезiмдерi, мiнез ерекшелiктерi, түсiнiк талғамдары, сенiм, қызығулары, әдет дағдылары әр түрлi болып келетiндiгi женiпде кызыкты ой толғайды. Ол адам өмiрiнiң жас кезеңдерiнiң iшiнде жiгiттiк пен кәрiлiк шаққа ерекше көңiл бөледi. Өскелең ұрпаққа ақыл ой, адамгершiлiк, имандылық тәрбиесiн беруге ерекше мән берiп, шешендiк өнердi жастар тәрбиесiнiң басты өлшемдерiнiң бiрi деп есептейдi, жастық кезеңде адамның көңiл-күй белсендiлiгi, күш-қуаты мол болатынды сондыктан да осы шакта кiсiге шама-шаркынша қимылдап калудың кажетгiлiгiн ескертедi. Бұқар жырау казақ акын жыраулары арасынан тұңғыш рет кәрiлiк құпиясына ерекше үңілiп, оның сан қилы ерекшелiктерi туралы терең пiкiрлер айткан ғұлама.

Жырау адам максатына жетпей еш уакьггга тыным таппайды, ылғи да iздену, iс-әрекет үстiнде болады дейдi. Оның кәрiлiк туралы айткандары, көптi көрген, акылман қариялардың тәлiмгерлiк үлгi өнегелерi, туган жерге, ата-мекенге деген патрноттық сезiмдерге толы толғаулары адам жанын ерiксiз баурап алады. Әсiресе, оның, қазақ даласындағы табигат сұлулығы - көшпелiлердiң жан саясы екендiгi жалпы тебiренiстерi тартым-ды да шебер шыққан. Жырау толғауларының тәлiмдiк мәнi ерекше бағаланатыны да сондықтан. Осы кезде өзiнiң психологиялық ой-толғаныстарымен көбiрек көзге түскен акынның бiрi - Шал акын (1748-1819) . Ол казiргi Көкшетау облысының Азат темiр жол станциясы маңында туған. Ол акындык, дәстүрдiң iлкi бастауында тұрды. Халыктың қалың ортасында жүрген ол акын он бес жасында-ак даңқы шыкты. Сол тұста онсыз бiрде-бiр мереке, той-думан етпейтінді. Ол өзiнiң ағайын, жекжат-жұрағат туыстарының достығын, береке-бiрлiгiн жырлап, оларды топтастыруға, бiр-бiрiне қол ұшын беруге, iзеттi де әдiлетгi болуға үндедi.

Адам ғұмырының әр түрлi кезеңдерiндегi (балгын балалық жiгiттiк, кемел жас пен карттык шақ) адам өмiрiнiң, ерекше көрiнiстерi- ойшыл ақын туындыларының өзектi тақырыптарының, бiрi. Ол тiршiлiктiң байлығы - денсаулық, еңбек ету, от басы жайлы да ұйыған ғұмыр кешу дейдi. Оның жiгiт-желеңнiң ‚үш түрiне сипаттама беруi, көңiл аударарлық. Мәселен, соның бiрiншi ‚үлгiсi_ болбьр, солапай, бозекпе, арамтамақ, надан, жалқау, бұл «қуржан», тура мағынасында адам атын жамылған жансүлде. Мұндай адам өмiрде мақсаты жоқ сондықтан өмiрi мағынасыз етедi. Екiншiсi - керенау, кербез, мешкей, мақтаншақ, еркөкiрек, екiжуздi, тойымсыз. Сөздiң екiншi мағынасы мұндай атам «етi тiрi», «пысық» жан. Қызғаншақтық жеңiлтектiк мұның ерекше қасиеттерi. Үшiншi үлгiсi - жаны жайсаң адам, акын мұндайларды «жiгiтжан» ден атайды. Оның ой-мақсаты жан-жакты, өрiстi, сабырлы да саликалы келедi.

3-апта

Лекция №3 Батыс ойшылдарының этнопсихологиялық идеялары.

Жоспар:

1. Әбу-Насыр әл Фараби (870-950)

II. Әбу-Насыр әл Фарабидiц психологиялық шығармалары .

Әбу-Насыр әл Фараби (87 0 -950)

Әбу-Насыр әл Фараби - өмiр сүрген заман Шығыс әлемiнде бүкiл араб халифатында гылым мен бiлiмнiң дәуірлеп тұрған кезi едi. Ұлы ғұламаның балалық, жiгiгггiк шақтары өткен қазақ даласы, әсiресе оның оңтүстiк өлкесi сол кездегi үлкен мәдени орталықтардың бiрi болатын.

ҮIII-ХII ғасырларда философиядағы басты идеялар араб тiлiнде сөйлейтiн халықтардыың еншiсiне тиген едi. Осы кездерi Платон мен Аристотельдiц, Гален мен Архимедтiң еңбектерi Орта Азияда Индияға, лдан сонау Испаниядағы Пиреней түбегiне дейiн араб тiлiне сан рет аударылып, көшiрiлiп, түсiндiрiлiп жатгы.

Шығыс философиясында сол кезде басгы үш бағыт болды. Мұның бiрiншiсi - ортодокстiк ислам (халифатгағы ұстам таптардың идеологиясы), екiншiсi - неоплатондық ағым (суфизм), үшiншiсi - перипатетизм немесе аристотелизм, яғни Аристотельдiң жолын қуушылар Соңғысы қоғамның прогрессивтiк топтарының көзқарасын бейнеледi. Осы ағымның өкiлдерi философияның мәселелердi зертгеуде алдымен табиғатгану заңдарына жүгiндi, прогреске қатысты мәселелердің

бәрін табиғат заңдарынан iздедi. Осы ағымның кернектi өкiлдерiнiң бiрi -әл-Фараби болды.

Ұлы ғұламаның музыка ғылымы туралы айтқандарына қысқа түрде психологияның талдау жасай келiп, төмендегiше түйсiк жасауға болады:

1) музыкалық - адамның жан-дүниесiне көркемдiк жағынан әсер етуде таптырмайтын құрал.

2) музыкалық әуендер жақсы мiнез-кұлық нормаларын, адамның армандары мен мұратгарын калыптастыруда елеулi роль атқарады;

3) Ән мен музыка адамда көркем адамда эстетикалық сезiмдердi туғызу арқылы кiсiнiң өзiн өзi тәрбиелеуіне бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етедi;

4) музыканың дарын гуыстан болатын қасиеттерімен қатар өлшеусiз еңбекпен үздiксiз жаттығу мен дайындықтардың жемiсi;

5) Музыка теориясының есту түйсiкетерiн дамыту елеулi роль аткарады.

Кезiнде ол болжам жасап, пiкiр айтпаған ғылым-бiлiм саласы кемде-кем. Мәселен тек психология салысында ғана жетi еңбек жазған екен. Бiрақ бұларды бiзiдiң заманымызға өптетген. Оның жан дүниесi туралы толғаныс-тебiренiстерi, бiзге басқа еңбектерi арқылы бiршама мәлім болып отыр.

Психология үшiн iргетастың мәселе болып табылатын жан мен тән арқасының бұл екеуiнiң бiр-бiрiмен байланысы жайлы мәселеде Фараби өзiн сол кездегi ғылыми ой-пiкiрдiң билігiнен көрсете бiлдi.

4-апта

Лекция №4 Ресейдегі этнопсихологиялық ойлардың дамуы.

Жоспар:

а/ ХУIII - ХIХ ғасырдың 1 - жартысындағы психологиялық идеялар

б/ Актанберді жырау, Бұхар жырау, Шал акын дулат, Махамбет психологиялық идеалары.

Осы кезең рухани өмiрiнiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi - Актанберді жырау /1675-1768/ Қаратау бойында, Оңтүстiк Казак дүниеге келген. Оның ақындық таланты тым ерте танылып, өзiнiң жалынды жырларымен халықты жат жұрттың басқыншыларға қарсы күреске жiгерлендiредi. Жырау талгауларында көшпендiлердiң өзiндiк психологиясы керiнiс тапқан Көшпендiлер ежелден ақ көңiл, қонақ жайлылылығымен меймандостығымен баршаға мәшһүр. Осынау ұлттық қасиет Актамберді толғауларындағы басты тақырыптың бiрi. Осы кезеңдегi қазақ ойшылдарыньң көрнектiлерiнiң бiрi - Бухар жырау /1685-1777/ қәзіргi Өзбекстанның Бухара шаьары маңындағы Елiбай ауылында туған. Ә леуметтiк қоғамдық психологиялық ғылыми түсiнiктерiне бiр табан жақын тұрған идея - оньң адамның жас ерекшелiктерiне берген сипаттамасы. Жырау әр жастағы адамдардың көңiл-күйi, сезiмдерi мiнез ерекшелiктерi, түсiнiк талғамдары сенiм қызығулары әдет - дағдылары әр түрлi болып келетiндiгi жөнiнде қызықты ой - толғайды. Ол адам өмiрiнiң жас кезеңдерiнiң iшiнде жiгiгггiк пен кәрілік шакқа ерекше көңiл бөледi. Өскелең ұрпақ акыл-ой адамгершiлiк, имандылық тәрбиесін беруге ерекше мән берiп шешендiк өнердi жастар тәрбиесінің басты өлшемдерiнiң бiрi деп есептейдi. Оның кәрiлiк туралы айтқандары көптi көрген, акылман қариялардың үлгi енегелерi, туган жерге, ата мекенге деген патриоттың сезiмдерге толы талғаулары адам жанын ерiксiз баурап алады.

Осы кезде өзiнiң психологиялық ой- толғаныстарымен көбiрек көзге түскен ақынның бiрi - Шал ақын /1748-1819/. Ол қәзіргi Көкшетау облысының Азат темiржол станциясы маңында туған. Адам жумысының әр түрлi кезеңдерiндегi балгын балалық, жiгiттiк, кемел жас пен кәрілік шақ адам өмiрiнiң ерекше көрiнiстерi - ойшыл ақын туындыларының өзектi такырыптарының бiрi. Оның жiгiт-желеңнiң үш түрiне сипаттама беруi, көңiл аударарлық. Мәселен, соның бiрiншi үлгiсi - болбыр, солапай, бозөкпе, арамтамақ надан, жалқау бұл «Құржан» тура мағынасында адам атын жамылған жансүлде. Мұндай адам өмiрде мақсаты жок сондықтан мағынасы өтедi. Екiншiсi -керенау, кербез, мешкей, мақтаншақ өркөкiрек, екi жуздi, тойымсыз, сөздiң екiншi мағынасында мұндай адам «етi тiрi», «пысық» жан. қызғаншақ жеңiлтектiк мұның ерекше қасиеттері. Үшiншiсi үлгiсi - жаны жайсаң адам, ақын мұндайларды «жiгiтжан» деп атайды. Оның ойы мақсаты жан жақты өрiстi, сабырлы да салиқалы келедi. Мұндай адамның асыл қасиеттерi - еңбек сүйгiштiк, халқына кызмет ету, адамдарға пайдалы бола бiлу.

ХIХғ І - жартысындағы қазақ ғұламаларының iшiнде өзiндiк психологиялық түйiндемелерiмен Дулат Бабатай ұлы да /1802-1871/ ерекше көзге түседi. Ол қәзіргі Семей облысының Аягоз ауданының жерiнде туған.

5-апта

Лекция№5. Қазақстандағы этнопсихологиялық көзқарастардың дамуы.

Осы кезең рухани өмiрiнiң көрнектi өкiлдерiнiц бiрi - Актамберді жырау (16751768) Қаратау бойында, Оңтүстiк Қазақстанда дүниеге келген. Он бес жасынан бастап жорықтарга қатысып, жоңғарларға қарсы ұрыстарда даңқы шығып, ержүрек ерлiгiмен көзге тускен. Әйгiлi батыр - жауынгер, әскер басшыларының бiрi.

Оның ақындық таланты тым ерте танылып, өзiнiң жалынды жырларымен халыкты жат-жұрттық баскыншыларға қарсы күреске жiгерлендiредi. Жоңғарларды түбегейлi талқандап, Шығыс аймақтарды кайтарып алғаннан кейiн Актамбердi қазақтарды босатылған жерлерге орналастыруға қатысады. Жауынгер-жырау токсан үш жасында дүние салады. Жырау толғауларында көшпендiлердiң өзiндiк психологиясы көрiнiс тапқан. Көшпендiлер, ежелден ак көңiл, қонақ жайлылығымен, меймандостыгымен баршага мәшьур. Осынау “лггьяк касисет Актамбердi толгауларындагы басты такырыптын бiрi. Жырау т’тсiнiгiнде казак ‚тшiн байлык-мал. Малдыц етi, сутi - тамак та, жунi, терiсi - киiм. Мал халкымыз ‚ кошсе колiгi, мiнсе жуйрiгi болгандгын жерiне жеткiзе айта келiп, жырау жас урпакка айткан акыл-кецестерiнде осы торт тулiктi багып-кагу ушiн калткысыз ецбек ет, малшылык кэсiптi суй, жай суюден ештеце шыкпайды, оныц тiлiн, бабын таба бiлуiц кажет дейдi. Мал атаулынып кадiр-каснетiн тебiреке жырлаган жырау, санып келгенде жастарды шаруашыл, ецбеккор болуга шакырады да, оларды бiрлiкке, татулыкка, ата-ананы сыйлауга, туган жердi баскыншы жаудан коргай бiлуге, ержуректiкке, батыр болуга ундейдi.

Осы кезеңдегi қазақ ойшылдарының көрнектiлерiнiң бiрi - Бұқар жырау (1б85-1777) қазiргi Өзбекстанның Бухара шаьары маңындағы Елiбай ауылында туған. Өмiрi жайлы накты мағлұматтар аз. Жыраудың әкесi қазақ батыр жеке басының каьармандығымен даңқы шыққан. ұзак өмiр сүрiп, тоқсаннан аса жасаған. Бұкар қазақ даласындағы iрi-iрi қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасында жүрдi. Мұсылманша сауаты бар Бұкар қазақ топырағында ислам уағыздарын шама-шарқынша насихаттаумен айналысқан, ел баскару iсiне белсене араласкан жырау Абылай ханның ақылгөй, тәжiрибелi дана кеңесшiсi болды. Өмiрiнiң бiразы хан сарайы маңында өткен ақын хан мен карапың iс-әрекетiн таразыға салып, сан-алуан өмiр құбылыстарын ой елегiнен өткiзiп отырды. Ойшыл жырау өзi өмiр сүрген дара ерекшелiктерiн реалистiк тұрғыдан дұрыс суреттей алды. Оның «жат бойынан түңiлсiн, біріңіз бiр енеден туғандай болыңыз»- деген жыр жолдары ағайын татулығы, ел берекесi туралы айтқандары, яғни «ағайын тату болса, жат жанынан түңiлер» деген халық мәтелiн кұптай, халыктың тату-тәтті өмiр сүруiн армандауы - осы айтылғанның жаксы дәлелі.

6-апта

Лекция №6. Негізгі этнопсихологиялық бағыттар мен мектептер.

Жоспар1. Ы. Алтынсариннің философиялық негiзi.

2. Ы. Алтынсарин еңбектерi мен ойлары.

3. Сұлтанмахмұттың саяси көзқарастары.

4. Ақынныц шығармаларындағы жас кезеңдерiне байланысты жасаған психологиялық талдаулары.

З. Ақынның адамның ерiк- жiгер қасиеттерi туралы пiкiрлерi.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) Шоқан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған кiсi, оның сан алуан ойға толы шығармаларын қоғамдық және педагогикалық психологиямен орайлас айтылганмен көптеген қызықты деректер табылды.

Психология ғылымы- адам өмiрiнде әр түрлi деректердің алатын орны ерекше екендiгiн, iстеген iстiң, жүрiс тұрысгың, демалыстың, яғни өмiрдiң сан алуан саласының қай-қайсысы да бiртiндеп ұнамды, не ұнамсыз әдетке айналып отыратындығын, бiрақ әдеттiң де әдетi бар, ягни адамды жарамды жақсы әдеттермен де болатындығын, қатар жарамсыз, жаман әдеттермен де болатындығын ескертедi. Ы. Алтынсарин көптеген психологиялық мәнді мәселелердің ендi бiр тобы оның әдiстемелiк пiкiрлермен астарласып жатады. Ыбырай жақсы тәрбиеші, ана емес, ол сонымен бiрге тәжірибелі ой- пiкiрi озық мұғалім де едi. Ы. Алтынсариннiң тәрбиеші ұстаз, мұғалімдік өнер жөнiндегi айтқан психологиялық түйiндер аз емес. Ы. Алтынсарин олардың iске қатысы жоқ сөздерiне қарап емес, олардың егiстерiнiң бетiне шыққан жемiстерiне ягни окушыларына карай бағалау қажет. Ы. Алтынсарин қазак халқының мал бағу өнерiне жетiк халық екендiгiн талай рет атап көрсегггi. Қазақтарға деп жазған ол- осы дарынды ақыл есi мол халықа казiр кешiкпей тұрып рухани жене қоғамдық жол түсетiн бағыт беру, қалай дегенмен аса қажет болып отыр. Ы. Алтынсарин халық бұқараны қазак еңбектерiн зор қадiр тұтынып силаушы едi. Бұл пiкiрлер оның өз айтқан практикалық iстерiн тұтынуын сияқты. Ой қозғаған осындай туйiндерге бала және оны тәрбие жолдарын оқыту практика проблемалары қоғамдық психология мәселелері т. б. жатқызган болатын Ы. Алтынсарин өз «Хрестоматиясында» жас өспiрiмнiң жан дүниесi акыл ойын қалыптастыруға ұдайы көңiл бөлу мектеп пен ата-аналық ортак мiндет деп есептедi. Көшпелi казақ балалық айналасын дұрыс қабылдай алуы, осыған орай оның байкампаздық қасиетiн арттыру жетiлдiру максатын көздеген ғалым. Бала жанының зергерi Ы. Алтынсарин әңгiмелерiнiң бәрі-бәрі де балалардың жас ерекшелiктерiне орай, тiлi жеңіл мазмұны тартымды касиеттерге тәрбиелеу максаты көзделедi. Ы. Алтынсарин көтерген психологиялық мәнді мәселелердің ендi бiр тобы оның әдiстемелiк пiкiрлермен астарласып жатады. Ғұлама педагогтың осы ойларында қаншама тамаша психологиялық түйiндер жатыр. К. Д. Ушинскийдің тiлi мен айтканда оку жүйесiне барлық сезiм мүшелерiн қатыстырып оқушылардың қызығу белсендiлiгiн арттыра берудiң ерекше маңыз алатындығын ескерттi. Мәселен оның өзi қазақ балалары үшiн «Хрестоматия» құрастырғанда осы жағдайды катты ескерген. Ы. Алтынсарин өз халқының жаркын келешегi үшiн бар саналы өмiрiн сарып еткен, халыққа қызмет етуден артық iс- жоқ деп түйген туған халқын ел жұртын шексiз сүйген нағыз отаншыл азамат едi. Сондықтан да оның көптеген шығармаларында казiргi казақ халқының өзiндiк психологиялық касиеттерi салт санасы әдет- ғұрпы жайлы айтқандары ерекше назар аудартады.

7-апта

Лекция№7. Әлемнің түрлі халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері.

ХҮІІІ-ХХ ғасырдың бiрiншi жартысы қазақ халкының өз алдына хандық құрып, тайпалар бiрлестiгi мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дедi. Осы кездерi қазақ өзiне тән рухани мәдениетінің өзiндiк бетi де айқындала бастайды. Ол, әсiресе, халықтың тiлiмен, жол жоралғысы, жөн-жосық, салт-дәстүр айқын сезiледi. Мәселен кейбiр жазба ескерткiштердiң де осы кезде таза қазақ тiлiнде жазылуы осының жақсы айғағы.

Қазақтың кең өлкесi сол бiр кездерде жасақ пен жортылудың шаңына мықтап булыған едi. Өзбек, ноғайлы хандықтары ыдырағаннан кейiн кең байтақ қазақ даласы қанды майданның орталығына айналды. Халқымыз жүздеген жылдар бойы жоңғарлар шабуылына тойтарыс берiп отырды. Осы кезенде қазақ мәдениетiнiң бiршама тоқырап тiрнектеп жинаган рухани байлығының бiразынан айрыилып қалуына да осы айтылған қиян-кескi соғыстар, жойқын шабуылдар мен жорықтар себеп болғаны хақ

ХҮIII ғасырдың отызыншы жылдарынан басталған патшаның қазақ жерiн отарлау саясаты «жұт жетi ағайынды» дегендей «ақтабан шұбырынды алакөл сұлама» оқиғасына ұласып, өмiр бойы бейбiтшiлiк аңсаған дала халқының басына теңдесi жоқ қайғы қасірет әкелдi. Бул айтылғандар жайсан психологиямызға қолайсыз әсер етiп, жұртгың мықты жан күйзелiсiне ұшыратқані белгiлi. Әсiресе, патша отаршылары хандық дәуірді жойып, өздерi ойлап тапқан «Жаңа низам» атгы ел билеу хұқын жарыққа шыиғарып, «бөлiп ал да билей бер» деп, ойына келген неше турлi заң-зәкүндерді ойлап тапты. Мәселен, патша әкiмшiлiгi казақ даласына <Сiбiр қазақтары туралы> сондай-ақ <Кiшi жүзде ел баскарудың дистанциялы системасы» деген жаңа заң жүйелерiн шығарды, қазаққа тиiмсiз сауда-саттық күшейе тустi. Орыс саудагерлерi қазақтың мың-мыңдаған малын отар-отарымен сатып алып, ресей жәрмеңкелеріне тоғытып жатгы. Ақша айналымы күшейiп, көшпелi халық өкiметке алым- салық төлейтiн болды, жарлық жақыбайлар басыбайлы шаруа күйiне түстi. Отарлау саясаты халқымыздың гасырлар бойына қалыптасқан салт-сана, әдеп-гұрып, улгттық психологиясының қалыптасуына керi әсер еггi. Сәбидей жаны таза, ақ көңiл, пейiлi кең дала тұрғындары арасынан жарамсақтар мен жалтактар, арызкойлар мен пысық атка мiнерлер.

Лекция№8 Тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихология туралы түсінік
Этнопсихология туралы жалпы түсінік
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері туралы
Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Ерте ғасырдағы ойшылдардың этнопсихология ғылымына қатысты негізгі ойлары
Поли және моно этностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz