Microsoft Excel бағдарламасында сызықтық функция графигін тұрғызу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Орал қаласы білім беру бөлімі

№41 мектеп-лицейі

Булатберген Арсен

7 сынып оқушысы

Тақырыбы: Microsoft Excel бағдарламасында сызықтық функция графигін тұрғызу

Бағыты: Информатика

Секция: Математика, информатика

Жетекшісі: Сатканова Эльмира Мухиденовна информатика пәнінің педагог-сарапшы мұғалімі

Орал, 2021

Аңдатпа

Кестелік кұрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең тараған бағдарламның бірі Місrosoft Ехсеl болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеуге негізделген. Ехсеl көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграммалар, графиктер тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық тәжірибелер жүргізуді қамтамасыз ете алады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Microsoft Excel бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін қолданып, «сызықтық функция графиктері» математикалық моделін жасау арқылы математика есептерін дербес компьютерде шешуге болатындғын көрсету.

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктерін сызықтық функция графиктерін тұрғызуда қолдану.

Ғылыми жобамыздың міндеттері:

  1. Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысу.
  2. 7 сынып оқулығындағы сызықтық функцияға берілген есептерді талдау.
  3. Microsoft Excel бағдарламасында математикалық модель жасау.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: Microsoft Excel бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін зерттеу, дербес компьютерде математикалық есептеулер жүргізу.

Ғылыми жаңалығы: Microsoft Excel бағдарламасын сызықтық функция графиктерін дәл, әрі жылдам салуда қолдану.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Ғылыми жұмысты орындаушы өз талдауларын қорытындылай келіп, сызықтық функция графиктерін Microsoft Excel бағдарламасында шығару жолдарының тиімділігін, математика сабағында есептерді жеңіл дербес компьютерде шешуге болатынын дәлілдеуге ұмтылды.

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Бұл жұмыс математика, информатика пәндерінде дидактикалық материал, қосымша ретінде қолданылады.

Аннотация

Одно из самых популярных программ для работы с электронными таблицами - Microsoft Excel. Он основан на работе с цифровыми данными. Excel можно использовать для упрощения многих математических операций, сложных вычислений. Он умеет строить цветные диаграммы, графики, готовить базу данных, работать с ними, проводить численные эксперименты на основе данных в таблице.

Актуальность исследования: показать, что математические задачи могут быть решены на персональном компьютере путем создания математической модели «графиков линейных функций» с использованием дополнительных возможностей Microsoft Excel.

Основная цель исследовательского проекта: использовать возможности Microsoft Excel для построения графиков линейных функций.

Цель нашего исследовательского проекта:

  1. Ознакомиться с возможностями.
  2. Анализ задач по линейной функции в учебнике для 7 класса.
  3. Создание математической модели в Microsoft Excel.

Методика исследования исследовательского проекта: изучить все возможности Microsoft Excel, выполнить математические расчеты на персональном компьютере.

Научная новизна: использование Microsoft Excel для точного и быстрого построения графиков линейных функций.

Результаты и выводы исследования: исследователь обобщил свой анализ и попытался доказать эффективность способов вывода графиков линейных функций в Microsoft Excel и решение задач по математике персональном компьютере.

Области практического применения научной работы: данная работа используется как дополнение к дидактическому материалу по математике и информатике.

Annotation

One of the popular programs for working with spreadsheet documents is Microsoft Excel. It is based on working with digital data. Excel can be used to simplify many mathematical operations, complex calculations. It can build color charts, graphs, prepare a database, work with them, and perform numerical experiments based on the data in the table.

Relevance of the research: to show that mathematical problems can be solved on a personal computer by creating a mathematical model of «graphs of linear functions» using the additional capabilities of Microsoft Excel.

The main goal of research project: to use the capabilities of Microsoft Excel for plotting graphs of linear functions.

The purpose of our research project:

  1. Check out the possibilities.
  2. Analysis of tasks for a linear function in the textbook for grade 7.
  3. Creation of a mathematical model in Microsoft Excel.

Research methodology for a research project: explore all the capabilities of Microsoft Excel, perform mathematical calculation on a personal computer.

Scientific novelty: Using Microsoft Excel for accurate and fast graphing of linear functions.

Results and conclusions of the study: The researcher summarized his analysis and tried to prove the effectiveness of methods for displaying graphs of linear functions in Microsoft Excel and solving problems in mathematics on a personal computer.

Areas of practical application of scientific work: this work is used as an addition to didactic material on mathematics and computer science.

Мазмұны:

Кіріспе . . . 7

1. Microsoft Excel бағдарламасы . . . 8

  1. Microsoft Excel бағдарламасы туралы жалпы мәлімет . . . 8
  2. Microsoft Еxcel бағдарламасының математикалық мүмкіндіктері . . . 10

2. Microsoft Еxcel ортасында математикалық есептерді шешу . . . 13

2. 1 Microsoft Еxcel ортасында сызықтық функция теңдеуін шешіп, график тұрғызу . . . 13

2. 2 Microsoft Еxcel ортасында «Сызықтық функция графиктері» математикалық моделін құру . . . 16

Қорытынды . . . 20

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 21

Кіріспе

Жаңа ақпараттық технологиялардың әртүрлі ғылым мен өндіріс салаларына енуі еңбек адамының рөлін де барынша өзгертті және адамға тиімді, уақытты үнемдейтін технологияларын ұсынды. Соның бірі Microsoft корпорациясының Microsoft Office пакетіне кіріктірілген қолданбалы бағдарламасы Microsoft Excel.

Microsoft Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдар, күрделі есептерді жеңілдету үшін қолдануға болады. Кестетедегі ақпарттардың негізінде түрлі-түсті, әр түрлі диаграммалар, графиктер тұрғызуға болады. MS Excel бағдарламасының мүмкіндінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, медицина, білім саласындада қолданылады. MS Excel кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу үшін арналған. Сол себептен бұл бағдарлама электрондық кесте деп аталады.

Информатика пәнінен осы электрондық кестемен таныстық. Сабақ барысында оның әр түрлі мүмкіндіктерін қолдана отырып, компьютерде практикалық жұмыстар орындадық. Электрондық кестеде есептеулер жүргізу, формулалар құру тақырыбына практикалық жұмыс орындау кезінде алгебра пәнінен өтіп жатқан сызықтық функциялардың графигін тұрғызуды неге Microsoft Excel бағдарламасында есептемеске деген ой келді. Себебі функция графиктерін тез әрі, дәл нұсқасын экраннан көргім келді. Осы ойымды жүзеге асыруға шешім қабылдап, Microsoft Excel бағдарласының пайда болу кезеңін, мүмкіндіктерін зерттедім. «Электрондық кестелердегі процестерді модельдеу» тақырыбымен таныстым. Бұл тақырып зерттеу жұмысымның нәтижесін көрсететіне сенімді болдым. Алған білімімді саралай отырып «Сызықтық функция графиктері» математикалық моделін жасадым. Математикалық модель - математикалық формулалар мен теңдеулер арқылы өрнектелетін объектілердің математикалық сипаттамасы.

1. Microsoft Excel бағдарламасы

1. 1. Microsoft Excel бағдарламасы туралы жалпы мәлімет

1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.

Microsoft Excel ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады. MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады. Бас меню де, негізінен, басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған. Оның Word менюінен өзгешелігі, Кесте орнына Мәлімет (Данные) алмастырылған.

Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т. с. с. әріп комбинациялары басталады. Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7 болады.

Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:

  • Енгізу пернесін басу;
  • Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;
  • Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;
  • Жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу. Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.

Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.

Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек, соңынан ОК батырмасын шертіңіз.

Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет. Кесте - ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады. Жол - көршілес ұяшықтардың бірлестігі. Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі. Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.

Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек. Үнсіз келісім бойынша . xls кеңейтілуі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек. Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.

1. 2. Microsoft Еxcel бағдарламасының математикалық мүмкіндіктері

MS Excel-де кез келген формуланың «=» белгісінен басталады. Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады. Мысалы, сіз ұяшыққа Д5 формуласын енгіздіңіз: =А5+B5+C5. Бұл ұяшықтың мәні В5 және С5 көбейтіндісін А5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады. Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (A5:C5) формуласын енгізсе болғаны. Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз. Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды. Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:

  • формула енгізетін ұяшықты белгілеу;
  • Функция менюіндегі Қою батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.
  • Функция шебері диалогтік терезесіндегі Категория өрісінде функцияның типін, содан кейін функция тізімінде Функцияны таңдау керек;
  • ОК батырмасын шертіңіз. Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.

Енгізуді аяқтау үшін Enter-ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгенді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады. Кез келген электронды кестенің ұяшығына:

  • сан;
  • формула
  • мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады

Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтін, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды.

Қортындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар шеңбері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП (дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т. б. жатады. Көптеген экономикалық есептерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y = f(x) түрінде жазылады, мұндағы х - функцияның аргументі, ал у - функцияның мәні, f - функция. Функцияларды қолдануға мысалы қарастырайық: С7 ұяшығында АВС(А7) + LOG(В7(формуласын есептейік) . Мұндағы А7, В7 - ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) - А7 ұяшығындағы мәннің абсалютті шамасын есептейтін функция; LOG(В7) - В7ұяшығындағы мәннің логарифімін есептейтін функция. Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі: • SIN, COS, TAN - тригонометриялық функциялар; • ASIN, ACOS, ATAN - кері тригонометриялық функциялар; • МАКС, МИН, СРЗНАЧ - массивтерге қолданылатын функция; • LN, LOG, LOG10 - натурал, жай ондық логарифмдер; • КОРЕНЬ - кватрад он түбірді анықтайтын функция; • ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ - логикалық функциялар; • ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР - мәтіндік функциялар. Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте көп. Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау. Excel програмасында бүкіл жұмысы кітабын кез келген парақты немесе ұяшықты қайсыбір көлденең жағдайлардан, сақтап қоюға болады. Мәліметтерді қорғап қою оны өзгерістерден қорғау қасиетін алып тастағанға дейін сақталады. Әдетте жиі өзгермейтін мәліметтер ( есептеу формалары, кестенің тақырыптары, ұяшықтың аттары) ғана өзгертуден қорғалуы тиіс Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады:

  • өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғау қасиеттері алынады;
  • ағымдағы парақа немесе оның кейбір ауқымдарына қорғалу қасиеті енгізіледі.

Бұдан кейін тек қорғалу енгізілген ұяшықтар мен ауқымдарға ғана мәліметтер енгіземіз. Ұяшықтардың қорғалу қасиетін енгізу. Қажетті ауқымды ерекшелеп алып, содан кейін Пішім > Ұяшықтар > Қорғау (Формат > Ячеики > Защита) командасын орындап, ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесінің Қорғау (Защита) қыстырмасындағы жалаушыларды орнатамыз немесе алып тастаймыз[1] .

2. Microsoft Еxcel ортасында математикалық есептерді шешу

2. 1 Microsoft Еxcel ортасында сызықтық функция теңдеуін шешіп, график тұрғызу

y=5x-3 сызықтық функциясының графигін салу үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құруымыз керек. MS Excel-де тәуелсіз айнымалыларды енгіземін, функцияға қойып мәнін табамын. Ол үшін B2 ұяшығына =5*A2-3 теңдеуін жазып, Enter пернесін басамын. В2:В6 ұяшығына дейін меңзерді тартамын. Y теңдеуінің мәнін есептейді [2] .

X
Y
X: -1
Y: -8
X: 0
Y: -3
X: 0, 5
Y: -0, 5
X: 1
Y: 2
X: 1, 5
Y: 4, 5

Теңдеулер жүйесін Microsoft Excel бағдарламасының көмегімен шешемін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикалық есептеулерге арналған программалық жүйелер
Информатикадан негізгі мәліметтер
Word 2013 құжатты құру және сақтау
Мектеп оқушыларына тригонометриялық функциялардың графиктерін салуды түсіндіруде есептеулерді жүргізу
Excel программасын іске қосу
Сан жүйесінің аты
Информатика пәнінен зертханалық жұмыстар
Есептердің математикалық моделін құру
Файлдарды іздеу бағдарламалары
Microsoft Excel бағдарламасына енгізілген финанстық функциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz